7


  • Учителю
  • Урок на тему: Антивирусные программы (8 класс)

Урок на тему: Антивирусные программы (8 класс)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Пән Информатика сынып 8___ Күні _._ .2010 ж.

сабақ №: 14 сағ.саны.: 1

Тақырып: Вирустан тазарту программасы.

Мақсат: Оқушылардың вирустан тазарту программалары туралы білімдерін қалыптастыру. Вирустан тазарту программаларымен жұмыс істеуді үйрету.

Міндеттер:

Білімділік - Оқушыларды антивирустық программалармен таныстыру.

Дамытушылық -Оқушылардың компьютерлік программалармен жұмыс жасау дағдылары мен қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік - Тәрбиелі, білімді және ойлау қабілеті жан-жақты оқушыларды тәрбиелеу.

Сабақ түрі: лекция сабақ

Сабақ типі: аралас сабақ

Әдіс-тәсілдер: түсіндірмелі - иллюстративті, көрнекілік

Құрал-жабдықтар компьютер - 7, ActiveStudio бағдарламасы, ActivBoard, ActivPen, бейнепроектор-1.

Пайдаланылған әдебиеттер: 1) Н.Т. Ермеков, Н.Ф.Стифутина Информатика 8 сынып, оқулық;

2)Н.Т.Ермеков, С.Б.Пилипенко,Информатика, Әдістемелік нұсқау, 8 сынып.

3) Н.Т.Ермеков, С.Б.Пилипенко,Информатика, Дидактикалық материалдар, 8 сынып.


Сабақ барысы


  1. Ұйымдастыру кезеңі (2 мин):

а)оқушылар тізімі;

ә)кабинет жағдайы;

б)сабақ барысымен таныстыру.

  1. Үй тапсырмасын тексеру.(3-5 мин)

    1. Файл, қапшықтарды іздеуді қалай жүзеге асырамыз?

    2. Компьютердің уақыты мен күнін қалай өзгертуге болады?

    3. Жұмыс үстелі реңінің өрнегін баптау қалай жүзеге асырылады?

    4. Экран заставкасын орнатуды қалай жүзеге асырамыз?

  2. Жаңа тақырыпқа кіріспе (3-5 мин)

  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру(3-5 мин)

Компьютерлік вирус - «көбейтілуге» және басқа программаларға «жұғуға» қабілетті, әдетте өлшемі шағын арнайы компьютерлік программа. Ол компьютерге пайдаланушының рұқсатынсыз, «зақымдалған» дискета немесе «зақымдалған» файлмен бірге түсуі мүмкін. Ішінде вирусы бар программа «зақымдалған» деп аталады.

«Зақымдалған» программа жұмысын бастағанда, алдымен басқаруға вирус алады. Вирус басқа программаларды тауып, оларды зақымдайды.

Жаңа вирустық программалардың саны үнемі көбейіп және түрлері өзгеріп отырады, сондықтан компьютер пайдаланушы вирустар табиғатын, вирустардың жұғу әдісін және олардан қорғануды білуі керек.

Соңғы кезде компьютерлік вирустармен күресуде үлкен тәжірбие жинақталады, антивирустік программалар жасалды, программалар мен деректерді қорғау шаралары айқындалды. Вирус табылған кезеңнен бастап қысқа уақыт ішінде қайта пайда болатын вирустарды жеңетін антивирустық құралдар үнемі жетілдіріліп және дамытылып отырады. Вирустарды табуға және жоюға мүмкіндік беретін программалар антивирустық программалар деп аталады.

Белгілі антивирустық программаларды бірнеше типтерге бөлуге болады.

Детектор-програмалар белгілі вирустардың бірімен зақымдалған файлдарды табады, мұндай программалар жеке түрде сирек кездеседі.

Фагтар немесе доктор-программалар, сондай-ақ вакцина-программалар вируспен зақымдалған файлдарды тауып қана қоймай, оларды емдейді де, яғни программаны вируспен зақымдалғанға дейінгі қалпына келтіре отырып, файлдардан вирус программасының тәні жояды. Фагтар өз жұмысының басында вирустарды жедел жадтан іздейді, оларды жояды, тек содан кейін ғана файлдарды емдеуге кіріседі.

Ревизор-программалар вирустардан қорғайтын құралдардың ең сенімдісі. Ревизор программалардың алғашқы қалпын, яғни компьютердің вируспен зақымдалмаған кезін есте сақтайды, содан кейін оқтын-оқтын ағымдағы жағдайды алғашқы жағдаймен салыстырып отырады. Егер өзгеріс табылса, онда дисплейдің экранына хабарлама шығарады.

Фильтр-программалар немесе «күзетшілер» - ұдайы компьютер жадында болатын шағын резидентті программалар. Олар компьютердің операцияларын бақылайды және компьютер жұмысының барысында вирустарға тән күмәнді әрекеттерді табады.

Вирустар үнемі өзгеріп отырады және олардың саны күн сайын көбеюде, антивирустық программалар да олардан қалмауға тырысады, сондықтан әрқашан антивирустардың жаңа нұсқаларының шығуын қадағалауды қажет етеді.

Сергіту жаттығулары (2 мин)

5) Өткен тақырыпты бекіту (10-15 мин)

Тапсырмалар мен сұрақтар:

  1. Компьютерлік вирус деген не?

  2. Вирустар компьютерге қалай түседі?

  3. Вирустар қалай жіктеледі?

  4. Антивирустық программалар дегеніміз не?

  5. Антивирустық программалардың негізгі типтерін атаңдар?

6)Сабақты қорытындылау

Оқушыларға антивирустық программалармен жұмыс жасау туралы жалпы мағлұмат беру.

7) Үйге тапсырма § 6.6.2, 6.6.3, бет. 87-92

Компьютерлік вирус. Антивирустық құралдар.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал