7


  • Учителю
  • Информатика пәнінен 'Draw операторы' тақырыбындағы сабақ жоспары

Информатика пәнінен 'Draw операторы' тақырыбындағы сабақ жоспары

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: Draw операторы
Сабақтың мақсаты:

  1. Білімді қалыптастыру: Оқушыларға BASIC программалау тілінде программаны жүргізуды үйрету, программа мәтінін компьютерге енгізу барысында жиі қолданылатын пернелер қызметімен таныстыру.
    2) Тәрбиелік: еңбекке баулу, мамандыққа бағдарлау, табиғат пен өнердегі сұлулықты түсінуге, адамгершілік, патриоттық, ұлттық келісім ұғымдарын дұрыс қабылдауға, үлкенге сый - кішіге жол көрсетуге тәрбиелеу.
    3) Дамытушылық: жеке тұлғаны, танымдық қызығушылықты, еріктілікті, жалпы қабілеттілікті, сезімді дамыту.

Сабақтың көрнекілігі: компьютер, видеопроектор, дидактикалық материалдар,карточкалар.

Сабақтың барысы

І.Ұйымдастыру кезеңі.

Сабақтың тақырыбын, мақсатын айту.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

1. QBasic тілінде PRINT операторының қызметі қандай?

2. Берілген өрнектерге программа құру үшін қандай әрекеттер орындау қажет?

3. Сызба түріндегі алгоритмге программа құру үшін қандай әрекеттер орындау қажет?

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

  1. 1. QBasic программалау тілі.

Программалаудың тілі көптеп саналады. QBasic тілі - ІВМ РС дербес компьютерлері үшін программалаудың ең үздік оқу тілдерінің бірі. Оның басқа да кез келген тіл сияқты алфавиті, символдар жиынтығы, өз грамматикасы, операторлар жазбалары мен программаларды бейнелеу ережелері бар. Орыс алфавитінің әріптері мен пернетақтаның басқа да кейбір символдары QBasic алфавитіне кірмейді, бірақ оларды қос тырнақшалар мен түсініктемелерде пайдалануға болады. QBasic тілінде жасалған программа жолма-жол жазылған осы тіл операторларының бірізділігінен тұрады. Бір жол бірнеше операторлардан тұруы мүмкін, олар бір-бірінен қос нүктемен «:» бөлінеді.

Программалаудың кейбір тілдері үлкен және кіші өріптерді ажырата алмайды. Екіұштылық болмас үшін QBasic тілінде барлық нұсқауларды үлкен латын әріптерімен жазу керек. Тек қос тырнақшалардың ішіндегі мөтіндерді ғана ыңғайына қарай жазуға болады.

2. Программаларды компьютермен орындау.

Өзіңіз жазған программаны компьютерде орындау үшін оперативті жадқа QBasic программалауының жүйесін жүктеу керек. Ол үшін мына команданы орындаңыз: Пуск => Программы => QBasic => qbasic.ехе

Программаны орындау процесі екі бөліктен тұрады:

1. Программа мәтінін машинаның жадына QBasic мәтін редакторының көмегімен енгізу.

2. Программаны орындау үшін QBasic интерпретаторын іске қосу.

Редактордағы жолдың барынша үзындығы 256 символмен шектелген. Редакторға көшкен соң компьютер экранында QBasic жүйесінің негізгі жұмыс аймағы шығады, ол экранның жоғары жолындағы басты менюден, ең төмендегі хабарлар жолдарынан және негізгі екі терезеден - мәтіндер терезесі мен командалар терезесінен тұрады.

Басты менюге көшу ALT пернесін басу арқылы жүзеге асырылады. Басты менюдің негізгі позициялары.

Файл (Ғіlе) Файлдармен жұмыс

Редактирование (Еdit) Мәтіндерді редакциялау

Просмотр (View) Бағыныңқы программаларды қарау

Поиск (Search) Мәтіннен ақпарат іздеу

Запуск (Run) Программаны орындау

Отладка (Debug) Жөндеу режімдері

Параметры (Орtions) Қосымша мүмкіндіктер

Справка (Неlр) Анықтама алу

Бұл менюде нұсқауларды таңдау оңға және солға перне - сүйір сызықшалардың көмегімен жүргізіледі және ENTER пернесін басу арқылы бекітіледі. Нәтижесінде экранда тиісті бағыныңқы меню пайда болады.

Бағыныңқы менюден шығу және басты менюден шығу ESC пернесін басқан соң іске асады. Осы барлық бағыныңқы менюлердің толық сипаттамасын компьютер экранына шығару үшін Анықтама (Неlр) бағыныңқы менюі арқылы электрондық анықтамалыққа қатынасу қажет.

QBasic жүйесінің айтарлықтай жетістігі - онда орыс тіліндегі құрамдас электронды анықтамалықтың болуы. Бұл ЭЕМ-нен жүйемен жұмыс істеу ережелері туралы, QBasic тілі туралы егжей-тегжейлі мәліметтер алуға мүмкіндік береді.

QBasic жүйесінің электрондық анықтамалығына қатынасу екі әдіспен жүргізіледі: Shift + F1 пернелерін басу арқылы яки басты менюдің оң жақтағы жоғарғы бұрышындағы Анықтама (Неlр) бағыныңқы менюін тандау арқылы.

Бұл әрекеттердің нәтижесінде экранда QBasic жүйесі бойынша негізгі анықтамалық шығады. Қажетті анықтамаларды таңдау маустың көмегімен немесе пернетақтада ТАВ пернесін, одан соң ENTER пернесін басу арқылы жүргізіледі.

DELETE -курсор тұрған жердегі таңбаны өшіру.

¬­®¯ - курсорды басқару (солға, жоғары, оңға, төмен жылжыту) пернелер

BS немесе ¬ - курсордың сол жағындағы таңбаны өшіру

Insert - жолды ығыстыру - кірістіру

F5 - программаны жүргізу пернесі.

ІV. Сабақты пысықтау.

Берілген өрнектің программасын жазып, нәтижесін жаз:

1) a=521, b=8 болғандағы m=31a+132b өрнегінің мәнін есептейтін программа жаз.

1 А=521

2 В=8

3 M=31*А+132*В

4 PRINT M

5 END

2) a=3, b=11 болғандағы өрнегінің мәнін есептейтін программа жаз.

1 А=3

2 В=11

3 N=(51*А+7*В)/(B+7*A)+7A*B

4 PRINT N

5 END

3) Cызба түріндегі алгоритмге сәйкес программа құр.

1 А=4

2 В=6

3 Х=3*(7+В) + 3*А

4 PRINT Х

5 END

V. Сабақты қорытындылау.

1. QBasic программалау тілі.

2. Программаны жүргізу, іске қосу.

3. Жиі қолданылатын пернелердің қызметі.

VI. Үйге тапсырма.

Тақырыпты оқу



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал