- Учителю
- Дыбыстық ақпаратты өңдеу. Фонограф. Ойнатқыш.
Дыбыстық ақпаратты өңдеу. Фонограф. Ойнатқыш.
№5 орта мектеп
Ашық сабақ
Дыбыстық ақпаратты өңдеу.Фонограф.Ойнатқыш.
Дайындыған: Шакирова А.Қ
Күні:15.04.2015
2014-2015оқу жылы
Күні:15.04.2015 Сыныбы:5Г
Сабақтың тақырыбы: Дыбыс жазу. Фонограф.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі:Оқушыларға Фонограф бағдарламасына бару жолдарын үйрету.Фонограф бағдарламасында практикалық жұмыс жасауға үйрету. Фонограф бағдарламасында дыбыс жаза және ойната білуге үйрету.
Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке, ауызбіршілікке, компьютерлік сауаттылыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушылардың ой - өрісін дамыту. Дыбыс жазғанда микрофонды пайдалана білуге үйрету.
Сабақтың түрі: ойын сабағы.
Сабақтың әдісі: Сұрақ жауап , практикалық тапсырмалар.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта.Слайдтар, Микрофон,Үлестірмелі бетше
Сабақтың құрылымы:
І. Ұйымдастыру.
Оқушылармен амандасып, оқу құралдарын қадағалап, назарларын сабаққа аудару.
/Оқушыларды үш топқа бөлу алдынғы сабақтағыдай./
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
1 топ
1.Блокнот бағадарламасын іске қосу әрекеті атаңыз.
2.Қағаз пішімі,өріс мөлшері,беті албомьдық немесе кітаптыққа ауыстыру әоекетін атаңыз. 3.Формат-шрифт әрекетін не үшін керек.
2 топ
1.Калькулятор бағдарламасын іске қосу .
2.Қарпайым түрі функционалдық батырмаларын атаңыз
3 топ
1.Инженерлік калькулятор ашу әрекетін атаңыз
2.Статистикалық есептеулер жүргізуге арналған функционалдық батырмаларын атаңыз
3.Қосымша функционалдық батырмаларын атаңыз.
ІІІ. Жаңа сабақ.
1.Мультимедиа сөзін естіп пе едіңіздер?
Мультимедиа-бұл компьютердің аппараттық жабдықтамасы және бір уақытта мәтінді, суреттерді, дыбысты, бейнежазбаны, әуенді және анимацияларды /қозғалыста болу/ қолданатын бағдарлама.
Мульти-көп,медиа- мәтін ,дыбыс, бейне қолданылатын бұқаралық ақпарат құралдарының жалпы аты. Мультимедиа компьютерде қолдану үшін қосымша аппаратық жабдықтамалар болу керек.Олар:
1.Колонкалар, динамик,құлақ қалқа
2.Микрофон
3.Дыбыс картасы
Windowsxp қолданбалы мультимедиалық бағдарламалар:
- ¬wav пішімінде дыбыстық файлдар жазуға,өңдеуге, ойнатуға Звукозапись бағдарламасы
- Дыбыстық файлдармен бейне файлдар ойнатуға арналған әмбебеп Windows Медиа ойнатқышы
- Бейне монтаж құралдары бар Windows Movie Maker бағдарламасы.
2.Windows Медиа ойнатқышымен мына жазбалар түрлерін ойнатуға болады:
- әуендік компакт-дисклер мен DVD -дискілер
- әр түрлі пішімдегі жергілікті аудио жіне бейнежазбалар
- интернеттің ағындағы аудио және бейне жазбалар
Windows Медиа ойнатқышы бағдарламасы қосымша қызметтеріне мыналар жатады:
- әуендік компакт-дискіден жолдарды көшіру,
- әуендік компакт-дискілер жазу
- компьютерде мультимедиалық жазулар кітапханасын жүргізу
- ойнату тізімін құру
Элементтері:Меню жолы ,
Ағымдағы жазу,
ойнату тізімінің мазмұны,
жаңғырту құралдары.
Іске қосу: Пуск-все программы-стандартные-Развлечение-Проигрыватель Windows Медиа.
Әуен ойнату үшін Воспроизводить батырмасын шерту қажет. /сж қарастырамыз/
3.Дауыс қатылығын реттеу екі түрі болады:
1.Тапсырмалар тақтасындағы Громкость белгішесін бір рет шерсек дыбыс қатылығын реттеуіш шығады, одан тышқан нұсқағышын сырғытпаға орналастырып жоғары немесе төмен жылжытып дауыс қаттылығын өзгертуге болады. /158-сурет ,202 бет//
2. Тапсырмалар тақтасындағы Громкость белгішесін екі рет шерсек дыбыс қатылығын реттеуіш шығады, әр қайсысына тышқан нұсқағышын орналастырып сырғытпаға жоғары немесе төмен жылжытып дауыс қаттылығын өзгертуге болады,бұл жалпы қолдануға болатын дауыс қаттылығы./159 -сурет,202 бет/
4. Фонограф - бұл дыбысты жазуға және ойнатуға арналған бағдарлама.Жұмыс істеу жолы:
1. Пуск-все программы-стандартные-Развлечение-Звукозапись әрекетін орындағанда Звукозапись бағдарламасының терезесі пайда болады.
2.Микрофонды қосып, Запись батырмасын шертеміз, сөйлейбастаймыз./ ұзақтығы 60 сек/
3.Стоп батырмасын шертеміз
4.Переход в начало батырмасын шертеміз
5.Воспроиз ведение батырмасын шертеміз.
6.Файл-сохранить әрекетін таңдаймыз.
5.Сарамандық жұмыс
1 топ өлең оқиды тыңдалады.
Сенбе жұртқа, тұрса да қаншамақтап,
Әуре етеді ішіне қулық сақтап.
Өзіңе сен, өзіңді алыпшығар,
Еңбегің мен ақылыңекіжақтап.
2 топ білім туралы мақал-мәтелдер айтады тыңдалады.білімді мыңды жығар, білімдінің күні жарық, білімсіздің күні кәріп, білімин емен құдық қазғандай
3 топ әнұранайтадытыңдалады.
6.Бағалау.
7.Үйге §31 оқыпкелу.
«Техникалық диктант»
Мульти -көп. Медиа- мәтін ,дыбыс, бейнеқолданылатынбұқаралықақпаратқұралдарыныңжалпыаты. CD-ROM музыка ойнату үшін қолданылады. Фонограф - бұл дыбысты жазуға және ойнатуға арналған бағдарлама. Дыбыс енгізу микрофонмен орындалады. Ақпарат WAV кеңейтілуі бар файлғажазылады.
Дауыстық файлды құжатқа енгізу үшін:
1. Фонограф программасын іске қосамыз
2. Фонограф программасының терезесінде
Правка - Копировать командасын орындаймыз
3. Дыбыстық файлды кірістіретінWordPad құжатынашамыз.
Правка -Вставить
№5 орта мектеп
Ашык сабак
Программалық қамтамасыз етудің жалпы сипаттамасыжәне жіктелуі.
Дайындыған:Шакирова А.Қ
2014-2015оқу жылы
Күні: Пәні:Информатика
Сабақтың тақырыбы: Программалық қамтамасыз етудің жалпы сипаттамасы және жіктелуі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды программалық қамтамасыз етудің жалпы сипаттамасы мен жіктелу әдісімен таныстыру. Тақырып бойынша терең білім беру, ой-өрісі мен танымдық қабілеттерін дамыту, шығармашылыққа баулу, өз ойын еркін жеткізе білу дағдыларын қалыптастыру.
Дамытушылық: Оқушылардың білімге деген құштарлығын арттыру, қызықтыру арқылы білімін тереңдету, зияткерлік қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды өздігімен жұмыс істеуге, өз денсаулығына көңіл бөлуге дағдыландыру,сыныптасын тыңдап жауаптарын толықтыруға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Аралас сабақ.
Сабақтың қолданылатын көрнекті құралдар: ДК, интерактивті тақта, электронды оқул.
Сабақтың өту барысы:
1. Ұйымдастыру
2. Үй тапсырманы тексеру
3. Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру
а) Пернетақта бөліктерін атаңдар.
ә) Индикаторлар дегеніміз не?
б) Еңгізу пернесін ата.
в) Ақпаратты ұзақ уақытқа сақтау үшін қолданылатын жады түрі қандай?
г) Модемдер қандай қызмет атқарады?
4. Мақсат қою
5. Жаңа тақырыпты түсіндіру
6. Жаңа тақырып бойынша түсінгендерін зерттеу
7. Бекіту кезеңі
6. Үйге тапсырма беру, оқушылар білімін бағалау.
Жаңа тақырып:
Алдыңғы тарауларды біз адам өмірінде компьютерді пайдалану мүмкіндіктерін қарастырдық. Бүгінде компьютер қолданылмайтын сала кемде-кем. Бұған түрлі программалық жабдықтаманы қолдану арқылы қол жетті. Программалық жабдықтамасыз компьютер - тек микротәсілдер жиыны ғана.
Компьютерде сақталатын барлық программалар оның программалық жабдықтамасын (ПЖ) құрайды. ПЖ өздерінің қызметі бойынша түрлі топтарға бөлінеді.
Жүйелік программалық жабдықтама
Компьютер іске қосылған соң, ол жүктелгенге дейін біраз күту керек. Жүйелік программалық жабдықтамаға мына программалар жатады:
1. Операциялық жүйе (мысалы, Windows). Ол компьютердің қондырғылары мен программалық жабдықтамаларының жұмысын басқарады .
2. Драйверлер - компьютерге қосылған түрлі құрылғылардың жұмыс істеуі үшін қажетті программалары.
3. Утилита - компьютерге мұрағаттау, дискілердегі ақпараттың бұзылмауын тексеру, қажетті файлдарды іздеу сияқты қызметтер көрсететін шағын программалар.
Қолданбалы программалық жабдықтама - саны ең көп және алуан түрлі программалар тобы. Қолданбалы есептерді шешуге арналғандарының бәрі қолданбалы программаларға жатады. Ол мәтінмен орындалатын жұмыстар (мәтіндік редактор немесе процессор) фотографияларды қарау (графикалық редакторлар), Интернет желісіндегі жұмыс (шолушы программалар - браузерлер) болуы мүмкін. Қолданбалы программаларды қосымшалар деп атайды.
Кез келген компьютерде мәтінмен, кестелермен, тұсаукесерлермен, суреттермен жұмыс істеуге қажетті офистік қосымшалар орнатылады. Мұндай қосымшалар үйде де, жұмыста да қолданылады.
Интернет желісінде жұмыс істеу үшін желілік қосымшалар пайдаланылады. Оларға әртүрлі браузерлер, пошталық программалар және басқалар жатады.
Көптеген қолданбалы программалар оқытушы сипатқа ие. Мұндай қосымшалар адамдарға түрлі шет тілдерін үйренуге, тестер мен емтихандарға дайындалуға, тіпті жаңа мамандық алуға көмектеседі.
Компьютердің үлкен көлемді ақпаратты сақтау мүмкіндігінің арқасында дерек қорлары, анықтамалықтар және энциклопедиялар сияқты программалар да орын алған.
Кейде сканердің көмегімен қағаздағы мәтінді компьютерлік программаларға көшіру қажеттілігі туындайды. Осы мәтіннің мәтіндік форматтағы нағыз құжатқа айналуына арнайы мәтіндерді тану программалары көмектеседі.
Программалау жүйелері.
Жаңа программалар - ОЖ болсын немесе қосымшалар болсын, бәрібір - құру үшін, программалаушыға арнайы программа керек. Ондай программаларды программалау жүйелері деп атайды. Жоғарғы сыныптарда сендер әртүрлі программалау жүйелерінде өздеріңнің программаларыңды жасауға үйренесіңдер.
Сабақты бекіту.
а) Компьютердің программалық жабдықтамасы деген не?
ә) Қосымшаларға қандай программалр жатады?
б) Программалау жүйелерінің қызметі қандай?
в) Драйвер-программалар не үшін қажет?
г) Утилиталар деген не?
№5 орта мектеп
Ашық сабақ
Мәтін теру ережесі.
Мәтін бойымен жылжыту.
Орындаған: Шакирова А.Қ
Күні:10.02.2015ж
Сабақтың тақырыбы: Мәтінді теру ережесі. Мәтін бойымен жылжыту
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды WORD PAD мәтіндік редакторымен таныстыру және сол мәтіндік редакторды пайдалана отырып, құжатқа мәтін жазуды үйрету;
Дамытушылық: Оқушыларды осы тақырыпты пайдалана отырып, мәтінді қатесіз жазу шеберлігіне баулу, сол шеберлікке ұмтылу барысында логикалық және фантазиялық ойлау қабілеітін арттыру, танымдық белсенділігін арттыру, іздендіру, оқушылардың компьютермен жұмыс істеуіндегі жетістіктерін одан әрі арттыра түсіп, алған білімдерін басқа пәндер үшін, сабақтан тыс жұмыстар үшін және жалпы келешекке өздері үшін пайдалана білулеріне ықпал ету;
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру.Оқушылармен амандасу, түгендеу, сынып тазалығын тексеру, оқушылар назарын сабаққа аудару
II.Үй тапсырмасын тексеру:
Біз өткен сабақта " PAINT графиктік редакторы " тақырыбын аяқтадық. Кімнің мүмкіндігі бар,
сол оқушылар үйден тапсырма орындап келу керек болатын. Ал қане, жұмыстарыңызды тапсырыңдар... Өткен тақырып бойынша оқушылар тест тапсырмаларына және компьютерде «Менің үйім» атты суретті салып беретін болады.
III.Жан -жақты білімін тексеру
-
PAINT графиктік редакторын қалай іске қосамыз?
-
PAINT графиктік редакторы ағылшын тілінен аударғанда
қандай мағына білдіреді?
-
PAINT графиктік редакторының терезесі қандай
элементтерден тұрады?
IV. Мақсат қою кезеңі: Бүгінгі сабақта біз WordPadмәтіндік редакторында қандай жұмыс істей аламыз: Mәтін мен абзацты пішімдеуге, шекараларды жылжытуға, шегініс орнатуға, әр түрлі қаріпті қолдануға, сонымен бірге графикалық кескіндерді, дыбыс үзінділері мен бейнеклиптерді қоюға болады. Соның ішінде бүгін қарапайым мәтіндік редакторы. Мәтінді теру ережесі. Мәтін бойымен жылжыту туралы түсінік береміз.
V. Жаңа сабақ
Балалар енді біздер теория мен практиканы ұштастыра отырып, осының ішінде мәтінді енгізуге тоқталып кетеміз. Келесі сабақтарда әрқайсысына жеке- жеке тоқталып кетеміз. Мәтіндік процессор- кез- келген мәтіндік құжаттарды автоматты түрде өңдейтін программалар тобы. Оларды мәтіндік редактор деп те атайды.
WordPad мәтіндік редакторымен жұмыс істеу.
WordPad мәтіндік редакторы қарапайым міәтіндік құжаттарды жасауға мүмкіндік береді. WordPad құжаттарында мәтін мен абзацты пішімдеуге, шекараларды жылжытуға, шегініс орнатуға, әр түрлі қаріп қолдануға, сонымен қатар графикалық кескіндерді, дыбыс үзінділері мен бейнеклиптерді қоюға болады.
WordPad бағдарламасын іске қосу.
WordPad мәтіндік редакторын іске қосу үшін, келесі әрекеттерді орындаймыз: Пуск- Программы- Стандартные - WordPad . Редактор іске қосылғанннан кейін экранға WordPad мәтіндік редакторының терезесі шығады. Терезе келесі элементтерден тұрады: тақырып жолы, меню жолы, құрал- саймандар тақтасы, пішімдеу тақтасы, сызғыш және терезенің жұмыс аймағы.
Терезенің көр бөлігін жұмыс аймағы алады, оған мәтін енгізіледі.
Терезенің тақырып жолында құжат аты және WordPad бағдарламасының аты көрінеді.
Құрал-саймандар тақтасында жиі пайдаланылатын командаларды шақыру батырмалары бар. Әрбір батырманың, міндетін білу үшін маустың нұсқағышын сол батырманың үстіне орналастырыңдар, аз уақыттан соң ішіне батырманың қысқаша аты жазылған кішкене төртбұрыш шығады. Батырманың аты оның орындайтын қызметін көрсетеді.
Жолақ
Жылдам қол жеткізутақтасы
Жай- күй жолы
Сызғыш
WORDPAD батырмасы
Мәтін теру ережелері:
-
Бас әріпті немесе символды жоғарғы регисторден енгізу үшін Shift пернесін басып, жібермей ұстап тұру керек.
-
Егер бас әріппен бірнеше сөз енгізу керек болса- Caps Lock пернесін пайдалану керек.
-
Рим цифрларын енгізу үшін латынша бас әріптер қолданылады.
-
Дефис бос орынсыз қойылады.
-
Бір бос орын сөздердің арасына және тыныс белгілерінен кейін қойылады.
-
Ұзын сызықша алдына да, соңынада бос орынмен қойылады.
-
Тырнақшаларға немесе жақшаларға алып жазылған сөздер олардан бос орынмен ажыратылмайды.
-
Enter пернесін абзацтың соңында басады.Жолдарды тасымалдау автоматты түрде жүзеге асады.
Мәтін бойынша жылжыту:
Курсорды мәтін бойынша стрелкалармен, Home (жолдың басына), End (жолдың соңына), Page Up, Page Down (бір бетке жоғары немесе төмен) пернелерімен жылжытуға болады. Түзетуге жататындар: мәтін фрагменттерін жою, қосу, жылжыту, көшіру, іздеу және алмастыру. Мәтінді ерекшелеу үшін пернетақта мен тышқанды қолданған қолайлы.
Жаңа тақырып бойынша сөзжұмбақшешейік.
W
1
H
O
M
E
6
R
C
2
P
A
G
E
D
O
W
N
A
3
P
A
G
E
U
P
4
A
7
S
H
I
F
T
5
E
N
D
L
N
O
T
C
E
K
R
1.
Мәтін бойынша жолдың басында қандай пернелермен жылжытуға болады?
2.
Мәтін бойынша бір бетке төмен қандай пернелермен жылжытуға болады?
3.
Мәтін бойынша бір бетке жоғары қандай пернелермен жылжытуға болады?
4.
Қандай пернені абзацтың соңында басады?
5.
Мәтін бойынша жолдың соңында қандай пернелермен жылжытуға болады?
6.
Бас әріппен бірнеше сөз енгізу үшін қандай перне қолданылады?
7.
Бас әріпті немесе символды енгізу үшін қандай перне қолданылады?
Сергіту сәті
Менинформатикболғым келеді!Суретте берілген компьютердің құрылғыларының аттарын жазыңыз.
VI. Жаңа сабақты түсінгенін тексеру.
Практикалық жұмыс. Барлық оқушылар жеке- жеке тапсырмалар орындайды.
-
Сәйкестендіру. WordPad мәтіндік редакторының батыраларының қызметтерін анықтаңыз.
-
WordPad мәтіндік редакторының терезесін жазып шығыңыз.
-
Жылдам қол жеткізу тақтасы
2) Жолақ
3)Сызғыш
4) Жай- күй жолы
5) WORDPAD батырмасы
-
Компьютермен жұмыс
Суретке қарап мәтін құр және оны компьютерде теріп ,жаз.
VII. Бекіту кезеңі.
-
WORDPAD бағдарламасын қалай іске қосамыз.
2) WORDPAD бағдарламасының терезесінің элементтерін атаңыз?
3) Мәтін теру ережелерін айтыңыз?
Word-та нені үйрендік. Соған тоқталып, жазып шығамыз. Барлық оқушылар жеке- жеке
айтып шығады.
WordPad
Сабақта жеткен жетістіктері мен кемшіліктеріне тоқтала отырып, бүгінгі сабаққа қысқаша шолу жасау арқылы сабақты қорытындылау.
Сабаққа жақсы қатысып, барлық тапсырмаларды мұқият, шапшаң орындап отырған оқушыларға баға қоямын.
VIII. Үйге тапсырма. §19- 20 тақырыпты оқу, оқулықтан тест тапсырмаларын орындап келу. «Менің мектебім» атты тақырыпта шығарма жазу, WordPad- та мәтінді теру.
№5 орта мектеп
Сыныптан тыс жұмыс
«Информатика әлемі»
Дайындаған:Шакирова А.Қ
Күні:19.11.2014
2014-2015 оқу жылдары
Тақырыбы:«Информатика әлемі» информатика пәнінен интеллектуалды шоу.
Мақсаты:
Білімділігі: Оқушыларды тапқырлыққа, табандылыққа, іскерлікке дағдыландыру.
Дамытушылығы: Оқушыларды өз бетімен ізденуге, білімін шығармашылық тұрғыдан дамытуға, өз бетімен қорытынды жасауға үйрету.
Тәрбиелілігі: Оқушыларды мақсатқа жету барысында жауапкершіліктерін жетілдіру, күшіне деген сенімін арттырып үлкен жетістіктеріне жетуіне тәрбиелеу
Түрі: Танымдық ойын сабағы
Пән аралық байланыс: Математика, орыс тілі, ағылшын тілі т.б.
Көрнекіліктер: Интерактивті тақта, бейне жазбалар, демонстрациялық құралдар.
Барысы:
жүргізуші : Армысыздар, бүгінгі кешке жиналған информатиканы сүюші қауым! Бүгінгі біздің «Информатика әлемі» атты информатикалық интеллектуалды шоуымызға қош келдіңіздер!
Мінеки залда тыныштық
Естілмейді дыбыс түк.
Мұны біз де қоштаймыз,
Кешіккендерді тоспаймыз.
Информатика жайында
Кешімізді бастаймыз.
Компьютер - сенің көмекшің
Қаламың әрі қағазың!
Керек емес демессің,
Аздаған болса хабарың.
Үйрену керек бәрінде -
Ақпараттық заманың.
Интеллектуалды шоу 9 сынып оқушылары арасында өтеді. Шоу жоспарымен танысайық.
Жоспар: І бөлім:
I - тур : «Құпия сандық» Информатика
II- тур : «Санау жүйесі»Информатика
III- тур: «Қанша тілді білесің?» Информатика
IV -тур: «Кім жылдам?» ойыны » Информатика
жүргізуші:
Информатика болашаққа бастайды
Келешекке білім қуған жастарды
Қадам басып 21-ші ғасырға
Барлық әлем жаңалығын тастайды , - дей келе ортаға сайысымызға қатысушы
9 - сынып оқушыларын шақырамыз. Сайыскерлер дайын болсаңыздар, алғашқы айналым информатика пәні бойынша «Құпия сандық»
І тур: «Құпия сандық» (құрылғының атын, атқаратын қызметін айту)
жүргізуші:
Көрермен жиналған бұл тамашаға,
Құр қарап, жым отыру жараса ма?
Туыс досқа, сыныптас, танысқа емес,
Соқ қолыңды білімді жас талапқа
Қолыңды бекерге бос, соға берме
Ойсыз, соқыр сезімнің соңына ерме.
Зерделеп, сұрақ - жауап санаңа түй,
Сонда ортақ боласың бар жеңіске.
Мынау ұшқыр заманда,
Жаңалық енді ғаламға.
Компьютер тілін меңгеру,
Қажеті туды адамға , - дей келе кезекте келесі айналым «Санау жүйесі»
І тур: «Санау жүйесі»
-
2910 - екілік санау жүйесіне ауыстырыңыз. (111012)
-
11011012 , 11101112 -сандарын ондық жүйеге ауыстырыңыз. (10910,11910)
-
3Е5А116 - санын ондық жүйеге айналдыру жолын көрсету керек.
(3*164+Е*163+5*162+А*161+1*160)
-
0,62510 - ондық бөлшегін екілік санау жүйесіне ауыстырыңыз.(0,1012)
-
10112 - он алтылық санау жүйесіне ауыстырыңыз. (В16)
-
1012+0112 - сандарын қосып, нәтижені ондық жүйеге айналдыр.(10002=810)
жүргізуші:
Келді кезек жұмбақтарды шешуге
Жауаптарын үш тілдерде беруге.
Қазақ,орыс, ағылшынды білсеңіз,
Ұпай жина, шәкірт саған несібе , - дей отырып, келесі айналым «Қанша тілді білесің?»
«Қанша тілді білесің?» (Жұмбақтың жауабын үш тілде айту)
Батырмасын басасың
Қажетті файлды ашасың (тінтіуір, мышь, mouse)
Компьютермен енеді
Қағазға басып береді. (баспа құрылғысы, принтер, printer)
Мәліметті сұраған
Экранға шығарған (бейнебет,монитор,monitor)
Жақтаулар арқылы шектеледі
Бейнебетте төртбұрыш болып бейнеленеді (терезе, окно,windows)
Қабат - қабат қаттама
Ақылын болса аттама (кітап, книга, book)
Ақпараттың қайнар көзі (табиғат,природа, nature)
Қоршаған орта орта және онда жүріп жатқан процестер туралы мәліметтер (ақпарат, информация, information)
Жіпке ілдім мен өзім
Кіп - кішкентай күн көзін ( шам, лампа,lamp)
жүргізуші:
Көңілді тапқыштар, білгіштер
Бар өнерін алдарына салады
Кім білімді болса егер
Бүл кезеңнің жеңімпазы болады -дей келіп, соңғы айналым «Кім жылдам»
«Кім жылдам» ( Берілген торкөздердегі әріптерден операторлар атауларын табу)
R
E
A
D
R
O
F
I
F
B
N
E
H
T
E
L
E
E
S
L
E
T
A
G
R
W
E
C
I
E
I
E
H
N
H
R
R
N
P
I
D
A
W
T
A
E
L
E
R
(Begin, Else, End, For, If, Read, Repeat, Then, While, Write, Char, Real)
2 - жүргізуші:
Информатика - болашаққа бастайды,
Келешекке білім қуған жастарды.
Қадам басып ХХІ ғасырға,
Барлық әлем жаңалығын тастайды.
Талаптанайық жас достар ғылым деп,
Ғылыммен ұлтымыз да ұлт болып білінбек.
Ғылыммен тереземіз теңдік ап,
Болашақтың атар таңы күлімдеп, - дей келе, әділ қазылар алқасына сөз кезегін берейік.
жүргізуші:
Қадірлі ұстаздар, оқушылар, уақыттарыңызды бөліп, келгендеріңіз үшін рахмет!
Демеңіз біз өнерді аяп қалды,
Уақытта біраз жерге таяп қалды.
Хош болып тұрыңыздар, жолыққанша,
Осымен біздің сайыс аяқталды.
№5 орта мектеп
Ашық сабақ
Мәтіннің үзіндісін ерекшелеу.
Дайындаған: Шакирова.А.Қ
Күні:18.02.2015
2014-2015 оқу жылы
Күні: 18.02.2015 Пәні: Информатика Сынбы: 5В
Начало формы
Конец формы
Сабақтың тақырыбы: Мәтін үзінділерін ерекшелеу. Қаріп. Абзацтыпішімдеу
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға мәтін немесе оның үзінділерін ерекшелеу тәсілдерін, негізгі форматтау режімдерін қолдануды үйрету, мәтінді туралау, жоларалық интервал,тасымалды орналастыру сияқты мәтіндік құжаттарды пішімдеудің жолдарын меңгерту.
Дамытушылық: Оқушылардың компьютерге қызығушылығын арттыру. Оқушылардың ойлау қабілеттерін, танымдық белсенділігін арттыру, компьютермен жұмысі стеу шеберлігін одан әрі қарай шыңдау және осы сабақта алған білімдерін пайдалана білуге ықпал жасау.
Тәрбиелілік: Оқушыларды тәрбиелілікке, жүйелілікке, ұқыптылыққа, іскерлікке, тиянақтылық қаүйрету.
Сабақ түрі: аралас сабақ
Әдіс - тәсілдер: түсіндірмелі - иллюстративті, сұрақ - жауап
Пәнаралық байланыс: қазақтілі, орыстілі, шеттілі
Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, оқулық, жұмыс дәптері,бейне проектор, электронды тест бағдарламасы.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу, түгелдеу, жаңасабаққазейініңаудару.
2. Өткен материалды қайталау сұрақтары:
Дайын тест бағдарламасы арқылы тексереміз.
Мәтіндітеру ережелері. Мәтін бойымен жылжыту
• Жаңа азат жолды бастау үшінқай пернені басу қажет?
• CapsLock пернесінің ызметі қандай?
• Қосымша сандарды қосу пернесінің атауы?
• Delete пернесінің атқаратын қызметі?
• PageUp пен PageDown пернелері мәтінде қандай жұмыс атқарады?
3. Жаңа қырыпты түсіндірмес бұрын, алдымен жасырылған сөздерді орыс тіліндегі нұсқасының аудармасын қазақ тілінде табу арқылы тақырыпта қолданылатын терминдерді жазып, тақырыпты ашу.
Жасырылған сөздер: Мәтін, Қаріп, Азат жол (Жаңа ой), Пішім
Ашылған терминдерден жаңа тақырыпты жазу. Мәтін үзінділерін ерекшелеу. Қаріп. Абзацты пішімдеу
Мәтін - жалпы бір тақырып төңірегіндегі біріккен, сабақтастық ақпаратты жеткізетін мазмұнды, мәнді сөйлемдердің тізбегі.
Қаріп - Белгілі бір алфавитті, санды және белгілерді көрсететін сөздер жиынтығы.
Азат жол - қара сөздегі мәтіннің әр бөлімінің алдыңғы жолын тұтас қатардын сәл шегіндіріп бастау. Мәтіннің мағына жағынан бірыңғай тиянақты бөліктерін бір - бірінен ажырату үшін қажет. Жаңа ойды білдіреді.
Пішім - құжаттағы мәтінді, мәліметтер базасындағы, файлдағы орналастыру тәсілі мен құрылымы.
Мәтінді ерекшелеу үшін тышқан құрылғысы мен пернетақтада пайдаланылады. Мәтіннің әртүрлі үзінділерін рекшелеу үшін Word бағдарламасында бірнеше ерекшелеу әдістері бар:
• Сөздіерек шелеу үшін, оған тышқан құрылғысы мен екі рет шерту қажет;
• Сөйлемді ерекшелеу үшін - тышқан құрылғысының сол жақ батырмасын 3 рет шерту қажет;
• Мәтінді толық ерекшелеу үшін - Ctrl+A пернелер үйлесімін басу керек;
• Азат жолды (абзацты) белгілеу үшін тышқан құрылғысының сол жақ пернесін үш рет шерту жеткілікті.
Мәтін үзінділерін ерекшелегеннен кейін, Қаріп терезесін мәзір қатарынан Формат - Шрифт командасынорындау арқылы көреміз. Ашылған терезеде Қаріптің түрін, көлемін, түсін, көлеңкесін, қалың, қиғаш және асты сызылуы амалдарын орындауға болады.
Қаріппен жұмыс жасағаннан соң, Азат жол терезесін мәзір қатарынан Формат - Абзац амалын орындаймыз. Ашылған терезеде Азат жолды сол жағынан, ортасынан, оң жағынан, екі жағынан да түзету, екі сөздің және екі жолдың ара қашықтығын және шегіністі белгілеу жұмыстарын жүргізуге ыңғайлы.
Азат жолды пішімдеу үшін өлшемін өзгерту арқылы мәтінді ерекшелеу, қаріптің және беттерді ортаға түзету, осы сияқты параметрлерін қолдануға тиімді болып келеді.
4. Жаңа сабақты түсінгенің тексеру.
Тапсырма №1.
Сократ бағдарламасын қолдану арқылы терминдердің ағылшын тіліндегі аудармасын табу. Жауабы:
1. Мәтін - Текст - Text
2. Қаріп - Шрифт - Font
3. Азатжол - Абзац - Paragraph
4. Пішім - Формат - Format
Тапсырма №2.
Мәтінмен жұмыс жасау. Берілген мәтінде сөзді, сөйлемді және азат жолды ерекшелеу.
Мәтінді теру ережесі (үзінді)
Мәтінді енгізер алдында жүгіргіні (курсорды) мәтінді енгізу орнына апарып, мәтінді қай жерге енгізетініңізді көрсету қажет. Егер Сіз жаңа құжат ашып отырсаңыз, жүгіргі өз бетімен құжаттың бас жағына орналасады. Мәтіндік редакторлардың көпшілігі сияқты Word мәтінді жолдарға бөліп, сөздер арасында бос орындар қалдырып отырады. Жаңа абзац бастау үшін пернесін басу қажет.
Тапсырма №3.
Компьютерде дайын тест бағдарламасы мен жұмыс жасау. Информатика пәні бойынша сұрақтар енгізу.
1. Информатика пәнін қай сыныптан бастап оқытылады?
А) 1 сынып Ә) 5 сынып Б) 9 сынып в) 11 сынып
2. Қандай мәтіндік редакторлар бар?
А) Word, wordpad, блокнотӘ) Paint, avastБ) Doctor, Textв) Wordpad
5. Сабақты бекіту сұрақтары:
• Мәтін үзінділерін қандай жолмен ерекшелеуге болады?
• Қаріппен Азат жолдың терезелерін қалай ашамыз?
• Баяндама және реферат жазған кезде, қанша сыншы қаріпті қолданамыз?
• Азат жолды теруде қай перненің көмегімен бастапқы шегінісін жасаймыз?
• Көшіру амалын қай пернемен орындаймыз?
6. Сабақты қорытындылау.
Оқушылар компьютерде Тест ИВТ бағдарламасымен тест тапсырады.
7. Оқушыларды бағалау
Тест ИВТ бағдарламасы арқылы алынған тест қорытындысын талдап, мақтау қағазы мен марапатталады.
8. Үйге тапсырма:
1. Оқулықтан 167 беттегі §21 тақырыпты оқып, бақылау сұрақтарына жауап беру.
2. Өткен тақырыптардан 5 - 10 сұрақтан тұратын тест құрастыру