7


  • Учителю
  • Есептегіш кешендер, жүйелер және желілер пәні бойынша дәріс Тақырыбы: 'MS FrontPage бағдарламасы'

Есептегіш кешендер, жүйелер және желілер пәні бойынша дәріс Тақырыбы: 'MS FrontPage бағдарламасы'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Тақырыбы: MS FrontPage бағдарламасы

MS FrontPage бағдарламасымен танысу

Microsoft FrontPage Microsoft Office қолданбалы программалар пакетінің құрамындағы Web-беттерді құрушы бағдарлама.

FrontPage бағдарламасында әр түрлі тақырыптағы Web-беттерді құруға көмектесетін арнаулы шаблондар мен шеберлер жинақталған. Мәтінді форматтау үшін арнаулы динамикалық әсерлерді қолдануға болады. Бағдарламада кестелермен жұмыс, суреттерді, бейнелерді, дыбыстар мен видеоларды кірістіру жолдары да қарастырылған.

Стандартты жүктелу жолы: ПускПрограммы MS OfficeMS Office FrontРage 2003. Microsoft компаниясының өнімі болғандықтан жалпы көрінісі мәтіндік Word редакторына ұқсас (1-сурет).


1-сурет. MS FrontPage 2003 бағдарламасы.


Жоғарғы бөлімде тақырыптар қатары, мәзірлер қатары, «Стандартты» және «Форматтау» құрал саймандар тақтасы орналасқан.

Ағымды құжатқа үнсіздік бойынша деген атау беріледі.

Терезенің оң жақ бөлігінде бағдарлама жұмыс туралы анықтама алуға болатын тапсырмалар тақтасы орналасқан. Бұл терезені «Ctrl+F1» перенелер комбинациясын баса отырып жауып қоюға болады.

Бағдарламада Web-беттердің құрылымын көруге мүмкіндік беретін бірнеше тәсілдер бар:

1) Беттер (Страница) ;

2) Бумалар (Папки);

3)Жойылған Web-торап (Удаленный Web-узел);

4)Есептер (Отчеты);

5)Ауысымдар (Переходы);

6)Гиперсілтемелер (Гиперссылки);

7) Тапсырмалар (Задачи).

1-суретте Беттер (Страница) тәсілі көрсетілген. Мұнда терезенің төменгі бөлігінде құжатты көруге мүмкіндік беретін төрт режім орналасқан:

а)Құрастырушы (конструктор)- үнсіздік бойынша қолданылатын режім. Мұнда қолданушы Web-беттерді өз қалауынша ұйымдастырады, өңдей алады;

ә) Код- қолданушыға HTML тегтерін өз бетінше көруге, өзгертуге және редакциялауға мүмкіндік береді;

б) Бөліп көрсету (с разделением) - бұл бөлімде Web-беттердің құрылымын экранды бір мезгілде екі бөлімге (Код және Конструктор) бөле отырып ұйымдастыруға болады;

в)Көру (просмотр)- беттің жалпы құрылымын Web-шолушыда көруге мүмкіндік береді.

2) Бумалар (Папки) тәсілінде бумаларды Microsoft Windows жүйесіндегідей қолдануға болады;

3)Жойылған Web-торап (Удаленный Web-узел) тәсілінде Web-беттерді толығымен немесе таңдаулы беттерді ғана жариялауға болады;

4)Есептер (Отчеты) тәсілінде Web-беттердің мазмұнын талдауға мүмкіндік береді.Мұнда файлдардың тораптағы көлемін анықтауға, өзара байланыспаған файлдарды көрсетуге, мерзімі өткен беттерді анықтауға, файлдарды мағынасына қарай топтастыруға болады;

5)Ауысымдар (Переходы) тәсілінде Web-беттердің иерархиялық құрылымын бейнелеуге болады;

6)Гиперсілтемелер (Гиперссылки) тәсілінде Web-тораптағы гиперсілтемелер тізім түрінде бейнеленеді;

7) Тапсырмалар (Задачи) тәсілінде Web-тораптың барлық тапсырмалары баған түрінде бейнеленеді және ір тапсырманың ағымдағы тақырыптары көрсетіледі.

MS FrontPage бағдарламасында «Вид» мәзірі арқылы осы тәсілдердің бірін жүктеуге болады және құрал саймандар тақтасын Microsoft Word редакторындағыдай жолдармен қолдана аламыз. Атап айтқанда: «Панели инструментов» ішкі бөлімінде қажетті саймандар алдына қанат белгі қоя отырып қосуға болады (2-сурет).


2-сурет. Құрал саймандар тақтасы


MS FrontPage бағдарламасы, Microsoft Office пакетінің қосымшасы ретінде мәзірлердің орындарын ауыстыруға, жоюға, қосуға және жеке құрал саймандар тақтасын құруға мүмкіндік береді. Ол үшін: «СервисНастройка…» немесе «ВидПанели инструментовНастройка...» командасын орындаймыз.

Нәтижеде «Настройка» сұхбаттық терезесі ашылады. Мұнда қажетті панелдерді қосуға болады (3-сурет).


3-сурет. «Настройка» сұхбаттық терезесі



Web-сайттың макетін құру

Жаңа Web-бетті FrontPage бағдарламасында мына жолдардың бірі арқылы құруға болады:

1) «Стандартты» құрал саймандар тақтасындағы «Новая страница» батырмасын шерту арқылы;

2) «ФайлСоздатьСтраница или Web-узел» командасы көмегімен;

3) Ctrl+N пернелер комбинациясын басу арқылы.

MS FrontPage бағдарламасында арнаулы шаблондар көмегімен сайт ұйымдастыру жолдарын қарастырайық. Ол үшін тапсырмалар тақтасындағы бөлімнен «Другие шаблоны Web-узлов...» командасын таңдаймыз. Сонда MS FrontPage бағдарламасы Сізге жаңа құжатты арнаулы шаблон көмегімен құруды ұсынады. Ол үшін 4-суреттегідей сұхбаттық терезе ашылады.

4-сурет. «Шаблоны веб-узлов» сұхбаттық терезесі.


Сұхбаттық терезенің «Общие» бөлімінде FrontPage шаблондары тізімі келтірілген. Қажетті шаблон сипаттамасымен «Образец» өрісінде танысуға болады.

Өзіміздің мамандығымыз туралы сайт құру жолын «Мастер создания корпоративного Web-узла» шаблоны көмегі арқылы қарастырайық:

1)Осы шаблонды таңдан аламыз да ОК батырмасын басамыз (4-сурет);

2)Экран бетінде шебердің бірінші сұхбаттық терезесі ашылады (5-сурет)

5-сурет. «Мастер создания корпоративного Web-узла» шаблонының бірініш сұхбаттық терезесі.

3) «Далее» батырмасын басқаннан соң шығатын екінші сұхбаттық терезеде сайттың негізгі беттері таңдалады (6-сурет);

6-сурет. Шаблонның екінші сұхбаттық терезесі.


4) «Далее» батырмасын басқаннан кейін шығатын сұхбаттық терезеде сайттың алғашқы бетінің бөлімдерін таңдауға болады (7-сурет);


7-сурет. Шаблонның үшінші сұхбаттық терезесі.


5)Келесі сұхбаттық терезеде сайттың әр бетінің жоғарғы және төменгі бөліктерінде орын алатын элементтерді таңдауға болады. Бұлар беттің аты, эмблемасы, арнаулы беттерге деген сілтемелер, авторлық құқық жөніндегі ескертпелер және беттің соңғы өзгертілген күні туралы мәліметтер болуы мүмкін (8-сурет). Үнсіздік бойынша ұсынылған нұсқаны қалдырыңыз және «Далее» батырмасын басыңыз;


8-сурет. Шаблонның төртінші сұхбаттық терезесі.


6)Экранда «В стадии разработки» батырмасын көрсетуге болатын сұхбаттық терезе шығады (9-сурет). «Жоқ» батырмасын ағымды етіңізде «Далее» батырмасын шертіңіз;


9-сурет. Шаблонның бесінші сұхбаттық терезесі.


7)Келесі сұхбаттық терезедегі өрістер міндетті түрде толтырылуы керек. Бұл мәліметтер сайттың көптеген беттерінде қолданылады (10-сурет). Өрістерді толтырыңыз және «Далее» батырмасын шертіңіз;


10-сурет. Шаблонның алтыншы сұхбаттық терезесі.


8)Келесі сұхбаттық терезеде web-шеберге және басқа да сұрақтар үшін қажет болатын телефон, факс нөмірлерін және электрондық пошта адрестерін енгізіңіз. Суретте көрсетілген мәліметтерді енгзіңіз және «Далее» батырмасын басыңыз (11-сурет);


11-сурет. Шаблонның жетінші сұхбаттық терезесі.


9)Экранда жұмыстың сәтті аяқталғандығын мәлімдейтін шебердің соңғы сұхбаттық терезесі шығады. «Показать «Задачи» после загрузки веб-узла» өрісіндегі қанатбелгіні алып тастаңыз және «Готово» батырмасын шертіңіз (12-сурет);


12-сурет. Шаблонның соңғы сұхбаттық терезесі.


Бұл мысал негізінде бір ғана беттен тұратын сайтты ұйымдастырдық. Егер сайтқа қосымша беттер енгізетін болсақ, шебердің жұмыс қадамы көбейеді.

Мүмкін болса сайттың үнсіздік бойынша берілген атауын арнаулы атауға өзгерткен дұрыс. Ол үшін «СервисПараметры узла» командасынан кейін шыққан сұхбаттық терезенің «Общие» бөліміндегі «Имя веб-узла» қатарында қажетті атауды көрсетеміз және «Применить», «ОК» батырмаларын шертеміз (13-сурет).


13-сурет. «СервисПараметры узла» командасының «Общие» бөлімі.


Өзгертулерді сақтау үшін келесі сұхбаттық терезеде «Да» батырмасын басамыз (14-сурет).

14-сурет. Өзгертулерді сақтау сұхбаттық терезесі.


15-суретте Веб-торап «Папки» тәсілінде көрсетілген. Мұнда сайттың бумалары мен файлдарын көруге болады.


15-сурет. Шебер көмегімен құрастырылған сайт.


Сайт бумасында шебер index.htm деген атаудан тұратын үй бетін (домашняя страница) орналастырған. Сонымен бірге суреттерді сақтауға арналған images және жасырулы құжаттарды сақтауға арналған -рrivate бумалары бар. Сондай-ақ әрбір қолданушы сайтқа өзінің ішкі бумаларын қосуына болады. Ол үшін жоғарғы бөліктегі батырмасын басуға болады немесе бос аймақта жанама мәзір көмегімен ашылған «Создать Папку» командасын басуға болады (16-сурет).


16-сурет. Жанама мәзір көмегімен ашылған «Создать Папку» командасы

Сайттың үй беті (домашняя страница) бетін редакциялау үшін index.htm файлын ашайық (17-сурет).


17-сурет. Index.htm файлы.


Web-бет пунктирлі сызықтармен бірнеше бөліктерге бөлінген. Жоғарғы қатарда навигациялық мәзір орналасқан. Ол сайттың негізгі бөлімдеріне ауысуға мүмкіндік береді. Қазіргі жағдайда навигациялық бөлім - бір ғана «Домашняя» сілтемесінен тұрады. Келесі қатарда «Домой» атауымен тақырып бөлімі орналасқан. Тақырып атауын өзгерту үшін тінтуірдің сол жақ батырмасымен бөлімде үздіксіз екі рет шерту керек. Ашылған «Свойства обьявления на странице» сұхбаттық терезесіндегі «Текст обьявления» өрісінде қажетті тақырып атауын, мысалы «050304 -Кеден ісі мамандығы» енгіземіз және «ОК» батырмасын шертеміз. Жаңа тақырып атауы веб-беттің жоғарғы бөлігінде орналасады (18-сурет).


18-сурет. Өзгертілген сайт.


Тақырып бөлімінің төменгі жағында екі навигациялық мәзірлер орналасқан, бірақ бұларда сілтемелер жоқ. Сондықтан да Microsoft FrontPage бағдарламасы мұндай жерлерге элемент туралы курсивпен түсіндірме енгізіп қойған.

Ең соңғы бөлімде сайтпен қатынас жасауға болатын адрес және сайттың соңғы өзгертілген күні көрсетіледі.

Нақ ортада веб-беттің негізгі мазмұны орналасқан. Шебер көмегі арқылы сайтты ұйымдастыру барысында мұнда кейіннен өзгертуге болатын тақырып атаулары, мәтін, тізімдер, формалар және т.б. орналасады. Сонымен бірге шебер мұнда ескертпелер (примечания) орналастырады. Олар бозқараған (сиреневый) түсті және «Примечание» сөзінен басталады. Әрбір қолданушы өз қалауынша ескертпелерді өзгерте алады. Ол үшін «ВставкаПримечание» командасын таңдаймыз. Ескертпелер броузерде көрінбейді.

Жалпы веб-беттің қасиеттерін өзгертейік, ол үшін:

1)Бос аймақта жанама мәзірден «Свойства страницы» командасын таңдаймыз. Ашылған сұхбаттық терезеден «Общие» бөлімін ағымды етеміз «Название» қатарында веб-бетті көру барысында шығатын мәтінді енгіземіз (19-сурет);


19-сурет. «Свойства страницы» командасының «Общие» бөлімі.


2) «Язык» бөлімінен қажетті тілді таңдаймыз және өзгерістерді сақтау үшін «ОК» батырмасын басамыз (20-сурет) ;


20-сурет. «Свойства страницы» командасының «Язык» бөлімі.


Microsoft FrontPage бағдарламасында сайттың арнаулы броузерлермен және Web-серверлермен сәйкестігін басқаруға болатын қасиеттер бар. Бұл қасиеттерге бағдарламаның бірқатар командаларының қолжетімділігі тәуелді. Ол үшін:

1) «Сервис Параметры страницы» командасынан кейін ашылған сұхбаттық терезеден «Разработка» бөлімін ағымды етеміз (21-сурет);


21-сурет. «Сервис Параметры страницы» командасының «Разработка» бөлімі.


2) «Технологии FrontPage и ShareРoint» тізімінен «Все» бөлімінде қанатбелгі қоямыз;

3) Терезенің «Обозреватели», «Версии обозревателей» тізімдеріндегі «Настройка» бөлімін таңдаймыз және «ОК» батырмасын шертеміз.




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал