- Учителю
- Сабақ жоспары информатика пәнінен тақырыбы меншіктеу операторы
Сабақ жоспары информатика пәнінен тақырыбы меншіктеу операторы
Сабақтың мақсаты: А) FREE PASCAL тілінде меншіктеу операторы
жазылған өрнектердің мәні есептеп, оны айнымалыға меншіктеуді
үйрену.
Ә)Топтық жұмыс жүргізіп, оқушылардың сабаққа белсенділігін ,
қызығушылығын арттыру
Б) тест жұмыстары мен тапсырмалар арқылы оқушылардың білімін ашық
түрде бағалау.
Күтілетін нәтижелер А) Паскал тілінде меншіктеу операторының
жұмысын , Паскал тілінде бағдарламада жазылуын үйренеді.
Ә) Топтық жұмыс жасау арқылы бір-біріне сыйластық қатынаста болып,
сабақта белсенділік танытады.
Б) Оқушылар өздерінің тобына берілген тапсырмалар мен тест
жұмыстарын бас бармақ және түрлі түсті жапсырғыш арқылы бағалайды.
.
Оқыту әдіс тәсілдері. «Мен саған, сен маған» сұрақ- жауап, постер ,
тест жұмысы, бағдарлама құру және оны қорғау, «дамино» ойыны
Ресурстар: Түрлі түсті лента, тест парағы, АТК, үлестірмелі
парақ(дамино ойынының), плакат, фламастер, жапсырғыштар(түрлі
түсті)
Сабақ барысы
1 Ұйымдастыру кезеңі
1 минут. Оқушыларды түгелдеу, оқу- құралдарын тексеру.
Сабаққа дайындығын бақылау
2 Сергіту сәті.
Оқушылар бірін- бірі бағалайды. Бас бармақпен. 1-минут
«Мен саған, сен маған» оқушылардың бір- біріне сұрақ- жауабы.
3 Оқушыларды топқа бөлу
І топ «Енгізу» тобы
ІІ топ «шығару» тобы
ІІІ топ «блок- схема» тобы 1-минут
4 Постермен жұмыс
Оқушы жұмыстарын бағалау
Бас бармақ арқылы Әр топ топ басшысын сайлап, өздерінің аттарын
қорғайды.
І топ «Енгізу» тобы
ІІ топ «Шығару» тобы
ІІІ топ «Блок- схема» тобы плакатқа пламастермен өз жұмыстарын топ
болып жазып, бір оқушы қорғайды.
10- минут
5 Жаңа сабақ.
Интерактивті тақтамен презентация арқылы түсіндіру. Меншіктеу
операторы . Жазылған өрнектердің мәні есептеп, оны айнымалыға
меншіктеу үшін қолданылады. Өрнек мәнінің типі айнымалының типіне
сәйкес келуі тиіс. Литерлік, символдық айнымалылардың мәндерін
апостроф арқылы меншіктеу керек.
Жазылу үлгісі :
: =
:= - меншіктеу белгісі
Айнымалының мәні өрнектің есептелген сан мәніне тең болуы тиіс.
Х:=4. 5; У:= sgr (a) + sgr (b ) ; d:=sgr(b)-4*a*c ; 10 минут
6 Топпен жұмысы
Үш топқа тапсырма.
Есептерге бағдарлама құру,
Оқушылар жұмыстарын бағалау.
Бас бармақ арқылы
І топ «Енгізу» тобы физикалық есеп. Жүрілген жол және оған кеткен
уақыт берілген. Жылдамдықты табу.
Паскаль тілінде программа құрып, енгізу операторы мен меншіктеу
операторын көрсету.
№1 ύ=s/t
Program jul;
Var s,t, ύ: real;
Begin readln ( s,t) ;
ύ:=s/t;
Writeln ('ύ=', ύ);
End.
ІІ топ «Шығару» тобы
Төртбұрыштың ауданын тап. Екі қабырғасы берілген. Ауданын табу.
S:=a*b
№2
Program aud;
Var a,b, s: real;
Begin readln ( a ,b ) ;
S:=a*b;
Writeln ('S=', S);
End.
ІІІ топ «Блок- схема» тобы
№3 Үшбұрыштың периметрін табу. Үш қабырғасы берілген.
Р:= a+b+c
Геометриялық фигураларады пайдалану
14 минут
7 Тест жұмысы.
Оқушылар жұмысын бас бармақ және түрлі жапсырғыш арықылы бағалау.
-
Паскаль тілінің дұрыс жазылған меншіктеу операторы белгісін көрсетіңіз :
А) = Ә) := Б) >=
2. Паскальда шығару операторы
А) Read ; readln Ә) write ; writeln Б) Begin
3. √х Паскаль тілінде жазылуы
А) sqrt (x) Ә) sqr (x) Б) ABS (X)
4. IХI х- тің модулі Паскаль тілінде жазылауы
А) sqrt (x) Ә) sqr (x) Б) ABS (X)
5. Х² Паскаль тілінде жазылуы:
А) sqrt (x) Ә) sqr (x) Б) ABS (X)
6. Блок схемада енгізу шығару операторын қандай
геометриялық фигурамен белгілейміз.
А) Ә) б) 3 минут
8 «Дамино ойыны» Үш тілді меңгерейік. Қазақ, орыс, ағылшын тілінде сөздіктерді бір- біріне сәйкестендіріп құру.құру
Егер, шығару, енгізу, шығу, соңы, әзірше
Пока, если, вывод, выход, ввод, конец
While , IF, WRITE, READ, EXIT, END
Әр оқушы оператордың қазақшасын, орысшасын, ағылшын сөздерді тауып, үлестірме парақтарын тізбектей орналастыру
3 минут
9 Қорытындылау
Сұрақтар арқылы : 1.Меншіктеу операторы Паскаль тілінде қалай жазылады?
2.Паскаль тілінде қате жолды тексеру үшін.
3.Паскаль тілі қай жылы пайда болда? (1975ж)
4. Паскаль программалау тілінің алғашқы нұсқасын кім жасады?
( 1968ж Стэнфорд университетінің информатика
кафедрасының профессоры : Никлаус Вирт жасады.
5. Енгізу шығару операторлары. (WRITE, READ)
2 минут
10 Үй жұмысы. Меншіктеу операторы. Үшбұрыштың ауданын табу прораммасын құрып келу. 1 минут
Рефлексия
1. Бүгінгі сабақта сіздер үшін не қызықты болды?
2. Бүгінгі сабақта не қиын болды?
3. Қандай ұсыныс-тілегіңіз бар?