7


  • Учителю
  • Урок на тему: Кодирование информации (7 класс)

Урок на тему: Кодирование информации (7 класс)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Пән Информатика сынып 7_ Күні . .2010 ж.

сынып 7_ Күні . .2010 ж.

сабақ №: 3 сағ.саны.: 1

Тақырып: Ақпаратты кодтау. Ақпараттың өлшем бірліктері.

Мақсат: 1)Оқушылардың ақпаратты кодтау туралы білімін қалыптастыру;

2) Оқушыларды ақпараттың өлшем бірліктерімен таныстыру.

Міндеттер:

Білімділік - Оқушыларды ақпарат өлшем бірліктерімен және ақпаратты кодтаумен таныстыру.

Дамытушылық - Оқушылардың ақпараттық білімін дамыту. Компьютермен жұмыс жасау қабілеттерімен дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік - Оқушылардың пәнге деген дұрыс қатынасын тәрбиелеу. Еңбекке деген сезімдерін тәрбиелеу.

Сабақ түрі: лекция сабақ

Сабақ типі: аралас

Әдіс-тәсілдер: түсіндірмелі - иллюстративті, көрнекілік, сұрақ -жауап

Құрал-жабдықтар компьютер - 7, ActiveStudio бағдарламасы, ActivBoard, ActivPen, бейнепроектор-1.

Пайдаланылған әдебиеттер: 1) Н.Т. Ермеков, Н.Ф.Стифутина Информатика 7 сынып, оқулық;

2)Н.Т.Ермеков, С.Б.Пилипенко,Информатика, Әдістемелік нұсқау, 7 сынып.

3) Н.Т.Ермеков, С.Б.Пилипенко,Информатика, Дидактикалық материалдар, 7 сынып.


Сабақ барысы


  1. Ұйымдастыру кезеңі (2 мин):

а) оқушылар тізімі;

ә) кабинет жағдайы;

б) сабақ барысымен таныстыру.

  1. Үй тапсырмасын тексеру.(3-5 мин)

  1. Ақпарат деген сөзге қандай мағына бересіңдер?

  2. Адам ақпараттың қандай түрлерін қабылдай алады?

  3. Адам ақапаратты қалай сақтайды?

  4. Адамның ақпаратты өңдеуіне мысал келтіріңдер?

  1. Жаңа тақырыпқа кіріспе(3-5 мин)

  2. Жаңа тақырыпты түсіндіру(3-5 мин)

Ақпаратты белгілі бір алфавит арқылы ұсынуды кодтау деп атайды.

Бір ғана ақпаратты әр түрлі әдістермен (жолдармен) ұсынуға болады. Бір белгі тобынан екінші белгі тобына көшіру ережесін код деп атайды. Мысалы, мектепте оқитын оқушылар санын: тоғыз жүз алпыс жеті, 96710, 17078, 3С716, 11110001112,сияқ-ты жазуға болады, яғни қазақ тілі алфавиті де ондық , сегіздік , он алтылық және екілік санау кодында жазылады. Мұнда оқушылардың саны туралы ақпараттың өзі өзгермейді, тек оның жазылу түрі ғана әр түрлі.

Ақпаратты сақтау, қабылдау , ұсыну және өңдеу әдістері іс жүзінде ақпараттың ұсынылу (кодталу) түріне байланысты болады.

Ақпараттың кодталуы (кейде оны шифрлау деп те атайды) оның кері кодталу (декодталу- декодирование) процесімен тікелей байланысты.

Кодтауға қолданылған алфавиттің әріптері неғұрлым аз болса,кері кодтау құрылғысы соғұрлым қарапайым болады. Техникада ақпаратты кодтау үшін, Морзе әліппесін - екілік алфавиттің телеграфтық кодының таңбаларын теруді қолданудың маңызы зор.

Мысалы, XIX ғасырда ойлап табылған естелік телеграфтың көмегімен ақпарат жібергенде, жолдаушы түйіспені (контакт) ажыратып және қосып отыратын. Жал-ғасу жерін қосқанда (ұштастырғанда), қабылдаушының қағазында ұзындығы түйісу уақытының ұзақтығына байланысты сызық сызылатын , сонда сәйкес нүктелер мен сызықшалар шығатын.Мұндай хабарларды жіберу үшін, Морзе әліппесі пайдаланыл-ған .

Екілік алфавит 0және 1 таңбаларымен ұсынылады, оларды жай екілік таңбалар деп те атайды. Ағылшын тіліндегі екілік таңбаны Binary digit сөзінен қысқартып, бит деп атайды. Бұдан кейін біз екілік белгінің бірін (0немесе1) бит деп атайды. Ақпаратты осы екі таңбаның көмегімен кодтау оларды сақтау мен жеткізу құрыл-ғыларының конструкциясын мейілінше жеңілдетеді. Екілік сандар алфавитінің қа-рапайымдылығы оның есптеуіш техникасында кең тарауына себеп болды. Ақпарат-ты екілік кодпен көрсету үшін , құрылғы екі күйді айыра білуі (тануы) керек, мыса-лы, 1 -құрылғыда ток барын , ал 0жоғын, немесе 1-жоғары кернеу , 0төмен кернеу екенін білдіреді.Екілік алфавит физикалық жүзеге асырудың қарапайымдылығынан басқа сенімділік пен үнемділік қасиеттеріне де ие.

Егер екілік алфавит өте маңызды болса ,онда оның көмегімен таңбалы ақпаратты қалай ұсынуға болады? 0 және 1 белгілері төрт символды ғана таңбалауға мүмкін-дік береді, олар; 00, 01, 10, 11, бұл -өте аз. Тек орыс тілінің сөздерін кодтау үшін , тыныс белгілері мен цифрларды санамағанда ,33 символ қажет. Кез келген мәтіндік ақпаратты кодтау үшін , кемінде 200-ден астам символ қажет. Сондықтан символ-дарды кодтау үшін , 8 биттен, яғни 8 екілік таңбалардан тұратын тіркестерді (8нөл-дер мен бірлерден) қолдану қабылданған. 8 биттен тұратын кодты байт деп атайды. 8нөл мен бірлердің ,яғни 1 байттың көмегімен 256 символды кодтау болады;0000000, 00000001, 00000010, ...,11111111.

Енді орыс алфавитінің әріптерін ғана кодтап қоймай, ағылшын, қазақ әріптерін де, цифрларды да, тіпті арнайы графикалық (псевдографикалық) таңбаларды да т.б. кодтайды. Символдардың кодталу комбинацияларының (тіркестерінің) жиынтығын кодтау кестесі деп атайды.

Сергіту жаттығулары (2 мин)

5) Жаңа тақырыпты бекіту (10-15 мин)

Тапсырмалар мен сұрақтар:

  1. Кодтау мен кері кодтау деген не?

  2. Бит, байт деген не?

  3. Техникалық жүйелерде неге екілік алфавитті пайдалануды таңдайды?

6)Сабақты қорытындылау

Оқушыларға ақпарат өлшем бірлігі және ақпаратты кодтау туралы жалпы мағлұмат беру.

7)Үйге тапсырма § 1.2, бет. 9-13,

Ақпаратты кодтау. ASCII коды.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал