7


  • Учителю
  • Ашық сабақ 'Санау жүйелері туралы түсінік'

Ашық сабақ 'Санау жүйелері туралы түсінік'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: «Санау жүйелері туралы түсінік (екілік, сегіздік,

ондық, он алтылық)»


Сабақтың мақсаты: а) Білімділік: оқушыларды санау жүйелерімен

таныстыру, екілік, сегіздік, ондық, оналтылық санау

жүуелері туралы жалпы мағлұмат беру..

ә) Дамытушылық: Оқушылардың санау жүйесімен

жұмыс жасау іскерліктерін қалыптастыру және

жүйелі ойлауын дамыту.

б) Тәрбиелік: алғырлыққа, зеректікке, шапшаңдыққа,

тазалыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдістері: Ой қозғау, тестік жұмыс, кестемен жұмыс, түсіндіру,

практикалық, жеке және топтармен жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі:дербес компьютерлер, тест сұрақтары, интерактивті

тақта слайдтар топтамасы, кеспе парақтар, оқулық,

жұмыс дәптері.
Пән аралық байланыс: математика.

1. Ұйымдастыру кезеңі

- оқушылармен сәлемдесу;

- оқушыларды түгелдеу;
2. Үй тапсырмасын тексеру (сұрақ - жауап)
1.Жұмыс істеу алдыңдағы қауіпсіздік ережелерін ата.

2.Компьютермен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік ережелерін ата№

3.Компьютермен жұмысты аятаған кездегі қауіпсіздік ережелерін ата№

4.Көзге арналған қандай жаттығуларды білесіңдер?



3. Жаңа сабақты меңгерту

Санау жүйелері - сандарды өрнектеудің қандай да бір тәсілі және оған сәйкес сандармен әрекет жасау ережелері.

Санау жүйесінің негізі - бұл берілген жүйедегі сандарды бейнелейтін әртүрлі таңбалар саны

Цифраның сандағы позициясы разряд деп аталады.

Санау жүйелері 2 топқа бөлінеді:

1.Позициялық (цифранның мәні оның сандағы позициясына тәуелді емес)

2.Позициялық емес (цифранның мәні оның тұрған орнына байланысты өзгереді)

Позициялық емес санау жүйесінің түрлері: ерте гректің бестік, мысырлық, славяндық санау жүйелері.

Римдік санау жүйесі-сандарды жазу үшін латын алфавитінің әріптері қолданылады:

1-әрбір үлкен санның сол жағына жазылған таңба сол саннан алынып тасталады;

2- әрбір үлкен санның оң жағына жазылған таңба оң санға қосылады;



Сандарды жазу үшін екі ереже қолданылады:

ІХ ХІІ

9=10-1 12=10+1+1

Римдік санау жүйесінің негізінде 1 саны үшін І белгісі (бір саусақ), 5 саны үшін V (ашылған алақан) белгісі, 10 саны үшін Х (айқасқан алақандар) белгісі, ал 100, 500 және 1000 сандарын өрнектеу үшін сәйкес латын сөздерінің (centum-жүз, demimille- мыңның жартысы, mille- мың) алғашқы әріптері қолданылады.



Позициялық санау жүйелері

Санау жүйелері

Негізі

Цифр алфавиті

Ондық

10

0,1,2,3,4,5,6,7,8,9

Екілік

2

0,1

Сегіздік

8

0,1,2,3,4,5,6,7

Он алтылық

16

0,1,2,3,4,5,6,7,8,9,A(10),

B(11),C(12),D(13),E(14),F(15)



Ондық санау жүйесі.

Ондық санау жүйесіндегі сандарды өрнектеу үшін 0-9 дейінгі араб цифрлары қолданылады: 0,1,2,3,4,5,6,7,8,9.

Мысалы: 234=200+30+4 сан 2 жүздіктер разрядынан, 3 ондықтар разрядынан, 4-бірлік разрядынан тұрады.

Екілік санау жүйесі

Екілік жүйеде кез келген сан екі 0 және 1 цифрларының көмегімен жазылады және екілік сан деп аталады. Екілік санның әрбір разрядын (цифрын) бит деп атайды. Екілік жүйеде қосындыда негіздеуші ретінде 2 санын қолданады.

А=1*22+0*21+0*20+0*2-1+1*2-2

Сегіздік сану жүйесі

Сегіздік санау жүйесі, яғни сегіздік негіздеуі жүйесі, сегіз цифрдың көмегімен санды көрсетеді:0,1,2,3,4,5,6,7.

Мысалы: 356=3*82+5*81+6*80

Оналтылықсанау жүйесі

Оналтылықсанау жүйесінде жазу үшін ондық сану жүйесінің цифрлары 0,1,2,3,4,5,6,7,8,9 және жетрейтін алты цифрды белгілеу үшін ондық сандарының мәні 10,11,12,13,14,15 болатын сәйкес латын алфавитінің алғашқы үлкен әріптері: А,В,С,D,E,F қолданылады. Сондықтан сандарда, мысалы, 3Е5А түрі болуы мүмкін. Осы санды негіздеуші 16 қосындысы түрінде жазайық:

3Е5А=3*163+Е*162+5*161+А*160

4.Сабақты пысықтау:

Тест жұмысы.

1. «Ақпарат» сөзі қай тілден шыққан?

а) латын ә) араб б) парсы

2. «Ақпарат» сөзі қандай мағына береді?

а) санау ә) талдау б) мәлімет

3. Ақпараттың жалпы қасиеттерін зерттейтін ғылым?

а) математика ә) информатика б) кибернетика

4. Сандарды атау және жазу ережелері мен әдістерінің жиынтығы не деп аталады? а) дизъюнкция ә) конъюнкция б) санау жүйесі

5. Санның цифрына бөлінетін позициясы қалай аталады?

а) категория ә) разряд б) ондық

6. Екілік санның әрбір разряды қалай аталады?

а) бит ә) байт б) килобайт

7. Қайсысы санау жүйесіне кірмейді?

а) екілік ә) ондық б) он сегіздік


Дұрыс жауабы

сұрақтары

1

2

3

4

5

6

7

жауаптары

а

б

ә

б

ә

а

б



5.Үйге тапсырма: §2.1. оқу, 2.1-тапсырманы орындап келу.

6.Оқушыларды бағалау.

Түркістан қаласы

22 жалпы орта мектеп

информатика пән мұғалімі

Назарова Мадина



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал