- Учителю
- 'Күнделікті сабақ жоспары' (8 сынып)
'Күнделікті сабақ жоспары' (8 сынып)
ИНФОРМАТИКА
8-сынып
(барлығы 34 сағ, аптасына 1сағ)
№
Тақырыптар атауы
Сағат саны
Мерзімі
Кіріспе (1 сағат)
1
Кіріспе. Техника қауіпсіздігі және жұмыс орнын ұйымдастыру
1
Ақпарат және ақпараттық үдерістер (7 сағат)
2
Санау жүйелері.
1
3
Екілік, сегіздік, ондық, он алтылық.
1
4
Сандарды бір санау жүйесінен екінші санау жүйесіне аудару.
1
5
Екілік арифметика.
1
6
Логика және логикалық операциялар.
1
7
Ақиқат кестелері.
1
8
Компьютердің логикалық негіздері.
1
Компьютер (2 сағат)
9
Қазіргі заманғы дербес компьютердің архитектурасының даму үрдісі.
1
10
Компьютердің қосымша құрылғылары, қосымша құрылғыларды орнату, драйверлер.
1
Алгоритмдеу және программалау (10 сағат)
11
Тармақталу операторлары.
1
12
Тармақталу операторлары.
1
13
Күрделі шарттар.
1
14
Күрделі шарттар.
1
15
Циклдік алгоритмдер
1
16
Циклдік алгоритмдер
1
17
Циклдік алгоритмдерді программалау.
1
18
Тура және кері есепшоты бар циклдер.
1
19
Циклдің алғы шарты.
1
20
Циклдің ілесу шарты.
1
Ақпараттық модельдеу (2 сағат)
21
Компьютерде модельдерді зерттеу.
1
22
Модель жасаудың негізгі кезеңдері.
1
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (8 сағат)
23
Электрондық кестелер кестелік процессордың терезе интерфейсі.
1
24
Электрондық кестелердің негізгі ұғымдары.
1
25
Деректерді енгізу, редакциялау және пішімдеу
1
26
Толтыру маркері, формулаларды енгізу.
1
27
Абсолюттік, салыстырмалы және аралас сілтемелер.
1
28
Функциялар, стандартты функцияларды пайдалану.
1
29
Диаграммаларды құру.
1
30
Кестені баспаға дайындау
1
Телекоммуникация (2 сағат)
31
Компьютерлік байланыстың негізгі түрлері, жергілікті желі. Интернетте ақпаратты іздеу.
1
32
Интернет ресурстарына қол жетімдік, интернет қызметтері, ақпаратты қорғау және ақпараттық қауіпсіздік
1
Жобалық іс-әрекет (2 сағат)
33
Жобалық іс-әрекет
1
34
Жобалық іс-әрекет
1
Сабақтың тақырыбы: Кіріспе. Техника қауіпсіздігі және жұмыс орнын ұйымдастыру.
Электр тогымен зақымданған жағдайда алғашқы дәрігерлік көмек
көрсету. Көз талғанда жасалатын жаттығулар. Жұмыс орнын
пайдалануды есепке алу журналы.
Программалық Жұмыс орнын пайдалануды есепке алу журналы. Қауіпсіздік техникасы
дидактикалық бойынша нұсқау алуды тіркеу журналы. Өрт сөндіру құралдары.
қамтылуы: Жұмыс дәптері.
Сабақ мақсаты: 1. Есептеуіш техникасымен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік техникасы
ережелерімен таныстыру. Компьютер сыныбында өзін-зі алып жүру
ережелерімен таныстыру. Төтенше жағдайлардағы іс-әрекет
ережелерімен таныстыру.
2. Оқушылардың өздерін кабинетте ұстау, қауіпті жағдайларда көмек
көрсете білу қабілеттерін дамыту.
3. Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру.
Сабақтың типі: Практикум элементтері бар көрсетіп түсіндіру сабағы.
Білім мен білікке Оқушы білуі тиіс:
қойылатын талаптар - ЕТ-пен жұмыс істегендегі қауіпсіздік техникасының ережелерін;
-
компьютер сыныбындағы іс-әрекет ережелерін;
-
қауіпті жағдайдағы іс-әрекет ережелерін.
Оқушының меңгеруі тиіс білігі:
- көз талғандағы жаттығуларды жасауды;
- өрт сөндіргішті қолдануды;
- жұмыс орнын пайдалануды есепке алу журналын толтыруды;
- статикалық кернеу әсерін кетіру жаттығуларын орындауды.
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі
II. Үй тапсырмасын тексеру
III. Жаңа сабақты түсіндіру
1. ҚАУІПСІЗДІК ТЕХНИКАСЫНЫҢ ЕРЕЖЕЛЕРІ
Қауіпсіздік техникасы ережелерін мына пункттерге бөлуге болады:
1) жалпы;
2) ДК-де жұмысты бастау алдында;
3) жұмыс істеу кезінде
4) авариялық жағдайларда жағдайлардағы,
5) жұмысты аяқтағанда
Жалпы қауіпсіздік талаптары:
-
Мұғалімнің рұқсатынсыз құрал-жабдықтарды орнынан қозғауға, сымдарға, розеткаларға, штепсельдің айырына, штекерге тиісуге тыйым салынады.
-
Мұғалімнің рұқсатынсыз компьютерлік сыныпқа кіруге және одан шығуға болмайды
-
Мұғалімнің рұқсатынсыз сынып ішінде жүруге болмайды.
-
Дербес компьютерде су қолмен және су киіммен жұмыс істеуге болмайды
-
Корпусы мен сымдардың бүтіндігі бұзылған (ашық) ДК-де жұмыс істеуге тыйым салынады
-
Үстелге, ДК-дің жанына сөмке, портфель, кітап қоюға болмайды. Үстелде тек қалам мен дәптер ғана жатуы тиіс
-
Пернетақта үстіне ештеңені қоюға болмайды
-
Компьютерлік сыныпта жүгіруге, ойнауға, жолдастарыңның көңілін қажетсіз аударуға, бөгде жұмыстарды істеуге тыйым салынады.
Дербес компьютерде жұмыс істеуді бастау алдында қойылатын қауіпсіздік талаптары
-
ДК электр тогына қосылмаған жағдайда сымдардың, ДК-дің корпусының бүтіндігін және айыру (изоляция) бұзылмамағанын қарап шығып, олардың дұрыс жағдайда екендігіне көз жеткізу керек.
-
Жұмыс кезінде оларға тие бермеу үшін, сымдар сальбырап тұрмауына көңіл бөлу керек.
-
Жұмыс орнын пайдалануды есепке алу журналына белгі қою керек.
Дербес пайдаланылатын компьютер жұмысы кезіндегі қауіпсіздік талаптары
-
ЭЕМ жұмыс істеу кезінде көздің экраннан ең қолайлы қашықтығын (60-70см) сақтау керек. Мүмкін қашықтық -50см.
-
Келушілер кіргенде оқушылардың орнынан тұруының қажеті жоқ.
-
Көз талғанда немесе шаршағанда орнынан тұрмай көзді дем алдыратын бірнеше жаттығу орындау керек.
-
Оқушылар электр тогымен зақымданғанда алғашқы медициналық көмек көрсету әдістерін, өрт сөндіргішпен жұмыс істеу және өрт сөндіру әдістерін білуі керек.
-
Оқушылар көзді дем алдыру жаттығуларды білуі керек.
Апат (төтенше ) жағдайлардағы қауіпсіздік талаптары
-
ДК-де жұмыс істеу барысында ақауларын бйқағанда, түтін немесе әдеттен тыс дыбыстар пайда болғанда жұмысты тоқтатып, аппаратураны өшіру және оқытушыға хабарлау керек.
-
Қажет болса, өртті сөндіруге көмектесу керек.
-
Қажет болса, электр тогынан зақымданғандарға алғашқы көмек көрсету керек.
-
Компьютер сыныбында өртті сумен өшіруге болмайтынын білуі керек. Мұнда құмды немеса көбікті өрт сөндіргішті пайдалануға болады.
-
Егер зақымданған адам электр тогының әсерінде болса, оны жалаңаш қолмен ұстауға болмайтынын білу керек. Зақымданушы электр тогын өткізбейтін материалдарды пайдаланып босатуға болады.
ДК-де жұмысты аяқтау қауіпсіздігінің талаптары
-
Аппаратураны оқытушының нұсқауымен өшіру керек.
-
Жұмыс орнын ретке келтіру керек.
-
Жұмыс орнын пайдалануды есепке алу журналында белгі қою керек
3. ТАПСЫРМАНЫ ЖҰМЫС ДӘПТЕРІНДЕ ОРЫНДАУ КЕРЕК.
Төмендегі әрекеттердің орындауға болатындарын жасыл қарындашпен, ал орындауға болмайтындарын қызыл қарындашпен бояңдар да, сөйлемдердің мағынасына қарай «болады» немесе «болмайды» сөздерін қосып жазыңдар.
Мұғалімнің рұқсатынсыз информатика кабинетіне кіруге болмайды
Компьютер сыныбына сабырлықпен кіріп өзіңнің жұмыс орнына отыруға болады
Информатика кабинетінде сырт киіммен жүруге болмайды
Компьютердің көзге түсерлік ақауы немесе бұзылған жері жоқ екеніне көз жеткізуге болады
Компьютер сыныбына кірерде бір-біріңді есікте итермелеуге болмайды
Компьютердің көзге түсетін ақауларын көрсеңдер мұғалімге хабарлауға болады
Байланыстырушы сымдардың ажыратылатын жеріне тиісуге болмайды
Компьютерде жұмыс істеуді тек мұғалімнің рұқсатымен бастауға болады
Электр тогымен жалғанған сымдарға тиісуге болмайды
Сыныпқа басқа компьютерлерден компакт-диск пен дискет алып келуге болмайды
Компьютердің ақауларын немесе бұзылған жерін өз беттеріңмен жөндеуге болмайды
Сабаққа қатысты емес бағдарламаларды немесе ойындарды қосуға болмайды
Компьютерде кір қолмен жұмыс істеуге болмайды
Пернетақтаны тоқпақтамай, жай басуға болады
Экранға және монитордың артқы қабырғасына тиісуге болмайды
Пернетақта пернелерін кернеу қосылғанда ғана басуға болады
Компьютерде су киіммен немесе су қолмен жұмыс істеуге болмайды
Көзден монитор экранының қашықтығы 60-70 сантиметр болуына болады
Компьютердің құрамдас бөліктеріне заттар қоюға болмайды
Жұмысты аяқтағаннан кейін жұмыс орнын ретке келтіруге болады
Мұғалімнің рұқсатынсыз қапшықтар мен файлдарды жоюға болмайды
4. АЛҒАШҚЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТУ ӘДІСТЕРІ
Электр тогымен зақымданғанда көмек көрсету:
-
Токты ажырату (тарату тақтасындағы тумблерді өшіру)
-
Зақымданған адамды электр тогының әсерінен электр тогын өткізбейтін қол астындағы материалдарды пайдаланып босату
-
Зақымданған адамды қарап шығып, оған зардабының ауырлығына байланысты көмек көрсету
-
Дәрігерді шақыру (мектептің медпунктінен, 03 жедел жәрдем телефоны бойынша немесе жақын жердегі емдеу мекемесінен) керек.
Күйген кезде көмек көрсету
Адам күйікке шалынған жағдайда:
-
Ауырғанды басатын, тыныштандыратын дәрі (анальгин, валерьянка) беру керек.
-
Күйген жерге дәрі (винилин) жағу керек.
-
Күйген жараның бетіне микроб түспейтіндей етіп, алдымен целлофанмен орап алып, суық суда ұстау керек.
-
Дәрігерді (мектептегі медпункттен, 03 жәрдем телефоны бойынша немесе жақын жердегі емдеу мекемесінен) шақырту керек.
Талып қалғандағы көмек көрсету
Адам талып қалған жағдайда:
-
Талып қалған адамды тегіс жерге шалқасынан, басын солға бұрып жатқызу керек.
-
Дәрігерді (мектептегі медпункттен, 03 жәрдем телефоны бойынша немесе жақын жердегі емдеу мекемесінен) шақырту керек.
Тынысы тоқтап қалғандығы көмек көрсету
Адамның тынысы тоқтап қалған жағдайда:
-
Адамның аузын ашып тілін көру керек, егер тілі көмекейіне қарай түсіп кетсе - қолмен тартып шығарып қалыпты орнына келтіру керек;
-
Дәрігерді (мектептегі медпункттен, 03 жәрдем телефоны бойынша немесе жақын жердегі емдеу мекемесінен) шақырту керек.
-
Тыныс алуы қалпына келгенше немесе дәрігер келгенге дейін жасанды түрде тыныс алдырту (ауызды ауызға тақап) жасау керек.
IV. Жаңа тақырыпты бекіту
Қауіпсіздік ережелері бойынша бекіту сұрақтары бойынша, сынақ
V. Қорытындылау
Үйге тапсырма
ЕТ кабинетіндегі жұмыс тәртібі мен қауіпсіздік техникасының ережелері. Электр тогымен зақымданған жағдайда алғашқы дәрігерлік көмек көрсету. Көз талғанда жасалатын жаттығулар. Жұмыс орнын пайдалануды есепке алу журналы.
Оқушыларды бағалау
Сабақтың тақырыбы: Санау жүйелері (екілік, сегіздік, ондық, он алтылық).
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушылардың санау жүйелері, ондық , екілік, сегіздік, оналтылық санау жүйесі туралы білімдерін қалыптастыру
Тәрбиелігі: Жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу.
Дамытушылығы: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту.
Пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Сабақтың түрі: практикум элементтерінің көмегімен демонстрациялау, баяндау арқылы
түсіндіру.
Оқыту әдістері: сөздік, көрнекі, практикалық
Сабақтың көрнекілігі: компьютерлер, интерактивті тақта, электронды оқулық .
Оқыту формалары: жеке, топтық және ұжымдық.
Сабақтың өту барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру.
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Санау жүйелері (екілік, сегіздік, ондық, он алтылық).
«Сан» түсінігі математика үшін де, информатика үшін де маңызды болып табылады.
Сан қандай да бір алфавиттің символымен немесе символдар тізбегімен өрнектеледі. Мұндай символдарды цифр деп атайды. Сан түсінігімен санау жүйелері туралы түсінік байланысты.
Санау жүйелері - сандарды өрнектеудің қандай да бір тәсілі және оған сәйкес сандармен әрекет жасау ережелері.
Бұрынғы және қазіргі қолданылып жүрген барлық санау жүйелері позициялық және позициялық емес санау жүйелері болып екі үлкен топқа бөлінеді. Позициялық санау жүйелерінде цифрдың мәні орналасу орнына тәуелді, ал позициялық емес санау жүйелерінде тәуелді емес.
Позициялық емес санау жүйелерінде әр цифрдың мәні оның тұрған орнына тәуелді емес.
Позициялық емес санау жүйелерінің ішінде ең көп тарағаны - римдік санау жүйесі.
Позициялық санау жүйелері
Позициялық санау жүйелерінде әрбір цифрдың мәні, осы санның жазылуында тұрған орнына тәуелді. Қазіргі кезде кең тараған позициялық санау жүйелеріне ондық, екілік, сегіздік және он алтылық жүйелер жатады. Әрбір позициялық жүйенің нақты анықталған цифрлар алфавиті мен негізі бар.
Позициялық санау жүйесінің негізі цифрлар санына тең және көрші позицияда тұрған бірдей цифрлардың мәндері неше есеге ерекшеленетінін анықтайды.
Сандардың бізге үйреншікті жазылу жүйесі ондық жүйе деп аталады, ол он араб цифрларынан тұрады. Кез келген санды жазу үшін 0-ден 10-ға дейінгі 10 цифр қолданылады, оның негізі 10-ға тең; екілік жүйеде тек 0 және 1 цифрларын қолдануға болады, негізі-2; сегіздік жүйе сегіз цифрдан тұрады, негізі - 8; он алтылық жүйеде ондық санау жүйесінің он цифры және қалған 6 цифрдың орнына латын алфавитінің әріптері қолданылатын, барлығы он алты цифр бар, негізі - 16.
2.2. кесте
Позициялық санау жүйелері
Санау жүйесі
негізі
Цифр алфавиті
ондық
10
0,1,2,3,4,5,6,7,8,9
Екілік
2
0,1
Сегіздік
8
0,1,2,3,4,5,6,7
Он алтылық
16
0,1,2,3,4,5,6,7,8,9 А(10),В(11),С(12),Д(13),Е(14),F(15)
Ондық санау жүйесі
Бұл жүйеде сандарды жазу үшін он цифр қолданылады: 0,1,2,3,4,5,6,7,8,9.
Ондық жүйе позициялық болып табылады, өйткені ондық санның жазылуында цифрдің мәні оның позициясына немесе сандағы орнына байланысты.
Мысалы, 777 саны жеті жүздіктің , жеті ондықтың және жеті бірліктің қосындысын білдіреді.
777= 7*102+7*101+7*100
Санның цифрына бөлінетін позицияны разряд деп атайды.
Екілік санау жүйесі
Екілік жүйеде әдетте ондық емес, позициялық екілік санау жүйесі, яғни негізі «2» санау жүйесі қолданылады.
Екілік жүйеде кез келген сан 0 мен 1 цифрларының көмегімен жазылады да, екілік сан деп аталады.
Екілік санның әрбір разрядын (цифрын) бит деп атайды.
Сегіздік санау жүйесі
Сегіздік санау жүйесінің негізі 8-ге тең, ал 0,1,2,3,4,5,6,7 сандары алфавиттік сандар болып табылады.
Оналтылық санау жүйесі
Екілік сандарды жазуды қысқарту үшін негізі 16 санау жүйесін яғни оналтылық санау жүйесін қолданамыз.
0,1,2,3,4,5,6,7,8,9 A, B, C, D, E,F
IV. Сабақты бекіту .
Жаңа сабақты бекіту сұрақтары:
1. Санау жүйесі деп нені айтады?
2. Позициялық санау жүйесінің позициялық емес санау жүйесінен айырмашылығы неде?
3. Позициялық санау жүйесінің негізі деп нені айтады?
4. Санды екілік жүйеден ондық санау жүйесіне қалай ауыстырады?
5. Он алтылық санау жүйесінде санды жазу үшін қандай цифрлар қолданылады?
6. Бүтін ондық сандарды екілік санау жүйесіне ауыстыру үшін қандай ереже қолданамыз?
7. Ондық бөлшекті екілік санау жүйесіне ауыстыру ережесі қандай?
8. Ондық сандарды сегіздік, оналтылық санау жүйесіне ауыстыру үшін қандай амалдар орындаймыз?
9. Сандарды екілік жүйеден сегіздік, оналтылық санау жүйесіне ауыстыру үшін не істейміз?
V. Үйге тапсырма беру: Санау жүйелері (екілік, сегіздік, ондық, он алтылық). Сандарды бір санау жүйесінен екінші санау жүйесіне аудару.
VI. Оқушыларды бағалау.
Сабақтың тақырыбы: САНДАРДЫ БІР САНАУ ЖҮЙЕСІНЕН БАСҚА САНАУ
ЖҮЙЕСІНЕ АУЫСТЫРУ
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың сандарды бір санау жүйесінен басқа санау жүйесіне
ауыстыру туралы білімдерін қалыптастыру;
Тәрбиелілік: Жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу;
Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту,
пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, оқулық, практикум, тақта.
Сабақтың барысы:
-
Ұйымдастыру кезеңі
-
Үйге берілген тапсырманы тексеру
-
Жаңа тақырыпты түсіндіру
-
Тапсырмаларды орындау
-
Сабақты бекіту
-
Үйге тапсырма
Өткен материалды қайталау сұрақтары:
-
Санау жүйесі дегеніміз не?
-
Санау жүйесін қандай топтарға бөлеміз?
-
Позициялық санау жүйесінің негізі деп нені айтамыз?
-
Санды екілік жүйеден ондық санау жүйесіне қалай ауыстырады?
-
Оналтылық санау жүйесінде санды жазу үшін қандай цифрлар қолданылады?
Жаңа түсініктер:
Сандарды бір санау жүйесінен басқа санау жүйесіне ауыстыру жиі кездеседі. Санды екілік, сегіздік немесе оналтылық жүйелерден ондық жүйеге ауыстыруды қарастырдық.
БҮТІН ОНДЫҚ САНДАРДЫ ЕКІЛІК САНАУ ЖҮЙЕСІНЕ АУЫСТЫРУ.
891
2
1
445
2
1
222
2
0
111
2
1
55
2
1
27
2
1
13
2
1
6
2
0
3
2
1
1
(екілік санның ең үлкен цифры)
89110 = 11011110112
ОНДЫҚ БӨЛШЕКТЕРДІ ЕКІЛІК САНАУ ЖҮЙЕСІНЕ АУЫСТЫРУ.
Ауыстыру ережесі. Ондық оң бөлшекті екілік санау жүйесіне ауыстыру үшін бөлшекті 2-ге көбейту керек. Көбейтіндінің бүтін бөлігін екілік бөлшектің үтірден кейінгі бірінші цифры ретінде алып, бөлшек бөлігін қайтадан 2-ге көбейту керек. Енді бұл көбейтіндінің бүтін бөлігін екілік бөлшектің келесі цифры ретінде алып, бөлшек бөлігін тағы 2-ге көбейту керек. т.с.с
Мысалы:
0,625 * 2=1,250 бүтін бөлігі 1-ге тең;
0,250 * 2=0,500 бүтін бөлігі 0-ге тең;
0,500 * 2=1,000 бүтін бөлігі 1-ге тең;
Соңғы бөлшектің бөлшек бөлігі 0-ге тең ауыстыру аяқталды.
0,62510=0,1012
Ақырғы ондық бөлшекті екілік жүйеге ауыстыру кезінде периодты бөлшек алынуы мүмкін.
Мысалы:
0,3 * 2=0,6 бүтін бөлігі 0-ге тең;
0,6 * 2=1,2 бүтін бөлігі 1-ге тең;
0,2 * 2=0,4 бүтін бөлігі 0-ге тең;
0,4 * 2=0,8 бүтін бөлігі 0-ге тең;
0,8 * 2=1,6 бүтін бөлігі 1-ге тең;
0,6 * 2=1,2 бүтін бөлігі 1-ге тең; және т.с.с
Жауабы: 0,310=0,0(1001)2
ОНДЫҚ САНДАРДЫ СЕГІЗДІК САНАУ ЖҮЙЕСІНЕ АУЫСТЫРУ.
Сандарды ондық жүйеден сегіздік жүйеге ауыстыру үшін екілік жүйеге ауыстыру әдісін қолдануға болады. Түрлендіретін санды ондық жүйенің ережесі бойынша, 7-ден аспайтын қалдығын еске сақтай отырып, 8-ге бөледі. Егер алынған бөлінді 7-ден үлкен болса, онда оны да қалдықты еске сақтай отырып, 8-ге бөледі. Жаңа бөліндіні, егер ол 0-ден көп болса, өз кезегінде 8-ге бөледі. Бұл 8-ге бөлу процесі алынған бөлінді 0-ге тең болғанша жалғаса береді. Содан кейін, соңғысынан бастап барлық қалдықтарды қатар жазып алу керек.
Мысал.
Жауабы: 891ю=15738.
ОНДЫҚ САНДАРДЫ ОНАЛТЫЛЫҚ САНАУ ЖҮЙЕСШЕ АУЫСТЫРУ
Ондық сандарды оналтылық жүйеге жоғарыдағы ұқсас ауыстырады. Айырмашылығы- берілген сан 8-дің орнына 16-ға бөлінеді.
Мысал. 891 санын ондық жүйеден оналтылық санау жүйесіне ауыстырайық.. Шешуі:
"11 цифры "оналтылық жүйеде латынша В әрпімен белгінеледі.)
3-ке тең болады. (оналтылық санның үлкен цифры).
жауабы: 891ю=37Ві6.
САНДАРДЫ ЕКІЛІК ЖҮЙЕДЕН СЕГІЗДІК САНАУ ЖҮЙЕСІНЕ АУЫСТЫРУ
Сегіздік санның кез келген цифрын жазу үшін үш екілік цифр (триада) қажет. ондықтан түрдендіретін екілік санды оңнан солға қарай үш-үштен екілік цифрлар :оына бөледі, мұнда ең сол жақтаға топта екілік цифрлар үштен кем болуы мүмкін. Мысалы, 011 екілік цифры сегіздік санау жүйесінде үш цифры болып табылады. Сонан ейін екілік цифрлардың әрбір тобын кестеде көрсетілген сегіздік цифр түрінде жазады.
Екілік жүйе
Сегіздік жүйе
000
0
001
1
010
2
011
3
100
4
101
5
110
6
111
7
1 101 1110112=15738
САНДАРДЫ ЕКІЛІК ЖҮЙЕДЕН ОНАЛТЫЛЫҚ САНАУ ЖҮЙЕСШЕ АУЫСТЫРУ
Екілік санды оналтылық санау жүйесіне жоғарыдағы ұқсас түрлендіреді: әрбір түрлендіретін екілік сан оңнан солға қарай әрқайсысында төрттен екілік сан бар топтарға (тетрадаларға) бөлінеді, өйткені оналтылық санның кез келген цифрын жазу үшін төрт екілік цифр қажет.
Ондық жүйе
Екілік жүйе
Оналтылық жүйе
0
0000
0
1
0001
1
2
0010
2
3
0011
3
4
0100
4
5
0101
5
6
0110
6
7
0111
7
8
1000
8
9
1001
9
10
1010
10
11
1011
11
12
1100
12
13
1101
13
14
1110
14
15
1111
15
11 0111 10112=37В6 Бұл тене-теңдіктерді оңай тексеруге болады.
Мысалы, 10112=1* 23+ 0 *22+1*21+1*2°=1110=В16
Жаңа сабақты бекіту сұрақтары:
Бүтін ондық сандарды екілік санау жүйесіне ауыстыру үшін қандай ереже қолданамыз? ! Ондык бөлшекті екілік санау жүйесіне ауыстыру ережесі кандай?
Каңдай жағдайда периодты бөлшек алынуы мүмкін?
Ондық сандарды сегіздік, оналтылық санау жүйесіне ауыстыру үшін кандай амалдар орындаймыз?
Сандарды екілік жүйеден сегіздік, оналтылық санау жүйесіне ауыстыру үшін не істейміз?
Үйге тапсырма: оқулықтағы 1.2. тақырыпты оқу.
Сабақтың тақырыбы: САНДАРДЫ БІР САНАУ ЖҮЙЕСІНЕН БАСҚА САНАУ
ЖҮЙЕСІНЕ АУЫСТЫРУ
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың сандарды бір санау жүйесінен басқа санау жүйесіне
ауыстыру туралы білімдерін қалыптастыру;
Тәрбиелілік: Жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу;
Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту,
пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, оқулық, практикум, тақта.
Сабақтың барысы:
-
Ұйымдастыру кезеңі
-
Үйге берілген тапсырманы тексеру
-
Жаңа тақырыпты түсіндіру
-
Тапсырмаларды орындау
-
Сабақты бекіту
-
Үйге тапсырма
Өткен материалды қайталау сұрақтары:
-
Санау жүйесі дегеніміз не?
-
Санау жүйесін қандай топтарға бөлеміз?
-
Позициялық санау жүйесінің негізі деп нені айтамыз?
-
Санды екілік жүйеден ондық санау жүйесіне қалай ауыстырады?
-
Оналтылық санау жүйесінде санды жазу үшін қандай цифрлар қолданылады?
Жаңа түсініктер:
Сандарды бір санау жүйесінен басқа санау жүйесіне ауыстыру жиі кездеседі. Санды екілік, сегіздік немесе оналтылық жүйелерден ондық жүйеге ауыстыруды қарастырдық.
Сандарды бір санау жүйесінен басқа санау жүйесіне ауыстыру.
Сандарды бір санау жүйесінен басқа санау жүйесіне ауыстыру жиі кездеседі. Санды екілік, сегіздік немесе оналтылық жүйелерден ондық жүйеге ауыстыруды қарастырдық.
Бүтін ондық сандарды екілік санау жүйесіне ауыстыру.
89110=11011110112
Ондық бөлшектерді екілік санау жүйесіне ауыстыру.
Ауыстыру ережесі: Ондық оң бөлшекті екілік санау жүйесіне ауыстыру үшін бөлшекті 2-ге көбейту керек. Көбейтіндінің бүтін бөлігін екілік бөлшектің үтірден кейінгі бірінші цифры ретінде алып, бөлшек блігін қайтадан 2-ге көбейту керек.
Ондық сандарды сегіздік санау жүйесіне ауыстыру.
Сандарды ондық жүйеден сегіздік жүйеге ауыстыру үшін екілік жүйеге ауыстыру әдісін қолдануға болады. Түрлендіретін санды ондық жүйенің ережесі бойынша 7-ден аспайтын қалдығын еске сақтай отырып, 8-ге бөледі.
Ондық сандарды оналтылық санау жүйесіне ауыстыру.
Ондық сандарды оналтылық жүйеге жоғарыдағы ұқсас ауыстырады. Айырмашылығы -берілген сан 8-дің орнына 16-ға бөлінеді.
Жаңа сабаққа орындалатын тапсырмалар:
1-нұсқа
1. Ондық сандарды сегіздік санау жүйесіне ауыстырыңдар:
а) 181,36910 б) 176,52610 в) 700610 г) 12510 д) 22910
2. Ондық сандарды оналтылық санау жүйесіне ауыстырыңдар:
а) 32210 б) 150,700610 в) 284,24510 г) 42810 д) 315,07510
3. Екілік санды сегіздік санау жүйесіне ауыстырыңдар:
а) 111101100112 ә) 11011010010012 б) 10011010110012
2-нұсқа
1. Ондық сандарды сегіздік санау жүйесіне ауыстырыңдар:
а) 32210 ә) 15010 б) 283,24510 в) 42810 г) 315,07510
2. Ондық сандарды оналтылық санау жүйесіне ауыстырыңдар:
а) 18110 ә)176,52610 б)36910 12510 22910
3. Екілік санды сегіздік санау жүйесіне ауыстырыңдар:
а) 110111110112 б) 10101110111012 в) 11101111010112
3-нұсқа
1. Ондық сандарды сегіздік санау жүйесіне ауыстырыңдар:
а) 8810 б) 37,2510 в) 206,12510
2. Ондық сандарды оналтылық санау жүйесіне ауыстырыңдар:
а) 8810 б) 37,2510 в) 206,12510
САНДАРДЫ СЕГІЗДІК ЖӘНЕ ОНАЛТЫЛЫҚ САНАУ ЖҮЙЕЛЕРІНЕН ЕКІЛІК ЖҮЙЕГЕ АУЫСТЫРУ
Сегіздік немесе оналтылық санды екілік санға түрлендіру бастапкы санның әрбір цифрын үш (сегіздік сан үшін- триадаларға) немесе төрт ( оналтылык сандар үшін-тетрадаларға) екілік сандардан тұратын топтарға жай ғана ауыстыру арқылы жүзеге асырылады.
Мысалы:
1238= 001 010 011 = 10100112,
А1716=1010 0001 0111=1010000101112.
Егер ауыстырғаннан кейін екілік санның бүтін бөлігі нөлдерден басталса, онда олар алып тасталады. Бөлшек бөліктің соңындағы нөлдермен де тура солай жасайды. Мысалы: 253,А416=001001010011,1011001002=1001010011,1010012.
Жаңа сабаққа орындалатын тапсырмалар:
(Практикум) 2.11 - 1,2-сін; 2.12 - 1,2-сін;2.13 - 1,2-сін;2.14 - 1,2-сін;2.15 - 1,2-сін;2.16 -1,2,3,4,5-сін;217- 1,2,3,4,5-сін;2.18 - а,б,в-сын;2.19 - а,б,в-сын; (Окулық 18-23 беттегі тапсырмалар)
1-нұсқа
1. Ондық сандарды сегіздік санау жүйесіне ауыстырыңдар:
а)181,36910; ж)176,52610; 3)700610; и)12510; к)22910;
2. Ондық сандарды оналтылық санау жүйесіне ауыстырындар:
а)32210; б)150,700610; в)284,24510; г)42810; д)315,07510;
3. Екілік санды сегіздік санау жүйесіне ауыстырыңдар:
а)1Ш01100112; ә)11011010010012; 6)10011010110012;
4. Екілік сандарды кесте бойынша оналтылық санау жүйесіне ауыстырынлар:
а)111101100112; ә)11011010010012; 6)10011010110012;
5. Сегіздік сандарды, кестені пайдаланып, екілік санау жүйесіне ауыстырындар:
а)3248; ә)15768; б)176528; в)1368; г)305078;
6. Оналтылық сандарды, кестені пайдаланып, екілік санау жүйесіне ауыстырыңдар:
а)А5916; ә)8716; б)В68!6; в)С1616;
2-нұсқа
1. Ондық сандарды сегіздік санау жүйесіне ауыстырыңдар:
а) 32210; ә)15010; б)283,24510; в)42810; г)315.07510;
2. Ондық сандарды оналтылық санау жүйесіне ауыстырыңдар:
е)18110: ж)176,52610; з)36910; и)125,0; к)22910;
3. Екілік санды сегіздік санау жүйесіне ауыстырыңдар:
в)110111110112; г)10101110111012; д)11101111010112;
4. Екілік сандарды кесте бойынша оналтылық санау жүйесіне ауыстырыңдар:
в)1101Ш10112; г)10101110111012; д)11101111010112;
5. Сегіздік сандардьь кестені пайдаланып, екілік санау жүйесіне ауыстырывдар:
ғ)4068; д)1258; е)2278;
6. Оналтылық сандарды, кестені пайдаланып, екілік санау жүйесіне ауыстырыңдар:
г)1Ғ5А16; д)4Б616; е)2СЕ16;
3-нұсқа
1. Ондық сандарды сегіздік санау жүйесіне ауыстырыңдар:
л)8810; м)37,2510; н)206Л2510.
2. Ондық сандарды оналтылық санау жүйесіне ауыстырындар:
л)8810; м)37,25,0; н)206,12510;
3. Екілік санды сегіздік санау жүііесіне ауыстырындар:
е)1001111110111,01112; ж)111010101ІДОШОЬ;
4. Екілік сандарды кесте бойынша оналтылық санау жүйесіне ауыстырыңдар:
і :00100102; ж)10100101,01112; з)10011000,000101012;
5. Сегіздік сандарды, кестені пайдаланып, екілік санау жуйесіне ауыстырыңдар:
ж.668; з)37,258; и)206,1258.
6. Оналтылық сандарды, кестені пайдаланып, екілік санау жүйесіне ауыстырыңдар:
кГ9Ғ4016; з)АВСБЕ16; и)1АВС,9В16;
Сабақты бекіту:
Жаңа сабақты бекіту сұрақтары:
Бүтін ондық сандарды екілік санау жүйесіне ауыстыру үшін қандай ереже қолданамыз? ! Ондык бөлшекті екілік санау жүйесіне ауыстыру ережесі кандай?
Каңдай жағдайда периодты бөлшек алынуы мүмкін?
Ондық сандарды сегіздік, оналтылық санау жүйесіне ауыстыру үшін кандай амалдар орындаймыз?
Сандарды екілік жүйеден сегіздік, оналтылық санау жүйесіне ауыстыру үшін не істейміз?
Үйге тапсырма: оқулықтағы 2.2. тақырыпты оқу, 18, 20, 22 беттердегі тапсырмаларды
орындау.
Сабақтың тақырыбы: ЕКІЛІК АРИФМЕТИКА
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Екілік сандармен орындалатын арифметикалық амалдары қосу, азайту, көбейту, бөлу амалдары туралы білімдерін қалыптастыру;
Тәрбиелілік: Жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу;
Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Сабақың түрі: Аралас сабақ
Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар : компьютер, окулық, практикум, тақта.
Сабақтың өту барысы:
-
Ұйымдастыру кезеңі
-
Үйге берілген тапсырманы тексеру
-
Жаңа тақырыпты түсіндіру
-
Тапсырмаларды орындау
-
Үйге тапсырма
Өткен материалды қайталау сүрақтары:
Бүтін ондық сандарды екілік санау жүйесіне ауыстыру үшін қандай ереже қолданамыз? ! Ондык бөлшекті екілік санау жүйесіне ауыстыру ережесі кандай?
Каңдай жағдайда периодты бөлшек алынуы мүмкін?
Ондық сандарды сегіздік, оналтылық санау жүйесіне ауыстыру үшін кандай амалдар орындаймыз?
Сандарды екілік жүйеден сегіздік, оналтылық санау жүйесіне ауыстыру үшін не істейміз?
Жана түсініктер:
Екілік санау жүйесінде арифметикалық амалдар ондық жүйедегі ережелер бойынша орындалады, айырмашылығы-санау жүйесінің негізі екіге тең және тек екі цифр ғана пайдаланылады.
ҚОСУ
0 + 0 = 0
1 + 0 = 1
0 + 1 = 1
1 + 1 = 10 бір көрші (үлкен) разрядқа тасымалданады.
Мысалы.
101
+
011
Қосу процесін кезеңімен қарастырайық.
1. Алдымен қосу кіші разрядта орындалады:
1 + 1 = 10. Қосындының кіші разрядына 0 жазылады да, бірлік алдыңғы үлкен разрядқа тасымалданады,
2.Келесі сол жай разрядтың цифрлары мен тасымалдың бірлігі қосылады:
0+1 + 1 = 10. Қосындының бұл разрядында 0 жазылады да, бірлік тағы да келесі
үлкен разрядқа тасымалданады.
3.Енді үшінші сол жақ разрядтың цифрлары мен тасымалоын бірлігі
қосылады:
1 + 0 + 1 = 10. Бұл разрядта 1 жазылады, ал бірлік келесі үлкен разрядқа тасымалданады, т.с.с.
4. Нәтижеде
101
+
011
1000 алдық.
Сонымен, 10002 = 810.
Қосу - екілік арифметикадағы маңызды оперция. Компьютерде екілік сандармен орындалатын басқа үш арифметикалық операция - азайту, көбейту. бөлу, әдепе косудың көмегімен орындалады.
АЗАЙТУ
0 - 0 = 0
1 - 0 = 1
0 - 1 = 1 көрші (үлкен) разрядтан бірді қарызға аламыз.
1 - 1 =0.
Мысалы:
1010
-
101
1. Кіші разрядта: 0-1. Сондықтан үлкен разрядтан бірлікті карызға аламыз да, 10 -1 = 1-ді табамыз.
2. Келесі разрядта 0-0 = 0 болады.
3.Сол жақтағы разрядта тағы да: 0-1. Үлкен разрядтан 1-ді карызға алып, 10-1
1-ді табамыз.
4.Келесі разрядта 0 қалады.
5.Нәтижеде
1010
-
101
101 алдық.
КӨБЕЙТУ
0
*
0 = 0
1
*
0 = 0
0
*
1 =0
1
*
1 = 1
Мысал. 1012 мен 1102 екілік сандарының көбейтіндісін табыңдар. сандарды көбейтудің кіші разрядтан бастап бағанда орындайық.
101 Тексеру: 1012 = 1 *22+0*21+1 *2° =5
* 1102 = 1*22 +1*21 +0*20 = 6
110
000
101
+
101
11110
111102= 1*24+1*23+1*22+1*21+0*2° = 16+8+4+2+О-ЗО10, яғни 5*6=30
БӨЛУ
Екілік санау жүйесінде бөлу - ондық жүйедегі (бұрыштап) сатылап бөлу сияқты орындалады. Екілік жүйеде бөлу мейлінше оңай орындалады, өйткені бөліндінің кезекті цифры тек нөл немесе бірлік қана болады.
30
2
0
15
2
1
7
2
1
3
2
1
1
2 (екілік санның үлкен цифры)
Мысал. 30 санын 5 санына бөлейік. Ол үшін 3010 санын екілік 111102 -ге ауыстырайық,
510 - 1012-ге сатылап бөлуді орындайық.
11110
101
101
11
' 101
0
1102 = 610
Жаңа сабақта орындалатын тапсырмалар:
Сабақты бекіту сұрақтары:
1. Екілік сандармен кандай арифметикалық амалдар орындалады?
2. Екілік сандар үшін қосу амалын қолданғанда қандай ереже орындалады?
3. Екілік сандар үшін азайту амалын қолданғанда қандай ереже орындалады?
4. Екілік сандар үшін көбейту амалын қолданғанда қандай ереже орындалады?
5. Екілік сандар үшін бөлу амалын қолданғанда қандай ереже орындалады?
Үйге тапсырма беру: Оқулықтағы 2.3. тақырып
Сабақтың тақырыбы: ЕКІЛІК АРИФМЕТИКА
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Екілік сандармен орындалатын арифметикалық амалдары қосу, азайту, көбейту,
бөлу амалдары туралы білімдерін қалыптастыру.
Тәрбиелігі: Жауапкершілікке баулу, дәлдікке үйрету.
Дамытушылығы: Оқушының әрбір сабаққа ынтасы мен қабілетін біріктіріп,пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың өту әдісі: сөздік, көрнекі, практикалық
Сабақтың көрнекілігі: компьютерлер, топтамалар, тест сұрақтары т.б.б.
Оқыту формалары: жеке, топтық және ұжымдық.
Сабақтың өту барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру.
(Практикум жұмыстарын тексеру).
Өткен сабақтар бойынша қайталау сұрақтары.
-
Бүтін ондық сандарды екілік санау жүйесіне ауыстыру үшін қандай ереже қолданамыз?
-
Ондық бөлшекті екілік санау жүйесіне ауыстыру ережесі қандай?
-
Қандай жағдайда периодты бөлшек алынуы мүмүкін?
-
Ондық сандарды сегіздік, оналтылық санау жүйесіне ауыстыру үшін қандай амалдар орындаймыз?
Жаңа материалдың мазмұны:
§2.3. Позициялық санау жүйелеріндегі арифметикалық амалдар.
Екілік санау жүйесінде арифметикалық амалдар ондық жүйедегі ережелер бойынша орындалады, айырмашылығы санау жүйесінің негізі екіге тең және тек екі цифр ғана пайдаланылады.
Қосу
0+0=0
1+0=1
0+1=1
1+1=10 бір көрші (үлкен) разрядқа тасымалданады.
Мысалы:
101
+
011
Қосу процесін кезеңімен қарастырайық.
-
Алдымен қосу кіші разрядта орындалады:
1+1= 10 қосындының кіші разрядына 0 жазылады да , бірлік алдыңғы үлкен разрядқа тасымалданады.
-
Келесі сол жақ разрядтың цифрлары мен тасымалдың бірлігі қосылады:
0+1+1=10. Қосындының бұл разрядында 0 жазылады да, бірлік тағы да келе үлкен разрядқа тасымалданады.
-
Енді үшінші сол жақ разрядтың цифрлары мен тасымалдың бірлігі қосылады:
-
Нәтижеде
101
+
011
-
алдық. Сонымен, 10002=810
Қосу - екілік арифметикадағы маңызды операция. Компьютерде екілік сандармен орындалатын басқа үш арифметикалық операция - азайту, көбейту, бөлу, әдетте қосуды көмегімен орындалады.
Азайту
0-0=0
1-0=1
0-1=1
1-1=0
Мысалы :
101
-
101
К
0*0=0
1*0=0
0*1=0
1*1=1өбейту
Мысал : 1012 мен 1102 екілік сандарының көбейтіндісін табыңдар. Сандарды кіші разрядтан бастап бағанда орындайық:
101 Тексеру: 1012 = 1*22+0*21+1*20=5
*
110 1102= 1*22+1*21+0*20=6
000
111102=1*24+1*23+1*22+1*21+0*20=16+8/+4+2+0=3010
Яғни 5*6=30
Бөлу
Екілік санау жүйесінде бөлу -ондық жүйедегі сатылап бөлу сияқты орындалады. Екілік жүйеде бөлу мейлінше оңай орындалады, өйткені бөліндінің кезекті цифры тек нөл немесе бірлік қана болады.
Жаңа сабақты бекіту: Ол үшін балаларға жаңа сабақтан бірнеше сұрақтар қоя отырып сабақты
аяқтаймын.
Үйге тапсырма: есеп шығару
Сабақты қорытындылау: Жаңа материалды пысықтау, оқушылардың меңгерген білімдерін талдау,
бағалау.
Оқушыларды бағалау.
Сабақтың тақырыбы: Логика және логикалық операциялар. Ақиқат кестелері.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Компьютердің логикалық негіздері, логикалық пікірлердің негізгі түсініктері
логикалық операциялары туралы білімдерін қалыптастыру.
Тәрбиелігі: Жауапкершілікке баулу, дәлдікке үйрету.
Дамытушылығы: Оқушының әрбір сабаққа ынтасы мен қабілетін біріктіріп,
пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың өту әдісі: сөздік, көрнекі, практикалық
Сабақтың көрнекілігі: компьютерлер, топтамалар, тест сұрақтары т.б.б.
Оқыту формалары: жеке, топтық және ұжымдық.
Сабақтың өту барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру.
(Практикум жұмыстарын тексеру).
Логиканың негізгі түсініктері.
ЭЕМ қатысуымен шешілетін есептердің ішінде, әдетте логикалық деп аталатын есептер де аз емес. Логика- бұл адам ойлауының түрлері мен заңдары туралы, оның ішінде дәлелдеуге болатын пікірлердің заңдылықтары туралы ғылым.
Ғылыми пән ретінде логиканың формальды, математикалық ықтималдықты логика және т.б. түрлері қалыптасқан.
Формальды логика сөйлеу тілімен білдіретін біздің кәдімгі мазмұнды пікірімізді талдаумен байланысты.
Ықтималдық логика - кездейсоқ параметрлермен жасалатын сынақтың бірнеше серияларын қолдануға негізделген.
Математикалық логика формальды логиканың бөлігі болып табылады және оның дәлме дәл анықталған обьектілері мен пікірлері бар, олардың ақиқаттығын немесе жалғандығын бір мәнді шешуге болатын ойларды ғана зерттейді.
Математикалық логиканың саласы пікірлер алгебрасы ретінде (оның басқаша логика алгебрасы деп атайды, ол алғаш рет 19 ғасырдың ортасында ағылшын математигі Джордж Бульдің еңбектерінде пайда болды. Бұл - дәстүрлі логикалық есептерді алгебралық әдістермен шешуге талаптанудың нәтижесі), информатикада жақсы меңгерілген.
Логика алгебрасының математикалық аппараты компьютердің аппараттық құралдарының жұмысын сипаттауға өте қолайлы, өйткені компьютердегі екілік санау жүйесі болып табылады, өздерін білесіңдер, онда екі цифр: 0 мен 1 қолданылады, ал логикалық айнымалылардың мәндері де 2: 0 және 1.
Пікір дегеніміз - жалған немесе ақиқат болуы мүмкін қандай да бір пайымдау. Мысалы,
«Қара -ақ», «2*2=4» деген ақиқат, ал «тау тегіс », «2*2=5» деген -жалған пікірлер.
Егер пікір айтылған ой обьектілерінің кез келгені үшін рас болса, онда жалпы пікір тепе тең ақиқат деп аталады. Мысалы, «иттің төрт аяғы бар» пікірі кез келген ит үшін рас.
Күрделі жағдайларда сұрақтардың жауабы ЖӘНЕ, НЕМЕСЕ, ЕМЕС логикалық жалғаулықтарын пайдаланып, құрамды пікірелер арқылы беріледі.
Логикалық жалғаулықтардың көмегімен басқа пікірлерден құрастырылған пікірлерді құрамды деп атайды. Құрамды емес пікірлерді қарапайым немесе элементар деп атайды.
Құрамды пікірдегі ЖӘНЕ жалғаулығы әрқашан құраушы пікірлердің бәрін ақиқат деп ұйғарады.
Барлық компьютерлік бағдарламада және математикалық пайымдауда немесе жалғаулығы тек біріктіруші ролде түсініледі. Мысалы: х=0 немесе у=0 пайымдауындағы немесе жалғаулығы не у=0 не х=0, у=0 және х=0 дегенді білдіреді.
ЕМЕС жалғаулығы теріске шығаруды тұжырымдау үшін қолданылады.
Жаңа сабақты бекіту сұрақтары:
1.Пікір дегеніміз не?
2. Қандай пікірлер жалпы деп аталады? Жалпы және жеке пікірлерге мысал келтіріңдер?
3. ЖӘНЕ жалғаулығына мысал келтіріңдер?
4.НЕМЕСЕ жалғаулығымен бөлуші рөлде, біріктіруші рөлде мысал келтіріңдер?
5. Пікірлер алгебрасы нені зерттейді ?
6. Формалды және табиғи тілде берілетін пікірлерге мысал келтіріңіз?
Үйге тапсырма: Логика және логикалық операциялар
Сабақты қорытындылау: Жаңа материалды пысықтау, оқушылардың меңгерген білімдерін талдау,
бағалау.
Оқушыларды бағалау.
Сабақтың тақырыбы: Компьютердің логикалық негіздері
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Компьютердің логикалық негіздері, логикалық пікірлердің негізгі түсініктері
логикалық операциялары туралы білімдерін қалыптастыру.
Тәрбиелігі: Жауапкершілікке баулу, дәлдікке үйрету.
Дамытушылығы: Оқушының әрбір сабаққа ынтасы мен қабілетін біріктіріп,
пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың өту әдісі: сөздік, көрнекі, практикалық
Сабақтың көрнекілігі: компьютерлер, топтамалар, тест сұрақтары т.б.б.
Оқыту формалары: жеке, топтық және ұжымдық.
Сабақтың өту барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру.
(Практикум жұмыстарын тексеру).
Логикалық амалдар.
Логикалық көбейту (коньюнкция). Екі немесе одан көп пікірлерді «және» жалғаулығы көмегімен біріктіру амалы логикалық көбейту немесе коньюнкция деп аталады.
Коньюнкция:
-табиғи тілде «және» жалғаулығына сәйкес келеді.
-пікірлер алгебрасында ^ немесе & белгілернің бірімен таңбаланады.
Коньюнкция - ол әрбір қарапайым екі пікірге, пікірлердің екеуі де ақиқат болғанда ғана ақиқат мән қабылдайтын күрделі пікірді сәйкес қоятын логикалық амал.
Логикалық көбейту функциясының ақиқаттық кестесі мен графиктік бейнеленуі 1-суретте көрсетілген.
Логикалық көбейту функциясының ақиқаттық кестесі мен графиктік бейнеленуі
-
Ақиқаттық кестесі
Эйлер-Венн диаграммасы
А
В
А^В
0
0
0
0
1
0
1
0
0
1
1