7


  • Учителю
  • Бағдарламалау тілінде оператор түсінігі

Бағдарламалау тілінде оператор түсінігі

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: Программалау тілінің операторлары

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Программалау тілінің операторларының алғы шарттардың түсінігін қалыптастыру.

Дамытушылық: Оқушылардың тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін, шығармашылыққа баулу, оқушылардың ой-өрісін, тіл байлығын, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Адамгершілікке, ізеттілікке, техника қауіпсіздігін сақтауға тәрбиелеу

Сабақтың түрі: ЖББ

Сабақта қолданылатын көрнекті қүралдар: Компьютер, оқулық, жұмыс дәптері



Сабақ барысы:

1. Оқушыларды ұйымдастыру .

2. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

3. Тапсырмаларды орындау

4. Сабақты бекіту.

5. Үйге тапсырма беру.



Жаңа сабақты түсіндіру

Меншіктеу операторы - жазылғын өрнектің мәнін есептеп,айнымалыға меншіктеу

Жазылу пішімі: <айнымалы атауы> := <өрнек>

Айнымалы атауының типі мен қабылдайтын мәннің типі бірдей болуы қажет.

Мысалы: var n: real;

begin

n:=19.36;

Төмендегі кестеден қайсысы меншіктеу операторы болатыны немесе болмайтыны мысал ретінде келтірілген.Өрнек

Түсініктеме

z:=0

Болады

a=c+1

Болмайды,меншіктеу таңбасы салынбаған

-z:=y

Болмайды,айнымалы атауы теріс болмауы тиіс

2*p+3:=x

Болмайды,айнымалы мен өрнек орны ауысқан

Көшу операторы

Көшу операторы операторлардың рет-ретімен орналасуын бұзып, келесі атқарылуды,яғни белгісі бар операторға көшуді орындайды

Жазылу пішімі: GOTO <белгі>;

……………….

<белгі>: end .

Көшу операторын қолданған жағдайда: оны программа мәтіні бойынша тек төмен қарай көшу үшін пайдаланған жөн. Белгі тұрған орын мен көшу операторының арасы мәтін бойынша бір беттен артпауы тиіс.

Бос оператор

Ол ешқандайда амал орындамайды. Бос оператор қалдырылып кеткен оператордың орнын белгілеу үшін пайдаланылады.

Енгізу операторы - мәліметтерді енгізу . READ (ағылшынша - оқу)

Жазылу пішімі:

read (a,b,c); - айнымалы мәндері пернелер арқылы араларына 1 бос орын қалдыру арқылы енгізілген соң,курсорды келесі қатарға көшірмейді.

readln (a,b,c); - пернелерден мәндер енгізілгеннен кейін курсорды келесі қатарға көшіріп жібереді.

readln; - ешқандай мән енгізбейді,тек курсорды келесі қатарға көшіреді.

Мысалы: var n: real;

m: integer;

k: char;

begin

read (n,m,k);

……………

Программаға 212.5 38 `d` - мәлімет енгізу дұрыс орындалған

`d` 212.5 38 - мәлімет енгізу дұрыс орындалмаған

Енгізілген айнымалы мәні өз типтеріне сәйкес келуі шарт.

Шығару операторы - нәтижені экранға шығару. WRITE (ағылшынша - жазу)

Жазылу пішімі:

write (a,b,c); - мәнді бір жолға шығарады

writeln (a,b,c); - мәнді әр жолға, бірінің астына бірін шығарып көрсетеді

Мысалы:

Бүтін санды экранға шығару

var k: integer;

r: real;

begin

read (r);

write (k:n);

Есеп №1

Радиусы R болатын шеңбер ұзындығын есептеу программасын құрып көрсету қажет .

Pi=3.14 L:=2*pi*R

ІҮ. Пысықтау , бекіту .

Нұсқау хатты басшылыққа ала отырып, олимпиада ойынына қатысайық.

1. Биатлон

ОЭ-4. Қатені тап, дәлелде

Мақсат : Берілгендердің қатесін тауып, дәлелдеу

1. Х = K + 4

2. X := 3,74*A

3. 3*K := M

4. Begin, intejer, program

5. Writeln ('c=', c:2:6);

2.Тау шаңғысы

Оқулықтағы №1, 5 (а), 12 есеп.

Мақсат : Жаңа сабақ бойынша оқушылардың түсініктерін бақылау, теориялық білімдерін практикамен ұштап, пысықтау

№1

Program alma;

Var m,k,l,t : integer;

a:integer;

begin

readln(m,k,l,t);

a:=t*(m+k+l);

writeln(a);

readln;

Ү.Өткенді қайталау

3.Хоккей

Мақсат: Бағдарламаның сөздік қорындағы бастапқы сөздерге сәйкес синонимді табуБастапқы сөз

Синоним сөз

Алгоритм

Заңдылық,реттілік,тізбек,тәртіп

Қайталану

Цикл, әйтпесе

Айнымалыға теңестіру

Меншіктеу

Соңы

Бітті,аяқталды

Тұрақты

Константа

Атау

Идентификатор

Нәтижені табу

Шығару,есептеу

Қатар

Жол





Сабақты қорытындылау.

Үйге тапсырма беру: «Программалау тілінің операторлары»

Оқушыларды бағалау.

3



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал