7


  • Учителю
  • Поурочные планы 5-го класса на казахском языке

Поурочные планы 5-го класса на казахском языке

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Мерзімі

5 «А»



Пән аты: Информатика

Сабақтың тақырыбы: Есептегіш техника кабинетіндегі қауіпсіздік

техника ережесін сақтау.

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Бала бойына бүгінгі тақырыпты өту барысында білімдерін арттыру.

Тәрбиелігі: Әр оқушыны іскерлікке, нақтылыққа, ынтымақтылыққа тәрбиелеу.

Дамытушылығы: Оқушының әрбір сабаққа ынтасы мен қабілетін біріктіріп, пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Оқыту әдістері: сөздік, көрнекі, практикалық

Сабақтың көрнекілігі: компьютерлер, топтамалар, тест сұрақтары т.б.б.

Оқыту формалары: жеке, топтық және ұжымдық.

Сабақтың барысы:

а) ұйымдастыру кезеңі

б) сабақ сұрау

в) бағалау

г) жаңа сабақ

д) бекіту

е) үйге тапсырма

ж) қорытынды

Қоңырау оғылып сабақ басталған соң балаларды ұйымдастыра отырып сабақты бастаймын.

Жаңа материалдың мазмұны:

Сендердің жұмыс орындарында компьютердің құрамдас бөліктері орналасқан: жүйелік блок, пернетақта, монитор. Жұмыс кезінде монитордың сәуле түтігі жоғары кернеуде жұмыс істейді.

І. Төмендегі әрекеттерді жасауға болмайды:

1. Кабельдердің қосылған орындарына тиюге болмайды

2. Жұмыс істеп тұрғанда экранға, монитор мен пернетақтаның сырт жағына тиюге болмайды.

3. Оқытушының рұқсатынсыз аппаратураларды ток көзіне қосуға, үзуге болмайды.

4. Кітап, дәптер және т.б. артық заттарды монитордың, пернетақтаның үстіне қоюға болмайды.

5. Су киіммен, су қолмен компьютерде жұмыс істеуге қатал тиым салынады.

ІІ. Жұмыс тәртібі:

  1. Компьютер экранынан 60-70 см қашықтықта дұрыс, еңкеймей, жатып алмай отыру қажет, ал ұдайы көзілдірік тағатындар - көзілдірікпен отыру керек.

  2. Дисплей алдында 20 минут жұмыстан соң міндетті түрде 5 минут дем алу керек.

ІІІ. Жұмыс кезінде:

  1. Аппаратуралардың дұрыс жұмыс істеуін қадағалаңдар, егер аппаратураның дұрыс жұмыс істемей тұрғанын сезсеңдер, немесе өзгеше дыбыс пайда болса, немесе пернетақта өз бетімен өшіп қалса, дереу жұмысты тоқтатыңдар. Техниканың ақауы жөнінде оқытушыға хабарлаңдар.

  2. Пернелерді қатты тақылдатпай жай басыңдар.

  3. Пернетақтада жұмыс істегенде қолдарың таза болсын.

  4. Аппаратураның ақауын ешқашан өз беттеріңмен жөңдеуге ұмтылмаңдар.

Кез келген дербес компьютер бірнеше құрылғылардан тұрады. Бұл құрылғылардың кейбірі өте маңызды- бұл монитор, жүйелік блок пен пернетақта, өйткені компьютер оларсыз жұмыс істей алмайды.

Жаңа сабақты бекіту: Ол үшін балалрға жаңа сабақтан бірнеше сұрақтар қоя отырып сабақты аяқтаймын.

Үйге тапсырма: Есептегіш техника кабинетіндегі қауіпсіздік техника ережесін сақтау.

Сабақты қорытындылау: Жаңа материалды пысықтау, оқушылардың меңгерген білімдерін талдау бағалау.


Сынып

5 «А»

Мерзімі





Сабақтың тақырыбы: Информатика. Ақпарат

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың табиғаттағы ақпарат туралы түсінігін қалыптастыру, сипаты мен қабылдау тәсілдері бойынша әр түрлі ақпарат түрлерімен таныстыру;

Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа,жүйелікке тәрбиелеу.

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін,логикасын,мәдениеттілік дамыту.

Сабақтың түрі:Аралас сабақ.

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: Компьтер,оқулық,жұмыс дәптері

Сабақтың өту барысы:

1.Оқушыларды ұйымдастыру.

2.Үйге берілген тапсырманы тексеру.

3.Жаңа тақырыпты түсіндіру.

4.Тапсырмаларды орындау.

5.Сабақты бекіту.

6.Үйге тапсырма беру

Жаңа түсініктер:

"Ақпарат" сөзі латынның түсіндіру, баяндау, мәлімет деген ұғымдарды білдіретін informatio cөзінен шыққан.Қазіргі кезде ақпарат күнделікті тұрмысқа, ғылымның әр түрлі философия, экономика физика, математика, информатика т.б салаларында кеңінен енді. Ақпаратты біз жазбаша немесе ауызша, тіпті қимыл-қозғалыс түрінде бере аламыз. "Ақпарат " деген сөз белгілі бір хабардың , жаңалықтардың өткен оқиғалардың мазмұнын білдіреді. Тірі организмнің құрылысын зерттеу де бізге көп ақпарат береді. Мысалы: баласы атасына неге ұқсайды? Иттен неге тумайды? Бұл сұрақтарға гинетика ғылымы жауап береді. Ол тұқым қуалаушылық болатының, әрбір организмнің негізгі белгілері ұрпақтан ұрпаққа ДНҚ молекулалары арқылы ақпарат беріледі. Сонымен ақпарат тірі табиғатта да, өлі табиғатта болады. Ол әрқашан сөзбен ғана жеткізілмейді, яғни ақпарат алмасудың сан алуан түрлері бар, қарым-қатынас жасау, өз бетімен ойлану, зертеу нәтижесінде пайда болады.

Ақпаратқа үзілді кесілді анықтама бере алмаймыз.Оны қаршаған дүние туралы және онда жүріп жатқан процестер туралы хабарлар мен мағлұматтар деп түсіyнуге болады.

Ақпарат материялымен және энергиямен қатар бізді қоршаған ортаның құрамды бөліктерінің бірі болып саналады.

Ақпарат түрлері

Барлық ақпараттарды төмендегідей бөлуге болады: қоғамдық саясаттық-әлеуметтік-экономикалық, ғылыми-техникалық, химия-биологиялық, физиологиялық т.б. Мұнымен қатар ақпарат өзінің сипаты бойынша:

1. статикалық (тұрақты) немесе динамикалық (айнымалы);

2. алғашқы (кірістік), туынды (аралық) немесе шығыстық;

3. басқарушы және мәлімет беруші;

4. объективті және субъективті болуы мүмкін.

Ақпарат қасиеттеріне мыналарды жатқызуға болады: толықтық, сенімділік (анықтық), бағалылық, маңыздылық (актуалдық), айқындылық, қысқалық, нанымдылық.

Тірі табиғатта ақпарат беру мен өңдеу мысалдары:

Жануарлар өздерінің жерлерін қорғап, иісті белгілер қалдырып кетеді.

Адам ақпаратты сезу, көру арқылы қабылдайды. Адам радиодан, теледидардан, газет-журналдан ақпараттарды сезім мүшелері арқылы қабылдайды. Адам қабылдайтын ақпарат таңбалы, бейнелі болып бөлінеді.

Бейнелік ақпарат деп-табиғат көріністерін, кескіндерді,дәм, иіс,сезу мүшелері арқылы қабылданған ақпараттарды айтады.

Таңбалы ақпаратқа сөйлеу, жазу түрінде алынған ақпараттар жатады. Ауызекі тіл де таңбалы ақпаратқа жатады. Себебі, әр түрлі таңбалардан тұрады, брақ олар дыбыстық таңбалар-феномендер деп аталады. Таңба түрінде қатынасуды қатынас тілі деп атайды. Табиғи қатынас тіліне: қазақ, орыс, ағылшын тілдері жатады. Жасанды тілдерге математика, физика, компьютермен қатынасу тілдері жатады. Әр тілдің өз алфабиті бар. Сандарды көрсететін алфабиттер: екілік, сегіздік, ондық, оналтылық болады.

Сабақты бекіту сұрақтары:

1. Ақпарат деген сөзге қандай мағына бересіңдер?

2. Адам ақпараттың қандай түрлерін қабылдай алады?

3. Адам ақпаратты қалай және қайда сақтайды?

4. Адам ақпаратты өңдеуіне мысал келтір?

5. Адам ақпаратты қалай сақтайды?

Үйге тапсырма: : Информатика. Ақпарат


Сынып

5 «А»

Мерзімі


Сабақтың тақырыбы:Ақпараттардың алуан түрлілігі және оларды өңдеудің тәсілдері. Ақпарат саны, ақпарат өлшем бірлігі..

Сабақтың мақсаты:Ақпаратты қабылдауды, жеткізуді өңдеуді, және сақтаудың тәсілдерін үйрету.Кодтауды түсіндіру.

Білімділік: Оқушылардың ақпаратты техникалық құралдар мен дербес компьютердің көмегімен беру, сақтау және ұсыну тәсілдерімен, қабылданған екілік санау жүйесімен, ASII кодтарымен таныстыру:

Тәрбиелілік: Оқушыларды тәрбиелікке,ұптылыққа,тиянақтылыққа үйрету.

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін,логикалық-абстракциясын дамыту.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар:

компьютер, оқулық,жұмыс дәптері

Сабақтың өту барысы:1.Оқушыларды ұйымдастыру

2.Үйге берген тапсырманы тексеру

3.Жаңа тақырыпты түсіндіру

4.Тапсырмаларды орындау

5.Сабақты бекіту

6.Үйге тапсырма

Өткен материалдарды қайталау сұрақтары:

Ақпарат деген сөзге қандай мағына бересіңдер?

Адам ақпараттытың қандай түрлерін қабылдай алады?

Байланыс тілі деп нені айтады?

Қандай тілдерді білесің?

Адам ақпаратты қалай және қайда сақтайды?

Адамның ақпаратты өңдеуіне мысал келтір

Жаңа түсініктер:

Ақпаратты белгілі-бір алфавит арқылы ұсынуды кодтау деп атайды.Бір белгі тобынан екінші белгі тобына көшіру ережесін код деп атайды. Ақпаратты сақтау,қабылдау, ұсыну, және өңдеу әдістері іс жүзінде ақпараттың ұсынылу түріне байланысты болады.Ақпараттың кодталуы кейде шифрау депте айтылады, оның кері кодталуы декодирование процесімен тікелей байланысты. Екілік алфабиты 0 және 1 таңбаларымен ұсынылады.Ақпаратты екілік код пен көрсету үшін, құрылғы екі күйді

айыра білуі керек, мысалы; 1-құрылғыда тоқ бар, ал 0 жоғын , немесе 1-жоғары кернеу ,

0 төмен кернеу. Тек екі түрлі мәні немесе немесе оған сәйкес код разряды бар , 0 немесе

1 мәндерін ғана қабылдай алатын сигналды бит деп атайды . Символдарды кодтау үшін

8 биттен тұратын котты байт деп атайды. 8 нөл мен бірлердің көмегімен яғни бір байттың көмегімен 256 символ кодталады. Символдарды кодттау кобинациаларының

жиынтығын кодтау кестесі деп аталады.

ASCLL коды.

Есептеуіш техникасында ең көп пайдаланатын код-ASCLL коды - американдық

апарат алмасудың стандарттық коды.

Кодтау кестенің 16 жолы 16 бағаны бар . Кесте екі бөліктен тұрады ; стандарты, баламалы .

Стандартты бөліктегі - бірінші 128 символдар , 0- ден 127-ге дейінгі коттар; Цифрлар, латын алфавитінің әріптерімен компютер жумысын басқаратын арнайы символдар.

Баламалы бөліктегі-128-ден 255-ке дейінгі кодтар алфавиттер (орыс, қазақ) Ондық, екілік, оналтылық санау жүйелерінің сәйкестендіру кестесі бойынша кодтауға болады.

Ақпарат оны тіркейтін құрылғыға дыбыс, электромагнитті сәуле, физикалық әреект түрінде келіп түседі. Бұл әрекеттер сигнал деп аталады.

Синал дегеніміз- оның көмегімен адам немесе, құрылғы ақпарат қабылдайтын процесс. Сигнал ақпарат тасуыш. Ақпарат жіберу дегеніміз- сигналадар жіберу.

Сигнал аналогтық (үздіксіз), дискретті(үзілісті) болуы мүмкін. Аналогдық сигналдарға мысалдары: Сигналды дискретті түрде ұсынғанда ол сан қатары, алфавит әріптері,музыкалық нота нота оған мысал бола алады.

Уақыт аралығын неғұрлым көбірек алған сайын, кернеудің уақыт аралығында өзгеру процесін соғұрлым дәлірек сипаттаймыз. Керісінше дискретті процесті аналогтық процеске айналдыруға болады.Адам сезім мүшелері арқылы сигналдарды аналогтық түрде қабылдайды, ал есептеуіш техникалары негізінде дискретті түрдегі сигналдармен жұмыс істейді.

Ақпарат адам үшін жаңа,белгісіз болу керек. Хабар бізге ақпарат алу деген бізге жаңа түсінікті болуы керек. Сол салада біліміміз жеткілікті болуы керек. Егер ақпарат біз үшін толық, объективті,жаңа,пайдалы, әрі нақты болса ол біз үшін бағалы болады. Хабардың ақпараттың көлемі деп- хабардың ұзындығын, яғни символдар санын білдіреді.Ендеше техникада кез-келген сақталатын берілетін ақпарат көлемі ондағы берілетін ақпарат көлемі ондағы ең кіші өлшем бір екілік разрядқа немесе 1 битке тең болады. Ақпаратты өлшеу бірлігі бір битке тең. Одан кейін 1 байт. Хабардың ақпараттың көлемі-бит немесе байтта өлшенетін оның ұзындығы.

1 бай=8бит;

1 кбайт(килобайт)=1024 байт;

1 мбайт(мегабайт)=1024кбайт;

1гбайт(гигабайт)=1024мбайт;

Сабақты бекіту сұрақтары:

  • Кодтау мен кері кодтау деген не?

  • Бит, байт деген не?

  • Техникалық жүйелерде неге екілік алфавитті пайдалануды таңдайды.

Үйге тапсырма:

Ақпараттардың алуан түрлілігі және оларды өңдеудің тәсілдері. Ақпарат саны, ақпарат өлшем бірлігі.


Сынып

5 «А»

Мерзімі


Сабақтың тақырыбы: Компьютер. Компьютердің негізгі құрылғыларының міндеттері және мүмкіндіктері

Сабақтың мақсаты: Аппараттық құрастыру.
Білімділік: Оқушыларды ДК-мен, оның негізгі блоктарымен, және олардың міндетімен таныстыру. ЭЕМ-нің мүмкіндіктерін көрсету. Компьютердің негізгі құрылғылары -процессормен, ЖЖҚ-мен таныстыру;
Тәрбиелік: Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыра отырып, информатика кабинетіндегі техникалық құралдармен жұмыстар жасап танысқан кезде және практикалық жұмыстар жасаған кезде қауіпсіздік ережелерін сақтауға тәрбиелеу
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық -абстракциясын дамыту.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: Түсіндірмелі, үйрету
Сабақтың қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, инт.тақта,

Сабақтың өту барысы:
1. Оқушыларды ұйымдастыру.
2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.
3. Жаңа тақырыпты тексеру.
4. Сабақты бекіту.
5. Үйге тапсырма беру.

Жаңа түсініктер: Компьютер "сөзі" есептеуіш" дегенді білдіреді, яғни есептеуге арналған құрылғы.компьютер - деректерді бағдарламалап өңдеуге арналған электрондар құрылғы. Қазіргі компьютерлер тек есептеп қана қоймай, цифрлық емес (мәтіндер,дыбыстар, графика және т.б.) ақпаратты өңдейді, әр түрлі технологиялық процестерді, деректер базасын және басқаларды басқарады. Бұл типті компьютерлерді дүние жүзінде жүздеген өндірушілер шығарады. Олар өзара өнімділігімен, жадының сыйымдылығымен және бірқатар функционал мүмкіндіктерімен ерекшеленеді. ДК-сі. бірақ ДК-лердің барлық типтерінің ақпарат өндеу және адаммен қарым-қатынас жасауының негізгі принціптері бірдей. Дербес компьютер өнеркәсіп бұйымы ретінде өзара жалғастырушы кабельдермен байланыстырылған бірнеше блоктардан тұрады.
Блоктардың номенклатуруасы әр түрлі болуы мүмкін,бірақ кез келген компьютер жұмыс істеуі үшін, үш блоктан тұратын жинақ керек. Басқа құрылғылардың барлығы қосымша деп аталады. Оларға принтер, дыбыс колонкалары, құлаққап, микрофон, модем, сканер, маус, трекбол, терте жатады. Компьютердің аталған негізгі жинағының басты элементі - жүйелік блок. ДК жүйелік блогы - компьютердің негізгі тораптары орналасқан тік төртбұрышты қорапша, онда: микропроцессоры мен жедел жады және т.б. аналық тақша, адаптерлер, қоректендіру блогы, иілгіш және қатқыл дискідегі жинақтауыштар, контролер ажыратпалар орналастырылған.
ДҚ (дербес компьютер деп аталуының - бір-ақ адам қолданады) қазіргі кезде көпшілік арасында кең тарай бастады. Кез-келген компьютерлер бірнеше құрылғыдан тұрады.
Монитор, жүйелік блок, пернетақта, мультимедиа колонкасы, модем, маус.

Бұл құрылғылардың ең негізгісі Монитор, жүйелік блок, пернетақта.
Компьютердің барлық құрылғылары оның артындағы ажыратып қосқыштар арқылы ажыратылады. Компьютердің процессоры мен жедел жадысынан басқалары оның сыртқы құрылғылары болып табылады.Олар: монитор, пернетақта,принтер,маус,модем.Әрбір сыртқы құрылғы процессормен арнайы блоктар - адаптер немесе контролер арқылы жалғасады. Контролер немесе адаптердің міндеті - процессордан келіп түскен ақпаратты құрылғылардың жұмысын басқаратын сәйкес сигналдарға айналдыру.

Жүйелік блок-мұнда компьютердің негізгі құрылғылары орналасқан. Компьютерді қосып өшіру батырмасы, дискжетек, компакт-дискіні оқитын CD-ROM орналастырылған. Жүйелік блоктың ішінде аналық плата, процессор, CD-ROM, бейнетақташа, дыбыс тақташасы мен т.б. бар.
Процессор - компьютердің ең басты бөлігі.Ол компьютердің «миы». Ол бүкіл компьютердің жұмысын басқарады және бағдарламадағы барлық командаларды орындайды. Іс жүзінде компьютердің орындайтын жұмысының бәрін оның бас микросхемасына - микропроцессор атқарады. Қазіргі кезде ең көп тараған «пентиум» процессор. Сондықтан компьютер де пентиум деп аталады.Процесор жадпен жұмыс істейді.Жад микросхемасынан процессор өзіне қажетті ақпаратты алады.
Жедел жад - бұл компьютердің ішкі жады.Жедел жад немесе оперативті жадтайтын құрылғы (ОЖҚ) - ол қажет ақпараттарды өзіне жылдам жазуға және одан оқуға мүмкіндік береді.Бірақ онда ақпараттар уақытша сақталады, яғни компьютерді өшіргенше.Егер компьютерді өшірсе онда жедел жадтағы барлық ақпарат өшеді. Компьютердің ішкі жадысының екі түрі бар:тұрақты жадтайтын құрылғы ТЖҚ (ОЗУ) - ақпартты уақытша сақтайтын жад. Енгізу құрылғылары: пернетақта, маус,джойстик,өлшеу аспаптары, сканер. Шығару құрылғысы - принтер, диспей, графопроектор.
Дисплей - компьютердің экранына ақпаратты шығаратын құрылғы. Дисплей: электрондық - сәулелі түтікшеден (ЭСТ) (электронная лучевая труба ЭЛТ), қоректендіру блогынан және сәулелі басқарушы электрондық блоктан тұрады. Монитор түрлі түсті монохромдық болады.
Монитор - ақпаратты компьютер экранына шығару құрылғысы. Мониторды екі белгісі бойынша жіктеуге болады.
Бейнелеу түсі бойынша Шығаратын ақпараты бойынша
Монохромдық (қара, ақ, градияциясы сұр) Символдық, (тек мәтіндік ақпаратты бейнелейді)
Түрлі түсті Графикалық (графиктерді, суреттерді шығаруға мүмкіндік береді)
Пернетақта (Клавиатура)
Пернетақта - компьютерге ақпарат енгізетін құрылғы. Онда 101 немесе 105 перне болады. Таңбалық деректерді енгізу қызметін атқарады және негізгі енгізу құрылысы болып табылады.
Пернетақтаның әрекетерінің принциптері:
1.Пернені басқанда пернетақтаға орнатылған арнайы микросхема идентификациялайтын скан-код жіберіледі.
2. Скан-код микросхемаға түседі, ол өз кезегінде процессорға бекітілген нөмірі бар түзу береді.
3. Үзуді алып, процессор ағымдағы жұмысын кейінге қалдырып, түзуге нөмірі бойынша түзуге қызмет жасайтын бағдарламаның адресін табады.
4. Үзуді өңдегеннен кейін процессор аяқталмаған іске қайта оралады.
5. Енгізілген (бірақ өңделмеген) символдар пернетақтаның буферіне түседі де, оған арналған бағдарлама оларды алып кеткенше сақталады.
Шартты түрде пернетақтаны 5-бөлікті бөлуге болады:
- басу пернетақтасы (алфавитті - цифрлық және таңбалық пернелер)
- функционал пернелер: F1-F12
- арнайы операциялар пернелері: Enter, Esc, Tab6, Ctrl, Alt, BackSpace
- меңзерді басқару және редакциялау пернетақтада.
- сандық пернетақта.
Функционалдық пернелер - Олар символдық пернелердің үстінде орналасқан. Олар компьютердің күрделі операцияларын тез орындай. Әр түрлі программаларды әр түрлі қызмет атқарады.
Символдық пернелер - пернетақтаның негізгі бөлігі. Символ, цифр енгізуге болады.
Нұсқаушы немесе меңзерді экранда басқару пернесі. Меңзерді экранда жылжытуға арналған.
Цифрлық-қосыма NumLock пернетақта арқылы қосылып ажыратылады.
Enter - енгізу пернесі - белгілі бір әрекетті аяқтағанда басылады.
Бос орын - символдарды бір-бірінен ажыратады.
← немесе Backspace пернесі алдыңғы символды өшіреді.
Shift - бұл кіші әріптерді алкен етуге және керісінше орындауға болады.
Caps Lock - алкен әріптер енгізіледі.
Delete - меңзердің оң жағында орналасқан символдарды өшіреді.
кейбір амалдарды орындау үшін пернелердің комбинациясын пайдаланады. Ctrl Alt

Тышқан. Қазіргі кездегі компьютерлер тағы да бір ақпараттарды енгізу құрылғысы - «Тышқан» манипуляторымен жабдықталған. Бұдан былай оны тек тышқан (маус) деп қана атайтын боламыз. Оның аты тышқан деп бекер аталмаған. Себебі ол-сұр түсті, тышқанның құйрығына ұқсайтын компьютерге жалғанған иілгіш сымы бар қорап. Ол алақанға ыңғайлы және кілемше бетінде еркін жылжитын арнайы құрылғы.

Джойстик. Джойстик деген компьютерлік ойындарда экрандағы жылжитын объектілерді басқаруға арналған рычагты манипулятор.

Принтер. Ақпараттарды қағазға басып шығаратын құрылғы. Ол дисплейге не шығарылса, соның бәрін қағазға басып шығаруға мүмкіндік береді. Принтерге мәтіндік, кестелік, графикалық ақпараттарды шығаруға болады. Принтердің үш түрі бар: матрицалық, сия бүріккіш, лазерлік.

Матрицалық принтерлер - бұл қарапайым басу құрылғылары. Деректер қағазға инелердің бояйтын таспа арқылы соғуының нәтижесінде пайда болады.

Лазерлік принтерлер полиграфиялық баспадан кем емес баспа сапасын қамтамасыз етеді.Олар минутына бет баспаға шығу жылдамдығымен өлшенеді. Сия бүріккіш принтерлер. Кескін бояудың тамшыларының қағазға түсуінің нәтижесінде айда болады. Сия бүріккіш принтерлер түрлі түсті баспадан кеңінен қолданылады
Сыртқы жад - сыртқы жад ретінде магнитті диск пайдаланылады. Дискілер қазіргі дербес компьютерлерде ақпарат тасушы болып табылады, олар ақпаратты тұрақты түрде сақтауға арналған. Магнитті дискілердің екі типі болады. Бірінші типке иілгіш, алмалы-салмалы дискілер немесе дискеттер жатады.

Компакт -дискілер. Компакт дискіні лазерлік дискі деп те атайды. Оның сыйымдылығы өте үлкен, олардағы ақпаратты тек оқуға болады. CD-R компакт -дискілеріне басқа жаңа ақпараттар жазуға немесе ақпараттарды қайта жазуға болмайды. Ал CD-RW дискілеріне ақпаратты жазуға, қайта жазуға болады.

Флэшка - жинақтауыштар және жады карталары. Флэшка - ақпаратты сақтау үшін ең қолайлы контейнер болып табылады. Оларға 32 Мбайт-8 Гбайт дейін ақпарат сақтауға болады. Салмағы жеңіл, қолайлы флэшкаларды USB -портқп қосады, секундына 1-10 Мбайт жылдамдықпен ақпарат жазуға болады.
Сканер - қағаздағы кескінді (жазуды , суретті) түсіріп, дисплей экранына шығаруға мүмкіндік беретін құрылғы. Оның көмегімен суретті, графикті, мәтіндерді сканерлеуге (түсіріп алуға) болады.

Сабақты бекіту сұрақтары
1. Компьютердің "атасы" деп, кімді айтуға болады? (Ч. Бэббидж)
2. Ақпаратты енгізуге арналған құрылғы? (пернетақта)
3. Ақпаратты шығару құрылғысы? (принтер, монитор)
4. Қағаздағы көріністі экранға түсіруші (сканер)
5. Барлық ақпараттық процестерді жүзеге асыратын негізгі құрал? (компьютер)
6. Адам көзі мен монитор арасындағы арақашықтық қанша (см) болу керек? (60-70см)
7. Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі? (бит)
8. Компьютердің "миы" деп қай құрылғыны атайды? (жүйелік блок)
9. Компьютер жанында тұратын өсімдік атауы? (кактус)
10. Дыбыс тыңдау құрылғысы? (колонка)
11. Бір килобайт қанша байтқа тең? (1024 байт)
12. Қазіргі пернетақтадағы пернелер саны? (105)
13. Компьютердің "тілі"? (монитор)
14. Интернетпен байланыс жасайтын құрылғы? (модем)

Тапсырмалар: Қатені табу
Маған бейнелерді компьютерге енгізу керек болса, алдымен сканерді іскеқосамын. Бейнелерді көшіріп алып, оларды сақтап қоямын. Сонан кейін компьютердің жүйелік блогын іске қосып, сканерден өткізілген мәліметтерді түзетемін. Соңынан мониторды қосып, не шыққанын көріп шығамын. Мен осылай компьютердің аппараттық құрылғылары мен электр энергиясын үнемдеп жұмсаймын.
3 қате бар: 1. Алдымен монитор мен жүйелік блокты іске қосу қажет.
2. Жүйелік блок іске қосылмай, сканердегі мәлімет енгізілмейді.
3. Монитор қосылмай, мәлімет түзетілмейді және оны сақтау да қиын
Тапсырма №2
1. Компьютердің пернетақтасы мен баспа машинкасының ұқсастығы көп
2. Маус мәтіндік мәліметті компьютер жадына қолмен термей енгізу үшін қажет
3. Жүйелік блок компьютердің ақыл - ойы тәріздес
4. Монитор - компьютердің ақпаратты көрінетіндей етіп бейнелейтін құрылғы
Үйге тапсырма: Компьютер. Компьютердің негізгі құрылғыларының міндеттері және мүмкіндіктері

Бағалау.

Сынып

5 «А»

Мерзімі


Сабақтын тақырыбы: Пернетақта. Пернелер тобы.

Сабақтын мақсаты: Аппараттық құрылыстыру.

Білімділік: Оқушыларды ДК-мен, оның негізгі блоктарымен, және олардың міндетімен таныстыру. ЭЕМ-нің мүмкіндіктерін көрсету. Тәрбиелік: Оқышылардың тәрбиелікке,ұқыптылыққа үйрету.

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық -абстракциясын дамыту.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, инт.тақта,

Сабақтың өту барысы:

1. Оқушыларды ұйымдастыру.

2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.

3. Жаңа тақырыпты тексеру.

4. Тапсырмаларды орындау.

5. сабақты бекіту.

6. Үйге тапсырма беру.

Жаңа түсініктер:

Пернетақта - компютерге ақпарат енгізетін құрылғы. Онда 101 немесе 105 перне болады .Таңбалық деректерді енгізу қызметін атқарады және негізгі енгізу құрылысы болып табылады.

Пернетақтаның әрекетерінің прициптері:

1.Пернені басқанда пернетақтаға орнатылған арнайы микросхема идентификациялайтын скан-код жіберіледі.

2. Скан-код микросхемаға түседі, ол өз кезегінде процессорға бекітілген нөмірі бар түзу береді.

3. Үзуді алып, процессор ағымдағы жұмысын кейінге қалдырып, түзуге нөмірі бойынша түзуге қызмет жасайтын бағдарламаныңадресін табады.

4. Үзуді өңдегеннен кейін процессор аяқталмаған іске қайта оралады.

5. Енгізілген (бірақ өңделмеген) символдар пернетақтаның буферіне түседі де, оған арналған бағдарлама оларды алып кеткенше сақталады.

Шартты түрде пернетақтаны 5-бөлікті бөлуге болады:

-басу пернетақтасы (алфавитті- цифрлық және таңбалық ернелер)

-функционал пернелер: F1-F12

-арнайы операциялар пернелері: Enter, Esc, Tab6, Ctrl, Alt, BackSpace

-меңзерді басқару және редакциялау пернетақтада.

-сандық пернетақта.

Функционалдық пернелер- Олар символдық пернелердің үстінде орналасқан. Олар компютердің күрделі операцияларын тез орындай. Әр түрлі программаларды әр түрлі қызмет атқарады.

Символдық пернелер - пернетақтаның негізгі бөлігі. Символ, цифр енгізуге болады.

Нұсқаушы немесе меңзерді экранда басқару пернесі. Меңзерді экранда жылжытуға арналған.

Цифрлық-қосыма NumLock пернетақта арқылы қосылып ажыратылады.

Enter - енгізу пернесі - белгілі бір әрекетті аяқтағанда басылады.

Бос орын - символдарды бір-бірінен ажыратады.

← немесе Backspace пернесі алдыңғы символды өшіреді.

Shift - бұл кіші әріптерді алкен етуге және керісінше орындауға болады.

Caps Lock - алкен әріптер енгізіледі.

Delete - меңзердің оң жағында орналасқан символдарды өшіреді.

кейбір амалдарды орындау үшін пернелердің комбинациясын пайдаланады. Ctrl Alt

Тапсырмалар: Пернетақта тренажерімен жұмыс істеу.

Үйге тапсырма: Пернетақта. Пернелер тобы.


Сынып

5 «А»

Мерзімі


Сабақтың тақырыбы Программалық қамтамасыз етудің жалпы сипаттамасы және жіктелуі

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Компьютердің негізгі компоненттері және жұмыс істеу принципі, дербес компьютерді құрылымы және оның жұмыс істеу принциптері туралы білімдерін қалыптастыру.

Тәрбиелігі: Жауапкершілікке баулу, дәлдікке үйрету.

Дамытушылығы: Оқушының әрбір сабаққа ынтасы мен қабілетін біріктіріп, пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың өту әдісі: сөздік, көрнекі, практикалық

Сабақтың көрнекілігі: компьютерлер, топтамалар, тест сұрақтары т.б.б.

Оқыту формалары: жеке, топтық және ұжымдық.

Сабақтың барысы:

а) ұйымдастыру кезеңі

б) сабақ сұрау

в) бағалау

г) жаңа сабақ

д) бекіту

е) үйге тапсырма

ж) қорытынды

Қоңырау соғылып сабақ басталған соң балаларды ұйымдастыра отырып сабақты бастаймын.

Сабақтың өту барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру.

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Компьютердің негізгі компонентері (процессор, жедел жады және сыртқы құрылымдар) өзара қалай байланысты?

Қазіргі барлық дербес компьютерлердің ортақ принципті (негізді) сұлбасы, яғни архитектурасы бар.

Дербес компьютерлердің архитектурасы -бұл, қолданушы мен программашының көмегімен тапсырмаларды орындайтын аппараттық және программалық құралдар жинағы. Архитектура сыртқы және ішкі болып бөлінеді.

Дербес компьютерлердің архитектурасының негізіне магистральды- модульдік принцип жатады. Модульдік принцип компьютердің қажетті конфигурациясын жинақтауға, оларды модернизациялауға мүмкіндік береді.

Магистраль - бұл процессор, жедел жады және сыртқы құрылғылар арасындағы ақпараттық байланыс.

Магистраль компьютердің барлық компоненттері (процессор, жедел жады және ақпараттарды енгізу мен шығару құрылғылары) параллель қосылатын сымдар жиынтығы. Ол мәліметтер шинасы, адрес шинасы және басқару шинасынан тұрады.

Мәліметтер шинасы мәліметтерді беруге немесе қабылдауға арналған. Шинаға бір мезгілде сигналдар көбейген сайын мәліметтер көбірек беріледі және ол тезірек жұмыс істейді.

Адрес шинасы мәліметтер жіберілетін немесе одан алынатын жады ұяшықтарының адрестерін беруге арналған.

Басқару шинасы басқару сигналдарын, яғни жадыны басқару, мәліметтер алмасуды басқару, мәліметтер алмасуды басқару, т.с.с. беруге арналған.

Жаңа сабақты бекіту сұрақтары:

  1. Компьютердің өнімділігіне не әсер етеді?

  2. Шина дегеніміз не? Ол қандай қызмет атқарады?

  3. Контроллер дегеніміз не? Ол қандай қызмет атқарады?

Үйге тапсырма: Программалық қамтамасыз етудің жалпы сипаттамасы және жіктелуі

Сабақты қорытындылау: Жаңа материалды пысықтау, оқушылардың меңгерген білімдерін талдау, бағалау.

Оқушыларды бағалау.

Сынып

5 «А»

Мерзімі



Сабақтың тақырыбы: Операциялық жүйе ұғымы

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Оқушылардың операциялық жүйе және оның түрлерін типті операциялық жүйе туралы және оның баптауды, файлдар мен қапшықтарды іздеу туралы білімдерін қалыптастыру.

Тәрбиелігі: Жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу.

Дамытушылығы: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту. Пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Сабақтың түрі: практикалық сабақ

Сабақтың өту әдісі: сөздік, көрнекі, практикалық

Сабақтың көрнекілігі: компьютерлер, топтамалар, тест сұрақтары т.б.б.

Оқыту формалары: жеке, топтық және ұжымдық.

Сабақтың барысы:

Сабақтың өту барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Операциялық жүйе дегеніміз не?

Операциялық жүйе компьютердің барлық құрылғыларының жұмысын және програмалық жасауының жұмысын басқарук үшін қажет екенін білесіңдер. Ол компьютер мен адамның арасындағы байланысты қамтамасыз етеді, демек, Операциялық жүйе - бұл компьютердің іске қосқан кезде жүктелетін және барлық құрылғылардың жұмысын басқаратын арнайы программа. Операциялық жүйе - ол есептеу процестері мен компьютерді басқару және пайдаланушы мен аппаратураны байланыстыратын жинақталған программа. .

Операциялық жүйелерді жіктеу.

Дербес компьютерге арналған операциялық жүйелер бірнеше параметрлері бойынша ерекшеленеді. Атап айтқанда, ОЖ-лер:

  • Бір міндетті және көп міндетті қатар атқаратын;

  • Бір адам пайдаланатын және бірнеше адам пайдаланатын;

Бұдан басқа операциялық жүйенің командалық немсее графикалық (немесе екеуі бір міндетті) көп терезелі интерфесі болы мүмкін.

Бір міндетті операциялық жүйелер қай кезде де адамның компьютерде тек бір ғана іспен шұғылдануынағ яғни тек бір ғана мәселені шешуіне мүмкіндік береді.

Көпміндетті жүйелер бірнеше программаны қатар іске қосуға мүмкіндік береді.

Бір адам ғана пайдаланатын операциялық жүйелер компьютерде тек бір ғана адамның жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.

Бірнеше адам пайдаланатын жүйеде әр бір пайдаланушы өз ақпаратына пароль енгізіп, тек өзінің ғана аша алатын ақпаратына шыға алады.

Әрбір ОЖ үш міндетті бөліктен тұрады:

І. Ядро - командалық интерпретатор, программалық тілден «темір» тіліне аударатын аудармашы, машина кодасының тілі.

ІІ.Драйвер- компьютер құрамына кіретін әртүрлі құрылғыларды басқаруға сәйкес келеді, мысалы, принтер драйвері, сканер драйвері, жүйелік картаның драйвері.

ІІІ. Интерфейс - пайдаланушы компьютермен байланысып, қарым-қатынаста болатын ыңғайлы қабық.

III. Сабақты бекіту.

Жаңа сабақты бекіту сұрақтары:

  1. Операциялық жүйе дегеніміз не?

  2. Операциялық жүйе не үшін қажет?

  3. Интерфейс деген не?

  4. Операциялық жүйелер қалай жіктеледі?

  5. Бір міндетті және көп міндетті операциялық жүйелердің айырмашылығы қандай?

Үйге тапсырма: Операциялық жүйе ұғымы

Сабақты қорытындылау: Жаңа материалды пысықтау, оқушылардың меңгерген білімдерін талдау, бағалау.




Сынып

5 «А»

Мерзімі



Сабақтың тақырыбы: Операциялық жүйені басқарудың негізгі тәсілдері және объектілері.
Сабақтың мақсаты: Оқушылар терезелердің құрылымы мен элементтерінің мүмкіндіктерін сабақта қолдана білу.
Сабақтың міндеттері:
1. Windows терезелерімен, терезелерді көрсету нұсқаларымен және терезелерді басқару тәсілдерімен, терезелердің менюімен, Windows оқулығымен жұмыс істеу мүмкіндіктерімен таныстыру
2. Оқушылардың Windows терезесі ұғымын, меню қасиеттері мен анықтамасын, терезенің негізгі элементтерін, құрал-саймандар
тақтасын қолдана білу қабілет-дағдыларын дамыту.
3. Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі
Сабақтың типі: Аралас сабақ
Әдіс-тәсілдері: Практикалық жұмыс, ойын, крассворд, деңгейлік тапсырмалар
Көрнекіліктер: ДК, ИТ, карточкалар
Пәнаралық байланыс: ағылшын тілі

Сабақтың барысы:

  1. I. Ұйымдастыру кезеңі

  1. Оқушыларды түгендеу

  2. Журнал толтыру

  3. Оқушылардың назарын сабаққа бұру

II. Үй тапсырмасын тексеру

  1. Windows XP операциялық жүйесі дегеніміз не?

  2. Windows объектілері дегеніміз не?

  3. Маустың оң және сол жақ қызметтерін ата?

III. Сабақтың жоспары:

  1. Білім - оқу анасы (жаңа тақырыпты түсіндіру).

  2. Кім жылдам (компьютермен жұмыс).

  3. Қызықты сұрақтар (тапсырма орындау).

  4. Білсең де тексер (сөзжұмбақ шешу).

  5. Оқыған жетер мұратқа (тест жұмысы).

Интерактивті тақтамен жұмыс

Білім - оқу анасы(жаңа тақырыпты түсіндіру).

ТЕРЕЗЕЛЕР.

Windows операциялық жүйесінің негізгі объектісі терезе болып табылады. Windows операциялық жүйесінің бұлай аталуы тегін емес, оның қазақша аудармасы «терезелер» дегенді білдіреді.Терезе - Windows ортасының негізгі ұғымы.

Терезе дегеніміз - бұл жақтаулармен шектелген экранның төртбұрышты аймағы. Онда объектілер орналаса алатын жұмыс ортасы мен басқару элементтері бар.

Терезелерді көрсету нұсқалары

Терезелерді экранда көрсетудің үш тәсілі бар:
- толық экранды - терезе жайылған және тұтас экран бетін алады (жұмыс үстелі);
- қалыпты - терезе экранның бір бөлігінде орналасады;
- белгіше - терезе белгіше түрінде «жинаулы» болады;

Терезелердің көрсетілу нұсқасын өзгерту үшін, оның белгішелері бар тақырыптар
зонасының оң жағындағы батырмалар қолданылады:
- терезені есептер тақтасындағы жазуға жималау;
- терезені толық экранның бетіне жаймалау;
- терезені жабу (қолданбаның жұмысын аяқтау).

Терезедегі тақырыптар жолының сол жағында терезені тұтас басқаруға арналған жүйелік менюдің батырмасы бар. Бұл менюде тақырыптың батырмаларының функциясын қайталайтын командалар бар. Терезені көрсетудің қалыпты нұсқасында терезенің көлемін мауспен жылжытып немесе пернетақтаның көмегімен терезенің тік көлбеу мөлшерін немесе бұрышын өзгертуге болады. Қалыпты нұсқада белгішелер мен терезелерді экран бойынша жылжытуға болады.

Активті терезе

Қай уақытта болсын бір ғана тереземен жұмыс істеуге болады, ол активті деп аталады. Активті терезе әрқашан басқа терезелерден жоғары орналасады және оның тақырыбы түспен ерекшеленген. Егер экранда активті емес терезенің ең болмаса бір бөлігі көрінсе, оны мауспен шерту арқылы активті қалыпқа келтіруге болады.

Меню
Меню-бұл одан қажетін таңдауға болатын қандай да бір объектілер тізімі.

Қолданбалармен жұмыс істеу.

Кез келген қолданба бөлек трезеде орындалады, ол экранның жартысын немесе экранды толығымен алуы мүмкін. Қолданбалы бағдарламаны іске қосу - қолданба терезесін ашуды білдіреді. Қолданбаның терезесін жабу - бағдарламаның жұмысын аяқтауды білдіреді. Бір уақытта бірнеше қолданбаларды қатар орындауға болады (әрқайсысы өзінің терезесінде) және пайдаланушы маустың көмегімен бір терезеден екінші терезеге оп-оңай ауыса алады.

2.Кім жылдам (компьютермен жұмыс).

Қызықты сұрақтар (тапсырма орындау).

Түрі


Жою

Қиып алу

Кірістіру

Бір деңгейге жоғары өту

Орындатпау

Алға қарайөту

Көшіру

Кері ауысу

Іздеу

Білсең де тексер (сөзжұмбақ шешу).

ТЕРЕЗЕ ЭЛЕМЕНТТЕРІ


10


ш

е

к

а

р

а

л

а

р


қ

а

п

ш

ы

қ

қ

а

9

а

у

ы

с

у

қ

а

л

ы

п

-

к

ү

й

8

ж

о

л

ы


а

й

н

а

л

д

ы

р

у

7

ж

о

л

а

ғ

ы


б

а

с

қ

а

р

у

6

б

а

т

ы

р

м

а

л

а

р

ы

қ

ұ

р

а

л


с

а

й

м

а

н

д

а

р

5

т

а

қ

т

а

с

ы

ж

ұ

м

ы

с

4

а

л

а

ң

ы

т

а

қ

ы

р

ы

п

3

ж

о

л

ы

ж

ү

й

е

л

і

к


м

е

н

ю

2

б

е

л

г

і

ш

е

с

і


м

е

н

ю

1

ж

о

л

ы


  1. Оқыған жетер мұратқа (тест жұмысы).

ТЕСТ ЖҰМЫСЫ

1. Информатика . . . зерттейтін ғылым

А) Ақпаратты өңдеуге арналған әмбебап құрылығыны
Б) Ақпараттық процестер
С) Ақпараттық қасиеттер
Д) Компьютер құрылғыларын

2. Ақпаратты алу, сақтау, түрлендіру және жіберу . . . деп аталады.
А) Ақпаратты өңдеу
Б) Есептеу
С) Ақпаратты процесс
Д) Информатика

3. Ақпаратты шығару құрылғысы . . . болып табылады.
А) Сканер
Б) Монитор
С) Процесор
Д) Пернетақта

4. Сыртқы жатқа нелер жатады?.
А) Принтер, монитор, диск
Б) Флешка, монитор, дискета
С) Процесор, дискета, флешка
Д) Дискета, диск, флешка

5. Динамикалық меню маустың қай жақ батырмасын басқанда шығады.
А) Оң
Б) Сол

7. Жақтаулармен шектелген төртбұрышты аймақ?.
А) Бума
Б) Тақта
С) Монитор
Д) Терезе

8. Терезе түрлері нешеу?.
А) 3
Б) 4
С) 5
Д) 6

8. Терезелерді жабудың неше тәсілі бар?.
А) 3
Б) 4
С) 2
Д) 1

9. Бір ашық терезеден екінші терезеге . . . өту керек
А) Тапсырмалар үстелінде керекті терезенің батырмасын басып
Б) Бастау батырмасын басып және керекті терезені таңдап
С) Файл мәзірін ашып және керекті терезені таңдап
Д) Түр мәзірін және керекті терезені таңдап

10. Жұмыс үстелінде стандартты түрде қандай қосымшаларының белгішелері орналасады?
А) Менің компьютерім, себет құралдар үстелі
Б) MS Word, MS Excel, желілік орта
С) MS Word, MS Excel, шығару батырмасы
Д) Менің компьютерім, себет, тапсырмалар үстелі, желілік орта, Internet Explorer, бастау батырмасы

IV) Үйге тапсырма: Операциялық жүйені басқарудың негізгі тәсілдері және объектілері.
V) Оқушыларды бағалау


Сынып

5 «А»

Мерзімі



Сабақтың тақырыбы: Файлдар, бумалар және белгішелер. Бумалар мен белгішелерді құру. Атын өзгерту

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды файлдармен, бумалармен және таңбашалармен таныстыру;
Тәрбиелілік: Оқушыларды тәрбиелілікке, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық-абстракциясын дамыту.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, слайдтар

Сабақтың өту барысы:
1.Оқушыларды ұйымдастыру.
а) оқушылар тізімі;
ә) кабинет жағдайы;
б) сабақ барысымен таныстыру.

2.Үйге берілген тапсырманы тексеру.
1. Терезе дегеніміз не?
2. Терезе түрлері туралы айтып бер.
3. Терезе элементтерін ата.
4. Активті терезе дегенімізді қалай түсінеміз?
5. Іске қосу батырмасының көмегімен программаны қалай іске қосамыз?
6. Іске қосу батырмасының көмегімен құжатты қалай ашамыз?
7. Менің компьютерім қапшығы арқылы программаны қалай іске қосамыз?
8. Менің компьютерім қапшығы арқылы құжатты қалай ашамыз?

3.Жаңа тақырыпты түсіндіру
Файлдар мен бумалар
Файл дегеніміз не? Файл- аты бар бірқатар байттар тізбегі.Файл не бағдарлама не құжат болуы мүмкін.Windows-та бағдарламалардың басқа атауы -қолданба да қолданылады.

Әр файлдың аты болады.Оның аты оң және сол бөліктен тұрады. Оң жақ бөлігі үш символдан тұрады және оның типін анықтайды. Сол жақ бөліктің ұзындығы 1-255 символға дейін болады.

Файл типтерінің кейбір негізгі «құжат ретінде» белгіленулерінің тізімі төменде келтірілген:

* .bmp Paint
* .doc Word WordPad
* .txt Блокнот қолданбасының құжаты
* .wav Фононграф қолданбасының дыбыстық файлы.
* .avi Бейне - клип
* .xls Excel кестелік процессорының құжаты
* .ppt PowerPoint қолданбасының тұсаукесері

Бума - бұл аты аталған файлдар тобы.Windows 98- дің бумалары каталог рөлін атқарады. Тұрмыстық деңгейде буманы кәдімгі ішіне қағаз беттерін - файлдарды салатын бумалармен салыстыруға болады.Windows 98- дегі барлық файлдар, құжаттар мен бағдарламалар бумаларда сақталады. Бумалардың аты, файлдың аты сияқты оның мазмұнын көрсете алады.

Буманың пиктограммасы болуы мүмкін. Бумаларда таңбашалар, файлдар және басқа бумалар да болуы мүмкін. Бума бос болуы да мүмкін. Бумада аты бірдей объектілер болмауы керек. Буманың ішіндегісін қарап шығу үшін, тінтуірдің батырмасын онда екі рет басу жеткілікті.

Бумалар екі түрлі болады:
-жүйелік бума-каталогтар;
- жұмыс бумалар (Менін компьютерім, принтерлер және т.б.)

Бумаларды құру оның құрылымы:

Бума элементтері: тақырып,меню,терезені басқару батырмалары,айналдыру жолағы,құрал саймандар тақтасы,қалып күй жолы.

Терезеде жаңа бума құру:

Буманы Файл®Создать®Папка командасын құрады. Мұны орындағаннан кейін осы терезенің бумалары мен файлдарының тізімінің соңында жаңа бума белгішесі болады.Буманың атын оны құрғаннан кейін бірден енгізуге болады.Файлға ат берілмеген жағдайда оған автоматты түрде «Жаңа Файл» аты меншіктеледі.

Жұмыс үстелінде жаңа бума құру:

Жұмыс үстелінің жаңа буманы орналастырмақшы болған жерінде тінтуірдің оң жақ батырмасын басу-контексті меню пайда болады.

Создать®Папка комадасын орындау. Жұмыс үстелінде бума белгішесі пайда болады.

Буманың атын енгізіп,енгізу пернесін басамыз.

Таңбаша- нақты бір файлдарды көрсететін арнайы белгішелер.Олардың бума белгішесінен айырмашылығы - оның сол жақ төменгі бұрышында кішкене иілген бағдаршасы бар.Таңбашаны жойғанда,оның көрсетіп тұрған файлы жойылмайды.

Таңбашалардың негізгі міндетті - объектіге әр түрлі орыннан оның көшірмесін жасамай-ақ қатынауды қамтамасыз ету.

Таңбашаны қалай жасайды. Алып бару әдісі.

Бірінші жолы:

  • Таңбашаны орындайтын объектісі бар қапшықты ашыңдар.

  • Тінтуірдің нұсқағышын керек объектіге апарып,онда тінтуірдің оң жақ батырмасын шерту.

  • Пайда болған динамикалық менюден Создать ярлык командасын таңдау.

Екінші жолы:

  • Таңдаған белгішеде тінтуірдің оң жақ батырмасын шерту.

  • Пайда болған динамикалық менюден Создать ярлык командасын таңдау. Windows таңбашаны объектінің өзі орналасқан қапшықта жасайды.

  • Жаңа ғана жасалған таңбашаны қажетті орынға жылжыту.

4.Сабақты бекіту тапсырмалар мен сұрақтар

1. Файл денегіміз не?
2. Файл типтерін ата.
3. Бума дегеніміз не? Бума түрлерін ата.
4. Компьтерде бума құру әдістерін көрсет.
5. Таңбаша дегеніміз не? Таңбашалардың қызметін ата.
6. Таңбашаны қалай жасайды?

№ 1 тапсырма
Файлдардың дұрыс аттарын таңдандар:
1) Қыс туралы шығарма.
2) 12>13.
3) Еврика!
4) Список 8 «А».

№2 тапсырма
My game атты бумада төмендегі файлдар бар:

Ойын нұсқауы қай файлда жазылуы мүмкін екенің анықта.
1) My_game.exe
2) My_game.txt
3) My_game.bmp
4) My_game.avi
5) My_game.wav

№ 3 тапсырма
Пиктограмма бойынша файлдың типын анықта.

5.Мен сабақ жөнінде не айталамын?

  • Нені білдім __________________________

  • Немене қызықты болды _________________________

  • Неменеге таңғалдым_________________________

  • Нені білгін келеді ________________________

6.Үйге тапсырма: Файлдар, бумалар және белгішелер. Бумалар мен белгішелерді құру. Атын өзгерту


Сынып

5 «А»

Мерзімі



Тақырып: Объектілерді іздеу. Объектілерді көшірмелеу, орнын ауыстыру және жою. Алмасу буфері. Практикалық жұмыс

Мақсат: Оқушылардың каталогтармен, файлдармен және дискілермен жұмыс жасаудың негізгі командалары туралы білімдерін қалыптастыру. Қолданбалы программалармен жұмыс істеуге үйрету.

Міндеттер:

Білімділік - Оқушыларды каталогтармен, файлдармен және дискілермен жұмыс жасауды үйрету.

Дамытушылық -Оқушылардың компьютермен жұмыс жасау дағдылары мен қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік - Тәрбиелі, білімді және ойлау қабілеті жан-жақты оқушыларды тәрбиелеу.

Сабақ түрі: лекция сабақ

Сабақ типі: аралас сабақ

Әдіс-тәсілдер: түсіндірмелі - иллюстративті, көрнекілік

Құрал-жабдықтар компьютер

Сабақ барысы

Ұйымдастыру кезеңі

а)оқушылар тізімі;

ә)кабинет жағдайы;

б)сабақ барысымен таныстыру.

Үй тапсырмасын тексеру.

Операциялық жүйе дегеніміз не?

Операциялық жүйе не үшін қажет?

Интерфейс деген не?

Операциялық жүйе қалай жіктеледі?

Тұйық жұмыс ортасы деген не?

Жаңа тақырыпқа кіріспе

Жаңа тақырыпты түсіндіру

Компьютерде файл және қапшық аттарын және қай жерде олардың орналасқанын біле отырып жұмыс істесеңдер, оларды қапшықтар терезесінің немесе Проводник көмегімен іздеу қолайлы. Бірақ бұл жағдайда іздеп жатқан файлдарынңның қай жерде орналасқанынн білу қажет. Мұндай жағдайда Windows ОЖ-де Найти деп Windows командалары көмекке келеді.

Бұл команда компьютерлеріңнің қандай жерінде болса да орналасқан құжаттардың файлдарын, программаларды, қапшықтарды және тіпті желіден тұтас компьютерді жылдам іздеп табуға мүмкіндік береді. Объектіні оның аты, жасалған күні, өлшемі, типі, мазмұны немесе бұл параметрлердің жеке комбинациялары бойынша табуға болады. Мысалы, Найти командасынан өткен айда Word мәтіндік редакторы жасаған «информатика» сөзі бар барлық файлдарды көрсетуді немесе өлшемі 100 килобайттан кем барлық файлдарды және т.б. табуды сұрауға болады.

Объектіні немесе объектілер тобын тауып, олармен әдеттегі қапшық терезедегідей Найти командасының терезесінде тікелей жұмыс істеуге немесе ол сақталған қапшыққа өтуге болады.

Комнаданы шақыру үшін мына әрекеттер тізбегін орындаймыз:

Пуск - Главное меню - Найти - Файлы и папки

Экранда үнсіз келісім бойынша активті жағдайға келтірілген, онда нені іздеу керек екенін көрсетуге болатын Имя и Местонахождение қосымшасы бар Найти комнадасының диалогтік терезесі пайда болады.

Тапсырма №1. Найти комнадасының көмегімен Ученик ФИО қапшықтарыңды табыңдар.

1. Пуск-Найти-Файлы и папки әрекеттер тізбегін орындаңдар

2. Найти командасының диалогтік терезесінде Имя и местонахождение қосымшасын активті жағдайға келтіріңдер.

3. Имя өрісіне Ученик ФИО -өз қапшықтарыңның атын енгізіңдер.

4. Найти батырмасын шертіңдер.

5. Егер қапшық табылса, онда терезенің төменгі бөлігінде қапшықтарыңның орналасқан жерін табу жолы көрсетіледі, сендер оны осы терезеде ашуларыңа болады.

6. Егер қапшық табылмаса, онда терезенің төменгі бөлігінде «бұл түрде бейнеленетін объектілер жоқ» деген хабарлама шығады.

5) Өткен тақырыпты бекіту

Тапсырмалар мен сұрақтар:

Файл, қапшықтарды іздеуді қалай жүзеге асырамыз?

Компьютердің уақыты мен күнін қалай өзгертуге болады?

Жұмыс үстелі реңінің өрнегін баптау қалай жүзеге асырылады?

Экран заставкасын орнатуды қалай жүзеге асырамыз?.

6)Сабақты қорытындылау

Оқушыларға файлдар, дискілер және каталогтармен жұмыс жасау командалары туралы жалпы мағлұмат беру.

7) Үйге тапсырма Объектілерді іздеу. Объектілерді көшірмелеу, орнын ауыстыру және жою. Алмасу буфері.

Сынып

5 «А»

Мерзімі


Сабақтың тақырыбы: Ақпаратты жазу және санау. Ақпаратты тасымалдаушылар.

Сабақтың мақсаты:

- оқушыларға ақпаратты жазу мен оқу, иілгіш және компакт-дискілер сияқты ақпарат тасуыштар туралы түсінік беру; дискіжетек, USB-порты, CD-ROM мен DVD-ROM жұмыстарымен таныстыру;

- оқушылардың ойлау қабілетін дамыту; шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру;

- оқушыларды ақпараттық мәдениетке, тәртіпке, адамгершілікке, достыққа тәрбиелеу.


Сабақтың түрі: жаңа материалды оқыту, әңгіме элементтері бар дәріс сабағы


Сабақтың әдісі: сөздік, көрнекілік, проблемалық, практикалық, зерттеу


Көрнекілік: ДК, интерактивті тақта, электрондық оқулық, қатқыл диск, иілгіш және компакт-дискілер, дискіжетек, дәптер

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Интерактивті тақтамен жұмыс. Оқушылар топтарға бөлініп, тапсырмаларды орындайды.


ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

«Адамның ішкі және сыртқы жады» деген тақырып бойынша өз ойыңды айт.

Қойылатын сұрақтар:

  • Адамның ішкі жадында не сақталады?

  • Қандай жағдайларда оған сыртқы жадты қолдануға тура келеді?

  • Адам қандай заттарды сыртқы жад ретінде қолданады?

адамның жады мен компьютер жадының ұқсастықтары жайлы сұхбаттасу. Қажетті деректерді адам ішкі жадында, ал аса қажет емес ақпараттарды түрлі ақпарат тасуыштарында - құжаттарда, дәптерлерде, кинотаспаларда және т.б. сақтайды.


Сыртқы жад.

Компьютерде жұмыс жасауда қолданылатын барлық ақпарат файл түрінде сақталады. Біздің білетініміздей, файл - бұл жадтағы орын, оған әдетте бірегей атау беріледі. Файлдар машинаның жедел немесе сыртқы жадында орналаса алады. Сыртқы жад - бұл, біріншіден, винчестер, ал екіншіден, иілгіш, компакт және флеш-диск. Сондықтан ақпаратты жазу мен оқу туралы айтпай тұрып, ақпарат тасуыштар деген не екенін анықтауымыз қажет.

Ақпарат тасуыш ақпарат сақтау ортасы болып табылады. Олар сыртқы түрі бойынша не дискілік, не таспалық, жадтау принципі бойынша - магнитті, магнитті-оптикалық, оптикалық болады. Соңғы уақытта IBM типі Pentium ДК-де қолданылатын ақпарат тасуыштар дискілік, магнитті, магнитті-оптикалық және оптикалық жазу-оқу әдістерін қолданылады. Дискілік тасуыштың қатқыл немесе иілгіш негізі болады. Оларға винчестерге кіретін қатқыл магнитті дискілерді, иілгіш дискілерді немесе флоппи дискілерді, компакт-дискілерді, флеш-дискілерді жатқызуға болады.

Сыртқы жад - бұл компьютерді өшіргеннен кейін де енгізілген ақпаратты сақтайтын жад.

КОМПЬЮТЕР ЖАДЫ

Ішкі жад

Сыртқы жад

Магнитті таспалар

Магнитті дискілер

Лазерлік дискілер

Қатқыл диск

Иілгіш диск

ОЖҚ (оперативті жадтау құрылғысы)

ТЖҚ (тұрақты жадтау құрылғысы)

Стример

Флеш- дискілер





Иілгіш диск (дискета)

Иілгіш дискілер (дискеттер, англ. floppy disk - флоппи-дискілер).

Флоппи-диск - төзімділігі жеткілікті және өлшемі тұрақты, арнайы пленкадан жасалған тегіс диск. Оның ферромагниттік қабаты бар және қорғаушы конвертке салынған (дискеттің қабы).


Дискеттің құрылымы


Тығыздығы жоғары идентификатор

Дискет таңбашасы дискеттің мазмұның жазып қою үшін керек.

Жазудан қорғау терезесі, ол маңызды ақпаратты абайсыз жоюдан сақтауға арналған

Жұмыс алаңының қорғаушы пердесі қоршаған ортаның қолайсыз жағдайларын қорғауға арналған.

Магниттік дискіде ақпарат қалай орналасады?



Жолдар - бұл концентрлі шеңберлер, оларда ақпарат орналасады.



Сектор - бұл түрлі жолшықтардағы нөмерлері бірдей деректер жиыны.


Дискетті бірінші рет қолдану алдында әдіспен оны форматтау қажет. Бұл арнайы бағдарламалардың көмегімен орындалады. Форматтау кезінде әдетте дискеттің беті тексеріледі.Жаңылыстар байқалған учаскелері дефектілі деп белгіленеді де, ол бөліктерге ары қарай жазу жүргізілмейді. Кейбір өндірушілер дискілерді форматтап шығарады. Стандартты компьютердің бір үшдюймдық дискіжетегі - 1,44 Мб болады.


Қатқыл диск (винчестер, англ. HDD - Hard Disk Drive)

Қатқыл магнитті дискідегі жинақтауыштар немесе винчестер - бұл дискілер жиыны бар (екі жақ бетіне де ақпарат жазылатын, жылтыратып тегістелген ферромагнитті қабаты бар мүлтіксіз жазық бірнеше пластина), жетекпен бірге жинақталған (сәйкес электронды басқару схемасымен оқу - жазу механизімінің үйлесуі) жадтайтын құрылғы. Қатқыл магнитті дискілердің жинақтауыштарда бір емес, бір блокқа жиналған магнитті бастиектер тобы жұмыс істейді. ЭЕМ қосылып тұрғанда дискілер пакеті үзіліссіз және үлкен жылдамдықпен айналады, сол себепті бастиектер мен дискілердің механикалық түйісуі (котакті) мүмкін емес. Әрбір бастиек диск бетінің үстінде 0,5-0,3 микрон қашықтықта «жүзеді». Жинақтауыштың электромеханикалық бөлігі механизмге шаң тимеуі үшін, герметикалы корпусқа салынған. Винчестер әдетте жүйелік блоктың ішіне орналастырылады және ақпараттың өте үлкен көлемін тұрақты сақтауға арналған.

Қатқыл дискінің схемасы.

Металл дискілер

Жалпы айналу осі

Бастиектер жетегінің иығы

Оқу-жазу бастиегі







Стример

Стример (ағылш. streamer) - үлкен көлемді ақпараттарды резервтті көшіруге арналған құрылғы. Тасымалдаушы ретінде 1-2 Гбайт және одан да жоғары магниттік лентасы мен кассетасы бар. Сыймдылығы 4 Тбайтқа (терабайт) дейін.




Компакт-диск

Компакт-диск - бұл металмен қапталған оптикалық диск, оның салмағы небәрі 15 грамм және диаметрі 12 см. Оған шамамен 600-700 Мб ақпарат жазуға болады. Дискінің жұмыс бетін зақымданудан сақтайтын арнайы қабығы жоқ. Компакт-дискілер арнайы орауышта сақталады.


Лазерлік дискіні құрайтын қабаттар:

Көркем сурет.

Түссіз пластик.

Желімді қабат

Шағылдырушы қабат


Түссіз пластик

Иілгіш және компакт-дискілерде сақталған ақпаратпен жұмыс істеу үшін тиісті жинақтауыштарды қолданады. Жинақтауыш - бұл жадтайтын құрылғы, ол ақпараттың үлкен көлемін ұзақ уақыт сақтауға (электр қоректендіруінен тәуелсіз) арналған. Жинақтаүышты тасуыш пен (дискілер) тиісті жетектің жиынтығы ретінде қарастыруға болады. Иілгіш дискілер (дискіжетек) мен компакт - дискілерге (CD-ROM) арналған жинақтауыштар-ауыстырмалы тасуыштарға арналған жинақтауыштар, ал винчестер - ауыстырмалы емес жинақтауышқа арналған. Жетек бұл оқу-жазу механизімі мен электрондық басқару схемасының үйлесуі болып табылады.


Флеш-жад

Флеш-жад - деректерді жазуға және сақтауға мүмкіндік беретін тегіс корпусқа енгізілген микросхема. Флеш-жадқа жазылған ақпарат ұзақ уақытқа сақталады. Магниттік және оптикалық дисководтарға қарағанда флеш-жад тұтас және энергияны азырақ тұтынады. Флеш-карталар портативті құрылғыларда пайдалануға өте ыңғайлы.

Ақпаратты оқу және жазу үшін жадтың картасы компьютерге қосылған USB-портқа немесе мобилді құрылғыларға (цифрлық видео және фото аппаратура, мобильдік телефон және т.б.) кірістірілен жинақтауыштарға енгізіледі.

Флеш-дискілердің сыймдылығы 64 Гбайтқа дейін

Флеш-карталардың сыймдылығы 32 Гбайтқа дейін

Дискіжетек - бұл дискідегі оқуға және жазуға арналған құрылғы.

Дискіжетек - бұл иілгіш магнитті дискілерден ақпаратты оқуға және жазуға арналған құрылғы. Ол компьютерде тұрақты түрде қолданылмайтын ақпаратты бір компьютерден екінші компьютерге ауыстыру және сақтау үшін қолданылады. Ақпарат иілгіш магнитті дискіге тікелей жазылады. Дискіжетектер екі өлшемді болады - бес дюймді (ол 1995 жылдан бері шығырылмайды) және үшдюймді болады.

Үшдюймді дискіжетектер 1,44/2,88 Мб жазуға мүмкіндік береді. Қатты пластикалық корпус дискеттің бетін сыртқы зақымданудан қорғайды.

CD-ROM және DVD-ROM

Компакт-дискілерге арналған дискіжетектердің көмегімен компьютерлер арнайы компьютерлік компакт-дискілерді оқи алады және дыбыс картасы болса, аудиокомпакт-дисілерді ойнатады.

CD-ROM компакт-дискілерінде қолданылатын ақпаратты цифрлық жазу әдісі оларға жазуға және бір-ақ тасымалдауыштан мүлде әр түрлі ақпаратты - әріпті-цифрлі, дыбыс, (музыка және сөз), графикалық, сондай-ақ түсті қозғалмайтын және қозғалатын кескіндерді шығаруға мүмкіндік береді.

CD-RW және DVD-RW приводтары деректерді компакт-дискіден оқуға және оған жазуға мүмкіндік береді.

IV. Бекіту.

Зерттеу жұмысы. Үш топқа тапсырмалар:

Сендер мынадай мақсатта: үлкен бейнеархивтерді сақтау және дербес компьютер арасында ақпараттарды тез және сенімді тасымалдау үшін, сыртқы жадтайтын құрылғылардың үш партиясын сатып алуға дайын фирманың өкілеті болып табыласыз.

Сендерге қатқыл диск (Samsung - Корея), лазерлік диск (Verbatim - Англия) және флеш-жады (Transcend - Тайвань) сияқты жадтау құрылғыларының өндірісімен айналысатын бірнеше компаниялардың ақпаратты жинақтауыштарын зерттеу қажет.

Сендерге тапсырма:

  1. Өз өнімдеріне зерттеу жүргізу;

  2. Алынған нәтижені кестеге толтыру.

Зерттеу нәтижесі бойынша сендердің жад түрлерін қай салада қолдануға лайықты болатының шешім қабылдау қажет. Жауапты дәлелдеу қажет.


1-ші кесте. Кестені толтыр

Жад

Қатқыл дискілер

Иілгіш

дискілер

Лазерлік дискілер

Флеш-

дискілер

CD-R(W)

DVD-R(W)


Қызметі


Көлемі


Шапшан әрекеттілігі (жоғары/орташа/төмен)


Cенімділігі (жоғары/орташа/төмен)


2-ші кесте. Компьютердің жад құрылғыларының әрқайсысы қолданылуы мүмкін жерге «+» таңбасын қой.

Жад құрылғысы

Компьютерде қолданылуы мүмкін

Жазу үшін

Оқу үшін

Ақпаратты компьютерден компьютерге тасымалдау үшін

Жедел жад


Қатқыл диск


Дискет


Компакт-диск

CD-RW, DVD-RW


Компакт-диск

CD-R, DVD-R


Флеш-диск



V. Рефлексия.

1. Тақтадағы рефлексивті экраннан фразаның басын таңдап, әр оқушы сабақ туралы бір сөйлеммен өз пікірін айтады.

Бүгін мен .................................. білдім.

...................................... қызықты болды.

....................................... қиын болды.

Мен ...................................... үйрендім.

Мен тапсырмаларды ................................ орындадым.

............................ орындап көремін.

............................... мені таң қалдырды.

Өмір үшін сабақ маған ...................... берді

......................... мен орындай алдым.

Енді мен .............................істей аламын.

2. «Комплимент» жаттығуы. Оқушылар бір-бірін бағалайды, сабаққа бір-бірінің қосылған үлесі туралы айтады да, бір-біріне және мұғалімге алғыс айатды.


VI. Үй тапсырмасы. Ақпаратты жазу және санау. Ақпаратты тасымалдаушылар.

Сынып

5 «А»

Мерзімі



Тақырып: Практикалық жұмыс

Мақсат: Оқушылардың білімдерін қалыптастыру және тексеру

Міндеттер:

Білімділік - Оқушыларды компьютерде жұмыс жасауды үйрету.

Дамытушылық -Оқушылардың компьютермен жұмыс жасау дағдылары мен қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік - Тәрбиелі, білімді және ойлау қабілеті жан-жақты оқушыларды тәрбиелеу.

Сабақ типі: Практикалық жұмыс

Құрал-жабдықтар компьютер

Сабақ барысы

Ұйымдастыру кезеңі

а)оқушылар тізімі;

ә)кабинет жағдайы;

Үй тапсырмасын тексеру.

Сыртқы жад дегеніміз не?

CD-RW және DVD-RW приводтары не үшін қажет?

Дискіжетек деген не?

Флеш-жад деген не?

Жаңа сабақ.

1-деңгей

1. «Сілтеуіш» терезесін қарап шығып, оның С: дискісінде «Информатика» қапшығын құрып, әрекеттерін жаз.

2. «Информатика»қапшығының ішінен «Ақпарат»атты екінші деңгейлі қапшық құрып, әрекеттерін жаз.

2. Қапшықтың құрлымында оның қалай орналасқанын қарап, сипаттама бер. «Информатика» қапшығын жауып, одан кейін С:/ дискісін жабу әрекеттерін жаз.

3. Жұмыс үстелінде уақытша «Информатика» жарлығын құр және әрекеттерін жаз.

4. Жұмыс үстелінде уақытша «Алматы» қапшығын құр.

5. «Алматы» қапшығының ішіне өзің тұратын көшенің есімімен аталатын бос құжат файлын құр және құру жолын жаз.

6. «Алматы» қапшығын жұмыс үстелінен сілтеуіш терезесінің С:/ Дискісіне тасымалдап жылжытқанда қанша әрекет орындалатынын жаз.

7. Жұмыс үстелінде «Алматы» жарлығын құр және құру жолын жаз.

2-деңгей

1. Сілтеуіш терезесінде «Мои документы» қапшығының ішінен «Ақпарат» атты қапшықты құр. Сілтеуіштің оң жақ терезесіне қалауың бойынша файлдар тізімін шығарып, оған қатар тұрған бірнеше файлды белгіле.

2. Екінші деңгейлі «Ақпарат» қапшығының ішіне тасымалдау әдісімен белгіленген файлдарды көшіріп, осы файлдар көшірлген қапшықты ашып, олардың түгел көшірілгенін анықтап, сипаттама бер.

3. «Ақпарат» қапшығына көшірілген файлдардың кез келген біреуінің атын «Компьютер» деп өзгерту әрекетін жаз.

4. Сілтеуіштің оң жақ терезесінде «Ақпарат» жарлығын құру әрекетін жаз.

5.Сілтеуіш терезесінде қапшықтар құрлымынан «Ақпарат» қапшығын ашып, «Компьютер» файлын белгілеп, орындалған әрекеттерге сипаттама бер.

6.Белгіленген «Компьютер» файлын «Алматы» бумасының ішіндегі «Райымбек» бумасына жылжыт. «Ақпарат» бумасын ашып, қарап шығып ондағы белгіленген файлдың көшірмесі алынбай, өзі жылжығанын анықтап, талдау жаса.

7.Жұмыс үстелінде «Алгоритм» атты бос файлды құрып, оны «Ақпарат» бумасының ішіне жылжыт.

8.Бос файлды тышқанның көмегімен жүктеп, экранда қандай терезе пайда болғанын анықта.

3- деңгей

1.Жұмыс үстелінде «Калькулятор» жарлығын қой.

2.Қойылған жарлықты пайдаланып, мына арифметикалық өрнекті есепте:(14689+45621*36587)

3. «Калькулятор» программасы туралы толық мәліметті алып, сипаттама бер.

4. «Калькулятор» бумасын құрып, оған «математика» файлын сақта және орындау әрекеттерін анықта.

Тест тапсырмалары

  1. Файл атауын қалай ажыратуға болады?

А. Аты немесе кеңейтілуі

В. Кеңейтілуі

С. Атынан кейін қойылған нүкте арқылы

D. Кеңейтілудің алдына қойылған нүкте арқылы

Е. Нүктеден кейін кеңейтілу арқылы

2. Бос файлды қалай құруға болады?

А. Жанама меню арқылы

В. Создать- файлды құру құжатын таңдау арқылы

С. Жанама менюден Создать командасын таңдау арқылы

D. Жанама меню- Создать- белгісін таңдау арқылы

Е. Жанама меню- Создать- W белгісін таңдау арқылы

3. Бума бұл...

А. Белгілі бір ортақ қасиеттеріне қарай орналастырылған файлдар тізіміне берілетін атау

В. Файлдар тізімі орналасқан орын

С. Каталог

D. Магниттік дискіге белгілі бір атаумен орналастырылған файлдар тізімі

Е. Директория

4. Буманы жұмыс үстелінде құру үшін қандай әрекеттер орындалады?

А. Тышқанның оң жақ батырмасын басу арқылы жанама менюді шақыру

В. Жанама менюден Создать командасын таңдау

С.Создать- Папки

D. Жанама менюден Создать командасын таңдау арқылы Папки қатарына басу

Е. Жанама меню- Создать- Папки

5. Қандай тұжырым дұрыс емес?

А. Файл- бума- жарлық

В. Файл- бұл белгілі бір атпен магниттік дискіде жазылған біртектес ақпараттар арқылы

С. Жарлық- бұл бумалардың ішінен іздеу жүргізбей-ақ кез келген дискідегі объектіні пайдалануды қамтамасыз ете алатын командалық файл

D. Буманың атын кез келген символмен өзгертуге болады

Е. Жарлық кез келген бума үшін жасала береді

6. Жарлықты қанша тәсілмен құруға болады?

А. 2 немесе 3; В. 3 немесе 5; С. 2; D. 4, не 6; Е. 1

7. Жарлық- бұл...

А. Командалық файл

В. Кез келген дискіде орналасқан объектіні бірден орындауға негізделген командалық файл

С. Кез келген объектіні бірден орындау бұйрығы.

D. Тізбектей орналасқан объектілерді біртіндеп орындау бұйрығы.

Е. Кез келген дискідегі объектіні іздеу жүргізбей-ақ бірден орындауға мүмкіндік беретін командалық файл

8. Бума түрлерін ата

А. Ашық, жабық

В. Мәтіндік немесе графиктік құжаттар орналасқан бумалар

С. Мәтіндік, кестелік, символдық, дыбыстық ақпараттар орналасқан бумалар.

D. Кестелік, символдық ақпараттар орналасқан бумалар.

Е. Төменгі не жоғарғы деңгейлі бумалар.

9. Файлды ашу үшін қанша әрекет орындалады?

А. 2 ; В. 3; С. 2 не 3; D. 1; Е. 3 не 4

10. Жарлықты құру үшін ең алдымен не таңдап алынады?

А. Орны

В.объекті

С. Жарлықты құратын объекті.

D. Кез келген объектіден орын.

Е. Жарлық орналасқан орын.


Объектілерді іздеу.

Деңгейлік тапсырмалар.

1-деңгей

1. Сілтеуіш программасындағы бумалар құрлымына сипаттама бер және оны төмендегі кестеге толтырып, жаз.

Атауы

+

сипаттама

1


2


3


4


5


  1. «Менің компьютерім» бумасынның қайда орналасқанын тауып, оған сипаттама бер.

  2. Меню қатарындағы «?» белгісінің мазмұнына сипаттаманы кесте түрінде бейнелеп, жаз.

2-деңгей

1. «Тауып алу» сұхбат терезесінің «Имя и размещение» қосымшасындағы «Имя» қатарында файл атын анықтамада берілген үлгімен енгізе отырып, іздеу жұмыстарын жүргіз.

2. Аты белгісіз, бірақ орналасқын жері белгілі өзіңіз сақтап қойған кез келген бір файлды «Сілтеуі» терезесінен тауып алып, сол жерден іске қос. Сөйтіп, оның орындау әрекеттері жаз.

3. «Сілтеуіші» іске қосу әрекеттерін кескін түрінде бейнелеп, тиімді әдісін анықта.

3-деңгей

1. Іске қосу- негізгі меню -Іздеу- Файлдар мен бумалар жолымен «тауып алу» сұхбат терезесін экран бетіне шығарып, оның үш қосымшасынның керекті параметрлерін енгізе отырып, кезек-кезек пайдалану арқылы файлдарды тауып, іске қос та, орындау әрекеттерні жаз.

2. « Менің компьютерім», «Сілтеуіш» программасына салыстырмалы талдау жасап, оны кесте түрінде бейнеле.

Анаграмма «Сілтеуіш»



С






І










Л





Т







Е








У








І








Ш




  1. Меню қатары

  2. Негізгі меню қатары

  3. Тұрақты меню қатарының бірі.

  4. Көмекші ақпараттарды алу.

  5. Файлдар сақталатын орын.

  6. Әрекеттерді орындау амалдарының бірі.

  7. Бір бумадан келесі бумаға файлдарды ....






Тест тапсырмалары

  1. Бірінің ішінде бірі қабаттаса орналасқан терезе типі

А. Қосымша; В. стандартты

С. Белсенді (активті); D. негізгі

Е. Қосымша және негізгі

2. Сілтеуіш программасының терезелер саны

А. 5; В. 4; С. 2; D. 3; Е.1

3. Файл- бұл...

А. дискіде сақталатын атаулар жиыны

В. Белгілі бір атпен дискіде не компьютер жадында сақталатын программа не құжат.

С. Компьютер жадында не дискіде сақталатын ақпараттар диыны

D. мәтін не құжаттар тізімі

Е. Ақпараттар жиынтығы

4. Терезенің құрлымдық элементтеріне:

А. Терезенің қатары, меню қатары, басқа дискіге немесе бумаға көшіру, терезенің негізгі жұмыс алаңы, тік және көлденең қозғалту жолақтары, саймандар тақтасы, қалып-күй қатары

В. Меню, саймандар тақтасы.

С. Саймандар тақтасы, меню, көлденең қозғалту жолақтары, тақырып қатары

D.тік және көлденең қозғалту жолақтары, саймандар тақтасы, енгізгу жұмыс алаңы

Е. Басқа дискіге не бумаға көшу, саймандар тақтасы, қалып-күй қатары.

5. Объекті іздеу үшін қанша әрекет орындалады?

А. 1; В. 3; С. 4; D. 2 не 3 не 4; Е. 5

6. «Анықтама» терезесінде қанша парақ бар және оларды ата?

А. 3: Содержание-предметный указатель-поиск

В. 2: Содержание-поиск

С. 1: Содержание

D. 3: Вывести- печать-отмена

Е. 4. Содержание- вывести-предметный указатель-поиск

7. «Анықтама» шақыру үшін қанша әрекет орындалады?

А. 3; В. 2; С. 1; D. 4; Е.5

8. «Анықтама» алу үшін қандай перне пайдаланылады?

А. Ғ5; В.Ғ4,Ғ5; С. Ғ1; D. Ғ2; Е.Ғ10.

9. Объектіні іздеу қандай терезе арқылы жүзеге асырылады?

А. Хабар алмасушы; В. сұхбат

С. Анықтама; D. негізгі

Е. қосымша

10. Қандай тұжырым дұрыс емес екенін анықта?

А. Анықтама- Сұхбат

В. Содержание-Предметный указатель-поиск

С. Анықтамалық жүйе контестке тәуілді

D. кез келген сұхбат терезеде «көмек» батырмасы орналасқан

Е. Вывести-печать-отмена




Сынып

5 «А»

Мерзімі



Сабақтың тақырыбы: Қарапайым графикалық редакторы. Суретті ашу, сақтау.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларды редактормен жұмыс істеуге үйрету. Графикалық

ақпаратты жасау туралы түсінік беру.

Тәрбиелілік: Оқушыларды тәрбиелілікке, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа үйрету

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық- абстракциясын дамыту.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, инт.тақта, электронды оқулық,

Сабақтың өту барысы:

1. Оқушыларды ұйымдастыру

2 .Үйге берген тапсырманы тексеру

3 .Жаңа тақырыпты түсіндіру.

4. Тапсырмаларды орындау

5. Сабақты бекіту

6. Үйге тапсырма беру.

Жана түсініктер:

ДК-нің мәтіндік те, графикалық та ақпаратты өңдеу мүмкіндігі бар. Мұндай ақпаратты өңдеудің қарапайым құралы операциялық жүйесі болып табылады. Графикалық редактор графикалық бейнелерді жасауға және редакциялауға арналған.

Редактор:

  1. Құрал - саймандар мен бояуларды қолдана отырып, сурет салуға;

  2. суреттерді бөлек бөліктерден құрастыруға;

  3. суретке мәтінді енгізу және қалыптастыруға;

  4. Бар графикалық объектілерді түзетуге;

  5. Схемаларды сызуға және т.б. мүмкіндік береді.

Paint графиктік редакторы іске қосу:

Пуск - Программы - Стандартные - Графический редактор Paint. Редакторды жүктегеннен кейін экранда әдеттегідей, тақырып жолынан, меню мен жұмыс үстелінен тұратын терезе пайда болады. Менюді пайдалана отырып, терезеде құрал-саймандар тақтасын, палитраны және қалып-күй жолын жарықтандыруға болады. Егер жұмыс ортасының өлшемі терезе өлшемінен үлкен болып берілсе, онда жұмыс ортасының төменгі және оң жақтарында айналдыру жолақтары пайда болады. Қалып күй жолында меңзердің пикселдердегі координаттарын байқауға болады.

СУРЕТ САЛУ КЕЗЕҢДЕРІ

Құрал-саймандар тақтасы жұмыс аймағының сол жағында орналасады және ол мынадай құрал-саймандары бар.

--суреттің ерікті аймағын белгілеу.

--суреттің тік төртбұрышты үзіндісін белгілеу

--суреттің белгілі бір бөліктерін өшіруге арналған өшіргіш

--тұйық контурды құю

--суреттен түс таңдау

--экрандағы бейненің өлшемін өзгертуге арналған масштаб

--жіңішке сызықтарды сызуға арналған қарындаш

--ерікті сызықтарды сызуға арналған кисть

--түрлі түсті нүктелерді салуға арналған бүріккіш

--мәтінді енгізу мен қалыптастыруға арналған жазу

--түзу сызықтарды салуға арналған сызық

--қисық сызықтарды салуға арналған қисық

--тікбұрыш көпбұрыш және эллипс- қажет фигураны салуға мүмкіндік беретін құал-саймандар фигура дұрыс салынуы үшін мауысты жылжытқанда шифт нернесін басып ұстау керек

--салынған кескінді болдырмау үшін пернесін басу керек

ПАЛИТРА

Палитра жұмыс аумағынан төмен орналасқан және түстер жиынтығынан басқа негізгі және фонның түстерін көрсететін түс индикаторы бар түстер маус батырмасын қажетті түсте басу арқылы таңдалынады оң жақ батырмамен-фонның ал сол жақ батырмамен не

гізгі түсті дайындаймыз тікбұрыш көпбұрыш және эллипс таңдалған режімге байланысты фон түсімен боялуы мүмкін палитраны өзгерту үшін оған маустың оң жақ батырмасымен екі рет шерту керек

СУРЕТ САЛУ ТӘСІЛДЕРІ

маустың сол жақ батырмасын басу арқылы ққрал таңдаймыз егер қажет болса сызықтар қалыңдығын оның конфигурациясын немесе қажет режімді мысалы эллипсты таңдаймыз маустың сол жақ батырмасын басып отырып сурет саламыз мәтінді енгізгенде алдымен жазу қаріп оның өлшемі және басқа атрибуттары орналасатын жерді белгілейміз

МЕНЮ

Меню алты пункттен тұрады оларды маустың батырмасын басу арқылы таңдауға болады менюдің әр пункті созылған бағыныңқы менюден тұрады

Сабақты бекіту сұрақтары:

  • Paint графиктік редакторының атқаратын қызметі қандай?

  • Paint графиктік редакторын қалай іске қосамыз?

  • Paint графиктік редакторының терезесінің бөліктерін атаңыз.

  • Сурет салу әдістері қалай орындалады?

  • Түстер палитрасының қызметі қандай?

  • Меню жолының қызметі қандай?

Үйге тапсырма:

Қарапайым графикалық редакторы. Суретті ашу, сақтау.

Сынып

5 «А»

Мерзімі



Сабақтың тақырыбы: Графикалық редактордың сурет салу құралдары.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларды графикалық редактормен жұмс істеуге үйрету.Түзу сызықтар тік төртбұрыштар мен дөңгеленген тіктөртбұрыштар салу дағдыларын қалыптастыру.

Тәрбиелік: Оқушыларды тәрбиелікке, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа үйрету. Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық-абстракциясын дамыту.

Сабақтың түрі: Практикалық сабақ

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер,оқулық,жұмыс дәптері

Сабақтың өту барысы:

1.Оқушыларды ұйымдатыру

2.Үйге берілген тапсырманы тексеру

3.Жаңа тақырыпты түсіндіру

4.Тапсырмаларды орындау

5.Сабақты бекіту

6.Үйге тапсырма беру

Өткен материялды қайталау сұрақтары:

  • Paint графиктік редакторының атқаратын қызметі қандай?

  • Paint графиктік редакторын қалай іске қосамыз?

  • Paint графиктік редакторының тезесінің бөліктерін атаңыз

  • Сурет салу әдістері қалай орындалады

  • Түстер палитрасының қызметі қандай?

  • Меню жолының қызметі қандай?

Жаңа тақырыпты түсіндіру:

Түзу сызық сызу

Түзу сызық, сызу айрықша еңбекті талап етпейді.Түзу сызық сызу үшін:

1.Линия батырмасын шертеміз

2.Құрал-саймандар жиынынын астындағы жақтаудан сызықтың қажетті таңдаймыз.

3.Маус нұсқағышын сызық басталатын орынға апарып қоямыз.

4.Мауыстың сол жақ батырмасын басып тұрып, сызық аяқталатын орынға тасымалдап апараиыз.

5.Маустың батырмасын жібереміз

Төртбұрыштар мен квадраттар салу

Тік төртбұрыш құралымен боялған және боялмаған тік төртбұрыштар салуға болады.

1.Прямоугольник батырмасын шертеміз.

2.Тік төртбұрыштың қажетті түрін таңдаймыз: 1-тек жақтау,2-жақтау,3-тек толтыру.

3.Маус нұсқағышын тік төрбұрыш салғыларың келетін жерге орналастырыңдар

4.Маустың сол жақ батырмасын басып тұрып нұсқағышты тік төртбұрыш жақтауын созып қажетті өлшем мен пішін шыққанша тасымалдаңдар.

5. Маус батырмасын шертіңдер.


Бұрыштары дөңгеленген тік төртбұрыштар салу.

Дөңгеленген тік төртбұрыш құралының көмегімен бұрыштары дөңгеленген, іштері боялған және боялмаған тік төртбұрыштар салуға болады. Ол үшін:

  1. Скругленный прямогульник батырмасын шерту керек.

  2. Дөңгеленген тік төртбұрыштың қажетті түрін таңдаңдар.

  3. маус нұсқағышын төртбұрыш салатын орынға орналастырыңдар.

  4. Маустың сол жақ батырмасын басып тұрып, нұсқағышты бұрышы дөңгеленген төртбұрыштың жақтауын соза тартып, қажетті өлшем мен пішін шыққанша тасымалдаңдар.

  5. маус батырмасын жіберіңдер.

Эллипс және шеңбер салу

Элипс құралымен іштері боялған және боялмаған эллипстер мен шеңберлер салуға болады. Ол үшін:

  1. Эллипс батырмасын шертіңдер.

  2. Эллипстің қажетті түрін таңдаңдар: 1-тек шекара, 2 шекара және толтыру, 3-тек толтыру.

  3. маус нұсқағышын өздерің эллипс сызғыларың келетін орынға орналастырыңдар.

  4. маус батырмасын шертіңдер.

Қисық сызықтарды салу:

1.Кривая құралының батырмасын шертеміз

2.Сызықтық қажетті қалыңдығын таңдаймыз

3.Түзу сызықтарды салу әрекеттерін орындаймыз

4.Маустың сол батырмасын сызықтың бүгетін жерінің жанында басамыз да, он жаққа апарамыз

5.Осы әрекеттерді ек інші віліс үшін де қайталаймыз

Көпбұрыштар салу:

1.Многоулник ( Көпбұрыш) құралының батырмасын шертеміз

2.Көпбұрыштың типн таңдаймыз

3.Бірінші сызықты саламыз

4.Екінші сызықты саламыз және т.с.с.

Құю (Заливка) құралын пайдалану:

1.Құю (Заливка) құралының батырмасын шертеміз

2.Түстер палитрасының түс таңдаймыз

3.Бояғымыз келетін тұйық контурдын ішін мауспен шертеміз

Бүріккіш құралын пайдалану:

1.Бүріккіш құралының батырмасын шертеміз.

2.Түстер палитрасынан түс таңдаймыз.

3.Бүріккіш дағының өлшемін таңдаймыыыыз.

4.Бояуды бүркеміз.

Қылқаламмен сурет салу:

1.Кисть құралының батырмасын шертеміз.

2.Кистьтің пішіні мен өлшемін таңдаймыз.

3.Түстер палитрасынан қажетті түсті таңдаймыз.

4.Маус ннұссқауышын бояуды бастайтын жерге орналастырамыз.

5.Маустың сол батырмасын басып тұрып,кистьті жылжытамыз.

6.Маус батырмасынжібереміз.

Өшіргіш құралын пайдалану:

1.Ластик (Өшіргіш ) құралының батырмасын шертеміз.

2.Өшіргіштің өлшемін таңдаймыз.

3.Маус нұсқауышын өшірілетін сызыққа орналастырып, маустың сол батырмасын басып тұрып өшіреміз.

4.Батырманы жібереміз.

Сабақты бекіту сұрақтары:

  • Түзу сызық сызу әрекеті қалай орындалады?

  • Тік төртбұрыш салу әрекеті қалай орындалады?

  • Дөңгеленген тік төртбұрыш салу әрекеті қалай орындалады?

  • Эллипс, шеңбер салу әрекеттері қалай орындалады?

  • Осы фигуралардың түстерін қалай өзгертуге болады?

Үйге тапсырма:

Графикалық редактордың сурет салу құралдары.

Сынып

5 «А»

Мерзімі



Тақырып: Жарты жылдық бақылау жұмысы

Мақсат: Оқушылардың білімдерін қалыптастыру және тексеру

Міндеттер:

Білімділік - Оқушыларды компьютерде жұмыс жасауды үйрету.

Дамытушылық -Оқушылардың компьютермен жұмыс жасау дағдылары мен қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік - Тәрбиелі, білімді және ойлау қабілеті жан-жақты оқушыларды тәрбиелеу.

Сабақ типі: Тест

Құрал-жабдықтар компьютер

Сабақ барысы

Ұйымдастыру кезеңі

а)оқушылар тізімі;

ә)кабинет жағдайы;

Үй тапсырмасын тексеру.

Сыртқы жад дегеніміз не?

CD-RW және DVD-RW приводтары не үшін қажет?

Дискіжетек деген не?

Флеш-жад деген не?


Тест тапсырмалары

  1. Бірінің ішінде бірі қабаттаса орналасқан терезе типі

А. Қосымша; В. стандартты

С. Белсенді (активті); D. негізгі

Е. Қосымша және негізгі

2. Сілтеуіш программасының терезелер саны

А. 5; В. 4; С. 2; D. 3; Е.1

3. Файл- бұл...

А. дискіде сақталатын атаулар жиыны

В. Белгілі бір атпен дискіде не компьютер жадында сақталатын программа не құжат.

С. Компьютер жадында не дискіде сақталатын ақпараттар диыны

D. мәтін не құжаттар тізімі

Е. Ақпараттар жиынтығы

4. Терезенің құрлымдық элементтеріне:

А. Терезенің қатары, меню қатары, басқа дискіге немесе бумаға көшіру, терезенің негізгі жұмыс алаңы, тік және көлденең қозғалту жолақтары, саймандар тақтасы, қалып-күй қатары

В. Меню, саймандар тақтасы.

С. Саймандар тақтасы, меню, көлденең қозғалту жолақтары, тақырып қатары

D.тік және көлденең қозғалту жолақтары, саймандар тақтасы, енгізгу жұмыс алаңы

Е. Басқа дискіге не бумаға көшу, саймандар тақтасы, қалып-күй қатары.

5. Объекті іздеу үшін қанша әрекет орындалады?

А. 1; В. 3; С. 4; D. 2 не 3 не 4; Е. 5

6. «Анықтама» терезесінде қанша парақ бар және оларды ата?

А. 3: Содержание-предметный указатель-поиск

В. 2: Содержание-поиск

С. 1: Содержание

D. 3: Вывести- печать-отмена

Е. 4. Содержание- вывести-предметный указатель-поиск

7. «Анықтама» шақыру үшін қанша әрекет орындалады?

А. 3; В. 2; С. 1; D. 4; Е.5

8. «Анықтама» алу үшін қандай перне пайдаланылады?

А. Ғ5; В.Ғ4,Ғ5; С. Ғ1; D. Ғ2; Е.Ғ10.

9. Объектіні іздеу қандай терезе арқылы жүзеге асырылады?

А. Хабар алмасушы; В. сұхбат

С. Анықтама; D. негізгі

Е. қосымша

10. Қандай тұжырым дұрыс емес екенін анықта?

А. Анықтама- Сұхбат

В. Содержание-Предметный указатель-поиск

С. Анықтамалық жүйе контестке тәуілді

D. кез келген сұхбат терезеде «көмек» батырмасы орналасқан

Е. Вывести-печать-отмена



Сынып

5 «А»

Мерзімі





Сабақтың тақырыбы: Графиктік ақпаратты өңдеу (бейнелерді масштабтау, трансформациялау), баспаға дайындау. Баспадан шығару

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды графикалық редакторына жұмыс істеуге үйрету.

Білімділік: Үзінділерді белгілеуге және олармен әр түрлі әрекеттер орындауға, үзіндіні көшіруге, жылжытуға және жоюға үйрету;

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық абстрациясын дамыту,

Сабақтың түрі: Практикалық сабақ

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, инт.тақта, электронды оқулық,

Сабақтың өту барысы:

  1. Оқушыларды ұйымдаастыру

  2. Үйге берілген тапсырманы тексеру

  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру

  4. Тапсырмалады орындау

  5. Үйге тапсырма беру


Өткен материалды қайталау сұрақтары:


Соңғы әрекетті болдырмау командасы қалай орындалады?

Суреттерді сақтау командасы қалай орындалады?

Сақталған суреттерді ашу командасы орыдалады?

Суретке мәтінді қалай енгізуге болады?


Жаңа түсініктер:


Үзінді- Бұл суреттің белгіленген бөлігі. Үзінді мвна құралдар арқылы бөліне немесе белгіленеді:

Белгілеу батырмасы (выделение) Төрбұрышты үзіндіні таңдайды

Кез келген аймақты бөліп алу батфрмасы ерікті пішінді аймақты бөліп алуға мүмкіндік береді.

Үзінділермен орындалатын әрекеттер:

1.Алмасу буферіне қйып алу

2.Алмасу буферіне көшіру

3.Басқа жерге апару

4.Басқы жерге көшіру

5.Сурет бойынша көбейту

6.Пішіні мен көлемн өзгерту

7.Машстабын өзгерту, қисайту

8.Төңкеру және бұру

9.Түсін өзгерту

10.Өшіру (жою)


Үзіндіні жылжыту және көшіру


1.Үзіндіні белгілейміз

2.Правка- Копировать немесе Вырезать командаларының бірін орындаймыз

3.Правка- Вставить командасын орындаймыз.

Үзіндіні беинелеу немесе бұру әрекеттері:

  1. Үзіндіні белгілеу

  2. Рисунок менюіндегі немесе қосымша менюдегі Оразитъ/Повернутъ коман-дасын орындаимыз

Бұл команда арқылы үзіндіні тік (вертикалъ)

Немесе көлденең (горизанталъ) осътеріне қатысты 90, 180, 270 градусқа бұруға болады.

Үзіндіні еңкейту немесе созу әрекеттері:

  1. Үзіндіні белгілеу.

  2. Рисунок менюіндегі немесе қосымша менюдегі Растянутъ/Накланутъ командасын орындаймыз.


Сабақты бекіту сұрақтары:

  • Үзінді дегеніміз не?

  • Үзінділерді белгілеу жолдары қандай?

  • Үзінділермен қандай әрекеттерді орындауға болады?

  • Үзіндіні жю әрекеті қалай орындалады?


Үйге тапсырма Графиктік ақпаратты өңдеу (бейнелерді масштабтау, трансформациялау), баспаға дайындау. Баспадан шығару

Сынып

5 «А»

Мерзімі


Сабақтың тақырыбы: Практикалық жұмыс

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды графикалық редакторына жұмыс істеуге үйрету.

Білімділік: Суретті қағазға басып шығару тәсілдерін үйрету;

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық абстрациясын дамыту,

Сабақтың түрі: Практикалық сабақ

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, инт.тақта, электронды оқулық,

Сабақтың өту барысы:

  1. Оқушыларды ұйымдастыру

  2. Үйге берілген тапсырманы тексеру

  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру

  4. Тапсырмалады орындау

  5. Үйге тапсырма беру.

Жаңа түсініктер:

Суретті қағазға басып шығару үшін Файл-Печать командасын орыңдаңдар. Баспа (Печать) диалогтық терезесі пайда болады. Печатать бөлімінде принтерге қандай парақтарды шығару керек екенін көрсетіп, Число копий өрісіне қажетті дана санын енгізіңдер. Содан соң ОК батырмасын шертіңдер.

Құжат басылымға қандай түрде берілетінін қарап шығу үшін Файл-Предварительный просмотр командасын орыңдаңдар. Егер құжат кескіні өздеріңе ұнаса, осы терезеде Печать батырмасын шертіңдер. Олай болмаған жағдайда Закрыть батырмасын шертіңдер де, суретті өңдеуді жалғастыру үшін, Paint программасының бас менюіне қайтыңдар.

Өзің орыңда!

Өткен материалды пысықтау үшін сендерге бірнеше практикалық тапсырмаларды орындауды ұсынамыз.

1-тапсырма.

Суретті өте ұқыпты қарап шығып, амалдар тізбегі мен қолданылатын командаларды ауыстырмай орындаңдар .

  1. Сурет сал:

а) экран жартысына теңіз (толқын) суретін сал;

ә) кеме сал;

б) суда жүзіп жүрген балықтарды сал;

в) аспандағы шағалаларды сал;

г) кеменің сол жағына күннің суретін сал;

д) кеменің сол жағына пальмасы бар арал сал.

2. Суретті боя.

3. Мұғалімджі шақыр.

4. Күннің суретін өшір.

5. Күннің орнына айдың суретін сал.

6. Суда жүзіп жүрген балықты өзгертпей шағаланың аузына апар.

7. Жұлдыздар сал.

8. Кеменің сол жағына орналасқан аралды, оның оң жағына жылжыт.

9. Кемені басқа жаққа бұр.

10. Біріншісімен бірдей шағаланың 3 көшірмесін сал.

11. Шағаланың екеуіноңға, ал екеуін солға бұр.

12. Мұғалімді шақыр.

Егер бұл жұмысты орындағанда тапсырманың барлық пункттерін толық орындап үлгермесеңдер, оны кез келген атпен сақтап қойыңдар. Келесі сабақта сол файлды ашып, тапсырманың орындалмаған тармақтарын орыңдаңдар.

Үйге тапсырма: Суретті қағазға басып шығару.

Оқушыларды бағалау.

Сынып

5 «А»

Мерзімі






 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал