7


  • Учителю
  • Іс-әрекеттегі зерттеу сабағының жоспары. Информатика пәні. 5- сынып. Іс-әрекеттегі зерттеу тақырыбым: «Оқушылардың құзыреттілігін, қызығушылығын арттыруда ақпараттық технологияны қолдану арқылы білім сапасын көтеру».

Іс-әрекеттегі зерттеу сабағының жоспары. Информатика пәні. 5- сынып. Іс-әрекеттегі зерттеу тақырыбым: «Оқушылардың құзыреттілігін, қызығушылығын арттыруда ақпараттық технологияны қолдану арқылы білім сапасын көтеру».

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Іс-әрекеттегі зерттеу сабағының жоспары.

Информатика пәні. 5- сынып.

Іс-әрекеттегі зерттеу тақырыбым: «Оқушылардың құзыреттілігін, қызығушылығын арттыруда ақпараттық технологияны қолдану арқылы білім сапасын көтеру».

Зерттеу тақырыбының мақсаттары:

  • Білім беру үрдісінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды және есептегіш техникалар мен мультимедиалық құралдарды пайдаланып оқушылардың білім, икем-дағдыларын қалыптастыру,

  • Байқау қабілетін жетілдіру, оқуына талдау жасау,

  • Оқушының ғылыми ізденісіне жол ашу, белгілі бір мақсатқа бағытталған жұмыс нысанын анықтау.

Зерттеудің міндеттері:

  • Оқушының қазіргі қоғамның сұранысына сай өзінің өмірлік іс-әрекетінде компьютерлік құралдарды қажетті деңгейде пайдалана алатындай жан-жақты дамыған оқушы қалыптастыру;

  • Компьютерлік сауаттылық мәселелерін шешу, яғни, оқушыларға информатика мен коммуникациялық техниканың құралдарын пайдаланудағы білім-біліктерін, дағыдыларын қалыптастыру;

  • Ақыл-ой қабілетті ұшталған «Мен» жүйесі қалыптасқан, өзін-өзі басқара, бағалай алатын, ақпараттық - коммуникациялық технологияны жетік меңгерген жеке тұлға қалыптастыру;

  • Бала бойындағы бейімділікті көре, болжай білу, әрі қарай дамытуға, олардың ерекше қабілеттерінің дәрежесін анықтап, олардың толық ашылуына жағдай жасау;

  • Ақпараттық коммуникациялық технологиялар бойынша практикалық шараларды анықтап, жүзеге асыру;



Қолданылған ресустар: орта мерзімді жоспар, қысқа мерзімді жоспар, сабақ презентациялары, бағалау парақтары, БББ түртіп алу стратегиясы, Бақылау нысандары, ОүБ және оқуды бағалау, сауалнамалар, постерлер, фото, бейнежазалар.



«Бекітемін» «Келісілді»

№ 44 орта мектеп Оқу - ісі меңгерушісі жөніндегі

директоры: С. Каюпов орынбасары: Г.Тілеубаева

_____________________ ______________________

Орта мерзімді жоспарлау. 5 - сынып.

Тақырыбы: Графикалық ақпараттарды өңдеу. Paint графиктік редакторы.


Мақсаты: Графиктік редактордың міндеттері, қызметтері мен мүмкіндіктерін меңгерту және редакторда графикалық ақпараттарды салу мен өңдеу, редакциялау біліктері мен дағдыларын қалыптастырып, тәжірибелік жұмыстарда еркін пайдалануын дамыту.





Сабақ тақырыбы



Оқып-үйренудің негізгі

мақсаттары


Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер


Оқып-үйренудің нәтижесі


Үйрену мақсатындағы бағаны қоса бағалау


Бәрін қоса есептегенде (дарынды балалар)


Негізгі дереккөздер

11

Графикалық ақпараттарды өңдеу.

Paint графикалық редакторына кіріспе.

Paint графиктік редакторын іске қосу жолдарын, редактордың міндеті, құрылымы және мүмкіндіктерін меңгереді.

Топтық жұмыс, СТО, диалог, АКТ, «Бес жол өлең» әдісі, ББҮ әдісі

  • Редакторды іске қосу жолдарын біледі;

  • Редактордың терезе элементтерінің атауын біледі;

  • Жұмыс аймағының өлшемін реттей алады;

  • Меню командаларымен жұмыс істей алады;


Критерийлер бойынша формативті бағалау, ОүБ, рефлексия

Деңгейлік тапсырмалар беру

«Ақпараттық техно-логиялар және олар-дың даму эволюция-сы» тақырыбына реферат жазу және қайталауға сәйкестендіру тапсырмаларын әзірлеу.

Оқулық, электрондық оқулық 5-сынып, компьютер, интерактивті тақта, плакаттар, кесте, интернет материалдары, постерлер, слайд-тар, стикерлер, таратпа матер-дар,

2

Редактор командалары: сақтау, ашу және жабу. Редакторда сурет салу кезеңдері.

Суретті сақтау, ашу және жабу әрекеттерін игереді.

Редакторда сурет салу кезеңдерін, құралдардың қызметі мен оларды таңдап, пайдалана алады

Топтық жұмыс, СТО, диалог, АКТ, «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі, ББҮ әдісі

  • Редактор командаларымен жұмыс істей алады;

  • Редактордың құрал-саймандар жиынтығы батырмаларының қызметін біледі;

  • Сурет салу кезеңдерін біледі;

  • Негізгі түс пен фонның түсін таңдай алады;

  • Құралдарды баптай алады;

  • Кез-келген геометриялық фигураларды сала алады;


Критерийлер бойынша формативті бағалау, топ басшысының бағалауы, рефлексия

Арнайы әзірленген деңгейлік тапсырмалар тарату

Оқулық, электронды оқулық 5-сынып, компьютер, плакаттар, интернет материалдары, постерлер, слайдтар, стикерлер,таратпа материалдар,бейнефильм, кесте.

3

Редакторда сурет үзінділерімен жүргізілетін әрекеттер.

Редакторда үзінділермен жүргізілетін әрекеттерді: көшіру және жылжыту, көбейту, жою, бұру, аудару, созу, еңкейту дағдыларын меңгереді.

Топтық жұмыс, СТО, диалог, алгоритмдік әдіс, АКТ, Жигсо әдісі, ББҮ әдісі

  • Сурет үзінділерін көшіре және жылжыта алады;

  • Сурет үзінділеріне бейнелеу және бұру командаларын пайдалана алады;

  • Әр түрлі әдіспен сурет сала біледі;

Критерийлер бойынша формативті бағалау, бірін-бірі бағалауы, рефлексия

Оқулықтағы сурет үзінділерімен жұмыс алгоритмін пайдалану арқылы арнайы тапсырмалар ұсыну

Оқулық, электронды оқулық 5-сынып, компьютер, плакаттар, интернет материалдары, постерлер, слайдтар, стикерлер,таратпа материалдар,бейнефильм, кесте.

4

Редакторда шығармашылық жұмыстар. Қортынды сынақ.

Редактордың барлық мүмкіндіктерін тәжірибелік жұмыстарда еркін пайдалана алады. Және орындаған жұмыстарын баспаға басуды ұйымдастыра алады.

Топтық және жеке жұмыс, СТО, диалог, сынақ әдіс, АКТ, Жигсо әдісі, ББҮ әдісі

  • Редактордың барлық мүмкіндіктерін тәжірибеде еркін пайдалана алады;

  • Сурет салудың тиімді әдістерін біледі;

  • Дайын сурет үзінділерінен мозайка құрастыра алады;

  • Сурет салуда бейнежазбаны пайдалана алады;

  • Баспаға басуды ұйымдастыра алады;

Жеке жұмыстары бойынша бағалау және тарау бойынша жиынтық бағалау, рефлексия

Арнайы әзірленген бейнежазба бойынша редакторде сурет салуға тапсырма

Оқулық, электронды оқулық 5-сынып, компьютер, плакаттар, интернет материалдары, постерлер, слайдтар, стикерлер,таратпа материалдар,бейнефильм, кесте.



Сыныбы: 5

Пәні: Информатика Пән мұғалімі Қ. Абдразахова

Сабақтың тақырыбы:

Графикалық ақпараттарды өңдеу. Paint графикалық редакторына кіріспе.

Сілтеме

Оқулық Информатика 5-сынып Е.А. Вьюшкова, Н.В.Параскун, Б.Қ.Әбенов. «Арман-ПВ»баспасы, 2013 жыл

Информатикадан электронды оқулық 5-сынып ,

Мақсаты:

  • Paint графиктік редакторын іске қосу жолдарын, редактордың міндеті, құрылымы және мүмкіндіктерін меңгерту;

  • Ойлау, есте сақтау, қызығушылық қабілеттерін дамытады, топта жұмыс істеу дағдыларын мен өзара және өзін бағалауға дағдыландыру;

  • Еңбекке, өзін - өзі басқаруға, ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа, дәлдікке тәрбиелеу;

Күтілетін нәтиже:

  • Редакторды іске қосу жолдарын біледі;

  • Редактордың терезе элементтерінің атауын біледі;

  • Жұмыс аймағының өлшемін реттей алады;

  • Меню командаларымен жұмыс істей алады (құралдар тақтасы мен палитраны өшіріп қосуды);

  • Графиктік файлдардың типтерін біледі;

  • Редактордың мүмкіндіктерін біледі;

  • Критерий бойынша бағалауды біледі;

Сабақтың түрі:

Аралас сабақ

Негізгі дереккөздер:

Оқулық, интерактивті тақта, компьютер, плакат, кесте, постерлер, электронды оқулық, интернет материалдары, таратпа материалдар, көңіл күй дидары, топ ережесі, бағалау дискрипторлары мен бағалау парағы

Әдіс -тәсілдер:

Диалог, топтық жұмыс, сын тұрғысынан ойлау, Жигсо, сәйкестендіру, ББҮ тұртіп алу стратегиясы, талдау, қорыту, формативті бағалау

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру (1 мин)

- Оқушылармен сәлемдесу;

- Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру;

- Жағымды психологиялық ахуал туғызу; (тілек сөздер жазылған кәмпиттер тарату)

- Оқушыларды топқа бөлу (кәмпит түрі бойынша), топ ережесін құру;

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

(3 мин)

(Диалог әдісі, дарынды оқушылармен жұмыс, сәйкестендіру)

  • Әр топ екі сұрақтан бір-бірлеріне сұрақ қояды;

  • Рефераттары бойынша сұрақтар қою.

  • Сәйкестендіру кестесін толтыру (дарынды оқушылар әзірлеген тапсырмалар);

ІІІ. Ой қозғау. (1 мин) (СТО стратегиясы, АКТ)

  • Оқушылардың көңілін жаңа сабаққа аудару үшін сыни сұрақ қою: Компьютерде ақпарат қандай түрлерін ұсынуға болады? (слайд арқылы көрсету)

  • Осы сыни сұраққа жауап ала отырып, жаңа тақырыппен байланыстыру;

Кезеңдер.

Берілетін уақыт (40 мин)

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

«Білу» теориясы. (10 мин)

  • Мұғалім жаңа сабақтың тақырыбын айтады.

  • Редакторды іске қосып, оны интерактивті тақтада көрсетеді де топтарға тапсырмалар береді.

  • 1-топқа: «Редактордың мүмкіндігі мен іске қосу жолдары»,

  • 2-топқа: «Редактордың құрылымы мен міндеті» туралы оқулық пен интернет материалдарын пайдана отырып білу ұсынылады.

  • «ББҮ» түртіп алу стратегиясын қолдану

  • Оқушылар бүгінгі күнді және тақырыпты дәптерлеріне жазып қояды.

  • Оқушылар берілген тапсырма бойыншатопта Жигсо әдісі бойынша жұмыс жасайды.

  • Білген түсініктерін қорыта отырып, біреуі оқып береді.

  • Оқушылар дәптерлерінде ББҮ бойынша кестенің «Білдім» деген бағанын толтырады

«Түсіну» теориясы. (4 мин)

Қызығушылықты ояту

  • Осы тақырыпты біліуіміз үшін нені меңгеруіміз керек екен?

  • Қазір барлығымыз «Білгім келеді» бағанын толтырайық.

  • Оқушылар дәптерлеріндегі кестенің «Білгім келеді» бағанын толтырып, өз ойларын айтады.

«Қолдану» практикасы. (8мин)

(Қарапайым тапсырмалар)

Мағынаны тану

  • Енді оқулықты ашып, тақырыпты оқиық.

  • Оқулық және эл.оқулықпен жұмыс.

  • Оқушылар Жигсо әдісімен тақырыпты жекелеп оқып, түсінгендері бойынша постер жасап, баяндамашы қорғайды.

«Талдау» теориясы. (5 мин)

(Салыстыр, айырмашылығы неде? Ұқсастығы неде? Тақырыптың басты идеясы не?)

  • Интерактивті тақтада редактордың терезе элементтерін, меню командаларын, мүмкіндіктерін көрсете білуін ұйымдастыру.


  • әр топтан бір оқушы интерактивті тақтада түсінгендерін тізбектей көрсете отырып, бұрынғы білетін терезелермен ұқсастығы, айырмашылығы жайлы баяндайды.


Сергіту сәті. (1мин)

Аннимация арқылы жасалған қимылдарыды қайталау музыкамен..

«Жинақтау» теориясы (4мин)

(қорытынды шығару, анықтама беру, мазмұнды жүйелі кесте т.б түрінде)

  • Бүгінгі сабақтан алған білімдерін жинақтап, ой елегінен өткізуді ұсынады. «Бес жол өлең» стратегиясы бойынша.

  • Әр топ өз ойларын жинақтап, қысқа да түсінікті қорытынды анықтама береді. «Бес жол өлең» стратегиясы бойынша.

«Бағалау» практикасы. (2мин)

Критерийлер бойынша формативті бағалау

Мына дискрипторлар арқылы бағалау ұсынады.

  • Редакторды іске қосу жолдарын білемін - 1 балл;

  • Редактордың терезе элементтерінің атауын білемін - 1 балл;

  • Жұмыс аймағының өлшемін реттей аламын - 1 балл;

  • Меню командаларымен жұмыс істей аламын - 1 балл;

  • Редактордың мүмкіндіктерін білемін - 1 балл;

  • Жиыны 5 балл.

Топ басшыларының топ оқушыларын бағалау парағы негізінде оқушыларды бағалау

Топ басшысы дискрипторлар бойынша баллдарын есептеп, оны

«5 баллдық» жүйеге ауыстырып топ мүшелерін бағалайды.

1-2 балл - «2»

3 балл - «3»

4 балл - «4»

5 балл - «5»

Рефлексия (1мин)

Оқушыларға кері байланыс жасау үшін түрлі-түсті стикерлер таратады.

Оқушылар бүгінгі сабақ бойынша өз ойларын көңіл күй дидарына іледі.

Үйге тапсырма.

§14: Paint графикалық редакторы.

Сурет салу, сақтау және ашу. 117-126 беттер оқуға.

Дарынды оқушыларға: «Графикалық редакторлар» тақырыбына реферат және қайталауға кластер құрастырып келу.




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал