7


  • Учителю
  • Сыныптан тыс жұмыс ' информатика әлеміне саяхат' 8 класс

Сыныптан тыс жұмыс ' информатика әлеміне саяхат' 8 класс

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: Информатика әлеміне саяхат

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың информатика пәнінен алған білімдерін

жинақтау, олардың информатика пәнінен алған білімдерін бақылап,

бағалау.

Дамытушылық: Оқушылардың ойлауын, компьютерлік сауаттылығы

мен іскерлігін, танымдық қабілетін, логикалық сауаттылығын дамыта

отырып, олардың пәнге деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру.

Тәрбиелік: Пәнге, білімге, шығармашылыққа, ойын еркін жеткізе

білуге, топта бірлесе жұмыс істеуге, тәртіптілікке, сабырлылыққа, еңбек

сүйгіштікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу, ұшқыр ойлы, шығармашылық

қабілеті бар жеке тұлғаны қалыптастыру.

Сабақтың түрі: дәстүрлі емес сайыс сабақ

Сабақтың типі: қалыптан тыс

Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, практикум, топпен және жеке жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі:

- Интерактивті тақта (ойын презентациясын көрсетуге арналады).

Cабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі. Ұйымдастыру кезеңінде оқушылар өз

орындарына отырғызылады. Әр топта 5 оқушыдан болады және оның

ішінде бірі топ басшысы ретінде сайланады. Сайысушы топтар

үстелдің екі шетінде орналасады.

Мұғалім:

Құрметті ұстаздар, оқушылар және қонақтар!

Барлықтарыңызды бізбен бірге қызықты «Информатика» әлеміне аттануға шақырамыз. Өздеріңізбен бірге ойлау жылдамдығын, тапқырлықты, күлкіні, шапшаңдықты алып жүруді ұмытпаңыздар.

Біздің саяхатымыз информатиканы үйренушілерге, информатиканы үйретушілерге, информатиканы сүйетіндерге және де информатиканы әлі де білмейтіндерге арналады.

Сайысымызға 7а, 7ә, 7б сыныптарынан құралған екі топ «Информатика әлесіне саяхат» сайысуға келіп отыр. Өздеріңіз көріп отырғандай әр тобымыз 5 оқушыдан құралған және оның ішінде бірі топ капитаны. Әр топ өздеріне қойылған тапсырмаларды бірлесіп, ақылдасып шешулеріне мүмкіндіктері бар.


Бүгін сайысымыздың әділ қазылар алқасымен таныстырып өтейін:

Әділ қазылар алқасының төрайымы:


Мүшелері:

1.Қосубаев Т -информатика пәні мұғалімі

2.Садыбекова К- д.т.ж.о, математика пәні мұғалімі

3. Тиленчиева А- информатика пәні мұғалімі


Сайыс шарты мен өтуі:

Сайыс 5 кезеңнен тұрады.

1. Қиын сұрақтар

2. «Көркем сурет», «Көркем мәтін»

3. Кім жылдам?

4. Сиқырлы пернелер

5. «Белгісіз қамал»

6. Ғажайып қаламсап

7. Информатика әлемі/ топ басшыларына сұрақ/


Енді сайысымызды бастайсыз.

1-кезең. "Қиын сұрақтар"аралы

1. Информацияның заңдылықтарын зерттейтін ғылыми білім дер саласы /информатика/

2. Компьютер атасы/ Чарль Бэббидж/

3. Алғашқы программист әйел /Ада Августа Лавлейс/

4. Сурет салуға арналған программа/ пайнт/

5.Ақпаратты сығу программасын ата/winrar,winzip/

6. Компьютердің ақылшысы. /процессор/

7. Алғашқы есептеу құрылғысы / саусақтар/

8. Компьютер жанына қойылатын өсімдіктер/ кактус/

9. Компьютердегі терең меңгерген адам / хакер/

10.


2. «Көркем сурет», «Көркем мәтін»


3. Кім жылдам?аралы


1. Электронды оқулықтан "Windows-ты меңгеру" тақырыбындағы №3 тапсырманы орындау

2. Электронды оқулықтан

"MS Word бағдарламасында жұмыс істеу" тақырыбындағы №2 тапсырманы орындау


4. «Сиқырлы пернелер»аралы


Enter - енгізу

Shift - үлкен әріпті жазу

Baskspaсe - сол жақтағы символды өшіреді

Alt+F4 - Бірмезгілде қатар басылған осы екі перне терезені жабады

End - соңы

Tab - келесі жолға өту

Esc - болдырмау

Delete - оң жақтағы символды өшіреді.

