7


  • Учителю
  • Информатика пәнінен сабақ тақырыбы: Мәтіндік редактор

Информатика пәнінен сабақ тақырыбы: Мәтіндік редактор

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

Сыныпты екі топқа бөлемін де, жарыс түрінде өткіземін. Сабақ бірнеше турдан тұрады. Әр топта топ басшылары сайланады. І - ші топ «Word», ІІ топ «WordPad»

І тур. «Кім жылдам» Қай топ бірінші болып сұраққа жауап береді, Сол топ 1 ұпай ие болады.

Сұрақтар:

1. Microsoft Word мәтіндік редакторының қызметі?

2. Microsoft Word мәтіндік редакторын іске қосу жолы?

3. Мәтіндік құжатты пішімдеу дегеніміз не?

4. Microsoft Word мәтіндік редакторының жасалған жұмысты қалай сақтаймыз?

5. Microsoft Word мәтіндік редакторында жаңа құжат құру командасы?

6. Baskspace, Delete пернелері не үшін керек?



ІІ тур « Мен білімдімін». Microsoft Word терезе элементтерін жазу. Әр топқа бірі бетке жазып шығып. нәтижесін тақтадағы дұрыс жауаппен салыстырып, ұпайларын қою.

Әр дұрыс элемент 1 ұпайға тең.



ІІІ тур. «Артық сөзді тап» Мәтіндік редакторға байланысты емес сөзді табу керек

Сөздер; операциялық жүйе, мәтіндік процессор, абзац, пішімдеу, қиып алу, графикалық редактор, ж/е т. б.



ІV тур. Мақалдар сайысы. Әр топқа мақалдың жартысын беріп, ал оқушылар жартысын тауып Word - та тездетіп жазу керек. Қай топ бірінші мақалдың жартысын тауып қатесіз жазса сол топ өздеріне балл қосқаны.

І топ ІІ топ

1. Туған елдей ел болмас,

Туған жердей жер болмас

2. Өнер алды - қызыл тіл

3. Ырыс алды - ынтымақ

4. Көз қорқақ - қол батыр.

5. Ұрлық түбі - қорлық

6. Денсаулық - зор байлық.

7. Көз қорқақ - қол батыр

8. Еңбектің наны тәтті,

Қорқақтың жаны - тәтті



Практикалық бөлім

Деңгейлік тапсырмалар орындау

1 - деңгей

Менің Отаным - Қазақстан деген мәтінді теріп.

Отан деген атпен сақтау

Қазақстан - ежелгі ел, бірақ әлемнің қазіргі картасынан ол таяуда ғана, яғни 1991 жылы орын алды. Біздің Отанымыз - егеменді, тәуелсіз Қазақ мемлекеті. Жүз жиырмадан аса ұлт өкілдері тұратын осынау қасиетті мекенде, асқақтаған Алатаулы өлкеде, кеңшілігі керемет, дархан дастарқандай далада, егіні теңіздей толқыған, төрт түлігі мыңғырған, өндірісі өркендеген мекенде өмір сүруші әрбір адам өз Отанын жанындай сүйіп, оның көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш тұтады!

2 - деңгей

А. Құнанбаевтың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін жатқа жазу

Ғылым таппай мақтанба

Ғылым таппай мақтанба,

Орын таппай баптанба,

Құмарланып шаттанба

Ойнап босқа күлуге,

Бес нәрседен қашық бол,

Бес нәрсеге асық бол,

Адам болам десеңіз.



Тілеуің, өмірің алдыңда,

Оған қайғы жесеңіз.

Өсек, өтірік, мақтаншақ,

Еріншек, бекер мал шашпақ -

Бес дұшпаның білсеңіз.

Талап, еңбек, терең ой,

Қанағат, рақым ойлап қой -

Бес асыл іс көрсеңіз.



Жамандық көрсең нәфритлі,

Суытып көңіл тыйсаңыз.

Жақсылық көрсең ғибрәтлі,

Оны ойға жисаңыз.

Ғалым болмай немене,

Балалықты қисаңыз?

Болмасаң да ұқсап бақ,

Бір ғалымды көрсеңіз.

Ондай болмақ қайда деп,

Айтпа ғылым сүйсеңіз.



3 - деңгей

«Менің Отаным», «Менің сыныбым», «Менің ең жақсы көретін пәнім», «Менің досым» тақырыптарының бірінде шағын әңгіме жазу.

Сергіту сәті 2 минуттық дене, көз жаттығуларын жасау /видеоролик/ қолдану

Жедел тест

1. Word қандай редактор

А. Операциялық жүйе

В. Графикалық редактор

С. Мәтіндік редактор

2. Қай перне арқылы бос орын ашылады?

А. Enter b. Shift C. Бос орын пернесі

3. Enter пернесінің атқаратын қызметі?

А. Жаңа жолдан бастайды. В. Жаңа беттен бастайды. С. Жолдың соңына апарады.

4. Бас әріп теру үшін...

А. Ctrl B. Delete C. Shift

5. Сандарды теру үшін қай пернені аламыз

А. Ctrl B. Num Lock C. Shift

6. Word құжатының кеңейтілуі

A. Txt B. Doc C. Bmp

Осы тапсырмалардың қорытындысы бойынша жеңген топ анықталады.



Қосымша тапсырмалар

«Информатика» сөзінің әрібір әріптерінен басталатын информатика пәнімен байланысты сөздер немесе терминдерді тез айтып өту.

М/ы

Мысалы:

«И»- информатика, информация, иілгіш диск, интернет, интерфейс.

«Н»- ноутбук, номер, надпись.

«Ф»- формат, файл, флешка, фигура, формула.

«О»- орналастыру, орау.

«Р»- реттеу, редактор, рисунок.

«М»- меню, монитор, маус, маркер, модем.

«А»- ақпарат, архивтеу, антивирус, абзац.

«Т»- тақырыптық жол, тізім, термин, түс.

«И»- информатика сабағының мұғалімі.

«К»- компьютер, көшіру, клавиша, клавиатура.

«А»- ақпараттандыру, айналдыру жолағы, адаптер, ашу, алмастыру.

Сөзжұмбақ шешкізу.

W I N D O W S

C A P S L

O C K

E N T E

R

D

E L E T E

1. Қазіргі кездегі компьютерде кең тараған ОЖ

2. Үлкен кіші әріптерді ұзақ уақыт орналастыратын перне.

3. Енгізу пернесін растайтын перне.

4. Меңзердің оң жағын өшіретін перне.

Ү. Үйге тапсырма: Word бойынша ребус құрып келу.

ҮІ. Сабақты қорытындылау. Бағалау.

Сабақтың басында оқушыларға бағалау бетшесі таратылып беріледі. Сондағы ұпай сандары арқылы бағалау.







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал