7


  • Учителю
  • МАҚАЛА. Аудандық семинар өтті.

МАҚАЛА. Аудандық семинар өтті.

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Аудандық семинар өтті

Ақпараттық технологияларды практика жүзінде пайдалану мақсатында жаңа пән - информатика сабағы соңғы 20 жыл көлемінде оқытылып келеді. Оның білім жүйесіндегі алатын орны әлемнің ақпараттық - жүйелік бейнесін жасау, ақпараттық орта мен адамның тиімді қарым-қатынасын қалыптастыру сияқты мәселелермен анықталып келеді. Осыған қоса қазіргі кезде педагогикалық ғылым саласында да оның әдіснамасы (методологиясы) мен парадигмасын жетілдіруге қажет тереңдетілген әлеуметтік өзгерістер орын алып жатыр.

Осы орайда Лебяжі білім бөлімінің 2015-2016 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес Жамбыл жалпы орта білім беретін мектебінде «Ақпараттық коммуникациялық технология негізінде информатика пәнінің берілу сапасын арттыру жолдары» тақырыбында информатика мұғалімдеріне арналған аудандық семинар өтті. Аталмыш семинарға ауданымыздың негізгі және орта білім беру мектептерінен 16 маман қатысты.

Семинардың негізгі мақсаты информатика пәні мұғалімдерінің біліктілігін арттыру, әдістемелік көмек көрсету, шығармашылықтарын дамыту болды.

Семинардың басында сөз алған ауданның білім бөлімінің әдіскері Г.К.Бакиевна«Бағдарламаның орындалуы, информатика пәнінен КТЖ, нормативтік құжаттарымен жұмысы» туралы пән мұғалімдеріне баяндап, жаңадан келген жас мамандармен де таныстырды. Семинарды Сатыбалдин атындағы ЖОББМ информатика пәнінің мұғалімі И.М.Жакупбекова «Бағалаудың технологиялық негізі туралы» атты тренингпен жалғастырды.Ондағы мақсаты оқушылардың жетістіктерін жаңа заман талаптарына сай бағалау тәсілдерін көрсету болды. Семинар соңында информатика кабинетінің байқауын ұйымдастыру туралы және мектеп сайттарының жұмысын жандандыру мәселелерін талқылады. Күн тәртібінде талқыланған мәселелер бойынша қорытындылар шығарылып, шешімдер қабылданды.




Жамбыл ЖОББМ информатика пәні мұғалімі

Айдана Сансызбайқызы.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал