7


  • Учителю
  • Компьютердің логикалық амалдары 8 сынып

Компьютердің логикалық амалдары 8 сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Чаудырбаева Карылга Токсанбаевна Қарақұдық орта мектебі Бостан ауылы





Бекітемін: 21.10.2016 ж

8 сынып

Сабақтың тақырыбы: Компьютердің логикалық элементтері

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: Оқушыларға логикалық амалдарды кеомпьютерде жүзеге асыру тәсілдерін үйрету.

  2. Дамытушылық: Оқушылардың логикалық амалдарды компьютерде қолдану тәсілдерін үйрете отырып, сабаққа деген қызығушылығын дамыту.

  3. Ұқыптылыққа, адамгершілікке, тазалыққа тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: Түсіндіре отырып көрсету

Сабақтың көрнекіліктері: Плакаттар

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі

  2. Үй тапсырмасын тексеру

  3. Жаңа сабақ түсіндіру.

  4. Бекіту

  5. Үйге тапсырма беру

  6. Бағалау.

Үй тапсырмасын сұрап, оқушыларды бағалау

Жаңа сабақ

Логикалық амалдарды компьютерде жүзеге асыратын электрондық құрылғылар вентиль деп аталады. Олар бірнеше кіру және бір немесе екі шығудан тұратын өте үлкен кіріктірілген сұлбалардағы интегралданған транзисторлардан жиналады.

Инвертордың құрылымы ЕМЕС вентилі қарапайым : ол бір транзистордан құрылып сұлба түрінде белгіленеді. Егер кірісінде төмен деңгейлі дыбыс болса, шығысында жоғары деңгейлі дыбыс алынады. Осылай теріске шығару амалы жүзеге асырылады.

НЕМЕСЕ вентилі дизъюкцияны жүзеге асырады және сұлба түрінде белгіленеді. Оған мына ереже сай келеді: кірісте кем дегенде бір дыбыс болғанда ғана, шығысында дыбыс болады.

ЖӘНЕ вентилі конъюкцияны жүзеге асырады және сұлба түрінде белгіленеді. Оған мына ереже сай келеді: барлық кірістерде дыбыс болғанда ғана, шығысында дыбыс болады.

Электрондық құрылғылардың үлкен тобы триггерлер деп аталады. Олар екі немесе одан көп тұрақты күйлердің бірінде табылып, сыртқы белгілердің әсерінен алмастырылады. Екілік ақпаратты есінде сақтау қасиеті триггердің ерекшелігі болып табылады.

Триггер ауыстырылған белгінің әрекеті тоқтағаннан кейін де екі күйдің бірінде қала алады. Күйдің бірін «1» деп, екіншісін «0» деп алсақ, триггер санның деп санауға болады.

Триггер - инверторлар мен логикалық вентильдерден тұратын электрондық сұлба. Триггерлер екілік разрядтың бірін сақтау үшін қолданылады және жедел жадтың қарапайым ұяшықтары болып табылады.

Сумматор - екілік сандардың қосындысын орындайтын электрондық сұлба.

Екілік сандардың барлық арифметикалық әрекеттерін қосуға, аударуға болады, яғни, олар да сумматорда орындалады. Егер ұзындығы бит болатын екілік сандарды қосу керек болса, бір сумматордың шығуы басқасының кірісі болатын сумматордың дәйекті жалғасуы қолданылады. Осылайша процессордың арифметикалық-логикалық құрылғысының орталық түйіні болатын көпразядты сумматор пайда болады.

Көптеген вентильдерден тұратын күрделі логикалық сұлбаларды жеңілдету үшін немесе сұлбаға сәйкес болатын күрделі пікірдің ақиқатын анықтау үшін математикалық логиканың заңдары пайдаланылады.

Сабақты бекіту:

  1. Ең қарапайым логикалық вентиль қалай аталады және ол қандай қызмет атқарады?

  2. НЕМЕСЕ вентилі логика алгебрасының қандай амалын орындайды?

  3. Логикалық сұлбалардың түрлендіруі қандай мақсатта орындалады?

  4. Компьютердің қай құрылғыларында триггерлер мен сумматорлар қолданылады?





Дәптермен жұмыс:

Компьютердегі тәжірибелік жұмыс

А деңгейі орындау

В деңгейі орындау





Үйге тапсырма беру.





Бағалау



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал