7


  • Учителю
  • Paint графикалық редакторында түзу сызықтар, қисық сызықтар, төртбұрыштар, көпбұрыштар, шеңбер, эллипс салу

Paint графикалық редакторында түзу сызықтар, қисық сызықтар, төртбұрыштар, көпбұрыштар, шеңбер, эллипс салу

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Класы: 6

Сабақтың тақырыбы: Paint графикалық редакторында түзу сызықтар, қисық сызықтар, төртбұрыштар, көпбұрыштар, шеңбер, эллипс салу

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларды графикалық редактормен жұмс істеуге үйрету.Түзу сызықтар тік төртбұрыштар мен дөңгеленген тіктөртбұрыштар салу дағдыларын қалыптастыру.

Тәрбиелік: Оқушыларды тәрбиелікке, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа үйрету. Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық-абстракциясын дамыту.

Сабақтың түрі: Практикалық сабақ

Пәнаралық байланыс: информатика, бейнелеу өнері

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер,оқулық,жұмыс дәптері

Сабақтың өту барысы:

1.Оқушыларды ұйымдастыру

2.Түстер психологиясы

2.Үйге берілген тапсырманы тексеру

3.Жаңа тақырыпты түсіндіру

4.Тапсырмаларды орындау

5.Сабақты бекіту

6.Үйге тапсырма беру

1Ұйымдастыру

2. Түстер психологиясы

- Балалар, Редактордың жұмыс аймағын өздерің жақсы көретін түстермен бояңдар. Сол бойынша сендерге психологиялық анықтама беріледі.

Өткен материалды қайталау сұрақтары:

2-сұрақ Графикалық редактор құралдарын жаз

Электронды оқулықтан тапсырмалар орындау

№1 тапсырма редактор құралдарын дұрыс орналастыр.

№5 тапсырма редактор терезесінің элеметтерін жаз


Жаңа тақырыпты түсіндіру:( Электронды оқулықтан )

жанбітірім №2, №3,№4,№5,№6

Түзу сызық сызу

Түзу сызық, сызу айрықша еңбекті талап етпейді.Түзу сызық сызу үшін:

1.Линия батырмасын шертеміз

2.Құрал-саймандар жиынынын астындағы жақтаудан сызықтың қажетті таңдаймыз.

3.Маус нұсқағышын сызық басталатын орынға апарып қоямыз.

4.Мауыстың сол жақ батырмасын басып тұрып, сызық аяқталатын орынға тасымалдап апараиыз.

5.Маустың батырмасын жібереміз

Төртбұрыштар мен квадраттар салу

Тік төртбұрыш құралымен боялған және боялмаған тік төртбұрыштар салуға болады.

1.Прямоугольник батырмасын шертеміз.

2.Тік төртбұрыштың қажетті түрін таңдаймыз: 1-тек жақтау,2-жақтау,3-тек толтыру.

3.Маус нұсқағышын тік төрбұрыш салғыларың келетін жерге орналастырыңдар

4.Маустың сол жақ батырмасын басып тұрып нұсқағышты тік төртбұрыш жақтауын созып қажетті өлшем мен пішін шыққанша тасымалдаңдар.

5. Маус батырмасын шертіңдер.


Бұрыштары дөңгеленген тік төртбұрыштар салу.

Дөңгеленген тік төртбұрыш құралының көмегімен бұрыштары дөңгеленген, іштері боялған және боялмаған тік төртбұрыштар салуға болады. Ол үшін:

  1. Скругленный прямогульник батырмасын шерту керек.

  2. Дөңгеленген тік төртбұрыштың қажетті түрін таңдаңдар.

  3. маус нұсқағышын төртбұрыш салатын орынға орналастырыңдар.

  4. Маустың сол жақ батырмасын басып тұрып, нұсқағышты бұрышы дөңгеленген төртбұрыштың жақтауын соза тартып, қажетті өлшем мен пішін шыққанша тасымалдаңдар.

  5. маус батырмасын жіберіңдер.

Эллипс және шеңбер салу

Элипс құралымен іштері боялған және боялмаған эллипстер мен шеңберлер салуға болады. Ол үшін:

  1. Эллипс батырмасын шертіңдер.

  2. Эллипстің қажетті түрін таңдаңдар: 1-тек шекара, 2 шекара және толтыру, 3-тек толтыру.

  3. маус нұсқағышын өздерің эллипс сызғыларың келетін орынға орналастырыңдар.

Шеңбер салғанда shift пернесін басып тұру керекмаус батырмасын шертіңдер.

Қисық сызықтарды салу:

1.Кривая құралының батырмасын шертеміз

2.Сызықтық қажетті қалыңдығын таңдаймыз

3.Түзу сызықтарды салу әрекеттерін орындаймыз

4.Маустың сол батырмасын сызықтың бүгетін жерінің жанында басамыз да, он жаққа апарамыз

5.Осы әрекеттерді ек інші віліс үшін де қайталаймыз

Көпбұрыштар салу:

1.Многоулник ( Көпбұрыш) құралының батырмасын шертеміз

2.Көпбұрыштың типн таңдаймыз

3.Бірінші сызықты саламыз

4.Екінші сызықты саламыз және т.с.с.

Практикалық жұмыс « Менің тұратын үйім» Әр оқушы өзі болашақта тұратын баспанасын салып, жұмысын қорғауы керек.

Сабақты бекіту сұрақтары:

  • Түзу сызық сызу әрекеті қалай орындалады?

  • Тік төртбұрыш салу әрекеті қалай орындалады?

  • Дөңгеленген тік төртбұрыш салу әрекеті қалай орындалады?

  • Эллипс, шеңбер салу әрекеттері қалай орындалады?

  • Осы фигуралардың түстерін қалай өзгертуге болады?

Үйге тапсырма:

Paint графиктік редакторының құралдары. Тік сызықтарды

Шаршыларды, тіктөрбұрыштарды, эллипс, шеңбер салу. /оқу/


Шығыс Қазақстан облысы

Тарбағатай ауданы

Үштөбе ауылы

«Өкпеті» орта мектебі

Информатика пәні мұғалімі Қошыманова Салтанат Тұңғатқызы




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал