7


  • Учителю
  • Тема: Ақпарат саны, ақпараттың өлшем бірліктері. 5 класс

Тема: Ақпарат саны, ақпараттың өлшем бірліктері. 5 класс

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақ жоспары

Сабақ №4

Сынып: 5 «А», 5 «Ә», 5 «Б»

Өткізілетін күні: ___________________________

___________________________

___________________________

Сабақтың тақырыбы: Ақпарат саны, ақпараттың өлшем бірліктері.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың ақпарат туралы түсінігін қалыптастыру, сипаты мен қабылдау тәсілдері бойынша әр түрлі ақпарат түрлерімен таныстыру, ақпараттың өлшем бірліктері жөнінде түсінік беру.

Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, жүйелікке тәрбиелеу.

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикасын, мәдениеттілік дамыту.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: Компьютер, интерак.тақта.

Сабақтың өту барысы:

1.Оқушыларды ұйымдастыру.

2.Үйге берілген тапсырманы тексеру.

3.Жаңа тақырыпты түсіндіру.

4.Сабақты бекіту.

5. Сабақты қорытындылау

6.Үйге тапсырма беру

1. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу. Сабаққа дайындықтарын тексеру. Оқушылардың назарын сабаққа аудару. (2-3 минут)

2. Үй тапсырмасын сұрау. (7-10 минут)

  1. Ақпараттың қандай түрлерін білесіңдер?

  2. Адам ақпараттытың қандай түрлерін қабылдай алады?

  3. Информатика ғылымы нені зерттейді?

  4. Ақпаратты қабылдаушылар деген кім?

  5. Адам ақпаратты қалай және қайда сақтайды?

  6. Адамның ақпаратты өңдеуіне мысал келтір

3. Жаңа сабақ (10-15 минут)

Жаңа түсініктер:

Компьютер - ақпараттық процестерді жүзеге асыратын негізгі құрал. Компьютерде барлық ақпараттар сандар, әріптер, арнайы белгілер т. б. сияқты таңбалардан тұрады да, әрбір таңба компьютер жадында екілік жазылады.

1 Бит - бұл физикалық екі мүмкін жағдайдан (тоқ бар немесе жоқ) бір нұсқаны ғана таңдауға мүмкіндік беретін ақпараттар саны. 1 - тоқ бар болған жағдайда , ал 0 - тоқ жоқ болған жағдайда деп алынған.

1 Байт - бұл бір символды кодтауға қажетті ақпараттар саны . Хабарлама бір немесе бірнеше ақпараттан тұруы ықтимал. Бір хабарламаны мағынасына қарай әр - түрлі ақпараттар санымен беруге болады.

ЭЕМ деген - арифметикалық және логикалық амалдар тобын автоматты түрде орындауға, әр түрлі есептеу жұмыстарын орындауға арналған құрылғы.


1 Байт = 8 бит

1К байт = 1024 байт

1 М байт = 1024 К байт

1 Г байт = 1024 М байт


Хабарламаның ақпараттық көлемі - хабарламадағы битпен, байтпен, Кбайтпен, Мбайтпен және т.с.с. өлшенген ақпараттың көлемі. 1 символ 1 байтқа тең.

4. Жаңа сабақты бекіту. (7-15 минут)

Сабақты бекітуге арналған тапсырмалар:

  1. "Кездесу қыркүйек айына тағайындалды" деген хабарламада қанша көлемдегі ақпарат бар?

  2. Кітапта 290 бет, бір бетте 86 жол, бір жолда 37 символ бар. Кітаптың ақпараттық көлемін тап? Көлемі 1,44 Мбайт дискіге осы кітаптың ақпараттың көлемі сыя ма?

  3. Оқулықтың бір бетінің және бүтіндей оқулықтың жуық ақпараттық көлемін өлшеңдер. Көлемі 600 Мбайт, 2 Гбайт болатын дискіге осындай кітаптың нешеуі сыюы мүмкін?

5. Сабақты қорытындылау. Сабақты қорытындылау барысында сабаққа белсене қатысқан оқушыларды мадақтап, қалыс қалып отырған оқушыларға ескертпелер беру арқылы білімдерін бағалау.

6. Үй тапсырмасын беру: §4 оқу.

26-бет тәжірибелік жұмыс.

29-бет бақылау сұрақтары мен тапсырмалар.

7. Оқушыларды бағалау. Оқушыларды біліміне, біліктілігіне байланысты бағалау.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал