7


  • Учителю
  • Информатикадан тест сұрақтары 7 сынып Арман-ПВ баспасы. 2016-2017 оқу жылы

Информатикадан тест сұрақтары 7 сынып Арман-ПВ баспасы. 2016-2017 оқу жылы

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

7 - сынып. Тест жұмысы 1-тоқсан. 1 - нұсқа

1. Компьютерде ақпаратты кодтау үшін қандай есептеу жүйесі қолданылады?

a) ондық в) екілік c) он алтылық d) сегіздік

2. Ағылшын тілді мәтіндік ақпаратты кодтау үшін ..... қажет.

a) ASCII кестесі в) екілік есептеу жүйесіне көшу

c) ағылшын тіліне көшу d) мәтінде символдар санын санау

3. 512 х 128 нүктелі өлшемі бар сурет 256 түспен боялған. Осы суретті сақтауға қажетті жадтың көлемін (Килобайтпен) табыңдар

a) 32 в) 64 c) 74 d) 128

4. 256 х 256 нүктелі өлшемі бар сурет 256 түспен боялған. Осы суретті сақтауға қажетті жадтың көлемін (Килобайтпен) табыңдар

a) 32 в) 64 c) 74 d) 96

5. Төрт түсті графикалық ақпаратты 1 пиксельге кодтау үшін ....... қажет.

a) 2 бит в) 4 бит c) 6 бит d) 1 байт

6. Дұрыс емес тұжырымды таңдаңдар:

a) ТЖҚ - да мәліметтер зауытта микросұлбаларды дайындау барысында бір рет жазылады

в) ТЖҚ - дағы мәліметтер соңынан өзгеруі мүмкін

c) ТЖҚ - да қуат көзі өшірілген соң компьютер автоматты түрде іске қосатын программалар сақталады

d) ТЖҚ - дан операциялық жүйенің алғашқы жүктелуі орындалады

7. Қазір дискет не себепті қолданылмайды?

a) оқу үшін арнайы қондырғының қажеттілігі в) аз сыйымдылық және сенімсіздік

c) тасымалдау ыңғайсыздығы d) қайталап жазудың мүмкін еместігі

8. Ақпаратты магнитті тасымалдауыш - бұл:

a) винчестер в) СD c) DVD d) флеш - жад

9. ОЖ пайда болуының негізгі себептерін көрсетіңдер:

a) бір компьютерде бірнеше адамның жұмыс істеу қажеттілігі

в) мәселелер мен қолданушылар арасында ресурстарды бөлу қажеттілігі мен күрделі сыртқы құрылғылардың пайда болуы

c) программалау мүмкіндігі

d) үшінші буынды компьютердің пайда болуы

10. ОЖ қызметіне не жатпайды?

a) Интернет желісінде қолданушының жұмысын ұйымдастыру в) енгізу - шығару және мәліметтерді басқару

c) программаларды өңдеу үдерісін ұйымдастыру және жоспарлау d) программаларды орындауға жіберу

11. ОЖ қайда сақталады?

a) кез келген сыртқы тасымалдауышта сақталуы мүмкін в) винчестерде

c) процессорда d) компьютердің жедел жадында

12. ОЖ жүктеу дегеніміз не?

a) ОЖ-нің компьютердің жедел жадына орналасуы в) компьютердің жұмыс істей бастауы

c) сыртқы тасымалдауыштан ақпаратты салыстырып оқу d) ақпаратты ТЖҚ - дан салыстырып оқу

13. Файлды қандай қызметші перненің көмегімен сақтауға болады?

a) F3 в) F2 c) F4 d) F5

14. File => Chang Dir …..бұйрығы:

a) бұрынғы сақталған файлдардың тізімін көрсетеді в) файлдың атауын өзгертуге мүмкіндік береді c) жұмыс каталогын өзгертеді d) жаңа каталог жасайды

15. Free Pascal мәтіндік редакторында үзінділермен жұмыс істеудегі пернелер үйлесімінде қандай перне қолданылады?

a) Shift b) Alt c) Enter d) Ctrl

16. Терезелер тізімін қандай пернелермен ашуға болады?

a) Alt + 0 b) Alt + 1 c) Alt + 2 d) Alt + 3

17. Дискіде сақталған файлды қандай пернемен ашады?

a) F1 b) F2 c) F3 d) F4

Сұрақтар: Негізгі қауіпсіздік ережелерін ата? Кодтау дегеніміз не?

Компьютер жады нешеге бөлінеді? ОЖ дегеніміз не?

7-сынып. Тест жұмысы 1-тоқсан. 2 - нұсқа



1. Мәтіндік ақпаратты ASCII кодталуында бір символға кодтау үшін ..... қажет.

a) 2 бит в) 4 бит c) 6 бит d) 1 байт

2. Мәтіндік ақпаратты UNICODE кодталуында бір символға кодтау үшін ..... қажет.

a) 2 бит в) 16 бит c) 6 бит d) 1 байт

3. 256 х 128 нүктелі өлшемі бар монитор экранының ауданын сақтау үшін 32 Кбайт жедел жад бөлінген. Нүктелерді бояу үшін максималды түрде қанша түс қолдануға болады?

a) 16 в) 4 c) 512 d) 256

4. 512 х 256 нүктелі өлшемі бар монитор экранының ауданы болсын делік. Оны сақтау үшін жедел жадтан 64 Кбайт айқындалған. Бұл нүктелер үшін қанша түс қолдануға болады?

a) 8 в) 4 c) 256 d) 16

5. Аналық тақшада қандай жад орналасқан?

a) қатқыл дискі в) ЖЖҚ c) лазерлік дисі d) дискет

6. Орындалу барысында программа неде сақталады?

a) бейнежадта в) жедел жадта c) қатқыл дискіде d) ТЖҚ - да

7. Ақпаратты ұзақ сақтау үшін қызмет ететін құрылғы?

a) жедел жад в) процессор c) сыртқы тасымалдауыш d) дискі жетек

8. Компьютерді өшірген кезде ақпарат:

a) жедел жадтан жоғалады в) тұрақты есте сақтайтын құрылғыдан жоғалады

c) қатқыл дискіден өшіріледі d) компакт-дискіден өшіріледі

9. Алғашқы ОЖ - нің интерфейсі қандай болды?

a) графикалық в) қолданушылық c) бұйрықты жолдар d) ыңғайсыз

10. Графикалық ОЖ-нің арқасында қандай құрылғы пайда болды?

a) пернатақта в) тінтіуір

c) модем d) принтер

11. ОЖ - ге қойылатын «кеңейушілік» талабын түсіндіріңдер .

a) ОЖ өзгертулер мен қосымшаларды енгізу ыңғайлылығын қамтамасыз ету керек

в) ОЖ бір аппараттық платформадан екіншісіне тасымалдау мүмкіндігін қамтамасыз етеді

c) ОЖ ішкі және сыртқы қателерден, іркілістерден және тоқтаулардан қорғаныс жасайды

d) ОЖ ресурстарды бір қолданушыдан екіншісін қорғау құралдарынан тұру керек

12. Қазіргі заманғы ОЖ-ге қатысты талаптарға жатпайтынды таңдаңдар:

a) үйлесілділік в) төзімділік c) ыңғайлылық d) кеңеюшілік

13. IDE интеграцияланған жасау ортасына:

a) программалау ортасы, компилятор, күйге келтіруші және анықтамалық жүйе

в) мәтіндік редактор, компилятор, күйге келтіруші және анықтамалық жүйе

c) мәтіндік редактор, компилятор

d) программалау ортасы, компилятор, күйге келтіруші кіреді

14. Программаны программалау тілінен екілік кодқа ауыстыру үдерісі

a) Программаны күйге келтіруші в) компиляция

c) екілік кодтау d)программалау үдерісі

15. Орындалатын ехе-файл ненің жұмысының нәтижесінде алынады?

a) компилятордың в) программалау орталары

c) Fre Pascal мәтіндік редакторының d) күйге келтіруші

16. Программадағы комментарийдің қате нұсқасын табыңдар:

a) // Бұл коментарий b) {Бұл коментарий}

c) (*Бұл коментарий) d) (*Бұл коментарий*)

17. Мәтіндік режімде стандартты дисплейге сай келетін режімді көрсетіңдер:

a) 80х25 color b) 80х80 color c) 256х80 color d) 800х600 color



Сұрақтар: Негізгі қауіпсіздік ережелерін ата? Код дегеніміз не?

Кэш - жады дегеніміз не? ОЖ қойылатын талаптарды ата?





  1. - сынып. Тест жұмысы 2-тоқсан. 1 - нұсқа

1. Pascal тіліндегі программаның құрылымдық бөлімдерінің дұрыс жиынтығын табыңдар:

А) тақырыпша, сипаттау бөлімі, операторлар бөлімі, программаның аяқтау бөлімі

В) тақырыпша, сипаттау бөлімі, айнымалылар бөлімі және операторлар бөлімі

С) тақырыпша, сипаттау бөлімі және операторлар бөлімі

D) атауы, сипаттау бөлімі және операторлар бөлімі

2. Сипаттау бөліміндегі артығын көрсетіңдер:

А) типтер бөлімі В) енгізілген мәліметтер бөлімі С) функциялар бөлімі D) айнымалылар бөлімі

3. Программалау тілінің бұйрықтары ....... орналасады.

А) сипаттау бөлімінде В) операторлар бөлімінде

С) тақырыпша бөлімінде D) жоғарыда көрсетілген барлық бөлімдерде

4. END операторынан кейін программа соңында міндетті түрде ...... қойылады.

А) нүкте В) үтір С) нүктелі үтір D) бос орын

5. Компиляция үдерісін іске қосу ..... пернесімен орындалады.

А) F 3 В) F 5 С) F 9 D) F 10

6. Екі бүтін санды бөлетін программа үшін айнымалылар типін анықтайтын жазбаны таңдаңдар:

А) VAR a,b,c: integer В) VAR a,b,c: real С) VAR a,b: integer; c: real D) VAR a,b: integer; c: Boolean;

7. Integer типі бар А айнымалысын анықтаңдар:

А) А: = 6.96 В) A: = 'Integer' С) A:= true D) A:= 164

8. Real B типі бар B айнымалысын анықтаңдар:

А) B:=44 В) B:= 'Royal' С) B:=6.06 D) B:= false

9. String типі бар C айнымалысын анықтаңдар:

А) C:= 'Informatika' В) C:= 542 С) C: = 0 D) C:= false

10. Char типі бар D айнымалысын анықтаңдар:

А) D: = 'Char' В) D: = 12 С) D: = 754.3 D) D: = 'C'

11. Экранда программаның орындалу нәтижесін ұстап тұру үшін:

А) бос шығару операторы қолданылады В) бос енгізу операторы қолданылады

С) бос меншіктеу операторы қолданылады D) программаның соңында END жазбайды

12. Программаны орындау үдерісі кезінде меңзерді жаңа жолға ауыстыру үшін программада .... қолданылады:

А) Read бос енгізу операторы В) Write бос шығару операторы

С) Readln бос енгізу операторы D) Writeln бос шығару операторы

13. Программаны Read операторымен орындау үдерісі кезінде пернетақтадан бірнеше мәнді енгізу ..... арқылы жүргізіледі

А) бос орын В) үтір С) нүктелі үтір D) енгізу пернесі

14. Меңзерді жаңа жолдың басына апармай тұрып, мәліметтерді шығару үшін қолданылатыр оператор:

А) Read В) Write С) Writeln D) Readln

15. Real және Integer типтерінің екі санын көбейту нәтижесінде алынатын тип:

А) Real В) Integer С) Shortint D) String

16. Integer типінің екі санын бөлу нәтижесінде алынатын тип:

А) Real В) Integer С) Shortint D) String

17. Pascal тілінде дұрыс жазылған өрнекті табыңдар: 19(16,3+7,7).

А) 19(16.3+7.7) В) 19*(16.3+7,7) С) 19(16,3+7.7) D) 19* (16.3+7.7)

18. Pascal тілінде дұрыс жазылған өрнекті табыңдар: 34,5+24,5

Информатикадан тест сұрақтары 7 сынып Арман-ПВ баспасы. 2016-2017 оқу жылы15 у

А) 34.5+24.5/15у В) (34.5+24.5)/15у С) (34.5+24.5)/15*у D) (34.5+24.5)/(15*у)

19. Арифметикалық өрнектерді орындау барысында жоғары басымдылықтың амалдары:

А) бүтін санды бөлу, бүтін санды бөлудің қалдығын алу, бөлу, көбейту, қосу

В) бүтін санды бөлу, бүтін санды бөлудің қалдығын алу, бөлу, көбейту

С) бүтін санды бөлу, бүтін санды бөлудің қалдығын алу D) бөлу, көбейту

20. Frac (x) функциясы:

А) х санының бөлшек бөлігін табуға В) х санының бүтін бөлігін табуға

С) х санының квадратын табуға D) жақын жатқан бүтінге дейін жуықтауға мүмкіндік береді

7 - сынып. Тест жұмысы 2-тоқсан. 2 - нұсқа

1. Программаның орындалуы .... пернелер үйлесімімен орындалады.

А) Ctrl + F9 В) Ctrl + F5 С) Alt + F5 D) Alt + F9

2. Alt + F5 пернелер үйлесімі:

А) программаны орындауға жібереді В) программаның мәтінінің терезесін жасырады С) компиляция үдерісін іске асырады D) программаның орындалу нәтижесін қарап шығуға мүмкіндік береді

3. Write пен Writeln операторларының қолданулары арасында қандай айырмашылық бар.

А) экранға шығарылатын ақпарат көлемінде

В) Write операторы экранға мәтінді бір жолға шығарады, Writeln операторы мәтінді бірнеше жолға шығарады

С) Write операторы меңзерді сол жолда қалдыра отырып, экранға мәтінді шығарады, Writeln операторы жолды экранға шығарған соң меңзерді жаңа жолға ауыстырады

D) Writeln операторы меңзерді сол жолда қалдыра отырып, экранға мәтінді шығарады, Write операторы жолды экранға шығарған соң меңзерді жаңа жолға ауыстырады

4. Компилятор бір бұйрықтан екінші бұйрықты айыру үшін операторлар арасына ... қою керек .

А) нүкте В) үтір С) нүктелі үтір D) қос нүкте

5. Write операторының дұрыс жазбасын көрсетіңдер:

А) Write ('аты') В) Write («аты») С) Write (аты) D) Write (*аты*)

6. Айнымалы атауына қолдануға болмайтын символды көрсетіңдер:

А) сызу символы В) латынның бас әріптері С) + белгісі D) екі таңбалы сандар

7. Осы айдың санын анықтау үшін айнымалының тиімді типін таңдаңдар (мысалы, 20 дата үшін 20 - қараша)

А) Real В) Shortint С) Integer D) String

8. Программада қолданушыдан оның есімін сұрау керек. Ол айнымалы үшін мәліметтердің қандай типін анықтау қажет?

А) Real В) Shortint С) Integer D) String

9. Нақты типтегі айнымалының байттағы ұзындағы қандай?

А) 6 В) 5 С) 4 D) 2

10. Нақты типтегі санның қате жазбасын көрсетіңдер:

А) 3,5 В) 3,50 С) 0,456 D) 3

11. Айнымалылар мен олардың типтерін сипаттауға арналған бөлімді таңдаңдар:

А) Procedure В) Type С) Var D) Label

12. Мәліметтерді шығару үшін және меңзерді жаңа жолдың басына апару үшін қандай операторды қолданамыз?

А) Read В) Write С) Writeln D) Readln

13. Enter пернесімен бірнеше мәнді енгізуді ұйымдастыратын оператор:

А) Read В) Write С) Writeln D) Readln

14. Экранды тазалау операторын көрсетіңдер

А) ClrScr В) Write С) Writeln D) Read

15. Өрнектерде қолдануға ...... болады.

А) константтарды, айнымалыларды, функцияларды, енгізу - шығару операторларын

В) константтарды, айнымалаларды С) тек сандар D) константтарды, айнымалыларды, функцияларды

16. div амалы .... жүзеге асады

А) бүтін санды бөлуді В) үтірген кейін екі белгімен шектелген нәтижесі бар санды бөлу

С) бүтін санды бөлудің қалдығын алу D) бүтін санды бөлудің бөлшектік қалдығын алу

17. mod амалы .... жүзеге асады

А) бүтін санды бөлуді В) үтірген кейін екі белгімен шектелген нәтижесі бар санды бөлу

С) бүтін санды бөлудің қалдығын алу D) бүтін санды бөлудің бөлшектік қалдығын алу

18. 8 div 5 амалының орындалу нәтижесін таңдаңдар:

А) 1 В) 2 С) 3 D) 4

19. 8 mod 5 амалының орындалу нәтижесін таңдаңдар:

А) 1 В) 2 С) 3 D) 4

20. Pascal тілінде дұрыс жазылған өрнекті табыңдар: (16у + 3)2 -2у

А) Sqr (16 *y+3) -2*y В) Frac (16 *y+3) -2*y С) Int (16 *y+3) -2y D) Sqr (16y+3) -2y

7 - сынып ІІІ-тоқсан І - нұсқа

1.Қай модель ақпараттық (заттық) болып табылады?

А) дүниежүзінің физикалық картасы В) оқушының үлгерім графигі

С) ғимарат пішіні D) өрнек тоқу сұлбасы

2. Қай модель ақпараттық болып саналмайды?

А) автокөлік нобайы В) музыкалық шығарманың нота жазуы

С)математикалық формула D) глобус

3) Нені жасауға болады?

А) тек қана нысанның ақпараттық модельдерін В) тек қана нысанның материалдық модельдерін С) нысанның бір ғана моделін D) нысанның әртүрлі модельдерін

4. Нысанның моделі және нысаны болатын жұпты көрсетіңдер:

А) қала - қаланың жолсілтемесі В) компьютер - қатқыл дискі

С) перне - перненің қызметі D) бақ - аттракциондар

5.Қандай қасиет модель қасиеті болып табылады?

А) өзектілік В) құндылық С) нақтылық D) көлемділік

6.Қандай кескіндерді сақтау кезінде үлкен көлемді файлдар пайда болады?

А) растрлық В) векторлық С) үшөлшемді D) фракталдық

7. Суреттің түрін анықтаңдар:

А) растрлық В) векторлық С) үшөлшемді D) фракталдық

8. Фрактал - ол ...

А) бас элементі сызық болатын кескін В) берілген көлемдегі кескін бөлігі

С) әртүрлі пішін бөлшектерінен тұратын кескін D) бүгінге ұқсас бөлшектерден тұратын кескін

9. Растрлық кескіндермен жұмыс істейтін программаны көрсетіңдер:

А) Corel Draw В) Paint С) Chaoscope D) Inkscape

10. Растрлық кескіндер қандай пішімді файлда сақталады?

А) BMP В) PDF С) SVG (Inkscape) D) CDR (Corel Draw)

11. Қандай пішімде сығымдау қолданылады

А) JPG В) PDF С) SVG (Inkscape) D) CDR (Corel Draw)

12. Қандай бұйрық «Құйып бояу мен жиектеу» сұхбатын ашады?

А) Түзету => Құйып бояу мен жиектеу В) Файл => Құйып бояу мен жиектеу

С) Нысан => Құйып бояу мен жиектеу D) Контур => Құйып бояу мен жиектеу

13. Палитрадан жиектеу түсін таңдау кезінде, қандай батырманы ұстап тұру керек?

А) Alt В) Ctrl С) Shift D) CapsLock

14. Нысанды қосарлау ..... іске асады.

А) ерекшелеу құралымен В) Нысан => Түрлендіру бұйрығымен

С) Түзету => Қосарлау бұйрығымен D) Түзету => Қою бұйрығымен

15. Нысандар ретін өзгертуге бола ма?

А) өзгертуге болмайды В) нысанды тек бір деңгейге жоғары көтеруге болады

С) нысанды тек алдыңғы планға көтеруге болады D) өзгертуге болады

16. Салынған бірнеше фигураны қалай ерекшелеуге болады?

А) әр фигураның үстіңгі сол жақ түйінін шерту арқылы В) әр фигураны екі рет шерту арқылы

С) тінтуір меңзерімен фрагментті қоршау арқылы D) белгілеу құралын таңдап, фигураның біреуін шертіп, Shit пернесін басып тұрып, басқа нысандарды шерту арқылы

17. Мәтінге арнайы символдар қою үшін:

А) Мәтін =>Символдарды қою бұйрығын орындап, ашылған сұхбаттан қажетті символдарды ерекшелеу және Қою батырмасын шерту

В) Мәтін => Глифтер бұйрығын орындап, ашылған Глифтер сұхбатынан қажетті символды ерекшелеу және Қою батырмасын шерту

С) Түзету => Символдарды қою бұйрығын орындап, ашылған Символдар сұхбатынан қажетті символды ерекшелеу және Қою батырмасын шерту

D) Кірістіру => Символдарды қою бұйрығын орындап, ашылған Символдар сұхбатынан қажетті символды ерекшелеу және Кірістіру батырмасын шерту

18. Контурдың ішіне мәтін орналастыру үшін:

А) Мәтін =>Блокқа енгізу бұйрығын орындау

В) мәтінді ерекшелеу, Мәтін =>Блокқа кірістіру бұйрығын орындау

С) Фигураны немесе контурды ерекшелеп, Мәтін =>Блокқа кірістіру бұйрығын орындау

D) мәтіндінемесе контурды ерекшелеп, Мәтін =>Блокқа кірістіру бұйрығын орындау

19. Символдық интервалды арттыратын пернелер үйлесімі:

А) Alt + → В) Ctrl+ → С) Shift + → D) Alt + ↑

20. Символдардың тік жылжуын орнататын пернелер үйлесімі

А) Alt + → В) Ctrl+ → С) Shift + → D) Alt + ↑









































































7 - сынып ІІІ-тоқсан ІІ - нұсқа

1. ...ақпараттық модельдерінің сипаттау тәсіліне жатпайды.

А) сөзбен сипаттау В) кесте С) нысанның кішірейтілген көшірмесі D) граф

2. Нысандар арасындағы иерархиялық қатынастарды сипаттау үшін көбіне қайсысын қолданады?

А) сұлба В) кесте С) сөздік сипаттау D) нобай

3. Нысандар арасындағы байланастарды сипаттау үшін көбіне қайсысын қолданады?

А) сұлба В) кесте С) граф D) нобай

4. Компьютерлік модельдерді құру үшін қайсысының қажеті болмайды?

А) программалық жабдықтама В) аппараттық жасақтама С) сақтау құрылғысының бар болуы D) операциялық жүйемен жұмыс істеу мысалдарын игеру қажет

5. Қандай кескіндер шынайы?

А) растрлық В) векторлық С) үшөлшемді D) фракталдық

6. Қандай кескіндер ұқсас элементтерден тұрады?

А) растрлық В) векторлық С) үшөлшемді D) фракталдық

7. Қандай кескіндер нүктелерден тұрады?

А) растрлық В) векторлық С) үшөлшемді D) фракталдық

8. Қандай кескіндер масштабтау кезінде сапасын жоғалтады?

А) растрлық В) векторлық С) үшөлшемді D) фракталдық

9. Графикалық файлдың пішімі - ол .....

А) файлдың кеңейтілуі В) графикалық мәліметтерді сыртқы тасымалдаушыда көрсету мен орналастыру әдісі С) мәтінді мәліметтерді сыртқы тасымалдаушыда көрсету мен орналастыру әдісі D) мәліметтерді сығымдайтын алгоритмді көрсету

10. Анимациялық кескіндерді сақтау мүмкіндігі бар графикалық пішімді таңдаңдар:

А) GIF В) JPEG С) EPS (Encapsulated) D) TIF (Tagged Imag File Format)

11. Inkscape редакторында файлдардың стандартты пішімін көрсетіңдер:

А) Inkscape SVG В) қарапайым SVG С) PNG D) JPG

12. Құралдарды дәл баптау үшін ...... пайдаланылады.

А) Жабысу параметрлер панелі В) Құрал параметрлер панелі

С) Түр мәзірі D) Нысан мәзірі

13. Орындалған іс-әрекеттер тізімін келесі бұйрықтар арқылы орындауға болады:

А) Түзету (Правка) => Болдырмау (Отменить) В) Түзету (Правка) => Қайтару (Вернуть)

С) Түзету (Правка) => Іс-әрекеттер тарихы (История действий)

D) Түр (Вид) => Бейне (Отображение)

14. Пропорционалды тік төртбұрыш алу үшін қандай пернені басып тұру қажет?

А) Alt В) Ctrl С) Shift D) Caps Lock

15. «Ізбе-із көшіру» үшін қандай пернені басып тұру қажет?

А) Ctrl В) Shift С) Alt D) Бос орын

16. Мәтін жасау үшін ..... қажет.

А) Мәтін бұйрығын таңдап, мәтінді пернетақтадан енгізу В) ерекшелеу құралын таңдап, мәтін енгізетін орынға меңзерді апарып, мәтінді пернетақтадан енгізу

С) мәтін енгізетін орынға меңзерді апарып және мәтінді пернетақтадан енгізу

D) Мәтін құралын таңдап, мәтін енгізетін орынға меңзерді апарып және мәтінді пернетақтадан енгізу

17. Мәтінді контур бойынша орналастыру үшін:

А) мәтін мен контурды бір уақытта ерекшелеп, Мәтін=>Контур бойынша орналастыру бұйрығын орындау

В) Мәтін=>Контур бойынша орналастыру бұйрығын орындау

С) Контурды ерекшелеп, Мәтін=>Контур бойынша орналастыру бұйрығын орындау

D) Мәтінді ерекшелеп, Мәтін=>Контур бойынша орналастыру бұйрығын орындау

18. Тігінен мәтінді қалай орналастыруға болады?

А) мәтін және қаріп сұхбаттық терезесінде Тігінен мәтін және Қолдану батырмасын шерту

В) Мәтін => Қаріптер редакторы бұйрығын орындап, Тігінен мәтін және Қолдану батырмасын шерту С) мәтінді ерекшелеп Мәтін=>Мәтін мен қаріп бұйрығын орындап, Тігінен мәтін және Ок батырмасын шерту

D) мәтінді ерекшелеп Мәтін=>Мәтін мен қаріп бұйрығын орындау, Тігінен мәтін және Қолдану батырмасын шерту

19. Блоктан мәтінді қалай шығаруға болады?

А) мәтіндік блокты ерекшелеп, Мәтін=>Мәтінге түрлендіру бұйрығын орындау

В) Мәтін=>Мәтінге түрлендіру бұйрығын орындау

С) Мәтін=>Блоктан шығару бұйрығын орындау

D) Мәтін=>Қол кернингін өшіру бұйрығын орындау

20. Кренинг - ол:

А) мәтіндердің белгілері арасына бос орындар енгізу

В) мәтіндер белгілері арасындағы бос орынның ұзындығын реттеу

С) жоларалық интервалды реттеу

D) символдар арасындағы интервалды орнату



































































7 - сынып ІV-тоқсан І - нұсқа

1. Графикалық болмайтын файл пішімін көрсетіңдер:

А) .png В) .xcf С) .tiff D) .xcl

2. GIMP программасындағы соңғы орындалған іс-әрекетті қандай бұйрықтың көмегімен көруге болады?

А) Түзету (Правка) => Іс-әрекеттер тарихы (История действий)

В) Кескін (Изображение) => Соңғы іс - әрекет (Последние действия)

С) Файл => Таризы D) Түзету (Правка) => Болдырмау (Отмена)

3. Белсенді суреттің қасиеттерін көруді қамтамасыз ететін бұйрық:

А) Файл => Кескін (Изображение) => Кескіннің қасиеттері (Свойства изображения)

В) Кескін (Изображение) => Кескіннің қасиеттері (Свойства изображения)

С) Файл => Қасиеттер

D) Ондай бұйрық жоқ

4. Суреттің өлшемін көрсете алмайтын бірлік:

А) растрлық нүкте В) миллиметр С) пункт D) байт

5. Кадрлау құралын таңдаңдар:

А) Информатикадан тест сұрақтары 7 сынып Арман-ПВ баспасы. 2016-2017 оқу жылы В) Информатикадан тест сұрақтары 7 сынып Арман-ПВ баспасы. 2016-2017 оқу жылы С) Информатикадан тест сұрақтары 7 сынып Арман-ПВ баспасы. 2016-2017 оқу жылы D) Информатикадан тест сұрақтары 7 сынып Арман-ПВ баспасы. 2016-2017 оқу жылы

6. Кез келген еркін түрде алынған аймақты ерекшелеу үдерісін Лассо құралымен аяқтау үшін:

А) Қайтадан Лассо құралын таңдау В) Жылжыту құралын таңдау

С) CTRL пернесін жібермей басып тұру D) Ерекшелеудің басына қайтып барып тінтуірдің батырмасын жібеу қажет

7. Өткір түсті шекаралары бар нысандарды ерекшелеу үшін қандай құрал сәйкес келеді:

А) Лассо В) Тікбұрышты ерекшелеу С) Сопақша ерекшелеу D) «Сиқырлы таяқша»

8. Ерекшеленген аймақтың ішіндегісін жылжыту үшін қандай пернелер үйлесімін басып тұру керек?

А) Ctrl + Shift В) Ctrl + Alt С) Ctrl + I D) Ctrl + J

9. Кескіннің ерекшеленген аймағы жойылады:

А) Ерекшелеуді жою бұйрығымен В) Backspace пернесімен

С) Delete пернесімен D) Ерекшелеуді жою құралымен

10. Градиент құралын таңдаңдар:

А) Информатикадан тест сұрақтары 7 сынып Арман-ПВ баспасы. 2016-2017 оқу жылы В) Информатикадан тест сұрақтары 7 сынып Арман-ПВ баспасы. 2016-2017 оқу жылы С) Информатикадан тест сұрақтары 7 сынып Арман-ПВ баспасы. 2016-2017 оқу жылы D) Информатикадан тест сұрақтары 7 сынып Арман-ПВ баспасы. 2016-2017 оқу жылы

11. Қандай құралмен контур салуға болмайды?

А) баттастырып бояу В) қарындаш С) қылқалам D) аэрограф

12. Қаламұш құралын таңдаңдар:

А) Информатикадан тест сұрақтары 7 сынып Арман-ПВ баспасы. 2016-2017 оқу жылы В) Информатикадан тест сұрақтары 7 сынып Арман-ПВ баспасы. 2016-2017 оқу жылы С) Информатикадан тест сұрақтары 7 сынып Арман-ПВ баспасы. 2016-2017 оқу жылы D) Информатикадан тест сұрақтары 7 сынып Арман-ПВ баспасы. 2016-2017 оқу жылы

13. Емдік қылқалам құралының әрекетіне ұқсас құралды көресетіңдер:

А) қылқалам В) қарындаш С) мөртабан D) өткірлік-шаю

14. Қиып алынған кескіннің шеттері өте өткір болмас үшін қолданылатын құрал:

А) қылқалам В) қарындаш С) мөртабан D) өткірлік-шаю

15.Фонның айқындылығын қолдайтын кескіннің пішімін көрсетіңдер:

А) .jpg В).psd С) .bmp D) .png



16. Белсенді қабаттың немесе ерекшелеу масштабының өзгеру құралын таңдаңдар

А) Информатикадан тест сұрақтары 7 сынып Арман-ПВ баспасы. 2016-2017 оқу жылы В) Информатикадан тест сұрақтары 7 сынып Арман-ПВ баспасы. 2016-2017 оқу жылы С) Информатикадан тест сұрақтары 7 сынып Арман-ПВ баспасы. 2016-2017 оқу жылы D) Информатикадан тест сұрақтары 7 сынып Арман-ПВ баспасы. 2016-2017 оқу жылы



17. Мәтін құруға арналған құралды таңдаңдар

А) Информатикадан тест сұрақтары 7 сынып Арман-ПВ баспасы. 2016-2017 оқу жылы В) Информатикадан тест сұрақтары 7 сынып Арман-ПВ баспасы. 2016-2017 оқу жылы С) Информатикадан тест сұрақтары 7 сынып Арман-ПВ баспасы. 2016-2017 оқу жылы D) Информатикадан тест сұрақтары 7 сынып Арман-ПВ баспасы. 2016-2017 оқу жылы

18. Қаріптің өлшемі немен өлшенеді?

А) сантиметрмен В) миллиметрмен С) пунктпен D) дюйммен

19.Мәтіннің жазуы...таңдалады.

А) тікелей кескін терезесінде В) GIMP мәтіндік редакторының терезесінде

С) WordPad мәтіндік редакторында D) бірден кескінге салынады

20. Информатика пәнінен 7-сыныпта қандай тақырыптар мен бағдарламалармен таныстық?















































































7 - сынып ІV-тоқсан ІІ - нұсқа

1. Айна құралының қызметі:

А) Кескіннің шағылысуы В) Кескінді бұру

С) Кескін аймағын ерекшелеу D) Кескін көшірмесін алу

2. Кескінді шағылыстыру және бұру бұйрықтары қай мәзірде орналасқан:

А) түр В) ерекшелеу С) кескін D) құралдар

3. Құралдар панеліндегі кез келген құралға қай мәзірден қол жеткізуге болады?

А) түр В) ерекшелеу С) кескін D) құралдар

4. Мүмкін болдырмау әрекеті қанша рет орындалады?

А) 3 В) 256 С) компьютердің ресурсына байланысты D) шексіз

5. Қандай бұйрық кескіннің түс мөлшерін азайта алады?

А) постеризациялау В) меже С) қисықтар D) реңдеу

6. Түс бойынша ерекшелеу құралын таңдаңдар:

А) Информатикадан тест сұрақтары 7 сынып Арман-ПВ баспасы. 2016-2017 оқу жылы В) Информатикадан тест сұрақтары 7 сынып Арман-ПВ баспасы. 2016-2017 оқу жылы С) Информатикадан тест сұрақтары 7 сынып Арман-ПВ баспасы. 2016-2017 оқу жылы D) Информатикадан тест сұрақтары 7 сынып Арман-ПВ баспасы. 2016-2017 оқу жылы

7. Тікбұрышты аймақты ерекшелейтін құрал:

А) Еркін пішінде ерекшелеу В) Дұрыс пішінде ерекшелеу

С) Пиксельдердің түстерінің жақындығы бойынша ерекшелеу

D) Алдыңғы планда ерекшелеу үшінқолданылады

8. «Сиқырлы таяқша» құралының жұмыс істеу әрекеті қандай құрал әрекетіне ұқсас?

А) Лассо В) Алдыңғы планды ерекшелеу

С) Түс бойынша ерекшелеу D) Ондай құрал жоқ

9. Қолданушы берген нүктелер бойынша аймаққа ерекшелеу қандай құрал қандай?

А) Лассо В) Түс бойынша ерекшелеу С) «Сиқырлы таяқша» D) «Ақылды қайшылар»

10. Баттастырып бояу құралы не істейді?

А) кескіннің бөлігін ашықтандырады В) түстерді қамти отырып,жан-жағына жағып тастайды С) кескіннің қиып алынған аймағының шекараларын шаяды D)ескі сия қаламы сияқты жазады

11. Суреттерді өңдеу (Ретуширование) дегеніміз не?

А) шекараларды бөлу В) фонмен құйып алу

С) кескінді редакциялау D) кескіннің ұсақ ақауларын жою

12. Суреттерді өңдеу (Ретуширование) құралын көрсетіңдер

А) емдік қылқалам В) қылқалам С) аэрограф D) градиент

13. Мөртабан құралымен клон үлгісін жасау үшін қандай пернені жібермей басып тұру керек?

А) Shift + Ctrl В) Ctrl С) Alt D) Shift + Ctrl

14. Аэрограф құралының әрекетін таңдаңдар:

А) кескіннің бөлігін ашықтандырады В) кескінді фонның түсімен немесе айқындылықпен өшіреді С) кескіннің қиып алынған аймағының шекараларын шаяды D) айнымалы қысымы бар ескі сия қаламы сияқты жазады

15. Белсенді қабат - бұл :

А) кескіннің фоны болып табылатын қабат В) қазіргі уақытта жұмыс істеп отырған қабат С) қабаттар тобындағы ең жоғарғы қабат D) түссіздік мәні 100 болатын кез келген қабат

16. Терезе(Окна)→ Тіркелінетін сұхбаттар (Прикрепляюшиеся диалоги)→ Қабаттар (Слои) бұйрығын немен ауыстыруға болады?

А) Ctrl+L пернелер үйлесімімен В) құралдар панеліндегі сәйкес батырмалармен

С) F9 пернесімен D) Ctrl+O пернелер үйлісімімен

17. Екіден көп қабаттарды бір кескінге қосатын бұйрықтарын таңдаңдар:

А) Қабат→ Алдыңғысымен біріктіру В) Кескін → Кескінді түйістіру

С) Кескін →Көрінетін қабаттарды біріктіру D) Кескін →Барлық қабаттарды біріктіру



18. Мәтін қай қабатта жасалады?

А) ашылған кескін тұрған жерде В) фон түсінің жаңа қабатында

С) жаңа ашық қабатта D) жаңа кескін терезесінде

19. Жаңа қылқалам қылқаламдар топтамасында:

А) жаңа қылқаламды сақтаған соң В) графикалық редакторды қайта жүктеген соң

С) компьютерді қайта жүктеген соң D) жаңа қылқаламды толықтырудың арнайы бұйрығынан кейін пайда болады

20. Информатика пәнінен 7-сыныпта қандай тақырыптар мен бағдарламалармен таныстық?















 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал