7


  • Учителю
  • Графикалық процедуралар мен функциялар. Конспект 'Графикалық объектілерді құру процедуралары. Графикалық режимде мәтін жазу процедуралары. '

Графикалық процедуралар мен функциялар. Конспект 'Графикалық объектілерді құру процедуралары. Графикалық режимде мәтін жазу процедуралары. '

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Пән аты: Информатика

Класы: 9

Сабақтың тақырыбы: Графикалық процедуралар мен функциялар. Графикалық объектілерді құру процедуралары. Графикалық режимде мәтін жазу процедуралары.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларды Паскаль тілінің мүмкіндіктерімен таныстыру. Графикалық процедуралар мен функциялар. Графикалық объектілерді құру процедуралары. Графикалық режимде мәтін жазу процедуралары туралы толық мағлұмат беру;

Дамытушылық: Графикалық процедуралар мен функциялар. Графикалық объектілерді құру процедуралары. Графикалық режимде мәтін жазу процедуралары туралы толық мағлұмат бере отырып оқушылардың Паскаль тіліндегі алған білімдерін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке, патриоттыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру

2.Өткен материалдарды қайталау

3.Жаңа сабақты түсіндіру

4.Компьютермен жұмыс

5.Сабақты бекіту


Өткен материалдарды қайталау сұрақтары

* Бейнемонитор қандай құрылғы?

* Пиксель дегеніміз не?

* Бейнеадаптер қандай құрылғы?

* GRT модулінің қызметі қандай?

* Драйвер деп нені атайды?

* Курсорды экранның кез келген нүктесіне қалай көшіреміз?

* Мәтіндік режимде экранда қалай терезе құруға болады?

* Экранды немесе экран бетіндегі бір жолды қалай тазартуға болады?

* Экрандағы мәтін жолдары арасына жаңа жол енгізу үшін не істеу керек?

Жаңа сабақты түсіндіру

Қазіргі дербес компьютерлердің графикалық ақпараттарды енгізу, шығару,және өңдеуге арналған техникалық құрылғылары бар. Графикалық ақпаратты енгізу үшін - сканер, ал шығару үшін дисплей экраны және плоттер пайдаланылады.

Графикалық программалау процесі тиімділігін арттыру мақсатында Borland International фирмасы СRAPH арнайы программалар кітапханасын жасап шығарған, онда қазіргі кездегі мониторлардың барлық типтерімен жұмыс істейтін, экранға түрлі мөлшердегі қаріптер шығара алатын драйверлер жиыны бар.

Дисплей экраны нүктелер жиыны болып табылады. Ол графикалық және мәтіндік режимдерде жұмыс атқара алады. Екі режимде де пиксель деп аталатын дисплей экранының режимде экранның әрбір нүктесін түрлі түске бояп, сол түстер арқылы сызық, мәтін және әр түрлі бейнелер кескіндеуге болады.

Графикалық режимде графикалық нүктелердің өзінің «координаталар жүйесі» енгізіледі.

Экрандағы графикалық бейне графикалық экранның буферінің күйіне байланысты графикалық нүктелердің жарықталуынан құралады. Экран буфері дегеніміз - бұл графикалық экранда әрбір пиксельдің жарықталыну түсі мен белгісі кодталған оперативті жадының бөлігі. Пайдаланылған графикалық экранның режиміне, дисплейдің типіне және жадының көлеміне тәуелді графикалық экран үшін бір немесе бірнеше буфер ұйымдастырылуы мүмкін. Мұндай буферлер графикалық экрандық беттер деп аталады. Дербес жағдайда, физикалық экран тек бір ғана бетпен байланысты болуы мүмкін. Графикалық ақпаратты сол мезетте шығаруға бағытталған буфер активті бет (буфер) деп аталады.

Графикалық режимді алғаш рет іске қосу (инициализациялану) үшін INITCRAPH («драйвер», «режим», «жолы» ) процедурасы қолданылады. Мұндағы, «драйвер» - графикалық драйверге арналған integer типті айнымалы, «режим» - адаптердің жұмыс режиміне арналған integer типті айнымалы (тағайындалатын графикалық режимінің нөмірі), жолы - графикалық драйвердің файлына баратын жолды көрсететін string типті өрнек.

Графиктік режимнен шығу үшін Closegraph процедурасы пайдаланылады.

GetGraphMode:Integer; функциясы адаптердің, яғни графикалық ағымдағы режимінің мәнін береді;

SetGraphMode (Mode;integer) - графикалық режимді тағайындайды, тазартады, мұндағы Mode - орнатылатын режимнің коды

MoveTo (X,Y:integer) - процедурасы курсорды көрсетілген координатаға орналастырады;

MoveRel (DX,DY:integer) - курсорды тұрған нүктесінен әрі қарай DX бірлігіне көлденең (оңға), DY бірлігіне тіке (төмен) бірлікке орын ауыстыру;

RestoreCRTMode процедурасы графикалық режимнің алдындағы режимді қалпына келтіреді. Оның CloseGraph процедурасынан өзгешелігі - қойылған графикалық режимдерді өшірмейді, буферді тазаламайды;

GetX және GetY функциялары курсордың ағымдағы координатасын анықтайды.

Нүкте салу операторы. Экранның кез келген жеріне нүкте салуға болады.

PutPixel процедурасы экранға нүктені көрсетілген координатасымен және түсімен шығарады.

Форматы: PutPixel (х,у,С); мұндағы х,у - нүктенің координатасы, С - түсі.

GetPixel функциясы - координатасы көрсетілген экаранның графикалық нүктесінің түсін анықтайды. Форматы:GetPixel (х,у,С); мұндағы х,у - нүктенің координатасы, С - түсі.

Line процедурасы бастапқы және соңғы нүктелерінің көрсетілген координатасы бойынша кесінді салу.


Компьютермен жұмыс


1. Экранда бұрыш жасаған екі түзу сызық, шеңбер центрінде орналасқан нүкте салу программасын құру керек.

program syret;

uses Graph Crt;

var graphdriver, graphmode: integer;

begin

clrscr;

initgraph (graphdriver,graphmode,'d:\bp\bgi');

setColor(3)'line(250,50,475,200);line(200,50,25,300);

setcolor(8);circle(250,200,100);putpixel(250,200,5);

readln; closegraph;

2. Әр түрлі түспен берілген геометриялық фигуралардың астына аттарын жазатын программа құру керек.

program syrettext;

uses Graph, Crt;

var GraphDriver: integer; GraphMode:Integer;

Begin ClrScr;

GraphDriver:=0;

InitGraph(GraphDriver,GraphMode,'d:\bp\bgi');

SetBkColor(15);SetColor(10);

rectangle (60, 40, 100, 80);SetFillStyle(1,3);FloodFill(300,70,10);

SetColor (0);SetTextStyle (5,0,3);

OutTextXY(60,65'RectanglE');

setcolor(11);circle(200,65,20);setfillstyle(2,4);

setcolor(1);settextstyle(4,0,4);outtextxy (180,80' circle');

ellipse(300,80,0,360,50,30); settextstyle(5,0,5); outtextxy(250,90,' ellipse')

setcolor(5); line (360,65,450,65);settextstyle (6,0,6); outtextxy(360,80,' line');

setcolor(4)arc(500,70,260,,90,20); settextstyle (6,0,6); outtextxy (500,90,'arc');

readln;

closegraph

end.

Сабақты бекіту сұрақтары

* Турбо Паскальда графикалық мүмкіндікті қолдануға бола ма?

* Графикалық режиді қалай іске қосады?Экранда нүкте салатын процедура қалай аталады?

* LineTo және LineRel процедурасының айырмашылығы неде?

* Шеңбер салу операторын ата?

* Arc процедурасы не үшін қолданылады?

* Эллипс салу операторының жазылу форматы қандай?

* Rectangle процедурасы не үшін қолданылады?

* Drowpoly процедурасының қызметі?

* OUTTEXT процедурасының атқаратын қызметі қандай?

* OUTTEXT OUTTEXTХУ(х,у,текст) процедурасындағы х,у - нені білдіреді?

* OUTTEXT және OUTTEXTХУпроцедураларының айырмашылығы қандай?

* SetTextStyle процедурасы қандай қызмет атқарады?


Үйге тапсырма: 7.3 - 7.5 тақырыптарды оқу, 187 бет 4 - 5 тапсырма




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал