7


  • Учителю
  • Сабақ жоспары 'Мәтіндік процессор туралы жалпы мағлұмат' 6 сынып

Сабақ жоспары 'Мәтіндік процессор туралы жалпы мағлұмат' 6 сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сыныбы:____________________

Күні: _______________________

Сабақтың тақырыбы: Мәтіндік процессор туралы жалпы мағлұмат.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды мәтіндік процессор туралы, блокнот мәтіндік редакторы арқылы мәтінді теруге үйрету.

  1. Білімділік: Оқушылар мәтіндік поцессордың көмегімен мәтінді енгізуге, тузетуге, көптеген амалдарды орындауға үйрену керек.

  2. Дамытушылық: Оқушыларға мәтіндік процессорлар арқылы құрылатын құжатты көрсету.

  3. Тәрбиелік: Оқушыларды информатика кабинетінде техникалық қауіпсіздік ережесін сақтауға және еңбекке баулу.

Сабақ түрі: Аралас сабақ

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: Компьютерлер, информатика мен есептеуіш техника негіздері әдістемелік нұсқау бағдарламалары,оқулық.

Сабақтың өту барысы:

  1. Оқушыларды ұйымдастыру

  2. Жаңа тақырыпты түсіндіру

  3. Сабақты бекіту

  4. Үйге тапсырма

Үй жұмысын сұрау

1. Модель дегеніміз не?

2. Модельдеу дегеніміз не?

3. Нені модельдеуге болады ?

4. Қандай модельдер болады?

5. Құбылыстарға не жатады?

Жаңа сабақ

Кез келген компьютерде мәтін құруға арналған арнайы программалар орнатылады. Блокнот мәтіндік редакторы арқылы мәтінді компьютерде теруге және түзетуге болады. Сурет, фотосурет, кесте диаграммалары бар құжаттарды құру мен өңдеу үшін мәтіндік процессорды қолданады. Мәтіндік процессордың көмегімен мәтінді енгізуге, түзетуге және пішімдеуге, сонымен бірге графикалық элементтерді, кестелерді көптеген амалдарды орнатуға болады.

Мәтіндік процессор - бұл қарапайым және кешенді мәтіндік құжаттарды енгізуге, түзетуге, пішімдеуге, сонымен бірге экранға және қағазға басып шығаруға мүмкіндік беретін программалар түрі.

Мәтіндік процессор арқылы құрылған кез келген мәтін құжат деп аталады. Мәтіндік процессордың мысалы ретінде WORDPAD пен MICROSOFT WORD - ты қарастыруға болады. WORDPAD программасы Стандарттық программалар тобына жатады. MICROSOFT WORD мәтіндік процессоры MICROSOFT OFFICE құрамына енеді. MICROSOFT WORD - әлемге танымал және ең көп қолданылатын мәтіндік процессорлардың бірі.

MICROSOFT WORD қолданбасында құрылған құжаттар:

  • Docx - WORD 2007, 2010 пішімі;

  • Doc - WORD 97 - 2003 пішімі;

  • Rtf - кез келген мәтіндік редакторларда оқуға арналған файл типі.

Мәтіндік процессорда жұмыс жасау екі режимнен тұрады.

  1. Мәтінді енгізу мен өңдеу:

  • Пернетақтада мәтінді теру;

  • Мәтінге өзгерісті енгізу;

  • Қаріптерді басқару;

  • Мәтінді пішімдеу;

  • Мәтін үзінділерімен жұмыс істеу;

  • Терезелермен жұмыс жасау;

  1. Мәтіндік процессорда жұмыс жасаудың қосымша режимдері:

  • Мән мәтінді іздеу мен оны алмастыру;

  • Орфографиялық басқару;

  • Файлдармен жұмыс;

  • Анықтама алу;

Іске қосу (ПУСК) батырмасына басып, Барлық программалар (ВСЕ ПРОГРАММЫ) ішінен MICROSOFT OFFICE программасын таңдағаннан кейін MICROSOFT WORD 2010 батырмасына бір рет шертеміз.

Бекіту: Тапсырма: Оқушылар мәтіндік процессорлар арқылы мәтіндік құжат құру. Жаңа сабаққа байланысты сұрақ жауап беру арқылы жаңа сабақты қорытындылау.

Сабақты қорытындылау: Мәтіндік процессор туралы жалпы түсінік.

Үй тапсырмасын беру: Бүгінгі өтілген тақырыпты мазмұндап келу.

Бағалау: Оқушылардың біліміне сәйкес бағалау.




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал