7


  • Учителю
  • Презентация по информатии на тему 'Мәтіндік редакторлар' (7 класс)

Презентация по информатии на тему 'Мәтіндік редакторлар' (7 класс)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Microsoft Word - мәтіндік редакторы


Ниязова Ф.М

134 орта мектептің информатика пәні мұғалімі



Сабақтың тақырыбы: Microsoft Word - мәтіндік редакторы

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың мәтіндік ақпаратты өңдеу, мәтіндік құжаттар мен мәтіндік редакторлар, мәтін түрлері, мәтіндердің құрылымдық элементтері. Мәтіндік ақпаратты компьютерде өңдеу технологиясы туралы білімдерін қалыптастыру;


Дамытушылық: Жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу;


Тәрбиелік: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру.


Сабақтың көрнекілігі: электронды презентация, интерактивтік тақта, , суреттер, баспасөз материалдары

Сабақтың әдіс -тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру, талдау, венн диаграммасы, ойын

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі

Сабақтың түрі : Аралас сабақ

Сабақтың типі: жаңа материалды меңгерту

Сабақтың технологиясы: МОТ

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі.

1.Сәлемдесу,түгелдеу


Үй тапсырмасын сұрау

"Серпілген сауал" әдісі бойынша сұрақ-жауап

1.Word Pad қолданбасын қалай қосамыз?

Пуск-Программы-Стандартные - Word Pad

2.Word Pad мәтіндік редакторының қызметі?

Мәтінді теру, түзету, пішімдеу

3.Word Pad мәтіндік редакторы қолданбасы терезесінің құрылымын айт.

Тақырып жолы, меню жолы, құрал-саймандар тақтасы, пішімдеу тақтасы, жұмыс өрісі, қалып күй жолы

4.Мәтінді пішімдеу дегеніміз не?

Символдардың әлпеттерін, әр түрлі қаріптер таңдаумен бетердің шетіне туралаумен мәтінді түрлендіру процесі


Жаңа сабақ

Microsoft Word - мәтіндік редакторы


Microsoft Word-ты іске қосу үшін келесі

әрекеттер тізбегін орындау қажет.

Пуск - Программы - Microsoft Word

Жаңа құжат құру - Файл-Создать.

Бұрыннан бар құжатты ашу : Файл- Открыть;

Құжатты сақтау -Файл-Сохранить немесе

Файл- Сохранить как командаларын орындау қажет


Ойлан да тап!

1.Сақтау А.Файл-Открыть

2.Көшіру Ә.Файл-Вставить

3.Шығу Б.Файл-Печать

4.Құжатты құру В.Правка-Выразеть

5.Құжатты ашу Д.Файл-Сохранить

6.Жою Е. Файл-Создать

7.Баспаға жіберу Ж.Файл - Выход

8.Орналастыру З. Правка -Копировать


Ойлан, тап! Бұл кезеңде оқушыларға Microsoft Word мәтіндік редакторының терезесінің құрылымын ретімен табу керек.



Кім жылдам?"

Практикалық жұмыс

Бұл ойын бойынша берілген мәтінді 3 минут ішінде Microsoft Word мәтіндік бағдарламасында теріп , бағдарламаның жұмыс жасау мүмкіндіктерін пайдалану.


Кітап - заманымыздың өмірі. Ол кәріге де, жасқа да қажет. Біз кітаппен күн сайын кездесеміз. Кітап адамның дүниетанымын кеңейтіп, рухани дүниені оятады. Кітап білімімізді молайтады, кітаптан көп үлгі өнеге аламыз. «Кітап - ғылым , тілсіз мұғалім» деп тегін айтылмаса керек.

Венн диаграмммасы. Мұнда оқушылар Word Pad редактормен Microsoft Word мәтіндік редакторының айырмашылықтары мен екеуіне ортақ қасиеттерін табады.


Қорытындылау.

"Бес саусақ" әдісі арқылы

1.Бүгінгі сабақты қаншалықты меңгердің?

2.Не ұнамады?

3.Маған сабақта ұнады...

4.Мен алдағы уақытта мынаны білгім келеді...

5.Бүгінгі көңіл-күйім...


Бағалау.

Бүгінгі сабаққа белсенді араласқан оқушыларды мадақтау арқылы бағалау.

Менің сабақтан алған әсерім. Берілген смайликтер арқылы оқушылар сабақтан алған әсерін көрсетеді.

Керемет Жақсы Түсінбедім? Өте жақсы Орташа


Үйге тапсырма

1.Microsoft Word - мәтіндік редакторын оқып келу.


2. Microsoft Word - мәтіндік редакторымен Реферат жазып келу





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал