7


  • Учителю
  • Акпараттык технология (Методически материал)

Акпараттык технология (Методически материал)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар негізінде болашақ информатика мұғалімдерінің кәсіби құзырлылықтарын қалыптастырудың жолдары



Қазіргі кезде маманның кәсіби құзырлылығының жоғары оқу орны кезеңінде қалыптасуын зерттеуге қызығушылық артып отыр.

Оқыту технологиясы ЮНЕСКО құжаттарында білім беру формаларын оңтайландыру деп белгіленеді де, білімді меңгеру мен оқытудың толық үрдісін анықтау және қолданудың жүйелік әдісі ретінде қарастырылады.

Бұл түсінікті білім беру тұжырымдамаларын, білім беру мақсатын, әдістемесін, мұғалімді, оқушыны, оқу ғимаратын, оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдарды, бағдарламаларды, оқытудың техникалық орталарын, қаржыландыруды қамтитын жүйе ретінде кеңінен қарастыру қажет.

Оқыту технологиясы:

- жоғары білім берудегі білімнің, ғылыми жетістіктердің, техниканың белгілі бір аймағында қойылған мақсатқа жету бағытында ұйымдастырылған, жоспарлы күйде тұрақты жүзеге асырылатын білімді, біліктілік және дағдыларды меңгеру үдерісін;

- оқыту, өздігінен білім алу және өзін-өзі бақылау үдерістерін керек етіп, соларды жүзеге асыратын шарттарды қалыптастыруды қамтамасыз ететін әдістер, тәсілдер, құралдар жиынтығы және т.б. шараларды жүзеге асырады.

Демек, оқыту технологиясы - бұл оқу ақпаратын бейнелеу мен өзгертудің, өңдеу мен ұсынудың орталары мен әдістерінің жиыны болса, екінші жағынан - оқыту үрдісіндегі техникалық немесе ақпараттық орталарды пайдаланатын оқытушы мен оқушылардың өзара әрекеттерінің тәсілдері туралы ғылым.

Студенттердің оқу үдерісі барысында игеруге тиісті білім, білік, дағдыларын қалыптастыруды іске асыруды қамтамасыз ететін, оларды тәрбиелеу мен дамытуға бағытталған оқытушының іс-әрекет түрлерін оқыту түрлері ретінде атауға болады (Кесте 2)

Оқу үдерісіндегі оқыту мен студенттің білікті маман ретінде қалыптасуына қажетті білім, білік, дағдыларды қалыптастыруды негізгі бағдар ететін оқытушы мен студенттің өзара байланысты іс-әрекет түрлері оқыту әдістері арқылы жүзеге асады.

Оқу үдерісін оңтайлы ұйымдастыруға бағытталып, арнайы құрастырылған немесе жасалған материалдық объектілер оқытудың құралдарын анықтайды.

Жоғарыда айтылған ойлардың нәтижесінде біз оқыту технологиясының анықтамасын келесі негізде ұсынамыз. Оқыту технологиясы дегеніміз - алдын-ала оқу бағдарламаларында қарастырылған, оқытудың формаларының, әдістері мен орталарының жүйесін бейнелейтін, қойылған мақсатқа мүмкіндігінше ықпалды жетуді қамтамасыз ететін, оқыту мазмұнын іске асыру тәсілі.



Кесте 2 - Жоғары оқу орнындағы сабақ түрлері



лекция

семинар

лабораториялық жұмыс

экскурсия

аудиториялық өзіндік жұмыс

аудиториядан тыс өзіндік жұмыс

конференция

кеңес алу



  • Практикалық сабақ

  • курстық жұмыстар

  • дипломдық жұмыстар

  • практиканың барлық түрлері

  • іскерлік ойындар

  • бақылау жұмысы

  • дербес әңгімелесу

  • коллоквиум

  • сынақ

  • семестрлік және ауыстыру емтихандары

  • курстық жұмыстарды қорғау

  • мемлекеттік емтихандар

  • дипломдық жұмысты қорғау

  • тестілеу

  • рейтинг

  • мамандық бойынша кешенді емтихан



Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар - компьютерлік техника негізінде ақпаратты жинау, сақтау, өңдеу және тасымалдау істерін қамтамасыз ететін математикалық және кибернетикалық тәсілдер мен техникалық құралдар жиыны. Жоғары білім беруде ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың жиі кездесетін осы анықтамасын біз де қолданамыз. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар қазіргі оқыту технологиясын интерактивті бағдарламалық-әдістемелік сүйемелдеумен қамтамасыз ететін компьютерлік техника, телекоммуникациялық байланыс кұралдары, инструменталдық бағдарламалық құралдар жиыны. Оқыту үдерісіндегі заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың негізгі міндеттері  танымдық әрекеттерді басқару үдерісі мен заманауи ақпараттық білім қорларына қол жеткізудің интерактивті ортасын жасау ісі болып табылады.

Жоғары білім берудің ақпараттық ортасы, олардың ара қатынастары төмендегіше анықталады:

- жоғары білім берудің ақпараттық ортасы;

- жоғары білім берудегі ақпараттық- пәндік орта;

- ғылыми-кәсіби білім беру ортасы;

- жоғары білім берудегі біріктірілген ақпараттық білім беру ортасы;

- жоғары білім берудегі ақпараттық оқыту сайты;

- жоғары білім берудегі біртұтас ақпараттық білім беру кеңістігі .

Информатика мамандығы студенттерінің кәсіби құзырлылықтарын қалыптастырудағы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар бағдарламалық-әдістемелік құралдар жиынын бере алатын, сапалы педагогикалық білім алудың материалдық және рухани жағдайларын жасай алатын көпсатылы, толыққанды, әлеуметтік-педагогикалық-психологиялық орта.

Ақпарат дегеніміз  тұтынушыға бұрын белгісіз болған және оның зерттелетін объект (үдеріс, құбылыс) туралы түсінігін толықтыратын фактілерден тұратын мәліметтер жиынтығы.

Басқаша айтқанда, ақпарат - тұтынушының мәлімет алмағанға дейінгі анықталмағандық туғызатын әсерін белгілі бір деңгейде шешетін құрал, объект туралы оның түсінігін кеңейтетін мәлімет.

Ақпараттық үдерістер - ақпаратты жинау, жіберу, жинақтау, сақтау, өңдеу, іздеу, беру және пайдаланушыға жеткізу үдерістері. Информатика ғылымы, ақпараттық үдерістерді мақсатты түрде зерттеу нәтижесінде пайда болды. Информатика - ақпаратты жинау, сақтау, өңдеу және жеткізу тәсілдерін, әдістерін және құралдарын зерттейтін ғылым.

Қазіргі заманғы ғылымда "ақпараттық технологиялар" терминінің анықтамасы өте көп. Аталған термин "ақпарат" және "технология" түсініктерімен байланысты. "Ақпарат" және "технология" категорияларының анықтамаларын жалпы ғылымдық және нақты ғылымдық білімдер тұрғысынан қарастырамыз.

"Технология" сөзі (грек тілінде "техне" - өнер, ғылым, + "логос" - түсінік, оқып үйрену) "өндірістік үрдістерді жүргізу орталары мен тәсілдері туралы білімдердің жиынын" білдіреді. Оқу-тәрбие үрдісін жүргізудің орталары мен тәсілдері туралы білімдер жиынын "оқу үрдісінің технологиясы" деп атауға болады.

"Ақпарат" ("информация") термині "informatio"деген латын сөзінен шыққан, бұл сөз - мазмұндау, түсіндіру деген мағынаны білдіреді. Тұрмыста, күнделікті өмірде ақпарат ұғымын, адамдардың бір-біріне ауызша, жазбаша немесе басқа да бір әдістермен берілетін мәліметтері ретінде түсінуге болады. Ғылыми және ресми еңбектерде бұл терминнің әрқандай анықтамалары кездеседі.

Ақпарат - қызығушылық тудыратын, тіркеуді және өңдеуді қажет ететін фактілер, құбылыстар, оқиғалар жиынтығы. Ақпараттың көзі және қабылдаушысы болады. Олардың әрқайсысы ретінде - ғылым мен техника, қоғам мен табиғат объектілері, адамдар мен жануарлар бола алады. Осылардың өзара әрекеттесу нәтижесінде ақпарат пайда болады. Кибернетиканың "ақпарат теориясы" деген саласында "ақпарат" терминінің анықтамасы төмендегіше беріледі. Ақпарат дегеніміз тұтынушыға бұрын белгісіз болған және оның зерттелетін объект (үдеріс, құбылыс) туралы түсінігін толықтыратын фактілерден тұратын мәліметтер жиынтығы. Басқаша айтканда, ақпарат - тұтынушының мәлімет алмағанға дейінгі анықталмағандық туғызатын әсерін белгілі бір деңгейде шешетін құрал, объект туралы оның түсінігін кеңейтетін мәлімет.

Қазақстан Республикасындағы жоғары білімді реформалау жүйесінің жүзеге асырылуы республикамыздың тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасу жағдайында үлкен қоғамдық маңызға ие болып отыр. Білім беру тәжірибесінде қалыптасқан жағдайларға жасалған талдаулар жоғары білім беру жүйесін ақпараттық мәдени құндылықтардың бірлігінде қарастыра отырып, ақпараттық қоғамдағы әлеуметтік экономикалық өзгерістерге сай қайта қарау қажет деген қорытындыға әкелді.

Қазіргі кезде отандық және шетелдік ғалымдардың зерттеу жұмыстарының нәтижесінде студенттерді ақпараттық-коммуникациялық пайдалануға дайындаудың мақсаттары мен оқыту жолдары анықталған. АҚШ-тағы университеттердің бірінде осы саланы зерттеушілердің бір тобы компьютерлік сауаттылықты жетілдіріп, оқытудың 7 негізгі кезеңдерін ерекшелеп көрсетті. Олардың пікірінше педагогикалық мамандықтар студенттері:

  1. ЭЕМ-нің негізгі құрылымдарын білуі және олардың жұмысымен таныс болуы тиіс. Оқу программалық құрамдарды қолдана алуы, қолданбалы жүйелі программаларды пайдалануы, ЭЕМ-нің әртүрлі енгізу, шығару құрылғыларын білуі, программалар мен мәліметтердің баламалы көшірмелерін жасай алуы, дискілерді және ЭЕМ-нің көмекші құрылғыларын орната алуы тиіс;

  2. ЭЕМ-нің көмегімен оқыту бағдарламаларын жасай білуі тиіс. Өйткені тек оқыту бағдарламаларын ғана игеру ЭЕМ қамтамасыз ететін педагогикалық мүмкіндіктер деңгейлерін қамтамасыз етпейді. Өзінің білімін кәсіби жетілдіру үшін ол арнайы әдебиеттерді қолдана алуы, жергілікті аймақтық және ұлттық есептеуіш орталықтарымен қарым-қатынас жасап қажетті мәліметтерді және техникалық көмек алу мақсатында олармен байланыс жасап отыруы керек;

  3. ЭЕМ-нің көмегімен ақпараттық-коммуникациялық технологияны оқыту кезінде білімгерлердің жеке ерекшеліктерін, біліктіліктерін ескеруі тиіс. Мұғалімдер жеке оқыту бағдарламалармен жұмыс істеуде, ЭЕМ-нің оқу үдерісін басқару мен күрделі мәселелерді шешуге арналған арнайы

қолданбалы бағдарламаларын қолдана білулері тиіс;

  1. Білімгерлердің ЭЕМ-мен жұмыс істеген кезде оның жеке басының танымдық ерекшелігін ескерген жөн. білімгерлердің жеке өзінің білімін көтеру барысында педагог бағдарламалық қажеттілікті бағалау көрсеткіштеріне сәйкес оқытушы мамандармен тығыз байланыста болуы қажет;

  2. Білімгерлерді оқытуда ЭЕМ-ді техникалық құрылғы ретінде қолданылатын оқыту ортасын құра білуі және басқара білуі тиіс. Мұғалім ЭЕМ-ді қолдануға арналған уақытты таңдай алуы және оны оқу үдерісіне енгізе білуі тиіс;

  3. "Ақпараттық ғасырдың" қоғамдық және педагогикалық маңызын білуі қажет;

  4. Бағдарламалауға арналған авторлық тілдерді қолдана алуы тиіс.

Өте кең тараған қағида бойынша әсіресе жоғары оқу орындарында педагогтың кәсіби шеберлігі, оның өз пәнін жақсы білуімен көрсетіледі. Әрине бұл кәсіби шеберліктің маңызды элементтерінің бірі, ең бастысы оқу үдерісін жүргізу, ұйымдастыру барысында және ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолдануда, оқу еңбегі үдерісінде білімгерлер мен ұстаздар қарым-қатынаста бола білуі. Сонымен бірге, компьютерді қолданып студенттердің оқу жұмыстарын ұйымдастыру, компьютерді пайдалану арқылы студентті ЭЕМ-мен өзара жұмыс істеудің қарым-қатынасына үйрету. Бұл тек студенттерді оқытудың белсендіру әдістерін, салыстыра отырып жеке қолданғанда ғана мүмкін болады. Арнайы пәнді оқыту үдерісінде мұғалімнің кәсіби құзырлылығын қалыптастыруда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдаланудың көп нұсқалық бөлігі болуы тиіс. Филология саласы маманын немесе дефектолог мұғалімді ЭЕМ-де жобалау немесе есептеу жұмыстарына, педагогикалық жұмыстың ақпараттанған жүйесін және ғылыми-зерттеудің ақпараттанған жүйесін жұмыс принциптеріне оқытудың қажеті жоқ. Ал, мәтіндерді өңдеу бойынша олар математика және физика пәндері мамандарына қарағанда жақсырақ дайындалуы тиіс. Барлық пән мұғалімдеріне қойылатын ортақ талаптар, ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолдану саласында психологиялық-педагогикалық дайындығы жоғары болуы керек.

Бірқатар авторлар жеке оқыту әдістері бойынша сабақтарды ұйымдастыру кезінде бірқатар бағыттарды ерекшелеп айтады, яғни біріншіден, ақпараттық-коммуникациялық технологияны меңгеруде жеке әдістемені оқыту кезінде қолдану (бұл бағыт пәндік аймақтың мазмұнымен анықталады); екіншіден, ЭЕМ-ді қолдануға бағытталған, оқыту әдістері мәселелерін қарау (барлық мамандықтарға ортақ, көпнұсқалы құраушы сияқты жекеленген құраушыларды құрайды); үшіншіден, педагогикалық бағдарламалық құрылымдарды меңгеру және практикада қолдану (мұғалімді ақпараттық дайындаудың жекеленген бөлімі болып табылады). Омск педагогикалық институтында 1985-1986 оқу жылынан бастап, М.П.Лапчик жетекшілігімен барлық факультеттерде, оның ішінде тіл әдебиеті, тарих, шет тілдері, бастауыш кластар, жаратылыстану-география мамандықтары бойынша мұғалімдерді кәсіби дайындауды компьютерлендіру саласында іс-тәжірбиелік жұмыстар атқарылды. Бұл жұмыстар келесі бағыттар бойынша жүргізілді:

  1. Информатика негізіне кіріспе курс енгізу (1-2 семестр);

  2. Информатиканы оқыту әдістемесі, оқу жоспарындағы пәндерді оқытудың барлық салаларына ЭЕМ қолдану әдістерін енгізу (оқытудың барлық кезеңінде);

  3. Жеке әдістер курсын оқыту мазмұнын қайта құру, бірінші сатыда сәйкес мектеп пәнін оқытуда ЭЕМ қолдануға арналған бөлімдерді енгізу (5-6 семестр);

  4. "Есептеуіш техника және ТСО" курсының мазмұны мен мақсаттарын реттеу (6-7 семестр);

  5. Кешендік әдістемелік, педагогика-психологиялық, әдістемелі-ұйымдастырушылық, мектептанымдылықтарды "Білім берудегі информатика" пәніне енгізу (9-10 семестр);

  6. Арнайы курс, арнайы семинарлар, жүйесін ұйымдастыру (ЭЕМ қолдануға негізделген және кәсіби педагогикалық шеберлікті компьютерде қолдану білімдерінің қажеттілігін дамыту;

  7. Студенттердің информатика пәні бойынша оқу зерттеу және ғылыми зерттеу жұмыстарын дамыту (оқытудың барлық кезеңдерінде).

Оқыту үдерісіне ақпараттық-коммуникациялық технологияларды ендірудің түрлі жолдары белгілі. Олардың қайсысының ықпалы басым? Бұл сұрақтың өзектілігі ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдаланудың қажеттілігі туралы дидактикалық қорытындылар арасындағы қайшылықтардан, яғни, бір жағынан, ақпараттық-коммуникациялық технологияларының санының көп болуы, ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың басқа біртұтас педагогикалық негізделген жүйесінің болмауы арасынан туындайды.

Бірінші бағыт - сабақта көп еңбекті қажет етпейтін дайын бағдарламалық орталарды пайдалануда компьютерді қолдануға мүмкіндік береді. Бірақ, қойылған педагогикалық мақсатқа сәйкес педагогикалық бағдарламалық орталарды таңдау күрделі міндеттердің бірі.

Екінші бағыт - арнайы құрылымдық педагогикалық бағдарламалық орталарды пайдалану. Әрбір оқытушы өз бетінше оқытушы жүйелерді жобалауы және жасауы мүмкін. Құрылымдық ортаны меңгеру көп уақыт талап етпейді және жоғары сапалы бағдарламалар құруға мүмкіндік береді. Бұл жағдайда оқытушы тек өзінің пәніне байланысты жұмыстарды орындайды. Өзінің әдістемелік және оқыту ерекшеліктеріне байланысты сұрақтармен айналысады.

Функционалдық міндеттер мен ақпараттық үдерістерді ұйымдастыру тәсілдерін шешу әдістерін жетілдіру ақпараттық-коммуникациялық технологияларға әкеледі. Олардың арасында оқытуда қолданылуына орай келесілерді бөлуге болады:

- электрондық оқулықтарды, жаттықтырушылар, лабораториялық практикумдар, тестілік жүйелерді қамтитын компьютерлік оқытушы

бағдарламалар;

- дербес компьютерлерді, бейнетехниканы, оптикалық дискілерге жинақтауыштарды пайдаланумен құрылған, мультимедиа технология базасындағы оқытушы жүйелер;

- түрлі пәндік аймақтарды пайдаланылатын интеллектуальдық және оқытушы эксперттік жүйелер;

- білім салалары бойынша мәліметтер қорын тарату;

- электронды поштаны, телеконференцияларды, жергілікті және ауқымды байланыс желілерін, мәліметтер алмасу желілерін және т.б. қамтитын телекоммуникация ортасы;

- электронды кітапханалар, таратылған және орталықтандырылған баспа жүйелері.

Оқытушылардың көпшілігі студенттерді оқыту барысында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалануды іске асыруда мына қиыншылықтармен кездеседі:

- педагогтардың көпшілігінде ең жаңа техникамен жұмыс істеуінің практикалық тәжірибесінің аздығы;

- мамандық саласы бойынша жасалған қолданбалы баѓдарламалардың жеткіліксіздігі, ол көп уақытты және материалдық шығындарды керек етеді;

</ - оқу үдерісіне ақпараттық және қатынастық технологияларды енгізу күрделілігі, ол бір ұжымда істейтін оқытушылардың біліктілігінің елеулі айырмашылықтары болуына байланысты;

- педагогикалық құбылыстарды көрсетуге байланысты мәселелерді шешуге ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану технологиясын түсіндіретін әдебиеттің аз болуы.

Жоғары білім беру жүйесін қайта құру осы уақытқа дейін жоғары оқу орындарындағы білім беру тарихынан жинақталған барлық жағымды өзгерістерді басшылыққа алатын ғылыми әдіснамалық жолдар мен тұжырымдамалық идеяларды талап етеді.

Қазақстан Республикасы "Білім туралы" Заңына және жоғары білім берудің мемлекеттік стандартына сәйкес білім беретін жоғары оқу орындары оқытуды мамандық ерекшелігіне байланысты ұйымдастырады.

Осыған сәйкес мамандық бағытына байланысты пәндердің мазмұны мен көлемін анықтау өте құнды және күрделі мәселе болып табылады.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал