- Учителю
- Циклдің ілесу шарты (9 сынып)
Циклдің ілесу шарты (9 сынып)
№22 сабақ
Сыныбы: 9 «А», 9 «Ә», 9 «Б» Күні: 16.02, 18.02
Сабақтың тақырыбы: Циклдің ілесу шарты
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушыларды Паскаль тілінің шартты соңынан тексеретін қайталау - REPEAT операторымен таныстырып, программа құруға дағдыландыру;
Тәрбиелік:Оқушыларды тиянақтылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Дамытушылығы: Оқушылардың паскаль программалау тілінде есеп шығару мүмкіндіктерін, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту;
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Әдісі: Көрсете- баяндау, пікірлесе- түсіндіру.
Сабақтың көрнекілігі: ДК, оқулық, үлестірмелі тапсырмалар
</ Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру
-Оқушылармен сәлемдему;
-Оқушыларды түгендеу;
-Оқушылардың назарын сабаққа аудару;
-Компьютердің дайындығын бақылау,техника қауіпсіздігін ескерту.
IV.Жаңа сабаққа дайындық кезеңі
-
Қайталау операторлары не үшін қолданылады?
-
Цикл дегеніміз не?
-
Қайталау операторларының қанша түрі бар?
* WHILE қандай оператор?
V.Жаңа материалды түсіндіру
REPEAT қайталу операторы WHILE операторына ұқсас, айырмашылығы - қайталану шарты цикл соңында тексеріледі, сондықтан ол кем дегенде бір рет орындалатын болады. Екінші өзгешелігі - цикл тұлғасы шарт жалған болғанда қайталанып, ол ақиқат болған кезде циклді орындау доғарылады.
Бұл оператор Repeat (оқылуы: рипит, қайталау болып аударылады) және Until (оқылуы: антил, дейін, шейін болып аударылады) түйінді сөздерін пайдаланып орындалады.
VI.Жаңа сабақ бойынша түсініктерін тексеру
-
Қайталау операторлары не үшін қолданылады?
-
Цикл дегеніміз не?
-
Қайталау операторларының қанша түрі бар?
-
REPEAT қандай оператор?
-
REPEAT операторының жалпы жазылу түрі қандай?
VII.Сабақты бекіту
Компьютермен жұмыс
№1 Р=1*2*3 … * N N ! факториалды табу программасын жаз.
Program fakt;
Var I , n , p: integer;
Begin
WriteLn ( ' n= ');
ReadLn (n) ;
I: = 1;
P:= 1;
Repeat
P:= p*1;
I:= i+1;
Until i>n;
Writeln (p:4);
End.
№2. у =3x+1 x €[1 ; 2 ], h =0,5 өрнегін WHILE, REPEAT операторларын пайдаланып программа құр.
Program y-tabu;
Var x , y : real ;
Begin
X:=-1;
Repeat
Y: = 3*x+1;
WriteLn (' y = ' , y);
X:=X+0,5;
Until x>2;
End.
№3. x €[1 ; 3 ] аралығында 0,2 қадаммен өзгергендегі y= функциясының мәнін тап.
Program esep;
Var x, y: real;
Begin
X:=1;
repeat
y:= sqrt (x+1)-1/x ;
Writeln ( x:3, y:5);
x:=x+0.2;
until x>3
readln;
end.
VIII.Үйге тапсырма беру кезеңі: Циклдің ілесу шарты.