7


  • Учителю
  • Есептеуіш техника кабинетіндегі қауіпсіздік ережесі

Есептеуіш техника кабинетіндегі қауіпсіздік ережесі

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Тәжірибелік сабақтың әдістемелік нұсқамасы





Сабақтың тақырыбы: Есептеуіш техника кабинетіндегі қауіпсіздік

ережесін сақтау

Сабақтың мақсаты:

оқытушылық: Студенттерге есептеуіш техника кабинетіндегі ережелерді

үйрету.

дамытушылық: Студенттердің логикалық құрылымдық ойлау, шығармашылық

өз ойларын тез қорыта білу қабілеттерін дамыту.

тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, шапшаңдыққа, тиянақтылыққа

тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: тәжірибе

Сабақтың әдісі: түсіндірмелі - иллюстративті, жарым жартылай ізденіс

Сабақтың уақыты: 90 минут

Сабақты өткізу орны: 204 ауд

Пәнаралық байланыс:Электротехника

Пәнішілік байланыс: ЭЕМ-нің даму тарихы

Сабақтың көрнекілігі: Компьютер, слайдтар

Қолданылған әдебиет:

негізігі: Оқу әдістемелік құрал, Балапанов Е.Қ «Информатикадан 30 сабақ»,

қосымша: «Информатика журналы» , Ермеков Н.Т. «Информатика»

Студент білуге тиіс: Есептеуіш техника кабинетінде қауіпсіздік ережесін сақтауды

Студент істей білуі тиіс: ДК қосу және сөндіру







Сабақтың хронокартасы және құрылымдық - логикалық сызбасы:



І. Ұйымдастыру кезеңі - 2 мин

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру - 25 мин

ІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру - 30 мин

ІІІ. Жаңа тақырыпты бекіту - 25 мин

IV. Қорытынды - 5 мин

V. Үйге тапсырма - 3 мин







Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

а) Оқу кабинетінің сабаққа даярлығын тексеру

б) Студенттермен танысу, түгендеу

в) Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.





ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

  1. Тест сұрақтары.

Төменде тест сұрақтары берілген. Берілген жауаптары дұрыс болса фигура жасыл түске, ал дұрыс болмаса қызыл түске боялады. Орындалу уақыты -10 мин.

Дұрыс әрі нақты жауап берсе 5 деген бағаға қызыл жұлдызша, 4-бағасына көк жұлдызша, 3-тік бағаға жасыл жұлдызшамен бағаланады.

1.Word-та кесте құру қалай жүзеге асырылады?

  1. Таблица - Обьядинить

  2. Таблица - Вставить

  3. Таблица - Выделить

  4. Таблица - Удалить

  5. Таблица-Добавить

2. Word-та кестенің ұяшықтарын біріктіру қалай орындалады?

  1. Таблица - Вставить

  2. Таблица - Выделить

  3. Таблица - Удалить

  4. Таблица-Добавить

  5. Таблица - Обьядинить

3. Word-та құрылған кестені алып тастау қалай орындалады?

  1. Таблица - Выделить

  2. Таблица -Удалить

  3. Таблица-Вставить

  4. Таблица - Обьядинить

  5. Таблица-Вырезать

4. Кестедегі ұяшықтарды бірнеше бөлікке бөлетін команда

  1. Кесте→Жолды ерекшелеу

  2. Кесте→Ұяшықтарды өшіру

  3. Кесте→ Ұяшықтарды бөлу

  4. Кесте→ Ұяшықтарды біріктіру

  5. Кесте→Ұяшықтарды көшіру

5. Электрондық кестенің негізгі элементі не?

  1. Өріс

  2. Ұяшық

  3. Берілгендер

  4. Клетка

  5. Мәндер

6. Жол мен қатардың қиылысуы қалай аталады?

  1. жол

  2. терезе

  3. ұяшық

  4. бағана

  5. қатар

7. Кестеге бағаналар кірістіру (қосу)- бұл:

  1. Формат / Таблица / Сервис

  2. Таблица / Вставка / Строки

  3. Сервис / Таблица / Столбцы

  4. Вставка / Таблица/ Столбцы

  5. Таблица / Добавить / Столбцы

8. Кесте кірістіру үшін Стандартты аспаптар панеліндегі қандай батырма арқылы тұрғызылады?

  1. Кестені қосу (Добавить таблицу)

  2. Добавить (Қосу)

  3. Таблица (Кесте)

  4. Столбцы

  5. Вставить

9. Кестені кірістіру сұхбат терезесінде ненің сандарын, бағандардың енін енгізуге талап етіледі?

  1. Жол мен баған

  2. Жол

  3. Кесте

  4. Ұяшық

  5. Баған

10. Күрделі құрылымдылық кестелерді құру үшін қандай әдісін қолданған ыңғайлы. Ол үшін?

  1. Кестелер мен шекаралар

  2. Сервис / Таблица

  3. Таблица / Вставить

  4. Формат / Таблица

  5. Таблица / Добавить



  1. Зертханалық жұмыс

Microsoft Word программасында диаграмма құру. Әрбір студентке зертханалық жұмыстар беріледі. Студенттер тапсырмаларды компьютерде орындайды. Зертханалық жұмысты толық жасаса 5 деген бағаға қызыл жұлдызша, 4-бағасына көк жұлдызша, 3-тік бағаға жасыл жұлдызшамен бағаланады.

Орындалу уақыты -15 мин.



Диаграммаларды үлгі бойынша өзгертіңіз.

  1. Word - та кестені құрыңыз.

  2. «Жылдық қорытынды» қатарында Функция шеберін қолданып нәтижелерін алыңыз.

  3. Автоформат → Классический 2 командасы арқылы кестені форматтаңыз.

  4. Үлгі бойынша диаграмма құрыңыз.



Аурухана бөлімшесінде 2011 - 2014 жылдық бөлімше ауруларының қорытындысын есептеп шығару



Бөлімшелер



2011

2012

2013

2014

ж/қ

Терапевтік



56

76

80

85

56

Хирургиялық



52

60

70

87

60

Инфекциялық



34

50

65

73

70

Стоматологиялық

65

75

83

90

85

Есептеуіш техника кабинетіндегі қауіпсіздік ережесі

Осы зертханалық жұмыста берілген кестені және оның негізінде диаграмма тұрғызу қажет.

  1. </ Microsoft Word программасын іске қосыңыз.

  2. Кәдімгі (Обычный) үлгі негізінде жаңа құжат құрыңыз

  3. Кесте ►Кірістіру ► Кесте (Таблица ► Вставка ► Таблица) командасымен 6 жолдан және 7 бағаннан тұратын негізгі кестені тұрғызыңыз.

  4. Бірінші бағанның жоғары екі ұяшығын ерекшелеп алып, Кесте ► Ұяшықтарды біріктіру (таблица ► Объединить ячейки) командасымен оларды біріктіріңіз. Екінші бағаннан жетінші бағанға дейінгі ұяшықтардың бірінші жолдарын да осылай біріктіріңіз.

  5. Тышқан нұсқағышының көмегімен бағандардың енін суретте көрсетілгендей етіп өзгертіңіз. Тышқан нұсқағышын қажетті түзеуге тақаған кезде ол пішінін өзгертеді, сол мезетте оны қалауыңызша оңға немесе солға жылжытасыз.

  6. Көрсетілген үлгі бойынша кестені толтырыңыз.

  7. Топ атаулары енгізілген ұяшықтарды ерекшелеп алып, оның жанама менюінен Мәтіннің бағыты (Направление текста) командасын орындаңыз. Пайда болған Мәтіннің бағыты (направление текста( сұхбат терезесінен үлгідегідей тік бағытты таңдап алыңыз.

  8. Кесте ►Ерекшелеу ► (Таблица ►Выделить ► Таблица) командасының көмегімен кестені ерекшелеп, алмасу буферіне орналастырыңыз.

  9. Кірістіру (Вставка) ►Объект ► Диаграмма Microsoft Graph 2000 командасымен негізгі диаграмманы құжатқа апарып қойыңыз.

  10. Диаграмманың негізгі кестесін ерекшелеп алып, Түзету ► кірістіру (Правка ► Вставка) командасының көмегімен негізгі кестедегі мәліметтерді өз кестесіндегі мәліметтермен ауыстырыңыз.

  11. Мәліметтерді ауыстырғаннан соң диаграммадағы өзгерістерді көруге болады.

  12. Диаграмма ерекшелеп алып, оның жанама менюіне Диаграмма типі бөлімін таңдап алыңыз. Осы терезедегі құралдарды пайдалана отырып, диаграмманың басқа типтерін тұрғызып көріңіздер.

  13. Ашылған терезелерді жауып, дайын болған құжатты Менің құжаттарым (Мои документы) қаптамасында сақтап қойыңыз.





ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру:



Есептеуіш техника кабинетінде жұмыс жасау кезінде техника қауіпсіздігін сақтау студенттер мен оқытушылардың негізгі міндеттерінің бірі болып табылады.

Аталған міндетті орындауда студент төмендегідей:

  1. Жалпы ережелерді;

  2. Дербес компьютерде жұмыс жасау алдындағы;

  3. Жұмыс жасау кезіндегі;

  4. Аппараттық жағдайдағы;

  5. Жұмыс соңындағы талаптар мен ережелерді білуге;

1. Жалпы техника қауіпсіздігінің ережелеріне қойылатын талаптар төмендегідей:

  • Компьютерді токқа қосатын сымдарға, қос тілді розеткілерге, штеккерлерге тиісуге және жабдықтарды оқытушының рұқсатынсыз жылжытуға тыйым салынады;

  • Оқытушының рұқсатынсыз сыныптан шығуға және кіруге болмайды;

  • Дербес компьютерде суланған қолмен және дымқыл киіммен жұмыс істеуге болмайды;

  • Дербес компьютердің жанына портфельдер, сумкалар, кітаптар қоюға тыйым салынады. Үстелде қалам мен дәптер ғана болуы тиіс;

  • Пернелік тақта үстіне артық заттар қоюға болмайды;

Компьютерлік сыныпта жүгіруге болмайды, ойнауға, құрбыларын алаңдатуға, бөгде жұмыстармен шұғылдануға тыйым салынады;

Оқушы компьютермен жұмыс жасау кезінде техника қауіпсіздік талаптарын орындау ережесімен танысқандығы туралы журналды толтырады.

2. Дербес компьютерде жұмыс жасау алдындағы қауіпсіздік ережесінің талаптары:

  • Дербес компьютерін іске қосу кезінде оның сыртқы қорабының дұрыс жұмыс жасап тұрғандығына және сымдарының қатесізжалғанғанына көз жеткізу керек;

  • Жұмыс жасау кезінде сымдардың дұрыс жалғанғанына ерекше көңіл бөлуі керек.

Жұмыс орнына бекітілген тіркеу журналына керекті мағлұматтарды енгізіп, белгі жасау қажет.

3. Окушының дербес компьютермен жұмыс жасау кезінде техника қауіпсіздік ережесіне қойылатын талаптар:

  • ЭЕМ-мен жұмыс жасау кезінде көзді экраннан 60-70см қашықтықта ұстау керек;

  • Сыныпқа кірушілермеен орнынан тұрмай амандасуға рұхсат етіледі;

  • Көзі шаршаған жағдайда орнынан тұрмай -ақ, көз жаттығуын орындауға болады;

  • Электр тоғымен зақымданғада алғашқы лдәрегерлік көмек көрсету тәсілдерін, от сөндіру құралдарымен жұмыс істеуді және өрт сөндіру тәсілдерін білуі қажет.

Көз жаттығуларын білу міндетті.

4. Ақпараттық жағдайдағы техника қауіпсіздігінің ережелерінің қойылатын талаптар:

  • Жұмыс жасап отырған кезде дербес компьютерден ақау табылса, күйік иісі шықса немесе өзгеше дыбыс пайда болса , онда машинамен жұмысты тоқтатып, мұғалімге хабарлау керек;

  • От сөндіруге көмек көрсету қажет;

  • Электр тоғымен зақымданған адамға алғашқы көмек көрсетуді білу керек;

  • Компьютерлік сыныпта өртті сумен сөндіруге болмайтындығын білу қажет. Оған құм және т.б. өрт сөндіргіш құрал-жабдықтаын пайдалануға болады;

  • Электр тоғының әсерімен зақымданған адамды су қолмен ұстауға болмайтындығын білу қажет. Оны әртүрлі материалдарды (электр тоғы сымынан басқа) пайдалану арқылы босатып алуға болады.

5. Дербес компьютермен жұсмысты аяқтаған кездегі техника қауіпсіздігі ережесінің талаптары:

  • Мұғалімнің нұсқауы бойынша аппаратты өшіру;

  • Жұмыс орнын ретке келтіру;

  • Жұмыс орнындағы тіркеу жолына белгі қою.

    1. Электр тоғымен зақымданған жағдайда алғашқы дәрігерлік көмек көрсету

Оқушы компьютермен жұмыс жасау барысында электр тоғымен зақымданған жағдайдағы алғашқы дәрігерлік көмек көрсетудің төмендегі берілген әрекеттеріне назар аударуы қажет:

  1. Тоқты өшіту (щиттағы (қалқандағы) батырманы басу арқылы);

  2. Зақымданушы тоқ әсерінен(сымнан) босату;

  3. Дәрігер шақыру;

  4. Зақымданушыны қарап шығып, оған алған жарақатына баайланысты көмек көрсету.

  1. Күйген жағдайда:

  • Ауырғанды сездірмейтін дәрілер(анальгин, валерьян, және т.б.) беру;

  • Күйген жерге арнайы май жағу;

  • Зақымданған жерге суық су құю;

  • Алдын-ала жараланған жерді, микробтар түспес үшін мөлдір жұқа қағазбен

(целлофанмен) орау.

  1. Есінен танып қалған жағдайда:

  • Зақымданушыны жауырынымен тегіс жерге жатқызып, басын бір жағына

қаратып, қырымен оналастыру керек.

  1. Тыныс алысы тоқтаған жағдайда;

  • Ауызды ашып тілдің орналасу жағдайын тексеру керек, егер тіл қүрмелеп

қалған болса, оны қолмен дұрыс қалпына келтіруі қажет.

  • Дем алыс жағдайына келгенге дейін, қолдан дем алдыру (ауызбен ауызға)

немесе дәрігер келгенге дейін жаттығулар жасау.

    1. Шаршаған жағдайда қолданылатын жаттығулар

Оқушының компьютермен жұмыс жасай отырып, шаршаған жағдайда келтірілген жаттығуларды пайдалану қажет:

  1. Шаршаған кездегі көздің қарау бағытын өзгерту (ауыстыру):

  • Алысқа-жақынға, оңға-солға, жоғары төмен қарау;

  • Сағат тілінің бағытымен және керісінше көзді айналдыра қозғалыс жасау;

  • Көзді қолмен жауып 1-1,5 минун отыр.

Басты бұру жаттығуларын жасау:

  • Басты сағат тілі және керісінше бұрып айналдыру;

  • Басты жан-жаққа бұру.

  1. Саусақтарды жұмып-ашу және қолдың білезігін босаңсыту.



  1. Жаңа сабақты бекіту

Назар аударыңыз! Жаңа тақырып бойынша алған біліміңізді мына төмендегі кесте сұрақтары бойынша тексеріңіз. Орындалу уақыты -10 мин.



Информатика кабинетіндегі қауіпсіздік ережесінде бір сызықпен істеуге болатынын, екі сызықпен істеуге болмайтынын астын сызыңдар!







Алғашқы көмек көрсетуге қажетті дәрі-дәрмек қобдишасының құрамын анықтаңыз? Орындалу уақыты -15 мин.





Қажеттігі:

Дербес пайдаланылатын антисептикалық таңу жабдықтары

Жарақатты таңу үшін

Қан тоқтатуға қажет буу таспасы

Қан тоқтату үшін

Жабысқақ пластырь

Жарақат таңу, бекіту үшін

Дәе (3 дана)

Жарақатты таңып байлау үшін

Пакеттегі мақта (3 дана)

Көзді жуып-сүрту, жарақатты өңдеу үшін

Йод

Жарақатқа, терідегі ісіктерге, сызаттарға және т.с.с. айналдыра жағу

Марганец-қышқыл калий тұзы (марганцовка)

Терінің жарақаттанған жеріне жағу үшін

Бриллиант көгінің 1%-тік спирттік ерітіндісі

Жарақатқа, терідегі ісіктерге, сызаттарға және т.с.с. айналдыра жағу

Мүсәтір спирті

Мақтаға 2-3 тамшы тамызып, талып ақлған адамның мұрнына иіскету үшін

Кордиамин

Орталық нерв жүйесін, жүрек және тыныс алу әрекеттерін жандандыру үшін: 25 тамшы (бір ішкізгенде 1 шай қасық)



  1. Қорытындылау:

Тапсырманы орындаған, сабақ айтып, сұрақтарға жауап берген оқушыларды бағалаймын.



  1. Үйге тапсырма:

«Оқу әдістемелік құрал» оқулығынан 6- 9 беттердегі қауіпсіздік ережесін оқып келу.













































 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал