- Учителю
- Дыбыстық ақпаратты өңдеу.Дыбысты жазу. Сабақ жоспары
Дыбыстық ақпаратты өңдеу.Дыбысты жазу. Сабақ жоспары
Сабақ жоспары
Пән аты: Информатика
Сынып: 5
Өткізілетін мерзімі:
Сабақтың тақырыбы: Дыбыстық ақпаратты өңдеу.Дыбысты жазу.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Windows-тың стандартты программалары жөнінде түсінік беру. Компьютерде дыбыс жазу бағдарламасымен жұмыс істеуді үйрету. Өз дауысын жазуды үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық-абстракциясын дамыту. Калькулятормен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды тәрбиелікке, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі. Аралас сабақ.
Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар. Компьютер, оқулық, жұмыс дәптері, үлестірмелер.
Бағдарламалық-дидактикалық қамсыздандыру: Windows 8 операциялық жүйесі. Дыбыс жазу бағдарламасы.
Сабақтың өту барысы:
1.Қызығушылықты ояту
а) Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу.
б) Сабаққа дайындықтарын тексеру.
в) Сабақ тақырыбын, мақсаттарын жариялау.
2.Үйге берілген тапсырманы тексеру.
-
Калькулятордың атқаратын қызметі қандай?
-
Калькулятордың қандай түрлері бар?
-
Блокнот программасын іске қосу үшін қандай әрекеттерді орындау қажет?
-
Блокнот бағдарламасы не үшін арналған?
-
Мәтіннің үзіндісін бөліп алу үшін қандай әдістер қолданылады?
-
Калькуляторды іске қосу үшін қандай тізбекті орындау қажет?
-
Соңғы ендірілген цифрды қандай батырма өшіреді?
3.Жаңа тақырыпты түсіндіру.
4.Тапсырмаларды орындау.Практикалық жұмыстар.
5.Мағынаны тану
6. Ой-толғау
7.Үйге тапсырма беру.
8. Оқушыларды бағалау.
Жаңа сабақ
Жаңа түсініктер
</ Дыбыс жазу бағдарламасы - Windows-тың стандартты бағдарламасының бірі. Дыбыс жазу бағдарламасы сөйлеп тұрған адамның дауысын, не басқа дыбыстарды жазуға арналған. Дыбысты жазу бағдарламасын ашу үшін: Пуск-Все программы-Стандартные-Звукозапись командасын орындаймыз. Бағдарлама терезесінің интерфейсі келесі бөліктен тұрады:
-
Жазуды бастау батырмасы;(1-сурет)
-
Жазуды тоқтату; (2-сурет)
-
Анықтама батырмасы;
1-сурет
2-сурет
Дыбысты жазу үшін, «Жазуды бастау» батырмасын шерту керек;
Дыбысты жазып аяқтағаннан кейін «Жазуды тоқтату» батырмасын шерту керек. Жазылған дыбыс .wma кеңейтілуімен сақталады.
Тапсырмаларды орындау. Практикалық жұмыс.
Компьютерде дыбыс жазу бағдарламасымен жұмыс. Дыбыс жазу.
Сабақты бекіту сұрақтары:
-
Дыбысты жазу бағдарламасы не үшін арналған?
-
Дыбыс жазу бағдарламасын қалай ашамыз?
-
Дыбыс жазу бағдарламасының кеңейтілуі қандай?
-
Дыбыс жазу бағдарламасында қандай батырмалар бар?
Сабақты қорытындылау. Сабақты қорытындылау барысында сабаққа белсене қатысқан оқушыларды мадақтап, қалыс қалып отырған оқушыларға ескертпелер беру арқылы білмдерін бағалау.
Үйге тапсырма: Дыбыс жазу бағдарламасы.
Оқушыларды бағалау. Оқушыларды біліміне, біліктілігіне байланысты бағалау.
Оқушының
аты-жөні
Үй тапсырмасына дайындалып келуі.
(1-2 ұпай)
Жаңа сабақты толық меңгеруі. (1-2 ұпай)
Әр түрлі идеялар мен пікірлерді қосуы. (1-2 ұпай)
Өз пікірін ашық айтуы,басқада пікірлерді тыңдап құрметтеуі.(1-2 ұпай)
Компьютерде тапсырмаларды орындауы
(1-2 ұпай)
Жалпы ұпай:
9-10 ұпай-«5»
7-8 ұпай -«4»
5-6 ұпай-«3»