- Учителю
- «Жүрек қантамырлары жүйесінің аурулары және олардың алдын алу»
«Жүрек қантамырлары жүйесінің аурулары және олардың алдын алу»
САБАҚТЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫНЫҢ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КАРТАСЫӘдіс тәсілдер
формасы
уақыты (мин)
1.
Ұйымдастыру бөлімі
Оқушыларды ынталандыру, оқу процесіне бағыттау
Топтарға бөлу. Топ құрамын нақтылау
Оқу процесіне бағытталу, мұғалімнің нұсқаулықтарын тыңдап, сабаққа кірісу
Рефлексия «Менің көңіл күйім» психологиялық әсер.
2 мин
2.
Кіріспе бөлім
Оқушылардың тапсырмаларды орындауына жағдай туғызу. Тапсырмалар топтамасын ұсыну
«Танысу», «Терминдер», «Нақты сандар» кабинеттерінің тапсырмалары
Тапсырмаларды орындау
Өз тобының жетістігі үшін ынталану
«Сіз бізді білесіз бе?» танысу ойыны
7 мин
3.
Негізгі бөлім
Сабақтың теориялық мәнін ашу, Сабақтың мазмұнын баяндау
Берілген мәліметтерді меңгеру, есте сақтау практикада қолдану тәсілдерін түсіну
Баяндау, түсіндіру тірек сызбалар
6 мин
4.
Практикалық бөлім
Сабақтың практикалық бөлімі №10 зертханалық жұмысты ұйымдастыру
«Жедел жәрдем», «Бағдаршам» кабинеттері
Меңгерген білімді практикада пысықтау, тапсырмаларды орындау. Дәптерге жазу.
Зертханалақ жұмыс, сәйкестендіру, биологиялық диктант, «Буриме» өлең жолдары, есеп шығару, жоба дайындау Сергіту сәті
25мин
5.
Қорытынды бөлім
Сабақты қорыту оқушылардың білімін бағалау
«Пайдалы кеңестер» кабинеті
Зертханалық жұмысты қорытындылау, тілегін қағазқа жазып қадыру
«Дәруменді бағалау» әдісі
«Жүректерден жүректерге» ой білдіру
5 мин
Мектебі - Бесағаш ауылы №29 орта мектеп
Мұғалім - Гуламова Гульвира Махамметқызы
Пәні - биология
Сабақтың тақырыбы: «Жүрек қантамырлары жүйесінің аурулары және олардың алдын алу»
Сабақтың мақсаты: білімділік: жүрек қантамыр жүйесі ауруларымен таныстыру. Зиянды заттардың жүрек қантамыр жүйесіне әсері туралы білімдерін кеңейту.
Дамытушылық :Оқушылардың қан кету түрлері жүрек қантамырларын ажырата білу, олардың алдын алу, көмек көрсету икемділіктерін дамыту. Ақпараттық оқыту құрылдарымен жұмыс жасау қабілеттерін кеңейту.
Тәрбиелік: Салауатты өмір-салтына жағымды көзқарас пен оған ұмтылу, өз денсаулығымен бірге өзгелердің денсаулығына деген жауапкершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, компьютер, жгут, дәке, мақта, йод, бұрайтын таяқша, таңғыш
Пәнаралық байланыс: информатика, әдебиет, математика
Сабақтың типі : зертханалық сабақ.
Сабақтың түрі: қорытындылау сабағы
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру.
Рефлексия.
Сәлеметсіздер ме, балалар! Мен сіздерге мынадай көңіл-күймен келдім. (күнді көрсету)
Слайд 1 Ал сіздердің көңіл-күйлеріңіз қандай?
Оқушыларға карточкалар (күн, бұлт, бұлт арасындағы күн) таратылған. Әр оқушы өзінің көңіл-күйін білдіретін карточканы көтереді.
Қане балалар бүгінгі сабағымызға тоқталмас бұрын алдыңғы өткен сабақтарға шолу жасайық. Біздерде бүгін сайыскер 3 топ білім сынағынан өтеді.
І топ - «Артерия» тобы
ІІ топ - «Вена» тобы
ІІІ топ - «Капилляр» тобы.
2. Үй тапсырмасын сұрау.
Білім сынағы түрлі кабинетерде өтеді.
Слайд 2 1«Танысу» кабинетіӘр топ қарсылас топтың бірінен бір оқушыны жеке шақырады. Ойынның аты «Сен бізді білесің бе?» Шақырылған ойыншы сол топтың атына анықтама беріп кетеді.
Слайд 3 2.Келесі кабинет «Терминдер» кабинеті.
Слайд 4 3.«Нақты сандар» кабинеті
5л
75-80 рет
120/80
60-70
250-300
3. Жаңа сабақ.
(Теориялық бөлім)
Слайд 5 - сабақтың тақырыбы «Жүрек қантамырлары жүйесінің аурулары және олардың алдын алу»
Слайд 6 Балалар бүгінгі сабағымыздың тақырыбы бәріңізге мәлім. Ал жүрек қантамыр жүйесінде ең бастысы - жүрек. Олай болса ақын ағамыз Мұқағали Мақатаевтың «Жүрек арызы» өлеңін тыңдайық.
Оу, ием менің,
Өзіңнен бұрын жаралғам
Алдымен менмін
Сонан соң - сенсің жаралған
Басың мен миың, ақылың, есің, қимылың
Аяқ пен қолың -
Барлығы менен нәр алған.
Келеді сенің кей-кейде мені мұз еткің
Бәріне көндім
Қателігіңді түзеттім.
Төсек тартқызып, төнгенде қатер басыңа
Айнымай соқтым, аялап сені күзеттім
Жалындым саған жақыны бол деп баршаның
Жан ием, сенің жақсылығыңды аңсадым
Өткіздім сені қаншама қауіп-қатерден
Ал, енді маған демалыс берші шаршадым.
Қақың жоқ сенің фдем алуға да, осқпауға
Қарсы барамыз оттарға, әрі оқтарға
Қақым жоқ менің демалыс саған беруге
Қақың жоқ сенің қалдырып мені тоқтауға!
.
Слайд 7 . Жүрек - қантамырлары жүйесінің аурулары.
-
Гипертония-қан қысымының үнемі немесе жиі көтерілуі
-
Жүрек инфаркті - жүрек бұлшықетінің жансыздану аймақтарының әсерінен болатын жүрек жұмысының бұзылуы
-
Атеросклероз - қанды өткізу қуыстарының тарылуы мен қызметінің бұылуынан болатын артериялық қан тамырларының созылмалы ауруы.
-
Жүрек ақаулығы -жүрек қызметін бұзатын жүрек пен одан шығатын қан тамырларының құрылысындағы ақуалықтар
Слайд 8. Жүрек - қантамырлары ауруларының себептері
Зиянды Гиподинамия Экологиялық
заттар жағдайлар
Слайд 9. Қан кету түрлері
Артериялық Веноздық Капиллярлық
алқызыл түсті қою қызыл түсті жарақатта
қан атқылап ағады қан ағады қан тамышылары бөлінеді
Практикалық бөлім
Слайд 10. Зертханалық кабинет «Жедел жәрдем»
№10-зертханалық жұмыс
Тақырыбы: «Қан еткенде алғаш көмек көрсету»
Мақсаты:
1.Жгут салуды үйрету
2. Артериялық, веналық және капиллярлық қан кету кезіндегі қанды тоқтату әрекеттерін түсіндіру
Слайд 11. «Алғашқы көмек шараларын жаса»
1-тапсырма (слайд 15)
2-тапсырма (слайд 16)
3-тапсырма (слайд 17)
Слайд 12 Зертханалық жұмысты қорытындылау (жазбаша)
Жгут салу ретін сипаттап жазыңдар
1.Алдымен қан кету түрін анықтап алу керек, себебі.......
2. Жгуты зақымданған жерге салу тәртібі........
3. Жгутты шамамен ...... сағат ұстау керек, себебі....
Жарақаттану түрі:
1. Капиллярлық қан кету
2.Веналық қан кету
3.Артериялық қан кету
4.Ірі артериялардын қан кету
Алғашқы көмек:
А. Қолды шынтақ буынынан бүгіп, таңып тастау
В. Жарақаттың айналасын йодпен тазалап, қаты қысып таңу
С. Артериялық тамырдың лүпілі байқалған жерден қысып, сүйекке баып, таңу
Кестеге толтыр.
4. Бекіту.
Слайд 13. «Бағдаршам» кабинеті Ауырып ем іздегенше....
Қызыл (слайд 18)
Есептеп шығар
Адамның жүрегі минутына 60-70 рет жиырылады. Бұл уақытта жүрек өзінен 4 литрден астам қанды айдайды. Жүрек арқылы тәулігіне қанша литр қан өтетінін есептеп шығар.
Сары (слайд 19)
Темекі шегуге қарсымыз!!! Жарнама тақтасын әзірлеу
Жасыл (слайд 20)
Жолдастарыңды салауатты өмір - салтына шақыр.
«Буриме» өлең жолдары.
...................................................... жатпаңдар
...................................................... тастаңдар
...................................................... жадырап
...................................................... бастаңдар.
Сіздер қозғалыстың қажет екендігіне көз жеткізіңіздер. Енді бәріміз сергіту сәтін ұйымдастырайық.
Слайд 14 Сергіту сәті:
ШАРТЫ:
Артериялық қан кету болса - сол қол көтеру.
Веналық қан кету болса - оң қол көтеру.
Капиллярлық қан кету болса - денені бұру.
-
Ал қызыл қан ағады
-
Қою қызыл түсті қан ағады
-
Қан шапшып ағады
-
Жарақаттанған жердің айналасу қанайды
-
Жгут салу қажет емес
-
Терінің беткі қабаты жарақаттанса
-
Тамырдың лүпілін анықтап, қатты басу керек
Слайд 21. Пайдалы кеңестер
Жүрек - қантамыр жүйесіне пайдалы тағамдарлың құрамында алма, апельсин, лимон ынды жемістер бар. Мсыалы алма қандағы гемоглобиннің құрамындағы темірдіің көбеюіне қажет болса. Апельсин шырынын ішу қан тамырлардың жұмысын жақартса цитрусты өсімдіктердің барлығы қан тамырлардың қабырғасын қатайтып,серпімділігін арттырады. Жемістерден қуат алып, жүзіміз жадырай берсін
5.Балаларды бағалау. Бүгінгі сабаққа қатысқан оқушыларды пайдалы витаминдермен бағалаймын
«5» - апельсин - тәтті
«4» - алма - қышқыл
«3» - лимон - ащы
6. Қорытындылау.
Слайд 22 Қорытынды
Сонымен балалар, бүгін қан айналым жүрек тақырыптарын қорытындыладық. Бәріміздің деніміз сау, жүрек соғысымыз қалыпты болсын деп қолдарыңыздағы жүрекшеге бір-бірлеріңізге тілек жазып қалдырыңыздар.
Сау болыңыздар!