7


  • Учителю
  • Ашық іс-шара: Үздік информатик

Ашық іс-шара: Үздік информатик

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала





Т.Жаманмұрынов атындағы орта мектебі

















Тақырыбы: «Үздік информатик» сайысы











Дайындаған: Өтемұрат Айгерім Нұрлыбекқызы





























2015-2016 оқу жылы





Бекітемін:

Оқу ісі жөніндегі орынбасары: Г.Нұрманова



Тақырыбы: «Үздік информатик » сайысы

Мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың информатика пәнінен алған білімдерін жинақтау, олардың информатика пәнінен алған білімдерін бақылап, бағалау.

Дамытушылық:Оқушылардың танымдық және шығармашылық қабілеттерін, ойларын дұрыс тұжырымдап сұрақтарға қорытынды жасай білу дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік: Еңбек сүйгіштікке, ұйымшылдыққа, уақытты үнемді пайдалануға тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс: математика,информатика



Көрнекіліктер: интерактивті тақта, компьютер, қанатты сөздер, суреттер

Жоспары: Негізгі бөлім: I- Сергіту

II-Қай сөз артық?

III-Қатесін тап

IV-Сен білесің бе?

V-Венгр сөзжұмбағы

Қорытынды бөлім: сайыс қорытындысы, марапаттау.

Барысы:

Жүргізуші: Құрметті ұстаздар, оқушылар! «Білімді азамат-ел ертеңі»,«Білім мен даналық-адам көркі », «Халыққа наннан кейін ең қажеттісі- Білім»деп Ұлы тұлғаларымыз бекерге айтпаса керекті. Бүгінгі сайысымыз 7-8 класс оқушыларынан құралған екі топ арқылы өтеді, олай болса сайысқа қатысушы оқушыларымызбен таныс болайық:

Әр топта төрт оқушы болады.

  1. «Логика» тобы

  2. «Алгоритм» тобы

Осы доданы әділ бағалап , білімдерін саралайтын әділ қазыларымызбен таныс болыңыздар:

1.

2.

3.

Жарыс заңы ежелден,

Жеңімпазды анықтау.

Жеңімпаз болу шарты сол

Еңбектену, жалықпау

Сәт сапар тілеп бәріңе

Сайысты біздер бастайық! -

дей отырып, I-кезең. «Сергіту»

Ойынның шарты: Әр командаға 8 сұрақтан қойылады. Сұраққа «иә» не «жоқ» деп жауап беру керек. Әр дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі.

І-топқа қойылатын сұрақтар

1.Баспаға шығару құрылғысы пернетақта деп аталады (жоқ)

2.Адам ақпаратты сақтай алмайды (жоқ)

3.Екілік жүйе 2 символдан ғана тұрады (иә)

4.Ақпараттық ең кіші өлшем бірлігі килобайт. (жоқ)

5.Процессор - компьютердің миы. (иә)

6.Тышқан ақпаратты сақтауға арналған құрылғы. (жоқ)

7.Ең алғашқы ЭЕМ 1846 жылы пайда болды. (иә)

8.1 бит=8 байтқа тең деген пайымдау жалған ба? (жоқ)

ІІ-топқа қойылатын сұрақтар:

1. 1 Килобайт 1024 байтқа тең. (иә)

2. Дисплей компьютердің экранына ақпаратты шығару құрылғысы (иә)

3. Сканер - ақпаратты шығару құрылғысы (жоқ)

4. Сегіздік санау жүйесінде 8 саны жоқ. (иә)

5. Пернетақта - компьютерге ақпаратты енгізу құрылғысы. (иә)

6. ЭЕМ-нің дамуының ІІІ буынында электронлық шамдар пайдаланылды (жоқ)

7. Информатика-ақпараттық процесстерді зерттейтін ғылым (иә)

8. 2 Мбайтта 1048 байт бар.(жоқ)

ІІ-кезең «Қай сөз артық?»

Шарты: Тақтада 4 сөзден анаграмма түрінде берілген. Артық сөзді табу керек. Әр сөзге 2 ұпайдан, тапсырмаға 3 ұпай беріледі.

  • Марамгроп - программа

  • Ныштақ- тышқан

  • Дакротре-редактор

  • Юнем -меню

  • Артық сөз тышқан

  • Терчесвин-винчестер

  • Такидес-дискета

  • Ссорецпро-процессор

  • Кашфле-флешка

  • Артық сөз процессор

  • Рептьюкром-компьютер

  • Тамикатема-матиматика

  • Азикиф-физика

  • формаинкати -информатика

  • Артық сөз компьютер

  • Малімғу-мұғалім

  • Инрпрет-интернет

  • Ушықо-оқушы

  • Кәртіш-шәкірт

  • Артық сөз интернет

III-кезең: «Қатесін тап»

Шарты: Электронды поштамен келген хатқа вирус кіріп ақпаратты бүлдіріпті. Сіздердің мақсаттарыңыз бүлінген ақпаратты қалпына келтіру

(Вируспен зақымданған нұсқасы)

1-хат: Мен компьютермен жұмыс істегенде, міндетті түрде монитор мен сканерді іске қосамын.Тышқанмен әріптерді теріп, сурет шығару керек болса, сканерді пайдаланамын. Компьютерге дайын мәтінді қолдан енгізбеу үшін джойстикті қолданамын. Ал мәтінді басып алу үшін жүйелік блокқа қағаз саламын. Микрофон арқылы әндерді тыңдаймын.

(Вируспен зақымданған нұсқасы)

2-хат: Мен компьютерде жұмыс істегенді ұнатамын. Компьютерде мәтін жазу үшінPaint текстік редакторды пайдаланамын. Мәтін жазу үшін сызғыш, өшіргіш құралдарын пайдаланамын. Ал сурет салғым келсе WordPad стандартты программасымен саламын. Өз жұмыстарымды сканерден шығарамын.

Жауабы: 1-хат: Мен компьютермен жұмыс істегенде, міндетті түрде монитор мен жүйелік блокты іске қосамын.Пернетақтамен әріптерді теріп, сурет шығару керек болса, принтерді пайдаланамын. Компьютерге дайын мәтінді қолдан енгізбеу үшін сканерді қолданамын. Ал мәтінді басып алу үшін принтерге қағаз саламын. Колонка арқылы әндерді тыңдаймын.

2-хат: Мен компьютерде жұмыс істегенді ұнатамын. Компьютерде мәтін жазу үшін WordPad текстік редакторды пайдаланамын. Сурет салу үшін сызғыш, өшіргіш құралдарын пайдаланамын. Ал сурет салғым келсе Paint стандартты программасымен саламын. Өз жұмыстарымды принтерден шығарамын.

IV-кезең: «Сен білесің бе?»

Шарты: Ұяшықтарға сұрақ жасырылған . Әр топ ұяшықты таңдайды. Ұяшықта қандай сан жазылса сонша ұпай қосылады.

  1. 8 байт неден тұрады (8 биттен) (10 балл)

  2. Дискетаның сыйымдылығы (1,44 Мбайт)(10 балл)

  3. Ең ертедегі есептеу құрылғысы (есепшот)(20балл)

  4. Интернет желісіне қосылу үшін қажетті құрылғы (модем)(20балл)

  5. Компьютердің атасы деп кімді атаған? (Чарльз Бэббидж) (30балл)

  6. BaсkSpace пернесінің қызметі? (курсордың сол жағындағы символды өшіру) (30 балл)

V-кезең: «Венгр сөзжұмбағы»

Шарты: Сөзжұмбақтағы әр тапқан сөзге 10 ұпай беріледі.М

Т

П

Л

О

Т

Т

Н

О

М

И

Ы

П

Р

Р

Т

Е

И

Д

Е

К

Ш

Н

И

Е

Е

Р

О

М

М

Р

Қ

А

Н

Т

Р

Н

Н

И

Т

О

Н

Т

С

Ө

З

Е

Т

Р

О

П

А

И

Б

А

Й

Т

Т

Е

З

Р

М

В

П

И

К

М

Е

Р

Е

О

Ә

И

А

Р

С

О

Ұ

А

Ф

Ц

Т

Р

И

Х

Е

Д

Я

Й

Л

Е

І

У

В

Ж

Л

И

Я

И

Ц

С

Н

С

Д

А

Ь

Ф

И

К

А

С

О

Р

А

Б

О

Н

Е

Н

Т

  1. Тышқан

  2. Плоттер

  3. Модем

  4. Микро

  5. Байт

  6. Монитор

  7. Терезе

  8. Процессор

  9. Архив

  10. Файл

  11. Пиксель

Білім деген биік шың,

Бақытқа сені жеткізер.

Білім деген ақылшың

</ Қиындықтан өткізер, - деп бүгінгі «Үздік информатик» сайысын қортындылаймыз. Қорытынды сөзді әділқазыларға береміз. ( сайыс нәтижесін әділқазылар хабарлайды) Ұпай саны көп сыныпқа «Үздік информатик» атағын береді.Қатысушыларға алғысымыз шексіз! Көңіл аударып тыңдағандарыңызға көп- көп рахмет!















































Алгоритм





Логика







































































































































































 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал