7


  • Учителю
  • Программалаудың даму тарихы. Программалық қамтамасыз етудің даму үрдісі

Программалаудың даму тарихы. Программалық қамтамасыз етудің даму үрдісі

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Күні: 28.09.2015

Пәні

Информатика

Мұғалім аты-жөні


10 «а» - сынып

Оқу-ісінің меңгерушісі


________

Сабақтың тақырыбы: Программалаудың даму тарихы. Программалық қамтамасыз етудің даму үрдісі

Сілтеме:

  • 10-сынып оқулығы;

  • Стендтер.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік мәні:

Оқушыларды программалау тілдер тарихымен таныстыру, түсінік беру, жұмыс жасай білу.

Дамытушылық мәні:

Практикалық дағдыларын дамыту, өз бетінше жұмыс жасауда білімдерін пайдалана білуге, пәнге деген қызығушылығын қалыптастыру.

Тәрбиелік мәні:

Ұқыптылыққа, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеу

Нәтиже:

  • Жұмыс істеу алдындағы қауіпсіздік ережелерін біледі

  • Компьютермен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтайды

  • Компьютерде жұмысты аяқтаған кездегі қауіпсіздік ережелерін сақтайды.

  • Ұжыммен бірігіп жұмыс істеу ережесін біледі.

  • Аппаттық жағдайлардағы қауіпсіздік ережелерін үйренеді.

  • Арнайы көзге жаттығу ережелерін жасап үйренеді.

Түйінді идеялар:

  • Жұмыс істеу алдындағы қауіпсіздік ережелері

  • Компьютермен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік ережелері

  • Компьютерде жұмысты аяқтаған кездегі қауіпсіздік ережелері

  • Ұжыммен бірігіп жұмыс істеу ережесі

  • Аппаттық жағдайлардағы қауіпсіздік ережелері

  • Арнайы көзге жаттығу ережелері

Сабақтың түрі:

Жаңа сабақ

Әдіс-тәсілдері:

АКТ, ЖИГСО-1, диалогтық оқыту

Пәнаралық байланыс:


Ұйымдастыру кезеңі (2 мин.)

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

  1. Сәлемдесу.

  2. Ұйымдастыру.

  3. Топқа бөлу.

  4. Сабақ барысымен таныстыру.

  5. Бағалау парағын таныстыру.

  6. Балалардың назарын сабаққа шоғырландыру

  • Сәлемдесу

  • Өздерін ретке келтіру

  • Топқа бөліну

  • Кітап құралдарын, дәптерлерін, қалам қарындаштарын дайындыққа келтіру

Үй тапсырмасын тексеру (7 мин.)

(сұрақ-жауап: түрткі болу, сынақтан өткізу және қайта бағыттау тәсілі)

  • Өткенді қайталау

Қызығушылықты ояту (2 мин.)

10-сыныпқа арналған электронды оқулықтан «Техника қауіпсіздігі ережелерін сақтау және жұмыс орнын ұйымдастыру» тақырыбына арналған бейне материал қосылады. Ол материалда: мәтін, сурет, анимация, тарихи деректер және дыбыстық түсіндіру қамтылған.

Оқушылар зейін қойып тыңдайды



Мағынаны тану

(Мұғалім жаңа тақырыпқа шығады. Бүгінгі сабақтың мақсаты мен міндеттеріне тоқталады.)

ББҮ (2 мин.)

ББҮ-ны толтыру

ББ бойынша флипчартта жазу

Білемін?

Білгім келеді?

Үйрендім?

Сабақтың негізгі бөлімі (20 мин.)

Мұғалімнің іс-әрекеті

Программалау - хабарларды есептеуіш машиналардың көмегімен сұрыптайтын жасанды тілдер тобы. Кез келген компьютер программасының негізгі мақсаты - аппаратты құралдармен басқару.

Алғашқы пайда болған программалау тілдері өте қарапайым болатын. Ол 0 және 1 символдардан тұрады. ЭЕМ - ді қолдану көп жақты болғандықтан арнайы есептерді шешу үшін түрлі тілдер құрылды. Тарихта бірінші болып процедуралық құрылымды программа пайда болды. Процедурааға бейімделген тіл - Фортран - 50 жылдың ортасында пайда болды. Бұл тіл бірінші және кең қолданылатын программалау тілі. Ол қазіргі кезде инженерлік, ғылыми есептеулер салаларында пайдаланылады. Есептеуші математика аумағында программалау жүйесі процедурадан ауыса бастады. Соның нәтижесінде Алгол - 60 , Паскаль, Модуль - 2 , Си программалау тілдері жетілді. Симула-67 программалаудың нысанды бейімделген деген жаңа әдіс пайда болды. НБП - толығымен күрделі программа құрғанда көрінеді.


Программалық жасақтама - белгілі бір типтегі есептеуіш машиналарға арналған, олардың аппараттық құралдарының жан - жақты қызметін, сонымен қатар қолданушының есептеу ресурстарына мұқтаж кез келген есептерін шығаратын программалар жиынтығы.


Программалау тілдері

Процедуралық тілдер

Процедуралық емес тілдер


Декларативтік тілдер

Нысанға бағытталған тілдер

Жоғары деңгейлі программалар

Төмен деңгейлі программалар

Функционалдық тілдер

Логикалық тілдер


Компьютердегі программалық жасақтама құрамын программалық конфигурация деп атайды. Программалық жасақтама аппараттық жасақтаманың әртүрлі режімдердегі қызметін қамтамасыз етіп қана қоймай, есептерді дайындып, жөндеуден өткізіп, шығару үдерістеріне ыңғайлы, жетілдірген пайдаланушы интерфейсін береді.

Программалық жасақтама келесі деңгейлерден тұрады: негізгі, жүйелік, қызметтік, қолданбалы.

Программалық жасақтаманың деңгейлері пирамидалық жүйе болып табылады. Әрбір келесі деңгей бұрынғы деңгейге сүйеніп жасалады.

Базалық деңгей - ақпараттық құрылғылармен байланысуға жауап береді. Тұрақты жадта сақталады.

Енгізу - шығарудың базалық жүйесі (BIOS) тұрақты жадта орналасқан. компьютердің құрылғыларын тексеруге, ОЖ - инициализациялауға және монитор, пернетақта, дискілер, принтермен енгізу - шығару амалдарын орындауға арналған программалар кіреді.

Жүйелік деңгей - өтпелі. Нақты құрылғылармен өзара әрекеттесуді қамтамасыз ететін программаны драйвер дейміз. Жүйелік деңгей программалардың басқа қолданушымен өзара әрекеттесуіне жауап береді. Жүйелік деңгейдің программалық қамсыздануының жиынтығы компьютердің амалдық жүйе ядросын құрастырады.

Қызметтік деңгей - базалық деңгейдегі мен жүйелік деңгейдегі программалармен тығыз байланыста болады. Қызметтік программалар компьютерлік жүйені тексеру, баптау, жөндей жұмыстарын автоматтандырады.

Қолданбалы деңгей - қолданбалы программалардың көмегімен өндірістік, шығармашылық, оқыту және т.б мақсатта нақты жұмыстар атқарады.

Қолданбалы программаларға: мәтіндік редакторлар, графиктік, электрондық кестелер, мәліметтер базасы, автоматтандырылған жобалау жүйелері, баспахана жүйеелері, web - редакторлар, браузерлер кіреді.

Программалық жасақтамалар функционалдық қызметтеріне байланысты төмендегідей түрлерге бөлінеді:

  • Жүйелік ПЖ

  • Аспаптық ПЖ

  • Қолданбалы ПЖ

Жүйелік программалық жасақтама - компьютерді пайдалану мен техникалық қызмет етуге, есептеу жұмыстарын ұйымдастыру мен қолданбалы программалар әзірлеуді автоматтандыруға арналған программалық жабдықтама.

Амалдық жүйе және программалау жүйесі жүйелік ПЖ негізгі бөлігі болып табылады.

Амалдық жүйе - құжаттар мен амалдар орындауға арналған, сыртқы құрылғыларды және программаларды басқаруды жүзеге асыратын программалар жиынтығы.

Амалдық жүйе ПЖ компьютердің мәліметтерді өңдеу жұмысын, пайдаланушымен сұхбатын ұйымдастырады, компьютердің құрылғыларын және қор көздерін басқарады, мәліметтерді қорғауды қамтамасыз етеді, пайдаланушы мен программалар сұратуы бойынша түрлі қызметтер атқарады.

Амалдық жүйе болмаса компьютердің жабдықтары мен программаларына қатынасу мүлде мүмкін болмас еді. Амалдық жүйеде компьютермен Windows терезелік тілдесу тінтуірмен жүзеге асады. Windows амалдық жүйесінің пайдаланушы тілдесуінің негізгі элементтеріне мына нысандар жатады: Жұмыс үстелі, терезелер, лақаптар, батырмалар, үстеолдер, мәзірлер, бумалар, қосымшалар, құжаттар.

Қызметші (сервистік) программалар - әрбір адамның амалдық жүйемен жұмыс істеуін жеңілдететін программалар тобы.

Белгілі бір қосымша қызмет атқаруға керекті программалар тобы утилиттер деп аталады. Оларға антивирустық программалар, мұрағаттау программалары, компьютердің жұмыс істеу қабілетін тексеретін диагностика программалады айтуға болады.

Аспаптық программалық жасақтама (АПЖ) - ЭЕМ - ге қажетті программаларды құруға немесе өзгертуге арналған прграмма пакеттері. Мысалы: Turbo Pascal программалау тілі.

Қолданбалы программалық жасақтама (ҚПЖ) - әртүрлі мәселелік аумақтардағы қолданбалы есептерді шешуді жасақтайтын жеке қолданбалы программалар мен қолданбалы программалар дестелерінен тұратын программалық жасақтама бөлігі.

Оның құрамына ҚПЖ кіреді:

  • Жалпы мақсаттағы ҚПЖ;

  • Мәселелік бағытталған ҚПЖ;

  • Интегралданған ҚПЖ;

Жалпы мақсаттағы ҚПЖ әртүрлі қолданбалы есептерді шешуге жиі қоолданылатын программалық құралдар енеді, олар:

  • Мәтіндік редакторлар мен процессорлар;

  • Графикалық редакторлар;

  • Электрондық кестелер процессорлары;

  • Мәліметтер қорын басқару жүйелері;

  • Презентациялдар;

Мәселелік бағытталған ҚПЖ - белгілі бір саладағы есептерді жүзеге асыруға мамандандырылған программалық құралдардың жиынтығы.

Бұларға:

  • Жобалауды автоматтандыру жүйелері (ЖАЖ);

  • Таңбаларды айыру жүйелері;

  • Статистикалық, қаржылық - аналитикалық жүйелер;

  • Ғылыми - зерттеу жүйелері;

Интегралданған ҚПЖ - қазіргі уақытта ҚПЖ - ның қарқынды және қуатты дамып жатқан бөлігі.

Олар - көп функционалды, бірнеше қолданбалы программалық жабдықтарды бір ресурстық қор негізінде жинақтап ұсынады. Мысалы: Microsoft Office

Қорыта айтқанда программалық жасақтама аппараттық жасақтаманың мүмкіндіктерін жетілдіретін және онымен қолданушының белгілі бір программалық құралдардың негізінде тікелей жұмыс істеуіне мүмкіндік беретін сыртқы қоршау болып табылады.

Ой толғаныс (4 мин.)

Техника қауіпсіздігі ережелерін сақтау және жұмыс орнын ұйымдастыру

Техника қауіпсіздігі ережелерін сақтау және жұмыс орнын ұйымдастыру

Қорыту. Күтілетін нәтиже (3 мин.)

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Кері байланыс сұрақ-жауап: түрткі болу, сынақтан өткізу, басқаға бағыттау)

Сұрақтарға жауап береді.

Бағалау (2 мин.)

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бақылайды, бағалайды.

Оқушылардың формативті бағалауымен өз бағасынан ортақ баға қояды.

  1. Программалау дегеніміз не?

  2. Алғашқы программалау тілдерін сипаттаңыз?

  3. Программа тілдерін қалай топтастыруға болады?

  4. Программалық жасақтама дегеніміз не?

  5. ЭЕМ - ге қажетті программаларды құруға немесе өзгертуге арналған программа пакеттері қалай аталады?

Тәжірибелік тапсырма

Оқушылар өзін-өзі бағалау парағын толтырады. Оқушылар өз топтарындағы көшбасшыларды анықтайды.



Тәжірибелік тапсырма орындайды

Үйге тапсырма (1 мин.)

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Үйге 19-27 беттердегі §4. «Программалаудың даму тарихы. Программалық қамтамасыз етудің даму үрдісі» тақырыбын оқып келу.

Тапсырманы күнделіктеріне белгілеп алады.

Рефлексия (2 мин.)

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын жазу үшін стикерлер тарату. Екі жұлдыз - бір тілек әдісін ұсыну.

Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын стикерлерге жазу. Екі жұлдыз - бір тілек әдісімен толтырады.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал