7


  • Учителю
  • Inkscape графикалық редакторы туралы сабақ

Inkscape графикалық редакторы туралы сабақ

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: Inksсape векторлық графикасының редакторы.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Графикалық редактор туралы түсініктерін толықтыру. Inkscape векторлық графикасының редакторымен таныстыру. Онымен жұмыс істеуге үйрету.

Дамытушылық: Оқушылардың компьютерлік графикамен жұмыс істеу үйрету арқылы теориялық білімін,

ой-өрісін, шапшаң ойлау қабілетін дамыту;

Тәрбиелілік: Оқушыларды жан-жақты болуға, техникалық құрылғыларды пайдалану барысында

жүйелілікке тәрбиелеу;

Сабақтың типі: Жаңа білімді игерту.

Сабақтың түрі: Аралас.

Сабақтың көрнекілігі: Дербес компьютерлер, оқулық, Inkscape бағдарламасы.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды түгелдеу. Қауіпсіздік ережесін еске түсіру.

Үй тапсырмасын тексеру. Үйге берілген тапсырманы сұрақтар қою арқылы тексеру.

Жаңа сабақ. Inkscape - тегін таратылатын, ашық коды бар векторлық графиканы өңдеу редакторы. Inkscape басқа тегін графикалық редакторлар сияқты баяу жұмыс істейді, себебі ол компьютер ресурстарынан талап етіледі. Осы редакторда сайттың батырмасынан бастап, баннерлерге, визиткадан кітаптың суреттеріне дейінгі әртүрлі кескіндерді жасауға болады. Inkscape редакторының интерфейсі. Редақтор терезесі 9 элементтен тұрады. Интерфейстің параметрлері - тіл, құралдар батырмаларының өлшемдерін және т.б. баптау Файл- Inkscape баптау-Интерфейс бұйрығымен орындалады. Өзгертулерді көру үшін редакторды қайта жүктеу керек.

  1. Бас мәзір.

  2. Құралдар параметрлері.

  3. Құралдар панелі.

  4. Таңбалау элементтері: сызғыш, тор, бағыттауыштар.

  5. Жұмыс аймағы - кенеп (холст).

  6. Бұйрықтар панелі.

  7. Жабысу параметрлерінің панелі.

  8. Түстер үлгілері - бояу палитрасы.

  9. Қалып-күй жолы.

Құжатты Файл-Құру бұйрығы арқылы орындауға болады. Одан басқа файлдағы кескіндерді Inkscape ашық құжатына импорттауға болады. Inkscape әр құжатқа жеке терезе ашады. Редакциялауды кейін 1жаластыратын болсаң, Файл-сақтау батырмасын басу жеткілікті. Үнсіз келісім бойынша құжат InkscapeSVG пішімінде сақталады. Суреттерді басқа редакторлар қолдайтын пішімдерге экспорттауға болады. Құралдар параметрлері панелінде құралдар параметрлерінің нақты мәнін орнату ыңғайлы.

Жаңа сабақты бекіту. Бақылау сұрақтары мен тапсырмалары арқылы.

Компьютердегі тәжірибелік жұмыс.

Өзіңді тексер! сұрақтарына жауап беру.

Қорытынды.

Үй тапсырмасы. § 21.

Оқушыларды бағалау.







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал