- Учителю
- Урок по информатике 'Сандық ақпаратты кодтау' (7 класс)
Урок по информатике 'Сандық ақпаратты кодтау' (7 класс)
Күні: ___________ сыныбы __________________
Сабақтың тақырыбы: Сандық ақпаратты кодтау.
Сабақтың мақсаты: оқушыларда ақпаратты кодтау не екені туралы түсінік қалыптастыру, сандық ақпаратты кодтау ұстанымдарын көрсету.
Оқушылар білуі тиіс: кодтау, декодтау, код дегеніміз не, компьютерде сандық ақпараттың қалай кодталатыны туралы.
Оқушылар үйренуі тиіс: екілік кодтағы сандық ақпарат туралы мәліметті.
Сабақтың барысы
І Ұйымдастыру кезеңі
ІІ Сабақтың мақсат міндеттерін қою
ІІІ Үй тапсырмасын тексеру
ІҮ Жаңа сабақ
Компьютердегі барлық ақпарат екілік кодпен беріледі, оның алфабиті екі цифрдан тұрады (0 және 1). Сондықтан да ақпараттың әр түрінің алфавиті компьютерге түсінікті болатын екілік кодқа ауысуы керек.
Ақпаратты кодтау - дабылды бір пішіннен екінші пішінге түрлендіру үдерісі.
Кодтауға қарама-қарсы үдеріс декодтау деп аталады.
Код - нақты әр хабарламаға қатаң түрде белгілі бір белгілер үйлесімен сәйкестендіру ережесі.
Алғашқыда ЭЕМ сандармен жұмыс істеген. Кейінірек компьютерлік техника мен ақпараттық технологиялардың дамуы компьютерде ақпараттық технологиялардың дамуы компьютерде ақпараттың басқа да түрлерін сақтау мен өңдеуге мүмкіндік берді.
Біз есептеудің ондық жүйесін қолданып жүрміз. Бұл есептеу жүйесінің алфавиті 10 таңбадан тұрады: 0, 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9.
Сандық ақпаратты беру үшін 0,1 деген екі белгіден тұратын алфавиті бар екілік есептеу жүйесі қолданылады.
Әртүрлі есептеу жүйелерінің сандар сәйкестігін 1-кестеден байқауға болады. Есептеу жүйесінің біреуінен екіншісіне өтуге арналған арнайы ережелер бар, олармен сендер келесі оқу жылында таныс боласыңдар.
1-кесте. Сандар екілік және ондық есептеу жүйелерінде
Ондық
Екілік
0
0
1
1
2
10
3
11
4
100
5
101
6
110
7
111
8
1000
9
1001
10
1010
11
1011
12
1100
13
1101
14
1110
15
1111
16
10 000
Ү Жаңа сабақты бекіту.
-
Компьютерде ақпарат қалай беріледі?
-
Неліктен екілік жүйесі компьютер үшін ыңғайлы?
-
Компьютерде сандық ақпараттарды кодтаудың ерекшеліктерін сипаттаңдар.
ҮІ Қорытындылау
Үйге тапсырма: §2 оқу, сұрақтарға жауап беру.