Caps Lock - түгел бас әріпті жазу

Home - жол басына жылжыту


5.«Белгісіз қамал» аралы

1 мүшелері "Форматтау" саймандар тақтасын құрады.

2 мүшелері "Стандартты" саймандар тақтасын құрады.


Стандартты» құрал -саймандар тақтасының батырмалары


құжатты құру ашу баспаға беру буферден қою

құжатты сақтау буферге көшіру буферге жіберу

басылымды қарап шығу болдырмау ( соңғы операцияны болдырмайды.)


қайталау

Форматтау құралдар тақтасында қаріп пішінін таңдау батырмалары

қарип типтері қаріп өлшемдері

қарайтылған сызылым курсивтік сызылым бір сызықпен сызу

туралау батырмалары қаріп өлшемдері


6. Ғажайып қаламсап



7. Информатика әлемі/ топ басшыларына сұрақ/


І топ басшысына сұрақ

1. Егер орындаушы әрекеттері қайсыбір шарттарды тексеру нәтижелерімен анықталса,... / тармақталу /

2. Программалау тілінің командалары өңдейтін дереутер.../ шамалар/

3. Алгоритм нұсқауы.../ команда/

4. Меншіктеу командасы деген не? / :=/

5. Программа деген не ? / алгоритмнің программалау тілінде жазылуы./

6. Ең көп тараған тілдер: / Си, паскаль, Бейсик, Фортран/

7. Паскаль тілінің кез келген басқа тілдер сияқты несі болады? / тілдің алфавиті, програмасы, операторы, символдар жиыны/

8. Апостроф деген не? / жалқы тырнақша/

9. Бүтін санды бөлу / div/

10. Паскаль тілінің қызметші сөздері? /end,begin/

11. 3,24 саны программалау тілінде қалай жазылады? /3.34/

12. Run менюінің қызметі? / программаны орындау/

13. Санның квадраты қалай жазылады? /sqr/

14. программа неше бөлімнен тұрады./3тақырып, сипаттау, оператор/

15. var деген не? / айнымалы бөлімі /.

ІІ топ басшысына сұрақ

1. Алгоритм сөзі қай тілде , қай ғасырда шыққан? / латын сөзі, 9 ғасырда/

2. Алгоритмдік нұсқауларды алдын ала құру процесі не деп аталады?

/алгоритмдеу/

3. Алгоритмнің қасиеттері нешеге бөлінеді? / 4/

4. Алгоритмді кескіндеудің тәсілдерін ата ? / табиғи тіл, графикалық тіл,алгоритмдік тіл, программалау тіл/

5. алгоритмнің негізгі қызметші сөздері? / алг, басы, соңы/

6. бүтін сандық бөлу қалдығы- /mod/

7. 0,05саны программалау тілінде қалай жазылады? /0.05/

8. Edit менюінің қызметі? / мәтінді редакциялау/

9. Enter пернесінің қызметі? / жаңа жол қосу/

10. бүтін шаманың паскаль тілде белгіленуі./ real/

11.Шығару операторы ? / writeln/

12. Енгізу операторы? /readln/

13. Шаманың түрлері? / бүтін, нақты, символдық/

14.Алгоритмдердің программалау тілінде жазылуы / программа/

15. Turbo Pascal программасын іске қосу? / пуск- Turbo Pascal



Сонымен бүгінгі сайысымыз өз мәресіне де келіп жетті. Келесі кезек, бүгінгі сайысымыздың жеңімпазы кім екенін анықтау үшін, сөз әділқазылар алқасына беріледі.

Сайысымыздың қорытындысы: оқушыларды бағалау. Сайыстың нәтижесі бойынша жеңген оқушылар марапатталады Сайысымызды қорытындылау үшін сөз кезегін әділ-қазылар алқасына береміз.

Командаларға әр бөлім бойынша көрсеткен білімдеріне қарай ұпай беріліп, жеңімпаз команда анықталды. Жеңімпаз команда оқушыларын құттықтаймыз!















№4 Тілеміс батыр орта мектебі








Информатика пәні мұғалімі : Д. Алимкулова


8




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал