7


Сабақ жоспары Калькуятор

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: Арифметикалық және алгебралық өрнектерді мәтіндік түрде жазу ережелері. Стандартты функциялар. Калькулятор қолданбасын оқуға дайындау.

Бағдарламалық - дидактикалық қамсыздандыру: Интерактивті тақта, оқулық, жұмыс дәптері.



Сабақтың мақсаты: Арифметикалық және алгебралық өрнектерді мәтіндік түрде жазу ережелерімен танысу. Стандартты функциялармен танысу. Калькулятор қолданбасында жұмысқа дағдылану.

Сабақтың типі: Практикум элементтері бар, көрсете түсіндіру.



Білім мен біліктілікке Оқушылар білуі тиіс:

Қойылатын талаптар: - арифметикалық және алгебралық өрнектерді мәтін

түрінде жазу ережелерін;

- негізгі стандартты функцияларды;

- калькулятордың арналуын;

- калькулятордың қандай режимдері бар екенін;

- қажетті анықтамалық ақпаратты алуды;

- мәтін түрінде терілген арифметикалық өрнектерді калькуляторға қалай тасымалдауға және нәтиже алуға болатынын.

Оқушылар үйренуі тиіс:

- арифметикалық және алгебралық өрнектерді мәтіндік түрде жазуды;

- калькуляторды іске қосуды;

- калькулятор түрлерін ауыстырып қосуды;

- сандарды теріп, олармен есептеулер жүргізуді;

- калькулятор жадын пайдалануды;

- алмасу буферін пайдаланып, күрделі есептеулер жүргізуді.

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі

2. Оқушыларды, түгелдеу, өткен сабақты сұрап бағалау;

3. Жаңа сабақ.

4. Тесттік сұрақ - жауап.

5. Қорыту, бағалау, үйге тапсырма беру.



Математикада арифметикалық және алгебралық өрнектерге бөлінеді.

Арифметикалық өрнек - бұл арифметикалық операциялар белгілерімен біріктірілген сандар.

Алгебралық өрнек - бұл арифметикалық операциялардың белгілерімен біріктірілген сандар мен айнымалылар. Информатикада алгебралық өрнек деген түсінік жоқ, ал арифметикалық өрнек өзіне арифметикалық операциялардың белгілерімен біріктірілген сандар мен айнымалыларды кіргізеді.

Егер сандар мен айнымалылар арифметикалық және логикалық операциялардың белгілерімен біріктірілсе, мұндай өрнек логикалық деп аталады.

Информатикада арифметикалық өрнектерді жазу үшін қолданылатын арифметикалық операциялар келесі белгілермен белгіленеді:



1. «+» - қосу

2. «-»- алу

3. «*»- көбейту

4. «/» - бөлу

5. «^»- дәрежесін табу.



Информатикада логикалық операцияларға мыналар жатады:



1. тең «=»

2. артық - «>»

3. кем - «<»

4. тең емес - «»



Информатикада арифметикалық та, логикалық та операциялар бір жолға жазылады, яғни бөлшекті жазу үшін алымы мен бөлімін жақшаның ішіне қойып, олардың арасына «/» бөлу белгісін қою керек.

Өрнектің математикалық жазуында көбейту белгісі қойылмайды, ал арифметикалық өрнекте ол міндетті түрде болуы керек. Тағы да математикалық жазудан тағы бір айырмашылық бар - ондық бөлшекті жазғанда, үтір емес нүкте қойылады. Оңайлық үшін пернетақтада жай әшейін нүкте тұрады.

Мысал: Математикалық жазу;

Мәтін түріндегі арифметикалық өрнек: (2*А+С)/(А+3, 5)+Д;



Стандартты калькулятор бағдарламасы - бұл кәдімгі калькулятордың компьютерлік аналогы, ол әр түрлі есептеулерді: сандарда бір санау жүйесінен басқасына ауыстыруға және логикалық арифметика командаларының амалдарын жүргізуге арналған.

Сандық ақпараттармен жұмыс істеуге, есептеулерді жедел орындауға, есептеулер нәтижелерін Windows - тың басқа бағдарламаларына жіберуге, сандарды бір санау жүйесінен басқасына ауыстыруға, дәл есептеулер жүргізуге арналған.



Калькулятордың екі түрі бар: қарапайым, инженерлік.

Іске қосу: Пуск - Программы - Стандартные - Калькулятор.

Калькулятор терезесінің өлшемі бекітілген тақырып жолынан басқа оның менюі (түзету, түр, анықтама), терілген сандарды көруге және нәтиже беруге арналған енгізу өрісі, есептеуге арналған батырмалары бар аумағы болады. Калькулятордың жұмысы оның тақтасында маусты басу арқылы басқарылады. Операторлар мен сандарды пернетақтадан да енгізуге болады. Сандық пернетақтадан енгізу үшін NumLock пернесін басу қажет.

Калькулятор (лат. calculator - есептеуіш) - шағын есептеуіш құрылғы. К. адамның араласуы арқылы цифрлар мен командаларды қолдан енгізу жолымен қарапайым арифмет. амалдарды және кейбір матем. функцияларды есептеуге арналған.



Калькулятормен жұмыс істеудің кейбір әдістері

Пайызды есептеу:

1. Процент есептелетін санды теру

2. «х»белгісін басу.

3. Процент - санды теру.

4. «%» белгісін басу

5. Санды берілген дәрежеге шығару:

Санды теру, «х^y» батырмасын басу, дәреже - санын теру, «=» белгісін теру.

Оқушыларды плакатқа жазылған калькулятордың негізгі батырмалары мен жалаушаларының тізімімен таныстырып, есептер шешуге өтемін.

625 56 - 2=625 289 (8+9) 2=289 1022 210 - 2=1022

128 28 - 1=128 4*23=32 43/2=32



12*42=502

21*24=504

13*62=806

31*26=806



23*96=2208 32*69=2208

24*63=1512 42*36=1512

26*93=2418 62*39=2418

36*84=3024 63*48=3024

46*96=4416 64*69=4416



37*(3+7)=370 33+73=370

48*(4+8)=576 43+83=576

147*(14+7) =3087 143+73=3087

148*(14+8)- 3256 143+83=3256

111*(11+1)=1332 113+13=1332

12*3*(1+2+3) 36 13+23+33=36



№1 Тапсырма «Қызықты бет»



123456789 1=

12345678 21=

1234567 321=

123456 4321=

12345 54321=

1234 654321=

123 7654321=

12 87654321=

1 987654321=

Жауабы: Екі бағанадағы да сандардың қосу нәтижесі бірдей:

1083676269.



2. Бірдей сандармен тек қосудың көмегімен бес екіліктің көмегімен 28 санын;

Сегіз сегіздің көмегімен 1000 санын жазыңдар.

22+2+2+2=28

888+88+8+8+8=1000



3. Тоқсан тоғыз бен жүз.

Жауабы: 9+8+7+65+4+3+2+1=99 немесе 9+8+7+6+5+43+21=99

1+2+34+56+6+7=100 немесе 1+23+4+5+67=100

4. Жүз. Кез келген арифметикалық амалдардың көмегімен не бес бірліктен, не бес бестік жүз санын құрастыр. Бес бестіктен жүз санын екі түрлі тәсілмен құрауға болатынын ескер.

Жауабы: 100=111 - 11немесе 100=5*5*5 - 5*5 немесе 100=(5+5+5+5)*5



5. Тапсырма сандық әткеншек:

37*3=111

37*6=222

37*9=333

37*12=444

37*27=999

6. Тапсырма. Арифметиканың төрт амалын орналастыр. Калькулятордың ішкі жадының көмегімен тексер.

Жауабы:(1+2)/3=1 {[1+2)*3 - 4]/5+6}/7=1

12/3/4=1 [(1+2)/3*4]+[5+6 - 7]/8=1



7 тапсырма. Уақытты белгіле де, калькулятордың көмегімен қосу амалын орында. Есептеу уақыты мен нәтижесін жаз. Төмендегі сандар тізбегін қосып шық.

328 645

491 221

316 304

117 586

571 355

508 779

183 696

382 414



Жауабы: 8000000.



8 Тапсырма.

Инженерлік калькуляторды қолданып, төмендегі амалдарды орында. Жазбалардың екі бөлігін өзара салыстыр.

625 56 - 2=625 289 (8+9) 2=289 1022 210 - 2=1022

128 28 - 1=128 4*23=32 43/2=32



12*42=502

21*24=504

13*62=806

31*26=806

23*96=2208 32*69=2208

24*63=1512 42*36=1512

26*93=2418 62*39=2418

36*84=3024 63*48=3024

46*96=4416 64*69=4416



9. Тапсырма. Сандарды табу.

42=16

342=1156

3342=111556

33342=11115556

333342=1111155556

3333342=11111115555556



10 тапсырма Өзіндік жұмыстарға арналған тапсырмалар.

Сандар берілген...

3. 56, 9,- 27, 6. 25, 0. 064, - 3,- 5, 4. 21, 5. 76

Олардың қосындысын және орташа арифметикалықты анықтаңдар.

Қосынды 3, 889

Орташа арифметикалықты 0, 432



Сұрақтарға үйде жазбаша жауап жазып келу:

1. Калькулятор бағдарламасының арналуы қандай?

2. Сен калькулятордың қандай түрлерін білесің?

3. Инженерлік калькулятордың арналуы қандай?

4. Батырма функциясын қалай анықтауға болады?



Сабақты қорыту. Үй тапсырмасын түсіндіру.

Кері қайту</</u>





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал