7


Диаграммаларды құру (8 сынып)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала



«№24 лицей»МКМ





























Тақырыбы: MS Excel-де диаграммаларды құру

















Пәні : информатика

Сыныбы: 8

Пән мұғалімі : Абданова Аққуаш

Джоламанқызы

















2015-2016 оқу жылы

Күні: 21.04.2016 жыл

Сабақтың тақырыбы: «MS Excel-де диаграмма құру»

Сабақтың мақсаты:

білімділік: оқушыларды Excel-дің негізгі графикалық мүмкіндіктерімен таныстыру және құрылған кестеге диаграмма тұрғызуды үйрету;

дамытушылық: Диаграмма тұрғызудың негiзгi қадамдарын орындай отырып, өз бетiнше жұмыс iстеу дағдысын қалыптастыру, логикалық ойлау қабiлетiн дамыту.

тәрбиелік: Жан-жақты болуға, ұқыптылыққа, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: баяндау,сұрақ-жауап

Сабақтың көрнекілігі: Компьютер, МS Exсel терезесі, интерактивті тақта, үлестірмелі материалдар

Сабақтың барысы:

І .Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушылармен сәлемдесу;

  • Оқушыларды түгендеу;

  • Олардың құрал-жабдықтарын және сабаққа дайындықтарын тексеру;

  • Шаттық шеңберін құрып,бір-біріне тілектер айту арқылы оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІV. Жаңа сабаққа дайындық кезеңі.

«Тосып ал» ойыны.

Оқушыларға допты лақтырып, сұрақтар қоямын, тосып алған оқушы жауап беру арқылы сабақтың тақырыбын ашамын.

  1. MS Excel бағдарламасын қалай іске қосамыз?

  2. Excel-дің қызметі қандай?

  3. </ Excel бағдарламасында формула жазу тәртібі.

  4. Ұяшықтардың абсолют немесе салыстырмалы сілтемелері не үшін қолданылады?

  5. Автоформат командасы не үшін арналған және ол қалай қолданылады?

  6. Ұяшықтағы мәліметтерді қалай көшіруге болады?

  7. Кестемен жұмыс (жол, баған немесе бет қосу, өшіру амалдары).

  8. Мәліметтерді графикалық түрде ұсыну үшін нені қолданамыз?

V.Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі:

Диаграммалармен жұмыс істеу

Қазіргі заманғы кестелік процессорлар сүреңсіз статистикалық мәліметтерді бояулы диаграммалармен, графиктермен және графикалық объектілермен (серуттермен, схемалармен) түрлендіруге мүмкіндік береді. Диаграммалар мәліметтерді графикалық ұсыну үшін арналған.

Диаграмма - бұл мәліметтерді талдау мен салыстыру ыңғайлы болу үшін кестедегі мәліметтердің көрнекі графиктік түрде берілуі. Диаграммалар бір ұяшықта тұрған қатені де тез көрсете алады.

Диаграммалар келесі типтегідей болып келеді:



























Әрбір енгізілетін мәліметтерге құрылатын диаграмманың түрін таңдау өте маңызды.

Дөңгелек диаграммадан басқа барлық диаграммалардың екі өсі бар:горизонталь немесе санаттар осі және вертикаль немесе мәндер осі. Көлемдік диаграммаларды әзірлеу кезінде үшінші ось - қатарлар осі үстемеленеді. Диаграммалардың тор, тақырыптар және аңыз (легенда) сияқты элементтері бар.

Тақырыптар диаграмманың жеке элементтерін түсіндіру үшін пайдаланылады.

Аңыз (легенда) диаграммада ұсынылған мәліметтердің қатарын айырып тануға көмектеседі. Қандайда бір мәліметтердің (бағандардың немесе жолдардың мәндері) негізінде диаграмманы құру үшін диаграмманың таңдалынған типін құруға талап етілетін ұяшықтардың ауқымын көрсету қажет. Ал содан кейін кестелік процессорда бар диаграммалар шеберімен диаграмманы құру керек.

Диаграмманың кейбір типтерін мысалда қарастырайық:

Диаграммаларды құру (8 сынып)Диаграммаларды құру (8 сынып)













Диаграмманы орналастыру үшін:

  • Диаграмма құратын мәліметтерді енгізу қажет.

  • Диаграмма құруға қажет мәліметтерді жұмыс парағында ерекшелеу;

  • Вставка (Қою) менюіндегі Диаграмма командасын таңдау немесе Стандарт аспаптар тақтасындағы батырмасын шерту;Диаграммаларды құру (8 сынып)

  • «Мастер диаграмм» (Диаграмма шебері) диалогтік терезесінде диаграмма түрін таңдау қажет;

  • Келесі қадамға өту үшін <Далее> (Жалғастыру) батырмасы қолданылады;

  • Кез келген қадамда диаграмманы құру үшін <Готово>(Дайын) батырмасын шертуге болады, сонда Диаграмма шеберідиаграмманы құруды аяқтайды.

  • Соңғы терезесіндегі <Готово>(Дайын) батырмасын шертіңіз.

Диаграмманың немесе басқа объектінің, мысалы, суреттің өлшемін өзгерту үшін оған тінтуірді шертіп, пайда болған белгілеу маркерлерін жылжыту арқылы өзгертуге болады. Диграмманың түрі мен параметрін өзгерту үшін диаграммаға тінтуірдің оң жақ батырмасын шертіп, контекст менюіндегі қажет команданы таңдау керек. Диаграмманы жою үшін оған тінтуірді бір рет шертіп, Delete пернесін басамыз.

VІ. Жаңа материал бойынша түсініктерін тексеру

1.Суреттер бойынша сәйкестендіру

Диаграммаларды құру (8 сынып)

2. Компьютерде тәжірибелік жұмыс

Деңгейлiк тапсырмалар 3 топқа бөлiнедi:

 -жеңiл тапсырмалар

 -стандартқа сәйкес тапсырмалар

-күрделi тапсырмалар

1-деңгей. 

Абылай ханның өмірі туралы деректерді енгізіп келесі диаграммаларды тұрғызыңыз:

  1. Жалпыға бірдей діңгектік (гистограмма) диаграмма тұрғызыңыз.

  2. Жалпыға бірдей пирамидалық диаграмма тұрғызыңыз.

2-деңгей. 

1997-2000 жылдардағы экономикалық тұтыну секторындағы баға өзгерісі төмендегі кестеде сипатталады. Осы кестедегі мәліметтер бойынша диаграммалар құрыңыздар.

1. Жалпыға бірдей конустық диаграмма тұрғыз;

2. Азық-түлік тауарларына дөңгелек диаграмма тұрғызыңыз

3. Азық-түлік емес тауарларға пирамидалық диаграмма тұрғызыңыз 3-деңгей. 

Кестеге мәліметтерді пайдалана отырып келесі диаграммаларды тұрғызыңыз:

  1. Тек қазақтар үшін дөңгелек диаграмма тұрғызыңыз.

  2. Тек орыстар, украиндар, белорустар үшін дөңгелек.

  3. Тек басқалары үшін дөңгелек секторды құрыңыз;

  4. Диаграммадағы мәліметтерді форматтаңыз

Казактар

38

30

32,6

36

39,4

50,7

Орыстар, украиндар, белорустар

51,5

52,5

51,1

48,1

43,3

37,7

Баскалары

10,5

17,9

16,3

15,9

16,3

11,6

VІІ. Жаңа сабақты бекіту кезеңі.

Оқушылар Plickers бағдарламасымен тест тапсырады.

Тест сұрақтары.

1.Microsoft Excel дегеніміз не?

a) Операциялық жүйе

b) Текстік редактор

c) Антивирустық программа

d) Электрондық кесте

2.Microsoft Excel жолдар саны

a) 65536

b) 256

c) 125

d) 1256

3.Microsoft Excel бағандар саны

a) 65636

b) 256

c) 125

d) 1256

4.Диаграмма дегеніміз не ?

a) Бірнеше ұяшықтар тобы

b) кестедегі мәліметтердің көрнекі графиктік түрде берілуі

c) Мәтіндік редакторда қолданылытын жазу түрі

d) Жол мен бағанның қиылысуы

5.Диаграмманың неше түрі бар ?

a) 20

b) 16

c) 10

d) 12

6.Аңыз, тақырып, тор дегеніміз не?

a) Диаграмма тақырыбы

b) Диаграмма түрі

c) Диаграмма дизайны

d) Диаграмма элементтері

7.Диаграмманы құру қанша қадамнан тұрады?

a) 4

b) 5

c) 6

d) 7

8. Диаграммалардың қанша өсі бар?

a) 5

b) 4

c) 2

d) 3

9.Электрондық кестеде мәлімет енгізетін кестенің ең кіші бөлшегі

a) Жол

b) Ұяшық

c) Баған

d) Кесте

10. Диаграмманы жою үшін...?

a) оған тінтуірді бір рет шертіп, Delete пернесін басамыз.

b) Дайын диаграмма жойылмайды.

c) Формат - Диаграмма - диаграмма парамертлері

d) Дұрыс жауабы жоқ



Дұрыс жауаптары:

«Ой толғаныс». Кері байланыс орнату Диаграммаларды құру (8 сынып)

VІІІ . Үйге тапсырма беру кезеңі.

MS EXCEL-де диаграммалар құру (мазмұндау).

Диаграмма құру: информатика пәнінен тоқсандық бағаларының қорытындысы.

Сыныбы Оқушы саны 5 4 3 2

8 «А» 21 6 5 10 -

8 «Ә» 21 5 6 10 -

8 «Б» 18 6 2 10 -

Бағалау.(смайликтер арқылы)Диаграммаларды құру (8 сынып)

Диаграммаларды құру (8 сынып)Диаграммаларды құру (8 сынып)







Құрастырған: Абданова А.Д





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал