- Учителю
- 'Кіріспе. Техника қауіпсіздігі және жұмыс орнын ұйымдастыру' ҚМЖ
'Кіріспе. Техника қауіпсіздігі және жұмыс орнын ұйымдастыру' ҚМЖ
Күні: «Бекітемін»
Сыныбы: 5 «а» ________________
Оқу ісінің меңгерушісі
«___________» ________20 ж
Сабақтың тақырыбы
Кіріспе. Техника қауіпсіздігі және жұмыс орнын ұйымдастыру
Сілтеме
Е.А. Вьюшкова, Н.В.Парасакун, Б.Қ.Әбенов «Информатика 5 сынып оқулығы»; «Информатика әдістемелік құрал 5 сынып» Электронды оқулық смайлик стикер флипчарт маркер
Жалпы мақсаты
Компьютермен жұмыс істеу барысында техника қауіпсіздігі ережелерін сақтауды үйрету
Міндеттер:
1.Жаңа тақырыпты түсіну деңгейлерін анықтау;
2. Оқушылардың өздік жұмыстары арқылы білім беруге ықпал жасау, диалогтік оқыту арқылы әр баланы қамтуға жағдай жасау;
3. Жаңа сабаққа белгілі бір ой қорытындылар жасау.
Мұғалім үшін оқу нәтижелері
1. Теорияны практикада қолдану дағдыларын қалыптастыру;
2. Оқушылардың өзін және достарын бағалау мүмкіндіктерін жасау;
Сабақтың түрі,әдіс
тәсілдері.
Жаңа сабақ.
Зерттеу, жүйелеу, түсіндіру,сұрақ-жауап.
Сабақтың көрнекілігі
әдістемелік құралдар
Тапсырмалар
-
«Ой шақыру» әдісі
-
Топтық тапсырма
-
Постер құрып, қорғау
-
«Екілік диктант»
Күтілетін нәтиже
Компьютер сыныбында өзін-өзі алып жүру ережелерін, көз жаттығуларын, төтенше жағдайдағы іс-әрекет ережелерін біледі
Тапсырмалар
Уақыт
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Ұйымдастыру
7 мин
«Оқу жылына тілек» тренинг
«Молекулалар мен атомдар» 3 топқа бөлу
Оқушылар назарын сабаққа аударады.
Оқушылар үш топқа бөлініп отырады.
Өткенге шолу
5 мин
«Ой шақыру» әдісі
-
«Қауіпсіздік ережесі» сөзін қалай түсінеміз?
Оны қайда қолданамыз?
-
Қандай сабақтарда қауіпсіздік ережесін сақтау керек деп ойлайсыңдар?
-
ДК-мен жұмыс уақытында қауіпсіздік ережесін міндетті түрде сақтау керек деп ойлайсыңдар ма?
-
Сабағымыздың тақырыбы қандай?
-
Мақсатын қалай қойсақ болады?
Әр топ оқушылары қол көтеріп жауап береді.
Дәптерлерін ашып, күн ретін, тақырыпты жазады.
Негізгі бөлім
15 мин
Жаңа сабақ:
Мұғалім бағыт-бағдар беруші
-
ДК-мен жұмысты бастамас бұрын
-
ДК-мен жұмыс кезінде
-
ДК-мен жұмысты аяқтағанда
Апаттық жағдайда
Оқушылар постер құрайды
Әр топтың сайланған көшбасшылары қорғайды.
Тапсырмамен
жұмыс
8 мин
ТАПСЫРМА
Төмендегі әрекеттердің орындауға болатындарын жасыл қарындашпен, ал орындауға болмайтындарын қызыл қарындашпен бояңдар да, сөйлемдердің мағынасына қарай «болады» немесе «болмайды» сөздерін қосып жазыңдар.
Мұғалімнің рұқсатынсыз информатика кабинетіне кіруге болмайды
Компьютер сыныбына сабырлықпен кіріп өзіңнің жұмыс орнына отыруға болады
Информатика кабинетінде сырт киіммен жүруге болмайды
Компьютердің көзге түсерлік ақауы немесе бұзылған жері жоқ екеніне көз жеткізуге болады
Компьютер сыныбына кірерде бір-біріңді есікте итермелеуге болмайды
Компьютердің көзге түсетін ақауларын көрсеңдер мұғалімге хабарлауға болады
Байланыстырушы сымдардың ажыратылатын жеріне тиісуге болмайды
Компьютерде жұмыс істеуді тек мұғалімнің рұқсатымен бастауға болады
Электр тогымен жалғанған сымдарға тиісуге болмайды
Сыныпқа басқа компьютерлерден компакт-диск пен дискет алып келуге болмайды
Компьютердің ақауларын немесе бұзылған жерін өз беттеріңмен жөндеуге болмайды
Сабаққа қатысты емес бағдарламаларды немесе ойындарды қосуға болмайды
Компьютерде кір қолмен жұмыс істеуге болмайды
Пернетақтаны тоқпақтамай, жай басуға болады
Экранға және монитордың артқы қабырғасына тиісуге болмайды
Пернетақта пернелерін кернеу қосылғанда ғана басуға болады
Компьютерде су киіммен немесе су қолмен жұмыс істеуге болмайды
Көзден монитор экранының қашықтығы 60-70 сантиметр болуына болады
Компьютердің құрамдас бөліктеріне заттар қоюға болмайды
Жұмысты аяқтағаннан кейін жұмыс орнын ретке келтіруге болады
Мұғалімнің рұқсатынсыз қапшықтар мен файлдарды жоюға болмайды
.
Электр тогымен зақымданғанда көмек көрсету:
-
Токты ажырату (тарату тақтасындағы тумблерді өшіру)
-
Зақымданған адамды электр тогының әсерінен электр тогын өткізбейтін қол астындағы материалдарды пайдаланып босату
-
Зақымданған адамды қарап шығып, оған зардабының ауырлығына байланысты көмек көрсету
-
Дәрігерді шақыру (мектептің медпунктінен, 03 жедел жәрдем телефоны бойынша немесе жақын жердегі емдеу мекемесінен) керек.
Күйген кезде көмек көрсету
Адам күйікке шалынған жағдайда:
-
Ауырғанды басатын, тыныштандыратын дәрі (анальгин, валерьянка) беру керек.
-
Күйген жерге дәрі (винилин) жағу керек.
-
Күйген жараның бетіне микроб түспейтіндей етіп, алдымен целлофанмен орап алып, суық суда ұстау керек.
-
Дәрігерді (мектептегі медпункттен, 03 жәрдем телефоны бойынша немесе жақын жердегі емдеу мекемесінен) шақырту керек.
Деңгейлік тапсырмалар орындайды
Дәптерге жазу
Тапсырмаға әрқайсысы жауап береді
Сергіту сәті
2 мин
Сергіту сәті
Оқушылар түгел қозғалады
Қорытындылау
5 мин
«ИӘ, ЖОҚ» ойыны
-
Дербес компьютерде су қолмен және су киіммен жұмыс істеуге болмайды( иә)
-
Корпусы мен сымдардың бүтіндігі бұзылған (ашық) ДК-де жұмыс істеуге тыйым салынады( иә)
-
Үстелге, ДК-дің жанына сөмке, портфель, кітап қоюға болады. ( жоқ)
-
Пернетақта үстіне ештеңені қоюға болмайды
( иә)
-
Компьютер сыныбында өртті сумен өшіреді
( жоқ)
-
Оқушылар көзді дем алдыру жаттығуларын жасамаса да болады( жоқ)
Әр топтың оқушылары жекелей жауап береді
Үйге тапсырма
1 мин
Тақырыпты оқу
Оқушылар күнделіктеріне жазып алады
Бағалау
2 мин
Оқушының жиынтық бағасын қою
Топтар бір-бірін бағалайды