7


  • Учителю
  • 'Информатика сабағында топтық жұмысты қолдану'

'Информатика сабағында топтық жұмысты қолдану'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

«Белсенді оқыту практикада»


7-сыныпта информатика+физика пәндері бойынша «MS Word бағдарламасын үйрену» және «Қысым» тақырыбымен өткізілген сабақтың қысқа мерзімді жоспары


Асенова А.О.

«№25 ЖОМ», Павлодар қаласы

Сілтеме

7-сыныпқа арналған оқу жоспары, оқулық, күнтізбелік жоспар.

Сабақтың тақырыбы:

MS Word бағдарламасын үйрену

Қысымның қатты денелер, сұйықтар және газдар арқылы берілуі. Паскаль заңы.

Мақсаты:

АКТ қолданып сабақтың тақырыбына сай тапсырмаларды компьютерде орындай білу.

Міндеттері:

Қысым, қысымның қатты денелер, сұйықтар және газдар арқылы берілуін өз бетімен ұғынуға жетелеу;

оқушылардың білім деңгейін және білім мазмұнының тұрақтылығы мен оны игерудегі іскерлік пен дағдыны қалыптастыру;

топтық жұмыс арқылы оқушылардың ынтымақтастығын, диалогтік қарым-қатынасын, бірін-бірі тындай білу, сыни түрде ойлай білу, ақпараттық мәденитеттіліке тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер

Жеке жұмыс, жұппен, топпен жұмыс, пікірталас, миға шабул, «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер», «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету», «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау», «Оқытуда АКТ пайдалану», «Оқытудағы басқару және көшбасшы», «Талантты және дарынды балаларды оқыту», «Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу», «Есім-акроним» ойсергек, «Сап түзеу» топқа бөлу тәсілі

Күтілетін нәтиже:


АКТ қолданып, компьютерде еркін және шығармашылықпен жұмыс жасай біледі.

Қысымның қатты денелер, сұйықтар және газдар арқылы берілуін ұғынады, танымдық қабілеті артады, топта ынтымақтастықпен жұмыс істеуге дағдыланады.

Жетістік критерийлері:

Интернет желісіндегі деректерді пайдалана алуы, ынтымақтастық жұмыстың болуы, жауаптың нақтылығы, шығармашылығы, басты идеяны анықтай алуы және жетізе білуі.

Түйінді идеялары:

Мәтінді пішімдеу және редакциялаудың негізгі әдіс-тәсілдері. Қаріп, абзацтар, шегіністер мен аралықтар.

Нөмірленген және маркерлеген тізімдер. Бағандар. Беттердің параметрлері. Жиек. Алдын ала қарау. Аймақтарды ерекшелеу, ерекшеленген аймақтармен жұмыс. Қабаттар. Мәтінмен жұмыс. Қысым, Паскаль заңы.

Оқу құралы:

Информатика. Е.В. Шевчук, Н.С. Кольева. Алматы. «Атамұра» 2007 ж.

Физика және астрономия. Р. Башарұлы. У. Тоқбергенова. Д. Қазақбаева. Алматы. «Атамұра» 2012ж.


Сабақтың барысы

Уақыт

Мұғалімнің қызметі

Оқушылардың қызметі

Кіріспе

2 мин


Оқушыларды қарсы алу, ынтымақтастық атмосферасын құру үшін «Есім-акроним» сергіту сәтін жүргізеді;

Оқушыларды «Сап түзеу» тәсілі бойынша 4 топқа бөледі.

Оқушылар мұғаліммен амандасады. Оқушылар ойын сергітіп алу үшін «Есім-акроним», яғни әр оқушы өз есімінің бастапқы әріптерінен өзін сипаттайтын сын есімдер келтіру арқылы, мысалы, А (Аружан) - Асыл, Б (Бота) -бақытты, М (Марғұлан) - мейірімді, т.с.с. келтіру арқылы жүрді.

Ойсергектен кейін оқушылар «Сап түзеу» тәсілі бойынша 4 топқа бөлінді.

Қызығушылықты

ояту


«Ой қозғау»


8 мин


1) MS Word бағдарламасы бойынша «Сәйкестендіру тестін» слайд арқылы интерактивті тақтада көрсетеді.

Интерактивті тақтадағы сәйкестендіру тестін әр топ оқушылары жылдам орындап шығады

2) Өмірден алынған нақты проблеманы әр топқа сурет арқылы интерактивті тақтадан ұсыну.

І топ: Адамның қармен жүруі қиын, ал аяғына шаңғы байлаған адам қар үстімен жеңіл жүре алады.

Сұрақ: мұның себебі не?

Сұрақтар бойынша топта ақылдасып жауабын тақтада айтады.

І топ

ІІ топ: Қай жағдайда қолың қосымша қысымды сезеді?


ІІ топ

ІІІ топ: Суретте көрсетілген күректердің қайсысымен жұмыс істеу жеңілірек?

ІІІтоп

ІV топ: Бүркітін аңға қарай қондырады, Оқ тырнақ аңды қалай оңдырады. Жарқ еткенде түлкінің белі сынып

Қар үстінде жыртқыш құс оңдырмады. (Ақтамберді жырау). Сұрақ: Неліктен бүркіт аңды тез алады?

ІVтоп


Мағынаны ажырату

«Миға шабуыл»

15 мин

Компьютерде MS Word бағдарламасының мүмкіндіктерін қолдана отырып «Қысым» тақырыбына электрондық буклет жасауды ұсынады

Оқушылар компьютерде шығармашылық түрде MS Word бағдарламасының мүмкіндіктерін қолдана отырып «Қысым» тақырыбына буклет жасайды

Білімді бекіту сатысы

«Ой қорыту»

15 мин

Әр оқушы жекелей түрде «Қысым» тақырыбына жасаған электрондық буклетті қорғау жұмысын ұйымдастырады

Оқушылар өздері жасаған электрондық буклетті интерактивті тақтада қорғайды, сұрақтар қояды, бірін-бірі бағалайды

Ойнайық та ойлайық!

2 мин

«Ойнайық та, ойлайық» логикалық ойын ұсыну арқылы топтардың ынтымақтастығын, диалогтік қарым-қатынасын, бірін-бірі тындай білу, сыни түрде ойлай білу, ақпараттық мәденитеттіліке тәрбиелеу үшін (сергіту сәті) ұйымдастырады. Тапсырма:

Экрандағы бірдей екі суреттің бір-бірінен 10 айырмашылығын табу керек.

оқушылар берілген таратпадағы екі суреттен 10 айырмашылық табады. Оны тақта арқылы тексереді. Жауабы:

Үйге тапсырма

1 мин


Тақырыпқа байланысты «Эссе» жазып келу

Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазады

Рефлексия

2 мин

Оқушыларға түрлі-түсті стикерлер таратып, «Білім кемесіне» сабаққа байланысты ойларын жазып ілуді ұсынады

Білім алушылар кіріктірілген сабақ бойынша өздерінің пікірлерін стикерлерге жазып «Білім кемесіне» жапсырады

«Шығу парағы»

Пән: информатика, физика

Сынып: 7 «А»

Топтық жұмыс №___ топ, Спикер __________________________


Топ мүшелері

Қызығушылықты ояту

«Ой қозғау»

Мағынаны ажырату

«Миға шабуыл»

Білімді бекіту сатысы

«Ой қорыту»

«Сәйкестендіру тесті -информатика

Проблема-лық сұрақтар - физика

MS Word бағдарламасы Буклет жасау - информатика

Қысым тақырыбы бойынша мағлұматтар - физика

Электрондық буклетті қорғау - информатика

Электрондық буклетті қорғау - физика

Ойнайық та ойлайық!

Логикалық ойын

1


2


3


4



Бағалау критерийлері баллдық жүйеде:

Сәйкестендіру тесті

3 балл

Топтық жұмыс «Ой қозғау». Оқушылар өздерінің топтарына берілген проблемалық суреттер бойынша жаңаны ескімен байланыстыра отырып, топта талдайды және нәтижені жариялайды.

10 балл

Компьютерде жеке жұмыс. MS Word бағдарламасында буклет жасау - информатика

10 балл

Оқулықпен жеке жұмыс. Қысым тақырыбы бойынша мағлұматтар - физика

10 балл

Топпен жұмыс. Буклетті қорғау

10 балл

Ойнайық та ойлайық! Логикалық ойын

5 балл

Кері байланыс

2 балл

Критерий 45-50 балл - «5»

35-44 балл - «4»

20 34 балл - «3»

10-19 балл - «2»



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал