7


Word pad та құжат құру

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: WordPad қолданбасымен танысу.

Сабақтың мақсаты: 1. Қарапайым WordPad мәтіндік

процессорымен танысу. Құжаттың құралымы,стилі, баспа

бетінің геометриясы туралы түсінік беру. WordPad

қолданбасының терезесі меню, пішімдеу құрал-саймандар

тақталары, сызғыш туралы түсінік

алу. Мәтінімен жұмысқа дағдылану (теру, түзету, пішімдеу).

Құжаттарды құруға, ашуға үйрету.

2. Оқушылардың мәтіндік процессор деген не және ол не үшін қолданылатын, берілген мәтіндік процессордың мүмкіншіліктерін білу қабілеттерін дамыту.

3. Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру.


Сабақтың типі: Практикум элементтері, бар, көрсете түсіндіру.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ


Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа дайындығын тексеру.


WordPad қолданбасымен танысу.


II. Жаңа сабақты түсіндіру


WORDPAD мәтіндік редакторында жұмыс

Мәтіндік процесссор - бұл тек қана мәтінді енгізу мен түзету үшін ғана емес, сонымен қатар оны пішімдеу құралдары бар бағдармалар класы. Сонымен қатар пішімдеу қағаз бен экранға шығаруды басқаратын көрінбейтін кодтарды енгізу жолымен іске асады. WORDPAD мәтінді пішімдеудің минималды мүмкіншілігі бар қарапайым мәтіндік процессор болып табылады

WORDPAD қолданбасының арналуы:

1.Мәтінді теру.

2.Мәтін түзету.

3.Мәтінді пішімдеу.

-Қаріптің гарнитурасын таңдау.

-Қаріптің өлшемін өзгерту және таңдау.

-Қаріптің әлпетін басқару

-Қаріптің атрибутын басқару (түсін, алып тастауды, астын сызуды)

-Туралау әдістерін басқару (ортасы бойынша, оң жақ немесе сол жақ шеттері бойынша)

-Абзац мәтінінің сол жақ пен оң жақ өрістерінен шегісін және арнайы бірінші жол шегінісін беру

ДК-дің мәтін мен құжатты жасау мүмкіндіктерін ұғыну үшін, төмендегілермен танысу керек:

  1. Мәтінді жөндеуге, мәтіннің үзінділерін кірістіруге, әр түрлі құжаттарды бір құжатқа «жапсыруға», мәтіннің шекараларын түзетуге, жолдарды ортаға туралауға, құжатты қандай да болса санын басып шығаруға және сақтауға болады.

  2. Әр түрлі қаріптерді, түрлі тілдердің алфавиттерін, сондай-ақ графикалық символдарды пайдалануға болады.

  3. Мәтінге кестелерді, суреттерді, графиктерді кірістіруге болады, сонымен қатар мәтіннің өзін түрлендіруге болады (оны қисық бойы орналастыруға, «көлем» беруге, көлеңкелеуге және т.с.).

  4. Дайын жазудың мәтінін немесе кітаптың мәтінін сканерлеуге және тану бағдарламаларының көмегімен мәтін пішініне түрлендіруге болады.

  5. Стандартты құжаттарды дайындағанда дайын үлгілерді пайдалануға болады.


ТЕРЕЗЕНІҢ НЕГІЗГІ ЭЛЕМЕНТТЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ

МІНДЕТТЕРІ

WordPad мәтіндік редакторы қолданбасы терезенің құрылымы.

  1. Қолданбаның пиктограммасы, файлдың аты, қолданбаның аты мен терезенің оң жақ бұрышындағы оның өлшемін басқаратын үш батырма бар тақырыптық жол.

  2. Меню жолы.

  3. Құрал-саймандар тақтасы.

  4. Пішімдеу тақтасы.

  5. Пішімдеу сызғышы. Негізгі мәтінді теру өрісінің басы мен аяғын, бас жолды, маркерлерді орнату үшін қолданылады.

  6. Жұмыс өрісі. Терезенің негізгі бөлігі мәтінді теру үшін пайдаланылады.

  7. Қалып-күй жолы.

  8. Тақталар, сызғыш және қалып-күй жолы пайдаланушының қалауы бойынша экранда болуы немесе алынып тасталуы мүмкін ( меню жолындағы «Түр» пункті).

Баспа бетінің геометриясы. Қағаздың 5 пішімі бар:

А1 (594*841мм), А2, А3, А4, А5 (әр пішім - алдыңғының жартысы), және тұтынушы пішімі, ол А4-ке жуық. Баспа бетінің барлық жағынан өрісі, (шетінен шегініс) және жоғарғы, төменгі колонтитулдары (онда беттің нөмірі, қысқаша тақырыптар немесе бет мазмұнынның сипаттамасы, безендіру элементтері қойылады) болуы керек. Беттің параметрін баптау «Бет макеті» диалог терезесінде орныдалады.


Информатикалық диктант: «WORDPAD ҚҰЖАТЫН ЖАСАУ» / дәптерге/


Дұрыс:

  1. Қаріпті және оның өлшемін таңдау

  2. Мәтінді енгізу және редакциялау

  3. Мәтінді пішімдеу

  4. Құжатты сақтау және ашу

  5. Баспаға шығару

Слайд:

  1. Қаріпті және оның .... таңдау /енгізу , редакциялау

  2. Мәтінді .... және ... . / өлшемін

  3. Мәтінді .... /сақтау , ашу

  4. Құжатты ... және ... / шығару

  5. Баспаға .... / пішімдеу


Слайд «Ойға шабуыл» жаңа өтілген тақырыпты оқушылардың қаншалықты меңгергенін білу мақсатында:

WordPad

түзету, сақтау

Объектілер кірістіру

Дискіге жазу

Форматтау

Үзіндімен жұмыс

Баспаға жіберу

Слайд

Құрал саймандар және пішімдеу батырмаларын қызметіне қарай сәйкестендір


алдын-ала қарап шығу

жартылай қалың әріп

құжат құру

құжатты ашу

сақтау

баспаға жіберу

курсивті әріп

күні мен уақытты қою

асты сызылған

сол жаққа туралау

жалпы туралау

маркерлеу


Слайд Кім жылдам?

  1. Word Pad мәтіндік редакторын қалай іске қосамыз?

  2. Word Pad мәтіндік редакторында құжатты қалай сақтаймыз?

  3. Word Pad терезесінің мына бөлігі қалай аталады?

  4. Word Pad терезесінің мына бөлігі қалай аталады?

  5. Терезенің қандай қатары?


6.

Бұл қатарды не деп атаймыз?

7. Мына батырмалардың қызметін ата?

8. Жұмыс парағымызды кітаптық немесе альбомдық етіп қалай өзгертеміз?

9. Құжатқа мәтінді қазақ тілінде енгізу үшін қандай әрекеттер жасаймыз?

10. Белгіленген мәтіннің түсін өзгерту үшін қандай әрекет орындаймыз?

11. Сақталған құжатты ашу жолын түсіндір?

12. Мына батырманың қызметін түсіндір.


слайд

Ғылым таппай мақтанба,

Орын таппай баптанба,

Құмарланып шаттанба

Ойнап босқа күлуге.

Бес нәрседен қашық бол,

Бес нәрсеге асық бол,

Адам болам десеңіз.

слайд


слайд

Үйге тапсырма : WordPad қолданбасымен танысу оқу.
























Слайд

Құрал саймандар және пішімдеу батырмаларын қызметіне қарай сәйкестендір


алдын-ала қарап шығу

жартылай қалың әріп

құжат құру

құжатты ашу

сақтау

баспаға жіберу

курсивті әріп

күні мен уақытты қою

асты сызылған

сол жаққа туралау

жалпы туралау

маркерлеу




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал