7


  • Учителю
  • Деңгейлеп саралап оқыту технологиясының ерекшеліктері

Деңгейлеп саралап оқыту технологиясының ерекшеліктері

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Деңгейлеп оқыту технологиясының ерекшелігі:

- оқыту практикасында деңгейлеп оқыту технологиясын енгізуге оқу ақпараттары көлемінің ұлғаюы, студенттерге түсетін «салмақтың» артуы себеп болды;

- деңгейлеп оқыту - оқылатын ақпараттың азаюы арқылы емес, студенттерге қойылатын талаптардың әр түрлілігі арқылы жүзеге асырылады,

- студент өз бетімен білім алып, өзін-өзі басқару арқылы өз бетімен дами алатын тұлғаға айналады;

- студенттің жеке қабілетіне сәйкес бағытта шығармашылықпен жұмыс істеуіне жағдай туады;

- оқыту үрдісінің барысында әр студенттің белгілі бір мерзім аралығындағы дамуын үздіксіз қадағалайтын мониторинг жүргізуіне мүмкіндік туады;

- студент жеке қаблетіне сәйкес бағытта «өмір бойы білім ала алатын тұлғаға» айналады.

МАҚСАТЫ:

Әрбір студенттің өзінің даму деңгейінде оқу материалының меңгерілуін қамтамасыз ету.

Осы мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттерді жүзеге асыру қажет:

- студенттердің өздігінен білімін толықтыра, жетілдіре отырып, жаңа білім алуы;

- студенттердің бір-бірімен білім алмасуына дағдылануы;

- студент білімін тексеру, бақылау;

- шығармашылық қабілетін арттыру.

Әр түрлі деңгейде саралап оқытудың тиімді әдістеріне тоқталып өтемін.

Деңгейлік тапсырмалар. Мысалы, «Бедербелгілік шамалармен жұмыс істеу алгоритмі» сабағында үш деңгейге бөлінген студенттердің жұмысы төмендегі жолдармен орындалады: 1 деңгейдегі тапсырмалар - оқулық бойынша, 2 деңгейдегі тапсырмалар - перфокарталар, 3 деңгей компьютердегі арнайы бағдарлама бойынша жасалған тесті орындап, өз білім деңгейіне сай баға алды.

«Power Point презентациясының компоненттерімен жұмыс» атты сабақта алдағы мамандықтарына байланысты «Менің сүйікті ісім» атты тақырыппен жарнама даярлау ұсынылды. Жұмыс үш слайдтан тұрып, өз ойларын, болашақтағы мақсаттарын, білім деңгейлерін, көзқарастарын, өз бетінше шешім қабылдап, батылдықтарын көрсетті.

Үй тапсырмаларының үш деңгейі

Бірінші деңгей - міндетті минимум. Тапсырма бәріне түсінікті және барлық студенттің біліміне сай келуі керек.

Үй жұмысының екінші деңгейі - жаттықтырушы. Оны пәнді жақсы білгісі келетін және еш қиындықсыз бағдарламаны игеріп жатқан студенттер орындайды. Олар бірінші деңгей тапсырмаларынан босатылады.

Үшінші деңгей - шығармашылық тапсырма - сабақ тақырыбына, сыныптың дайындығына және т.б. байланысты орындалады. Оны өз еркімен сұраған студенттер орындайды, жоғары бағамен және мақтаумен ынталандырылады.

Өздік жұмыс

Өздік жұмыс кезінде студенттер оқулықпен және дидактикалық материалдармен, түрлі анықтамалық кітаптармен, газет-журналдармен, интернетпен жұмыс істеуді үйрене бастайды. Өздігінен білім алуға талпынады. Жұмысы нәтижелі болса, студенттің пәнге деген қызығушылығы артады.

Өзіндік жұмыс үшін ұсынылатын тапсырмалар студенттердің ғылыми-танымдылық қызығушылығын ояту, ерік-жігерін тәрбиелеу, білім деңгейін ескерту, сондай-ақ өзін-өзі бақылауға үйретеді. Өзіндік жұмыстарға ұсынылатын тапсырмалар алдымен репродуктивті деңгейде, ал сонан соң продуктивті деңгейге көтерілуі тиіс. Мысалы, Mіcrosoft Word тақырыбын қарастырайық. Репродуктивті деңгейде студент тақырыппен танысады, берілген тапсырмаларын орындайды. Продуктивті деңгейде шығармашылық, іздену бағытындағы тапсырмаларды орындайды, яғни берілген тапсырма жоспарын жасау, баяндама дайындау, талдау, зерттеу, материалдар жинау, жоба құру және т.б.

Карточкамен жұмыс жүргізу

Карточкамен жұмыс жүргізу. Карточка көрнекіліктердің бір түріне жатады. Онымен жұмыс істеген өте қолайлы. Карточка негізінен жеке бір оқушынының білім деңгейін бақылауға қолайлы, бірақ оны топпен жұмыс жасағанда, нұсқамен жұмыс жасағанда да қолдануға болады. Студент карточкамен жұмыс орындағанда шығармашылық жеке тұлғасын қалыптырады және ынтасын дамытады және алға шығуға, тапсырманы дұрыс орындауға талпынады.

Студенттердің білімдерін тест арқылы тексеру

Қай пәннен болмасын студент білімін тексерудің, бағалаудың бір түрі - текстік бақылау болып табылады. Тест студенттің білім дәрежесі қандай екендігін анықтайтын және ол білімді түрлі жағдайларда қолдана білуін тексеруге мүмкіндік беретін тиімді жол.

Тест сұрақтары бойынша студенттердің үлгерім дәрежесін, білім сапасын пайыз арқылы бағалап шығаруға да болады. Олардың дұрыс жауаптары 50% төмен болса, білім дәрежесі төмен, 50% асса орташа үлгерім, 75% болса, білім дәрежесі жақсы үлгерім, 80-90% болса, білім дәрежесі жоғары үлгерім деп есептеледі. Оқытушы бес балдық жүйе бойынша студенттердің білім сапасын бағалай алады.

Тест тапсырмаларының түрлері

Тестің түрі

Анықтамасы

Таңдаулы жауаптары бар тест

Берілген жауаптардың ішінен дұрысын таңдау

Конструкталған жауапты тест

Таңдалған нәтижесін жауаптар жолағына жазу

Алтернатива - тест

Оқушыдан берілген екі жауаптың біреуін таңдауын талап етеді.

Көп таңдаулы тест

Көптеген берілген нұсқалардың ішінен дұрыс біреуін таңдауды талап етеді.

Бір дұрыс жауабы бар тест

Орындаушы берілген нұсқалардың ішінен дұрысырағын таңдайды.

Бірнеше дұрыс жауабы бар тест

Орындаушы берілген нұсқалардың ішінен бірнеше (бір, екі, үш т.б.) дұрыс жауапты таңдауы тиіс.

Ашық формадағы тест

Орындаушы дұрыс жауапты өзі жазуы тиіс.

Дұрыс тізбекті құрастыруға арналған тапсырма

Дұрыс тізбекті құрастыру.

Ашық типті тапсырма:

1.шектеулі жауапты есеп

Орындаушыдан дұрыс жауапты жазу талап етіледі: 1. берілген тапсырмаған орындаушының еркін жауабы; орындаушы сұраққа өз бетінше жауап беруі тиіс, бірақ олар шектеулі болуы керек.

Болжам- тест

Оқушыдан ережелер мен анықтамаларды білуін талап етеді, дұрыс жауапы таңдауды қажет ететін сұрақтардан тұрады.

Графикалық тест

Сызба арқылы орындалатын тапсырма-лар.




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал