- Учителю
- Ақпаратты түрлендіру. Ақпаратты кодтау. ASCII коды.
Ақпаратты түрлендіру. Ақпаратты кодтау. ASCII коды.
7сынып
№3 сабақТексерген:_______________
Сабақтың тақырыбы: Ақпаратты түрлендіру. Ақпаратты кодтау. ASCII коды.
Сабақтың мақсаты: Ақпаратты қабылдауды, жеткізуді, өңдеуді және сақтаудың тәсілдерін үйрету. Кодтауды түсіндіру.
Білімділік: Оқушылардың ақпаратты техникалық құралдармен дербес компьютердің көмегімен беру, сақтау және ұсыну тәсілдерімен, қабылданған екілік санау жүйесімен, ASCII кодтарымен таныстыру.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикасын, мәдениеттілігін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, тиянақтылыққа, жүйелілікке тәрбиелеу
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, оқулық, жұмыс дәптері
Сабақтың барысы:
-
Ұйымдастыру
-
Үйге берілген тапсырманы тексеру
-
Жаңа тақырыпты түсіндіру
-
Сабақты бекіту
-
Үйге тапсырма
Өткен материалды қайталау сұрақтары:
-
Ақпарат деген сөзге қандай мағына бересіңдер?
-
Адам ақпараттың қандай түрлерін қабылдай алады?
-
Адам ақпаратты қалай және қайда сақтайды?
-
Адамның ақпаратты өңдеуіне мысал келтір.
-
Адам ақпаратты қалай сақтайды?
-
Қандай тілдерді білесіңдер?
-
Байланыс тілі деп нені айтады?
Жаңа түсініктер:
Аақпаратты белгілі - бір алфавит арқылы ұсынуды кодтау деп атайды. Бір белгі тобынан екінші белгі тобына көшіру ережесін код деп атайды. Ақпаратты сақтау , қабылдау, ұсыну және өңдеу әдістері іс жүзінде ақпараттың ұсынылу ( кодтау) түріне байланысты болады. Ақпараттың кодталуы кейде шифрлау деп те айтылады, оның кері кодталуы декодирование процесімен тікелей байланысты. Екілік алфавиті 0 және 1 таңбаларымен ұсынылады. Ақпаратты екілік код пен көрсету үшін, құрылғы екі күйді айыра білуі керек, мысалы: 1 - құрылғыда ток бар, ал 0 - жоғын, немесе 1 - жоғары кернеу, 0 төмен кернеу. Тек екі түрлі мәні немесе оған сәйкес код разрады бар, о немесе 1 мәндерін ғана қабылдай алатын сигналды бит деп айтады. Символдарды кодтау үшін 8 биттен тұратын яғни 8 екілік таңбалардан тұратын тіркестерді қолдану қабылданған 8 биттен тұратын кодты байт деп атайды. 8 нөл мен бірлердің көмегімен, яғни бір байттың көмегімен 256 символ кодталады. Символдарды кодталу комбинацияларының жиынтығын кодтау кестесі деп атайды.
ASCII коды
Есептеуіш техникасында ең көп пайдаланатын код - ASCII коды - американдық апарат алмасудың стандартты коды.
Кодтау кестесінің 16 жолы 16 бағаны бар. Кесте екі бөліктен тұрады: стандартты, баламалы.
Стандартты бөліктегі - бірінші 128 символдар, 0 - ден 127 - ге дейінгі кодтар:цифрлар, латын алфавитінің әріптері мен компьютер жұмысын басқаратын арнайы символдар.
Баламалы бөліктегі - 128 - ден 255 - ке дейінгі кодтар ұлттық алфавиттер (орыс, қазақ). Ондық, екілік, оналтылық санау жүйелерінің сәйкестендіру кестесі 2 - суретте келтірілген.
Парта сөзін кодтау үшін
-
Мәтіннің әр символының кодын ASCII кестесінен табу керек. Оның коды - екі он алтылық сан, оның біріншісі - осы символ орналасқан көлденең жолдың номерін, ал екіншісі тік баған номерін көрсетеді. Сосын сәйкестендіру кестесінен оны екілік жүйеге ауыстыру керек.
Тапсырмалар: Жұмыс дәптеріндегі 1.2.1, 2, 3, 4, 5, тапсырмаларды және оқулықтағы 4 беттегі тапсырмаларды орындау.
Сабақты бекіту сұрақтары:
-
Кодтау мен кері кодтау деген не?
-
Бит, байт деген не?
-
Техникалық жүйелерде неге екілік алфавитті пайдалануды таңдайды?
-
Оқулықтағы 14 беттегі тапсырмаларды орындау.
Үйге тапсырма: 1.2 - тақырыпты оқу, жұмыс дәптеріндегі 1.2.6, 1,2,7 тапсырмаларды орындау