- Учителю
- 'Компьютердің құрылымы' тақырыбында ашық сабақ жоспары 5-сынып
'Компьютердің құрылымы' тақырыбында ашық сабақ жоспары 5-сынып
Маңғыстау облысы
Бейнеу ауданы
«Ж.Қалдығараев атындағы орта мектеп»
мемлекеттік мекемесі
Информатика пәні мұғалімі
Аманкосова Кунсулу Адилхановна
5-сынып сабақ жоспары
Сабақтың тақырыбы: Компьютердің құрылымы
Сабақтың мақсаты:Компьютердің құрылымы туралы алғашқы түсінік қалыптастыру үшін жағдай жасау, оның құрамдас бөліктерін анықтау.
Оқушылар білуі тиіс:компьютердің құрамын, негізгі және қосалқы құрылғыларын, енгізу және шығару құрылғыларын, жүйелік тақтаның қызметін, процессорды, оперативті жадын, қатты дискті, CD/DBD-ROM, дыбыстық, желілік және видеокарта (бейне карта) пернетақтадағы: Shift, Caps Lock, Enter пернелері қызметін.
Оқушылар үйренуі тиіс: компьютердің сыртқы құрылғыларының түрін, олардың қызметіне сипаттама беруді , пернетақтаны мәліметтер енгізу үшін пайдалануды.
Сабақтың барысы:
I Ұйымдастыру кезеңі
II Сабақтың мақсаты мен міндеттерін қою
III Үй тапсырмасын тексеру.
§5 бойынша тест жұмысын тексеру.
IVБілімді өзектендіру
Мұғалім сабақтың мақсаты, тақырыбымен таныстырады. Көп оқушылар компьютердің неден құрылғанын білеміз деп айтуы мүмкін. Осы тақырыпты оқу барысында оқушылар біліміне сүйенетін негізгі білімді мұғалім де білуі керек.
Топтарға бөлу.
Әр топ төменде көрсетілген кестені толтырады:
Құрылғылары
Тағайындалуы
Орналасуы
Негізгі және қосымша
Оқушылар өз біліміне сүйене отырып кесте толтырады.
VЖаңа тақырыпты түсіндіру.
Тақырыпты түсіндіру оқулық бойынша жүргізіледі. Мұғалім оқушылар көмегімен монитор, пернетақта, тышқан, джойстик түсініктеріне анықтама береді. Компьютердің құрылымындағы міндетті бөліктеріне ерекше назар аударылады.
Жүйелік блоктың ішкі құрылысын оқып-үйрену үшін оны бөлшектеу ұсынылады. Егер мүмкіндік болса әр топқа істен шыққан жүйелік блокты бөлшектеуге беруге болады. Әр түрлі құрылымдардың сандық сипаттамалары өзгеріп тұратындықтан мұғалім сабақта соңғы мәліметтерге сүйенуі керек. Мұғалім жүйелік блоктың бөлшектерін көрсетеді, оқушылардың кестеде көрсеткен сипаттамаларын оқиды, түзетулер енгізеді.
Пернетақтаның пернелері жеке оқытылады. Пернетақтамен таныстыру перне тобы анықтамасынан, олардың қызметінен басталады. Оқушыларға мәтінді терудің алғашқы дағдыларын игерту мақсатында пернелердің қолданылуын мәтіндік редактор аумағында оқып - үйренген дұрыс.
WordPad мәтіндік редакторын оқып - үйренгенде курсорды басқару, жою пернелері және т.б туралы толық мәлімет беріледі.
1 - кесте. Пернетақтаның бөліктері
Пернетақта бөлігінің аты
Пернелер
Суреттегі түсі
Алфавиттік - сандық пернетақта
Әріптер мен сандар
Көк
Курсорды басқару пернелері
Сілтемелер, Home, End, Page Up, Page Down
Жасыл
Функционалдық пернелер
F1 - F12
Қоңыр
Қосымша сандық пернетақта
Num Lock, Пернетақтаның оң жағы
Сары
Басқару пернелері
Enter, Shift, Alt, Ctrl, Caps Lock, Tab, Esc, Insert, Back Space, Delete, Print Screen, Scroll Lock, Pause
Қызыл
VI Алған білімді жүйелеу
Оқушылар оқыған материалдар бойынша кесте толтырады. Мұғалімнің кесте толтыру бойынша сұрақтары:
1. Қанша құрылым пайда болды?
2. Қай құрылымның қызметі естеріңде қалмады?
3. Қай құрылымның қызметі естеріңде жақсы сақталды?
Берілген жауаптарға байланысты мұғалім тағы да мәселелік сұрақтар жауабына тоқталады. Оқушылар орындаған жұмыстарын мұғалімге өткізеді.
VII Сабақты қорытындылау
Мұғалім оқушыларды бағалайды.
VIII Үй тапсырмасы
§6 мазмұндау, сұрақтарға жауап беру. Дарынды оқушыларға жұлдызшасы бар сұрақтар беру (сөзжұмбақ құрастыру).
Тест жауаптары:
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
В
А
В
Д
С
А
С
А
А
А