7


  • Учителю
  • Білім берудің ақпараттық ресурстары 10 класс

Білім берудің ақпараттық ресурстары 10 класс

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Мерзімі _____________ Бекітемін_________

№ _______ сабақ Сыныбы _________

</ Тақырып: Білім берудің ақпараттық ресурстары.

Сабақтың мақсаты:

  • Білім беру ақпараттық ресурстарына,білім беру электрондық ресурстары туралы түсінік беру.

  • Логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.

  • Пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.Білім порталдарын және катологтарын пайдалануға үйрету.

Құрал-жабдықтар, көрнекі құралдар: компьютер,слайд

Сабақтың әдістері: түсіндіру, көрнекілік қолдану, сөйлеу, сұрақ-жауап , тәжірибелік әдіс.

Сабақтың типі: тәжірибелік элементі бар жаңа тақырыпты түсіндіру сабағы.

Сабақтың барысы:

I Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды ұйымдастыру, түгендеу.

II Үй тапсырмасын тексеру кезеңі

Үйге берілген тапсырманың орындалуын тексеру.

III Жаңа тақырыпқа кіріспе кезеңі

Ақпарттық ресурс әлеуметтік басқару үрдісіндегі қызметтің ерекше түрі болып табылатын ақпараттық қамтамасыз етудің негізін құрайды.

Білім берудің ақпараттық ресурстары дегеніміз - ақпараттың кез - келген түрі немесе оқу үрдісінде қолдануға арнайы жасалған программалық өнімдер. Білім берудің электрондық ресурстарына:

  1. Оқу материалдары (электрондық оқулықтар, оқу құралдары,рефераттар, дипломдар );

  2. Оқу - әдістемелік материалдар ( электрондақ оқу бағдарламалары, әдістемеліктер);

  3. Ғылыми - әдістемелік материалдар ( диссертациялар);

  4. Қосымша мәтіндік және суретті материалдар ( дәрістер, зертханалық жұмыстар);

  5. Тестілеу жүйесі ( білімді электронды тексеру тестілері);

  6. Электрондық кітарханалар;

  7. Білім саласының электрондық мерзімді басылымдары;

  8. Білім саласының мерзімді басылымдарының электрондық мазмұны және мақалалар аңдатпалар;

  9. Білім берудің ресурстарына белгілі сайт адресі немесе сілтемелер жатады;

Электрондық білім беру ресурстары - бұл сандық түрде сақталып таратылатын, оны құру және жүргізу үшін ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдаланатын оқу материалдары болып табылады. Ол төмендегідей мақсаттарды шешуге бағытталады:

- мультимедиа құралдарымен оқу ақпаратын ұсыну;

- интерактивті режимде пайдаланушымен кері байланысты жүзеге асыру;

- оқыту нәтижесін және оқудағы жетістігін бақылау;

- оқу-тәрбие процесін және оқу орнын ұйымдастырушылық тұрғыдан басқаруды ақпараттық-әдістемелік қамтамасыз ету процесін автоматтандыру.

Педагогикалық жоғары оқу орындарының студенттерін электрондық білім беру ресурстарын құра білуге даярлау деп мұғалімнің шығармашылық потенциалын қолданбалы және инструментальдық құралдардың негізінде өзінің оқу пәнінің төл оқу әдістемесін құрып, оны жүзеге асыруға бағытталған электрондық білім беру ресурстарын құру және пайдаланудың теориясы мен практикасын меңгеруді түсінеміз. Студенттерді электрондық білім беру ресурстарын құруға даярлаудың мақсаты:

- электрондық білім беру ресурстарын құруға пайдаланылатын қолданбалы және инструментальдық программалық құралдардың мүмкіндіктерін; электрондық білім беру ресурстарын жасауға қойылатын талаптарды; электрондық білім беру ресурстарының типтерін, оны жасау кезеңдерін, электрондық білім беру ресурстарын пайдалануға негізделген оқу процесін ұйымдастырудың әдістері мен формаларын; электрондық білім беру ресурстарының сапасын бағалай білуі;

- төмендегідей мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған электрондық білім беру ресурстарын жасай білу іскерлігі мен дағдысының болуы: оқушы мен электрондық білім беру ресурсы арасындағы интерактивті өзара әрекеттесуді жүзеге асыру; мультимедиа құралдарының көмегімен оқу ақпараттын көрнекілендіру; оқу ақпаратын сақтау, тарату және көбейту; оқу-тәрбие процесін ақпарттық-әдістемелік қамтамасыз етуді автоматтандыру; оқыту нәтижелерін бақылау;

- электрондық білім беру ресурстарының мазмұнын құруға қажетті мәтіндік, графикалық, дыбыстық, видео материалдарды өңдеуге байланысты негізгі операцияларды орындай білу іскерлігі мен дағдысының болуы; электрондық білім беру ресурстарын пайдалануға негізделген оқу іс-әрекетін жоспарлау, ұйымдастыру және жүзеге асыру.

IV Бекіту кезеңі

Оқулықта берілген білім порталдарының және катологтарының кез- келгенін

пайдаланып , солар туралы ақпарат жинап, осы сайттардың қызметтері жөнінде айтыңдар.

VҚорытынды кезең

  1. Бүгін сабақта не білдік?

  2. Не үйрендік?

  3. Қандай тәжирибелік жұмыс жасадық?

VIҮйге тапсырма

  1. Тақырыпты оқу.

  2. Тақырып бойынша 4 сұрақ ойластырып келу.











 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал