7


  • Учителю
  • 'Алгоритмдер туралы түсінік' (4-сынып)

'Алгоритмдер туралы түсінік' (4-сынып)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Пән Ақпараттық мәдениет негіздері сынып 4 Күні

сабақ №: 10

Тақырып: Алгоритмдер

Мақсаты: оқушылардың алгоритм ұғымын талдау және оның қасиеттеріне мысал келтіру, қарапайым алгоритмдерді құру дағдысын қалыптастыру.

1. Білімділік: Оқушылар алгоритмнің анықтамасын айтып, мысал келтіріп ,негізгі қасиеттерін сипаттай алуы керек.

2. Дамытушылық: Қарапайым алгоритм құра білу, оның нәтижесін талдау.

3. Тәрбиелік: Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін арттыру және еңбекке баулу.

Құрал-жабдықтар: ДК, оқулықтар, дәптерлер, презентация, (көзге арналған жаттығу), электронды оқулық

Сабақ түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: жазбаша жұмыс, өзіндік жұмыс


Сабақ барысы


Сабақ кезеңдері

Бөлінген уақыт

Мұғалімнің іс - әрекеттері

Оқушылардың

іс - әрекеттері

І.Ұйымдастыру кезеңі.

2 мин

Амандасу. Оқушыларды түгендеу. Сабаққа дайындақтарын тексеру. Зейіндерін сабаққа аудару. Сабақтың мақсатымен таныстыру.

Орындарынан тұрып, амандасу, сабаққа зейіндерін аудару.

ІІ.Үй жұмысын тексеру.

10 мин

«Лото» ойыны

  1. Алгоритм дегеніміз не?

  2. Алгоритм орындаушысы дегеніміз не?

Жауаптар:

1. Алгоритм дегеніміз - информатиканың іргелі түсініктерінің бірі.

2. Алгоритм орындаушысы дегеніміз - құрастырылған алгоритммен басқарға тиісті объект немесе субъект.

ІІІ.Сергіту сәті.

2 мин

Қол саусақтарына арналған жаттығулар

  • Алақанды уқалау.

  • Қолды қысу

  • Білезіктен айналдыру

Көзге арналған жаттығулар.

  • Көзді бірнеше рет жыпылықтату.

  • Көзіңмен ақырын оң жаққа, жоғары, солға, төмен қарай 3-4 рет айналым жаса

Жаттығуды

орындарында отырып орындау.

ІV. Негізгі бөлім.

16 мин.

Тапсырма №1. Орындаушы шегіртке сандық ось бойымен берілген сан бөліктеріне секіреді. Орындаушы Шегіртке бұйрықтарының жүйесі: оңға 3(3 бірлік кесіндіге оңға секіреді) және солға 2 (2 бірлік кесіндіге солға секіреді). Бастапқы орны 0. Шегірткеге 2 санына жетуге көмектесетін сызықтық алгоритм құр.



Тапсырма №2. Төтенше жағдай тудырмау үшін, «Судың қайнау» алгоритмін дұрыс құру.

Алгоритм «Судың қайнауы»:

  • Шәйнекке су құю.

  • Газдың кранын ашу.

  • Шәйнекті плитаға қою.

  • Судың қайнауын күту.

  • Шырпыны газға апару.

  • Шырпыны жағу.

  • Газды өшіру.

Тапсырма №3 «Ағашты өсіру» алгоритмінің реттілігін дұрыс орналастырыңдар.

Шұңқырды толтыр…


Шұңқырды қаз

Су сепкішті алып, көшетті отырғыз

Күрек пен көшетті ал


Көшетті шұңқырға сал.


Күрек пен су сепкішті орнына қой









Тапсырма№4. Апана жұмыртқа қуыруға көмектес, орындау реттілігін көрсет.

Газды жақ

Газға табаны қой

Жұмыртқа мен майды дайында

Табаға майды еріт

Жұмыртқаны жар

Жұмыртқаның қабықтарын таста

Жұмыртқаға тұз сеп

Жұмыртқаны 5 минут қуыр.

Газды өшір.

Тапсырма№5.

"Өзеннің жағасында қасқыр, ешкі, капуста және қайықпен тасушы бар екен. Тасушы қасқыр, ешкі, капуста үшеуін, қасқырды ешкімен, ешкіні капустамен жеке қалдырмай отырып өзеннің келесі жағасына көшіруі керек. Мұны қалай жасауға болады."


6

,,

м

,

,

м- тапсырма. Ребусты шешіңдер.

ГО




7- тапсырма. Әр қадамның ретін нөмірлеп шығу.

Винни қонжығы бал жегісі келді.


- табаныңды жуу.

- шүмекті аш.

- үстел басына отыр.

- шүмекті жап.

-табаныңды орамалмен сүрт.

- балды же.

-қасықты ал.


Алгоритмді әртүрлі формада ұсынуға болады. Алгоритмнің жазылу формалары көбіне орындаушыға тәуелді болады.

Алгоритмдер мынадай формалармен ұсынылады:

  • Сөздік формада;

  • Графикалық;

  • Алгоритмдік тілде;

  • Программалау тілінде.

Блок-сызба

Блок-сызбада әр іс-әрекеттер фигуралардың көмегімен сипатталады. Алгоритмнің басы және соңы сопақша шеңбермен (эллипс) сипатталады. Іс-әрекеттер тіктөртбұрышқа жазылады. Блок-сызбадағы барлық элементтер бір-бірімен нұсқармен (стрелка) байланысады, ол алгоритмнің орындалу бағытын көрсетеді. Енгізу және шығару мәліметтері параллелограммға жазылады.

Мысалы, екі санды қосу алгоритмі



!Түйін

  • Алгоритм сөздік формада, графикалық, алгоритмдік тілде, программалау тілінде беріледі.

  • Алгоритмнің басы және соңы эллипспен (сопақша шеңбер) беріледі.

  • Іс-әрекеттер тіктөртбұрышты фигурада жазылады.

  • Енгізу және шығару мәліметтері параллелограмға жазылады.

Блок-сызбадағы барлық элементтер бір-бірімен нұсқармен байланысады, ол алгоритмнің орындалу бағытын көрсетеді.

8-тапсырма. Оқушы математика сабағында 9-(2+6):4+5 есепті шығара отырып, оны мынадай реттілікпен орындады:

1) 2+6=8

2) 8:4=2

3) 2+5=7

4) 9-7=2

Сенін ойынша оқушы есеп шығару реттілігін дұрыс орындады ма?

Өз жауабыңды жаз: ________________________________

9-тапсырма.

2- тапсырма. Арман есімді оқушы информатика пәнінен баяндама жазғысы келді. Ол былай істеді:

  1. компьютерді қосты

  2. мәтіндік редакторды іске қосты

  3. керекті мәтінді терді

  4. мәтіндік редакторды жапты

  5. компьютерді сөндірді

Арманның орындаған іс - әрекеттерінің реттілігі дұрыс па? Арман қай жерде қателік жіберді?

10-тапсырма. РОБОТ ПОРТРЕТІ

алгоритмінде сурет пайда болатындай бұйрықтарды аяқта.


11-тапсырма. Мына есепке алгоритм

құрыңдар. Есеп: Өзеннің жағасында қайығы бар шаруа, ал оның жанында қасқыр, ешкі және орамжапырақ тұр. Шаруа екінші жағалауға қасқырды, ешкіні, орамжапырақты алып өтуі қажет. Алайда қайыққа шаруадан басқа, не тек қасқыр, не тек ешк, не тек орамжапырақ сияды. Барлығы зиян шекпейтіндей етіп, алгоритм құрыңдар.

Шешуі: Шаруа төмендегі екі алгоритмнің біреуі бойынша әрекет ете алады.

Алгоритм1:

  1. Шару және ешкі

  2. Шаруа

  3. Шаруа және қасқыр

  4. Шаруа және ешкі

  5. Шаруа және орамжапырақ

  6. Шаруа

  7. Шаруа және ешкі


Алгоритм 2:

  1. Шару және ешкі

  2. Шаруа

  3. Шаруа және орамжапырақ

  4. Шаруа және ешкі

  5. Шаруа және қасқыр

  6. Шаруа

  7. Шаруа және ешкі


Кеңейтілген тапсырма (жеке жұмыс)



А-деңгей

Р/с

Сұрақтар

Дұрыс жауап

Жауаптар

1

Сызықтық алгоритм дегеніміз не?


А) Қандай ба бір шартқа тәуелді болатын алгоритм

2

Тармақталу алгоритмі дегеніміз не?


В) Қайталанатын бөлігі бар алгоритмдер

3

Циклдік алгоритмі дегеніміз не?


С) Әрекеттердің тізбектей орындалуын сипаттайтын алгоритм


В-деңгей

Р/с

Сұрақтар

Жауаптар

1

Сызықтық алгоритм дегеніміз не?

2

Тармақталу алгоритмі дегеніміз не?


3

Қайталану алгоритмі дегеніміз не?

С-деңгей

Р/с

Алгоритм түрлері

Ережелері

Мысал келтір

1

2

3

V. Қорытындылау

(5 мин)

«Білімділік шабуылы» ойыны

Рефлексия. Сабақ бойынша өз пікірін бағалау парағына түсіру.

VІ. Үй жұмысы

2 мин

Конспект оқу

Күнделіктеріне үй тапсырмасын жазып алады.

VIІ. Оқушыларды бағалау.

3 мин.

Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды бағалау, бағаларын күнделіктеріне қою. Сабақ аяқталды! Сау болындар!

Күнделіктеріне бағаны қойдырады.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал