7


  • Учителю
  • Конспект на тему Кіріктірілген циклдерӘ

Конспект на тему Кіріктірілген циклдерӘ

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала





Сабақтың тақырыбы: Кіріктірілген циклдер

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Қайталау операторы (цикл) туралы түсініктерін еске түсіріп,

салынған циклдер туралы тусінік қалыптастыру, есеп шығару

барысында қолдануды меңгерту.

Тәрбиелігі: Әр оқушыны іскерлікке, нақтылыққа, тәрбиелеу.

Дамытушылығы: Оқушының әрбір сабаққа ынтасы мен қабілетін

біріктіріп, пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың барысы:

А) Ұйымдастыру кезеңі

Б) сабақ сұрау

В) Бағалау

Г) Жаңа сабақ

Ғ) Практикалық жұмыс

Д) Бекіту

Е) Үйге тапсырма

Ж) Қорытынды

Жаңа сабақ

Кейбір программаларда белгілі-бір шарттардың сақталуына тәуелді командалардың қандай да бір бөлігі бірнеше рет қайталанады. Мұндай әрекеттерді жүзеге асыратын командаларды қайталану командасы деп атайды. Турбо Паскаль тілінде программаның қайталанатын бөлігін программалау үшін әртүрлі 3 оператор қолданылады.

Олар: 1) параметрлі цикл (немесе үшін циклі)

2) әзір циклі

3) дейін циклі

  1. Параметрлі циклдің құрылымы:

FOR цикл параметрі:=бастапқы мән ТО соңғы мән ДО цикл денесі;Мұндағы for (үшін), to (дейін) do(орындау)- қызметші сөздер. Бұл циклде цикл параметрі integer типті бүтін сан, цикл қадамы 1-ге ғана тең. Қадамның басқа мәндерінде әзір немесе дейін циклі қолданылады.

Қадам -1-ге тең болған параметрлі цикл төмендегіше жазылады:

FOR цикл параметрі:=бастапқы мән DOWNTO соңғы мән ДО

Цикл денесі құрама оператордан тұратын болса, онда олар begin, end операторлық жақшаға алынады.

Әзір немесе шартты алдын-ала тексеру циклі.

Оның құрылымы:

WHILE шарт DO

цикл денесі ;

while (әзір), do (орындау)- қызметші сөздер.

Шарт- логикалық типті өрнек. Егер шарттың мәні ақиқат (true) болса, цикл денесі орындалады және содан соң шарт қайта тексеріледі. Ал шарттың мәні жалған (false) мәнге тең болса, цикл денесі орындалмай, басқару while циклінен кейін тұрған бірінші операторға беріледі.

  1. Дейін немесе шартты соңынан тексеру циклі.

Дейін циклінің құрылымы:

REPEAT

цикл денесі

UNTIL шарт

repeat (қайталау), until(дейін)-қызметші сөздер. Олар операторлық жақшалар ролін де орындайды. Until- дің алдындағы оператордан соң нүктелі үтір қойылмауы тиіс. Дейін циклінде цикл денесінің операторы ең болмағанда бір рет орындалады, содан соң шарт тексеріледі. Егер шарттың мәні жалған болса, цикл денесі қайталап орындалады, шарт ақиқат болғанда цикл аяқталады. Әзір циклінен айырмашылығы бұл циклде кері шарт жазылады.

Бірінің ішіне бірі кіретін бірнеше қарапайым циклдері бар цикл салынған (кіріктірілген) циклдер деп аталады. Осындай циклдерді ұйымдастырғанда келесі ережелерді ескеру керек:

  1. Бір-біріне кірістірілген циклдерге арналған параметрлер аты әртүрлі болуы керек;

  2. Ішкі цикл сыртқысына толық кіруі керек;





For i:=1 to n do

Begin

For j:=1 to n do

Begin

End;

End.





Мысал:

* * * * * *

* * * * * *

* * * * * *

* * * * * * фигураны экранға басып шығару программасы





Var i,j:byte;

Begin

For i:=1 to 4 do

Begin

For j:=1 to 6 do

Write ('*');

Writeln; End; end.





№1 есеп

A

Ab

Abc

………

Abcd……..z - символдар тізімін экранға

басып шығару программасын құрындар.





Var i,j:char;

Begin

For i:='a' to 'z' do

Begin

For j:='a' to i do

Write (' ', j);

Writeln; End; end.





































№2 есеп

*

* *

* * *

* * * *

* * * * *

* * * * * *

Var i,j:byte;

Begin

For i:=1 to 6 do

Begin

For j:=1 to i do

Write ('*');

Writeln; End; end.









№ 3 есеп

* * * *

* * *

* *

*









Var i,j:integer;

Begin

For i:=1 to 4 do

Begin

For j:=4 downto i do

Write ('*');

Writeln; End; end.













№ 4 есеп

1

2 4

3 6 9

4 8 12 16

5 10 15 20 25









Var i,j:integer;

Begin

For i:=1 to 5 do

Begin

For j:=1 to i do

Write (i*j);

Writeln; End; end.

























Бақылау сұрақтары:





Цикл дегеніміз не?

Параметрлі циклдің құрылымын ата?

Әзір немесе шартты алдын-ала тексеру циклі қалай жазылады?

Дейін немесе шартты соңынан тексеру циклі?





Үйге тапсырма беру. Теорияны оқып келу.

Оқушыларды бағалау.

Сабақты қорытындылау.















 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал