7


  • Учителю
  • Информатика сабағына Кесте.Кестелер құру

Информатика сабағына Кесте.Кестелер құру

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Күні:13.02.2016ж



</ Пәні: Информатика



Пән мұғалімі: Киркиманова Ж.Б



Сабақтың тақырыбы: Кестелер.Кестелер құру.Кестелерді редакциялау

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:Оқушыларға кестелер және кестелер құруды, кестелерді редакциялауды түсіндіру



Тәрбиелік:Оқушылардың техника қауіпсіздік ережелерін сақтауға, берілген тапсырманы уақытында орындауға, жылдамдыққа, шыдамдылыққа,әдептілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу



Дамытушылық:Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту



Түрі:Практикалық элементтері бар түсіндірмелі сабақ



Көрнекілігі:ДК, оқулық,



Сабақтың жүрісі:

І.Ұйымдастыру кезеңі:амандасу, оқушыларды түгелдеу және халаттарымен отырғызу

ІІ.Үйге тапсырма: Беттердің параметрлері.Жиек.Алдын ала қарау.Құжатты баспадан шығару

ІІІ Жаңа сабақ

Кесте - бұл жолдар мен бағандарда реттеліп берілген ақпарат. Жолдар мен бағандар қиылысып, ұяшық құрайды.



Кесте- ақпараттың жолдар мен бағандарда реттеліп берілуі. Кесте жолдар мен бағандардың кез келген санынан құрылуы мүмкін. Кестеде тек бір ғана жол болса сызықтық кесте деп аталады. Бірнеше жолдардан тұратын кесте тіктөртбұрышты кесте деп аталады.



Жол- көршілес ұяшықтардың бірлестігі



Баған - көршілес ұяшықтардың тік бірлестігіБағандар мен жолдар қиылысы ұяшық деп аталады. Ұяшықтар деректер сақталатын орын.



Кесте құрудың екі әдісі бар:

1 Вставка - Таблица - Вставить таблицу командаларын орындау арқылы.

2 Меню жолынан «Таблица» командаларын пайдалану.

Осы екі әдістің айырмашылығы мынада: 1 әдіс бойынша компьютер 10 бағаннан артық емес кесте құрады. Егер үлкен санды бағандар кестесін құру керек болса, онда екінші әдісті қолданамыз. Біз көбінесе екінші әдісті қолданамыз.

Кесте құрудың алгоритмі

1 Меню жолынан «Таблица» командасын таңдау.

2 «Добавить таблицу» батырмасын шерту.

3 «Вставка таблицы» диалогтық терезесінде бағанның және жолдың тиісті сандарын енгізу керек.

4 «ОК» батырмасын шерту.

Кесте безендіру алгоритмі

1 Кестені бөліп алу.

2 Конструктор > Стили таблиц командаларын орындау.

3 Заливка арқылы кесте фонын таңдау.

Кесте жиектеу алгоритмі

1 Кесте торын алып тастағыларың келетін ұяшықты немесе ұяшықты толық белгілеу.

2 Разметка страницы > Границы и заливка

3 Границы и заливка диалогтық терезеде Граница қосымшасы қосылады

4 Жақтаудың Нет типін таңдаңдар да, ОК шерту.

Кесте құруда тышқанның немесе абзацтық шегіністер көмегімен бағанның ені мен жолдың биіктігін өзгертуге болады. Tab пернесімен кестеге жаңа жол қосуға болады, ал алдыңғы ұяшыққа қайтып келу үшін Shift+Tab пернесін басса жеткілікті.

Кестеге Добавить столбцы, Добавить строки, Добавить ячейки, Разбить ячейки, Разбить таблицу, Объединить ячейки, Удалить ячейки, Удалить столбцы, Удалить строки (бағандар мен жолдар қосуға, ұяшықтарды бөлу, біріктіру, жою) командаларын орындай отырып, кестені құруға және жоюға болады.

Пернелер

Орын ауысу

Page Down

Бір экранға төмен

Page Up

Бір экранға жоғары

Home

Аңымдағы қатардың басына

Ctrl+ Home

А 1 ұяшығына

Ctrl+End

Соңғы толтырылған ұяшыққа

Ctrl+

Бірінші толтырылған ұяшықтың

жоғарғы жағына

Ctrl+

Бірінші толтырылған ұяшықтың төменгі жағына

Ctrl+

Бірінші толтырылған ұяшықтың сол жағына

Ctrl+

Бірінші толтырылған өяшықтың оң жағына

Ctrl+ Page Up

Жұмыс парағының келесі парағына

Ctrl+ Page Down

Жұмыс парағының алдыңғы парағына

Бекіту сұрақтары:



1.Кесте құрудың неше әдісі бар?

2.Кесте құрудың алгоритмі?

3. Кесте жиектеу алгоритмі?

4.Алдыңғы ұяшыққа қайта келу үшін қай пернені таңдаймыз?

Бағалау



Үйге тапсырма:Кестелер.Кестелер құру.Кестелерді редакциялау







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал