- Учителю
- Сабақ жоспары: Материал қосу. материал қасиеті, текстура, нысанды тегістеу
Сабақ жоспары: Материал қосу. материал қасиеті, текстура, нысанды тегістеу
Сынып: |
10 | ||
Күні: |
| ||
Сабақтың тақырыбы: |
Материалды қосу, материал қасиеті, Blender-дегі текстура, Blender-дегі материалдар. Нысандарды тегістеу | ||
Сабақтың мақсаты: |
Blender-де нысанға материал, текстура беру, нысандарды тегістеу модификаторымен таныстыра отырып, білімдерін практика жүзінде іске асыра алу дағдысын, логикалық ойлау, сын тұрғысынан ойлау, өзіндік бағалау қасиеттерін дамыту. | ||
Сабақтың түрі: |
Аралас сабақ | ||
Әдіс-тәсілдер: |
Жекелей жұмыс, жұптық жұмыс, сұрақ-жауап әдісі | ||
Көрнекіліктер: |
Видео, интерактивті тақта, оқулық, жұмыс дәптері, Венн диаграммасы | ||
Сабақтың жүру барысы | |||
Кезеңдер |
Уақыт |
Мұғалімнің іс-әрекеті |
Оқушының іс-әрекеті |
Ұйымдастыру |
1 мин |
Оқушыларды түгендеу, сабаққа дайындығын тексеру |
Амандасу. Өз компьютерлеріне отырып, дұрыс жұмыс жасайтындығына көз жеткізу |
Үй жұмысын тексеру |
5 мин |
|
Жұмыс компьютерінде практикалық жұмысты ашып тексерту, оқулықтағы тест тапсырмасын дәптерге орындау. Дұрыс жауап кілті бойынша көршісінің жұмысын тексеру, нәтижесін хабарлау. |
Миға шабуыл |
2 мин |
Сұрақ: бүгінге дейін Blender-де жасаған практикалық жұмыстарымызда модельдеген нысандарымыз кандай тусте болды? Нысан неғұрлым шынайы көріну үшін не істеу керек? |
Өз ойларын ауызша айтады. (нысан шынайы көріну үшін оның түсін, материалын дәл анықтап, дұрыс таңдай білу керек) |
Жаңа тақырып |
7 мин |
|
Жаңа тақырыпты жұбымен бірге оқып, талқылау. Бір сұрақ дайындау. |
Бекіту |
2 мин |
«Жекпе-жек!» әдісі бойынша жұптар бір-біріне сұрақ қояды | |
Практика |
21 мин |
«Құмыра» модельін жасау. Оған түс, текстура беру: Ол үшін Blender-де алдын ала құмыра жасау жолы түсіндірілетін видеосы көрсетіледі. - Практикалық жұмыс барысында кездескен ыстық батырмаларды, жаңа құралдардың қызметін қысқаша дәптерлеріне жазып алуды ескертіп отыру керек |
- Видеоны мұқият қарап түсініксіз жерлері болса мұғалімнен сұрайды. - Blender-ді іске қосады. - Видеоны көре отырып Blender бағдарламасында практикалық жұмысты орындайды. - жаңа түсініктерді, батырмалар мен олардың қызметтерін дәптерге жазып отырады |
Рефлексия |
1 мин |
Білім ағашынан өзіңді белгіле.
|
Әркім өзінің бүгінгі сабақтан алған білімдерінің қаншалықты дәрежеде екендігін «Білім ағашындағы» қай адамға сәйкес келетіндігін таңдап бояп көрсетеді |
Бағалау |
1 мин |
Оқушыларды жасаған жұмыстары мен сабаққа қатысу белсенділігіне қарай бағалау |
Күнделікке бағаларын қойдырады |
Үйге тапсырма |
3 мин |
Венн диаграммасы: Blender мен 3D Mах-та нысанға түс берудің ұқсастықтары мен ерекшелігін Венн диаграммасына толтыру.Дәптерлеріне жазып жүрген ыстық батырмаларды, олардың қызметтерін жаттап келу. |
Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазу
|
</<br>