7


  • Учителю
  • Тема: Компьютер және оның мүмкіндіктері. 5 класс

Тема: Компьютер және оның мүмкіндіктері. 5 класс

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақ жоспары

Сабақ №5

Сынып: 5 «А», 5 «Ә», 5 «Б»

Өткізілетін күні: ___________________________

___________________________

___________________________

Сабақтың тақырыбы: Компьютер және оның мүмкіндіктері.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларды ДК-мен, оның негізгі блоктарымен, және олардың міндетімен таныстыру. ЭЕМ-нің мүмкіндіктерінкөрсету. Компьтердің негізгі құрылғылары -процессормен, ЖЖҚ-мен таныстыру.

Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, жүйелікке тәрбиелеу.

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикасын, мәдениеттілік дамыту.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: Компьютер, интерак.тақта.

Сабақтың өту барысы:

1.Оқушыларды ұйымдастыру.

2.Үйге берілген тапсырманы тексеру.

3.Жаңа тақырыпты түсіндіру.

4.Сабақты бекіту.

5. Сабақты қорытындылау

6.Үйге тапсырма беру

1. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу. Сабаққа дайындықтарын тексеру. Оқушылардың назарын сабаққа аудару. (2-3 минут)

2. Үй тапсырмасын сұрау. (7-10 минут)

  1. Ақпараттың қандай түрлерін білесіңдер?

  2. Адам ақпараттытың қандай түрлерін қабылдай алады?

  3. Информатика ғылымы нені зерттейді?

  4. Ақпаратты қабылдаушылар деген кім?

  5. Адам ақпаратты қалай және қайда сақтайды?

  6. Адамның ақпаратты өңдеуіне мысал келтір

3. Жаңа сабақ (10-15 минут)

Жаңа түсініктер:

Компьютер - ақпараттық процестерді жүзеге асыратын негізгі құрал. Компьютерде барлық ақпараттар сандар, әріптер, арнайы белгілер т. б. сияқты таңбалардан тұрады да, әрбір таңба компьютер жадында екілік жазылады.

Компьютер "сөзі" есептеуіш" дегенді білдіреді, яғни есептеуге арналған құрылғы.компьютер-деректерді бағдарламалап өңлдеуге арналған электрондар құрылғы.Қазіргі компьютерлер тек есептеп қана қоймай, цифрлық емес (мәтіндер,дыбыстар, графика және т.б.) ақпаратты өндейді, әр түрлі технологиялық процесттерді, деректер базасын және басқаларды басқарады.Бұл типті компьтерлерді дүние жүзінде жүздеген өндірушілер шығарады.Олар өзара өнімділігімен, жадының сыйымдылығымен және бірқатар функционал мүмкіндіктерімен ерекшеленеді. ДК-сі. Бірақ.ДК-лердің барлық типтерінің ақпарат өндеу және адаммен қарым-қатынас жасауының негізгі принціптері бірдей. Дербес компьютер өнеркәсіп бұйымы ретінде өзара жалғастырушы кабельдермен байланыстырылған бірнеше блоклардан тұрады.

Блоктардың номенклатуруасы әр түрлі болуы мүмкін,бірақ кез келген компьютер жұмыс істеуі үшін, үш блоктан тұратын жинақ керек. Басқа құрылғылардың барлығы қосымша деп аталады.Оларға принтер, ыбыс колонкалары, құлаққап, микрофон, модем, сканер, маус, трекбол, терте жатады. Компьютердің аталған негізгі жинағының басты элементі-жүйелік блок. ДК жүйелік блогы - компьютердің негізгі тораптары орналасқан тік төртбұрышты қорапша, онда: микропроцессоры мен жедел жады және т.б. аналық тақша, адаптерлер, қоректендіру блогы, иілгіш және қатқыл дискідегі жинақтауыштар, контролер ажыратпалар орналастырылған.

ДҚ (дербес компьютер деп аталуының - бір-ақ адам қолданады) қазіргі кезде көпшілік арасында кең тарай бастады. Кез-келген компьютерлер бірнеше құрылғыдан тұрады.

4. Жаңа сабақты бекіту. (7-15 минут)

1.Компьютер дегеніміз не?

2.Ақпараттық құралдар неден тұрады?

3.Компьютердің бағдарламалық жасақтамасына нелер кіреді?

4.ОЖ-нің негізгі функцияларын атандар.

5. Сабақты қорытындылау. Сабақты қорытындылау барысында сабаққа белсене қатысқан оқушыларды мадақтап, қалыс қалып отырған оқушыларға ескертпелер беру арқылы білімдерін бағалау.

6. Үй тапсырмасын беру: §5 оқу.

7. Оқушыларды бағалау. Оқушыларды біліміне, біліктілігіне байланысты бағалау.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал