7


  • Учителю
  • Информатикадан сабақ жоспары 6 сынып 'Алгоритм құрылымы'

Информатикадан сабақ жоспары 6 сынып 'Алгоритм құрылымы'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

№25 Г.Титов атындағы жалпы орта мектебі

коммуналдық мемлекеттік мекемесі








Ашық сабақ:









Пән мұғалімі:Есемханова Жайна






Мерзімі: 26.11.2014 ж.

Сабақ жоспары Тексердім:

Сыныбы : 6«А» Оқу жұмысы бойынша орынбасары:

____________


Сабақтың тақырыбы: Алгоритм құрылымы.

Сызықтық алгоритм, тармақталған алгоритм, циклд ық алгоритм

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі:Бала бойына бүгінгі тақырыпты өту барысында

білімдерін арттыру.

Тәрбиелігі:Әр оқушыны іскерлікке, нақтылыққа,

ынтымақтылыққа тәрбиелеу.

Дамытушылығы:Оқушының әрбір сабаққа ынтасы мен қабілетін біріктіріп,

пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту сабағы

Сабақтың өту әдісі: сөздік, көрнекі, практикалық

Сабақтың көрнекілігі: компьютерлер, интерактивті тақта, презентация.

Сабақтың барысы:

а) ұйымдастыру кезеңі

б) сабақ сұрау

в) жаңа сабақ

г) бекіту

д) бағалау

е) үйге тапсырма

ж) қорытынды

Мини тест

  • 1 Алгоритм дегеніміз-...

  • А)іс-әрекет

  • В)толық сипатталған тапсырма

  • С)алға қойған мақсатқа жету үшін орындалатын қадамдар тізбегі

  • Д)Математикалық есептің шешілуі

2. Төмендегі құжаттың қайсысы алгоритм?

  • А)техникалық қауіпсіздік ережесі

  • В) аспаздық рецепт

  • С) сабақ кестесі

  • Д) сынып тізімі

3. Алгоритм орындаушыларына жатпайтынын көрсет?

  • А) жазу үстелі

  • В) адам

  • С) ыдыс жуатын машина

  • Д) робот

4. Кез-келген алгоритмнің соңғы бұйрығын көрсет?

  • А) бітіру

  • В) алгоритмдегі іс-әрекетті аяқтайтын кез-келген бұйрық

  • С) орындау

  • Д) соңы


1-сұрақ

2-сұрақ

3-сұрақ

4-сұрақ

С

В

А

Д


Кодталған сөздерді шешіңдер және
код мағынасын ашыңдар.

Алгоритмнің жазылу формалары

  • Дфзрсөкоіма - Сөздік формада

  • зосбыбалк -Блок сызба

  • ларгмоти -Алгоритм

  • памумарлграо -Программалау


Жаңа сабақты түсіндіру

Алгоритм құрылымы

Алгоритмдер блоктардың өзара байланысуына қарай үш құрылымға - сызықтық, тармақталған және циклдік түрлерге бөлінеді.

  1. Сызықтық алгоритм. Сызықтық алгоритм тізбектеле орналасқан командалардан, ал блок-схемалар бір сызық бойына орналасқан тізбекті блоктардан тұрады. Әрекеттердің тізбектей орындалуы - сызықтық алгоритм деп аталады.

Мысалы:

алг үй тапсырмасын орындау

басы

күнделікті алу, тиісті бетін ашу,

үй тапсырмасын анықтау

үй тапсырмасын орындау

күнделікті орнына қою

соңы

Сызықтық алгоритм командалары осында көрсетілген рет бойынша орындалатын тізбектеле орналасқан командалардан (блоктардан) тұрады.

Амалдардың бұлай бірінен соң бірі реттеліп орындалу тәртібін табиғи атқарылу дейді.

  1. Тармақталған алгоритмдері. Егер алгоритм қадамдарының тізбектеле орындалуы қандай да бір шартқа тәуелді өзгеретін болса,онда мұндай алгоритмді тармақталған алгоритм дейміз. Шартты тексеру блогын блок-сызбада ромбымен таңбалаймыз.Егер шарт дұрыс болса, онда есепті шешу үшін "ия" тармағы пайдаланылады,ал оған кері жағдайда - "жоқ" тармағы пайдаланылады.Тармақталу алгоритмі сөзбен берілгенде "егер", "онда" кілттік сөздері қолданылады.Жазу барысында "әйтпесе" сөзін қолдануға болады.Тәсіліне байланысты тармақталу командасы "толық" және "толық емес" болып екі түрге бөлінеді.


  1. Циклдік алгоритмдер. Көптеген алгоритмдерде белгілі бір әрекеттер тізбегі бірнеше рет қайталанып орындалып отырады. Математикада есеп шығару кезінде бір теңдеуді пайдаланып, ондағы айнымалы мәнінің өзгеруіне байланысты оны бірнеше рет қайталап есептеуге тура келеді. Осындай есептеу процесі бөліктерінің қайталап орындалуы цикл деп атайды, ал қайталанатын бөлігі бар алгоритдер тобы циклдік алгоритмдерге жатады. Блок-сызбада циклдік алгоритмнің шарты алтыбұрышты фигураға жазылады.



Шарт басында келетін циклдік Шарт соңында келетін циклдік

алгоритмнің блок-сызбасы алгоритмнің блок-сызба сы

Сабақты бекіту сұрақтары

2-тапсырма.

Келесі бұйрықтар тобын 16 рет қатарынан орындайтын орындаушы қайда болады?

10 м алға жүру

Сағат тілімен 900 қа бұрылу

Жауабы: бастапқы орнына

Сәйкестендір.

Сызықтық

Белгілі бір бөлігі бірнеше рет қайталататын алгоритм

Тармақталған

Әрекеттердің тізбектей орындалуын сипаттайтын алгоритм

Циклдық

Шартты тексеру арқылы орындалатын алгоритм

6-тапсырма

72 санына келтірілген төмендегі алгоритмнің нәтижесі қандай ?

Басы

21-ді қос

75-ті алып таста

Егер алынған нәтиже 10-нан кіші болса ,онда 15-ті қос,ал егер

10 үлкен болса,2-ні алып таста.

Нәтижені жарияла

Соңы

Келтірілген алгоритмге блок-сызба құрыңдар.

Нәтижие: 16

10 санына келтірілген

алгоритмнің

нәтижесі қандай ?

Басы

5-ті қос

Нәтижені 2-ге көбейт

Алдыңғы бұйрықты 2 рет орында

Алынған нәтижені 3-ке бөл

Егер алынған нәтиже

130-нан кіші болса ,

онда 5-ті алып таста

Нәтижені жарияла

Соңы

Нәтижие: 35

S:=S+a

Келтірілген алгоритмге

блок-сызба құрыңдар.

1-ден 100-ге дейінгі сандар

қосындысы

Сөздік алгоритмі мен

блок сызбасы

Санды тексер 100 ден кіші ме

Егер сан 100 ден кіші болса, онда

оның қосындысын тап, әйтпесе

қосындысын шығар

"Киноға бару"

алгортмінің сөзбен берілуі және блок сызбасын құру.

  1. Анаңнан киноға баруға рұқсат сұрау

  2. Егер анаң рұқсат берсе, онда киноға барасың,

  3. әйтпесе бөлмені тазалау қажет


Z=ах+в формуласы бойынша есептеу

сөздік алгоритмін және блок сызбасын құру.

  1. а-ны х-ке көбейтеміз

  2. Оған в-ны қосамыз

  3. Нәтижені z-ке меншіктейміз.


  1. Сызықтық алгоритм дегеніміз не?

  2. Тармақталған алгоритм дегеніміз не?

  3. Циклдік алгоритм дегеніміз не?

  4. Блок сызбада ромб не үшін қолданылады?

  5. Блок сызбада алтыбұрыш не үшін қолданылады?


Үйге тапсырма: §11-12 оқу,
№1,5 тапсырмаларды орындау




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал