7


  • Учителю
  • Информатика Сканердің түрлері 10 класс

Информатика Сканердің түрлері 10 класс

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Сканер (англ. scanner)-  электронды механикалық құрылғы.Сканер(ізкешкіш) – қағазға жазылған мәліметтің кезкелген түрін (сурет, сызба, кітап мәтіні) оптикалық негізге суйене отырып компьютерге жылдам енгізе алатын құрылғы. Бірақ енгізілген информация графиктік турге айналы
предварительный просмотр материала

  1. Сканер тарихы.

Сканер ( scanner)- электронды механикалық құрылғы.Сканер

(ізкешкіш) - қағазға жазылған мәліметтің кезкелген түрін (сурет, сызба, кітап мәтіні) оптикалық негізге суйене отырып компьютерге жылдам енгізе алатын құрылғы. Бірақ енгізілген информация графиктік турге айналып, оны бірден өңдеу ісін жүргізу қиынырақ болады. Ол суретгерді, сызбаларды компьютер жадына енгізе алады, мәліметтер енгізу оңай, әpi жылдам орындалады.

1857 жылы флоренциялық аббат Жованни Казелли( Giovanni Caselli)суретті арақашықтыққа жіберу аспабын ойлап тапты, оны пантелеграф деп аталды. Жіберілетін сурет ток өткізетін сия мен ине көмегімен барабан бетіне жазылған.

1902 жылы неміс физигі ( Arthur Korn) фотоэлектрондық сканирлік технологиясы бойынша патент алып, кейіннен ол телефакс деп аталынды.Тасымалданатын құжат түріндегі оптикалық-электрондық құрылғымен оқылады да, байланыс арналары арқылы жөнелтуге ыңғайлы сигналдық түрге келтіріледі. Мәліметтерді қабылдау нүктесінде кері түрлендіру жұмысы атқарылып, құжаттың алғашқы нұсқасына айналады.


5-сурет Ең бірінші сканер



  1. Сканерлердің сипаттамасы.

Сканер - қағаздағы мәтін мен суретті компьютерге автоматты түрде енгізу үшін қолданылады. Сканер кескінді (суретті, т.б.) машина кодына ауыстырып, компьютердің жадына жазады. Сканердің жұмысының принципі былай: жарық сәулесі жол-жолмен жазық суретті сканерлейді, оның жұмыс принципі электрондық сәуленің дисплей экранын сканерлеуіне ұқсайды. Сканерлер қара-ақ түсті немесе түрлі түсті болады.Сканер компьютерге мәтінді немесе бейнені енгізу жиі кездеседі. Көп жағдайда мәтінді енгізу пернетақтаның көмегімен жүзеге асырылады, бірақ бұл көп еңбек пен уақытты қажет етеді. Қолданушылар қазіргі кезде сканер құрылғысын пайдаланады. Сканер - электронды механикалық құрылғы. Сканерді планшетті, барабанды және қолмен басқарылатын деп бөлуге болады. Түпнұсқаны санмен белгілеу үшін пайдаланылған сканердің мүмкіндіктерін көбіне-көп басу кезінде алынған сапа анықтайды. Сондықтан қарапайым модельдегі планшеттік немесе аралық класты сканер жоғары сапалы жарнамаға қажетті түс диапазонын қамтамасыз ете алмайды, газеттік қағазда каталогтар жасау үшін барабанды сканерді пайдалану да - долларды сканерлеу сияқты мәнсіз іс. Бір кластағы сканерлердің өзі бірдей емес. Сканерлейтін құрылғының сапасын бағалауға мүмкіндік беретін бірқатар маңызды параметрлер бар, олар: салыстырып оқу үшін пайдаланылатын бергіштердің түрі, оптикалық шешім, өңделетін материалдардың түрі, түстің барынша қанықтығы және динамикалық диапазон.

Сканерлердің түрлері.

Графикалық ақпаратты енгізу үшін, сканерлерді. графикалық планшеттерді (дигитайзерлерді) және цифрлық фотокамераларды қолданады. Сканерлердің көмегімен таңбалық ақпаратты да енгізуге болады. Бұл жағдайда алғашқы деректер графикалық түрде енгізіледі, бейне тану бағдарламалары оны өндейді.

  1. Планшетті сканерлер келесі принцип бойынша жұмыс істейді: арнайы элементтер материалдың бетінен шағылған жарық сәулесін белгілейді.

- Қол сканерлерінің планшетті сканерден айырмашылығы, созу қолмен орындалады.Бұл жағдайда бір қалыптылығы мен дәлдігі жеткілікті дәрежеде болмайды.

- Барабандық сканерлер. Бұл типті сканерлерде алғашқы материал өте жоғары жылдамдықпен айналатын барабанның цилиндр сияқты бетіне бекітіледі. Өте жоғарғы сапалы сканерлеуге жетуге болады.

  1. Штрих-сканері. Бұл штрих-код түрінде кодталған деректерді енгізуге

арналған қол сканерінің бір түрі саудада қолданылады:

  1. Формалар сканерлері "қолдан" толтырылған стандартты формалардан

деректерді енгізуге арналған құрылғы. Сканердің бұл түрі халық санағын жүргізгенде, сайлау нәтижелері мен анкет мәліметтерін өндеуде қажет болады.

  1. Графикалық планшеттер (дигитайзерлер)- көркемдік графикалық

ақпараттарды енгізугеарналған.

  1. Цифрлық фотокамералар. Олар сканерлер сияқты графикалық деректерді

қағаз бетіненемес, тікелей қоршаған ортадан қабылдайды.

Коммерциялық тұрғыда пайдалануда сканерлердің үш базалық түрі бар:

  • барабанды сканерлер;

  • планшетті сканерлер;

  • пленка-диапозитивтерді өңдейтін сканерлер.

Барабанды сканер факсте қолданылса, ал қолмен басқарылатын сканер оригиналды кез-келген бағытқа айналдырады. Сканерді қолданушылар өз үйінде де қолдана алатын деңгейге жетті. Саудада сканерлердің түрлі модельдері кездеседі. Олар бағасымен, программамен жабдықтауымен, интерфейсімен және технологиясымен бір-бірінен айрықшаланады

Әр түрдегі сканердің жұмыс істеу саласы болады. Бірақ қазіргі кезде осы үш түрдің, әсіресе неғұрлым қымбат бағалы инструменттер арасындағы сапалық айырма білінбей барады. Сондықтан бұл орайда абай болған жөн.


Барабанды сканер

Барабанды сканерлер әрқашан жоғары дәрежелі түрлі түсті баспа өнімдері (жарнамалық материалдар, жылдық есептер, сондай-ақ, жоғары сапалы көркем көшірмелер) саласында жұмыс істеуге арналған инструменттер ретінде танылады. Олардың фотоэлектронды көбейткіштерге негізделген есептеу технологиясы кез келген түпнұсқадағы әрең көрінетін реңктердің өзін де шығаруға мүмкіндік береді; олар шағылысатын да, мөлдір де түпнұсқаларды (негативті пленкадан басқасын) бояуын қанық етіп, санмен таңбалай алады; өте жоғары шешімі шағын түпнұсқалардың сапасын төмендетпей, оларды көп есе үлкейтуге мүмкіндік береді. Барабанды сканерлердің көпшілігінде күрделі бағдарламалық басқару құралдары бар, олар «жол-жөнекей», сканерлеу барысында басып шығару жағдайын ескере отырып, бейнені автоматты түрде өңдейді. Егер сендер бояуына жоғары талап қойылатын құжаттарды тұрақты басып шығарып, позитивті түпнұсқаларды көп сканерлейтін болсаңдар, барабанды сканерде сандық бейне алу турасында ойланғандарың жөн.Барабанды сканерді факс жіберу үшін қолдануға болады.

Планшетті сканер.

Планшетті сканер бейнені оригиналдан ғана сканерлейді. Планшетті сканерлерде ҚБП есептеу технологиясы пайдаланылады, оны нақты жүзеге асыру сапасы әр түрлі болуы мүмкін. Қарапайым модельді және аралық класты планшетті сканерлерде ҚБП әдетте шулы болып келеді де, сызықтар немесе «қате» түсті кажетсіз пиксельдер түріндегі артефактілерге апарады. Планшетті сканерлер әсіресе суреттер мен фотосуреттер түріндегі шағылысатын түпнұсқаларды санмен таңбалау кезінде өте ыңғайлы. Аралық және неғұрлым жоғары класты планшетті сканерлер сондай-ақ мөлдір түпнүскаларды да сканерлей алады, бірақ ең жоғары класты планшетті сканерлер ғана оларды барабанды сканерлер немесе пленка-диапозитивтерді өңдейтін сканерлер сияқты сапалы етіп шығара алады.

Пленкалар мен диапозитивтер өңдейтін сканерлер.

Пленкалар мен диапозитивтер өңдейтін сканерлерде, планшеттік сканерлердегідей, ҚБП-бергіштер қолданылады, тек олардың қабылдағыштығы жоғарырақ және шешу қабілеті анағұрлым жоғары - бұл қасиеті оларды кішігірім мөлдір түпнұсқаларды санмен белгілеу үшін теңдессіз қолайлы етеді. Мұндай сканерлердің көбінің динамикалық диапазоны әжептеуір жоғары және кәдімгі мөлдір түпнұсқаға түстердің толық диапазонын енгізуге мүмкіндік береді.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал