- Учителю
- Сабақ жоспары. Пернелер. Пернелер тобы
Сабақ жоспары. Пернелер. Пернелер тобы
№6 сабақ Мұғалімі: Мухамбеталиева А Бекітемін: __________
10,12 .10. 2015 жыл
Информатика
5 а,ә,б сыныптары
Сабақтың аты:
Пернетақта. Пернелер тобы.
Жалпы мақсаты
Оқушыларды енгізу құрылғысы пернетақтамен таныстыру, қызметі туралы алғашқы түсінік қалыптастыру болып табылады
Сілтеме
1.Мұғалімге арналған нұсқаулық.
2. «Информатика және ақпараттық технология»
7- сынып, Рахманбердиева Д.С.
3. 5-сыныпқа арналған информатика оқулығы
// авторлары Е.А.Вьюшкова, Н.В. Параскун, Б.Қ.Әбенов//
4. 5-сыныпқа арналған информатика оқулығы
// авторлары Б.Бөрібаев, Б.Нақысбеков//
5. Электронды оқулық, Информатика 7-сынып
Оқыту нәтижесі
Адам өмірінде компьютерді қолдануға мысал келтіріп, сыртқы түрі бойынша құрылысын анықтауды, оның қызметін; оқылған құрылғыларына сипаттама беруді, пернетақтаны қолдануды үйрету.
Түйінді идеялар
Оқушылардың жас және психолого-физиологиялық ерекшеліктеріне сай білім беру.
Сабақта қолданатын материалдар
ЕТ кешені, оқулық, жұмыс дәптері, практикум, деңгейлік тапсырмалар, электрондық оқулық
Оқыту әдістері
Түсіндірмелі - иллюстративті, көрнекілік, сұрақ -жауап
-
Жеке жұмыс
-
Топтық жұмыс
-
Сыныппен жұмыс
Дерек көздері
Электрондық оқулық 7-сынып
Тапсырмалар
Сөзжұмбақ, деңгейлік тапсырма, семантикалық карта, графикалық диктант, 7 сынып электрондық оқулығынан тест
Сабақ бойынша мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:
Сабақ: 11:25 - 12:10
Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу.
Сабақ алдында бір-бірімізге сәттілік тілейік.
Ұйымдастыру кезеңі (2 мин):
а) оқушылар тізімі; ә) кабинет жағдайы; б) сабақ барысымен таныстыру.
Топтау //Суреттер арқылы екі топқа бөлу.//
Үй тапсырмасын тексеру Жұптық жұмыс
-
Компьютер деген не?
-
Компьютер қандай функцияларды орындайды?
-
Компьютердің қандай түрлері болады?
-
Қандай компьютерлік программаларды білесіңдер?
Ой қозғау Пернелер түсінігі?
Жаңа тақырып.Сыныппен жұмыс
Пернетақта - компьютерге ақпарат енгізу құрылғысы. Пернетақта мынадай негізгі бөліктерден тұрады.
Пернетақта бөлігінің аты
Пернелер
Суреттегі түсі
Алфавиттік-цифрлық пернетақта
Әріптер мен цифрлар
Көк
Курсорды басқару пернелері
Сілтемелер, Home, End, Page Up, Page Down
Жасыл
Функционалдық пернелер
F1 - F12
Қоңыр
Қосымша цифрлық пернелер
Num Lock, пернетақтаның оң жағы
Сары
Басқару пернелері
Enter, shift, alt, ctrl, caps lock, tab,esc, insert, backspace, delete, printscreen, scrolllock, pause
Қызыл
Индикатор - пернетақтаның қандай режимде жұмыс істеп тұрғанын көрсететін кішкене шамдар.
Қазақстанда қолданылатын компьютерлік пернетақталардың алфавиттік-цифрлық бөлігінде ағылшын, орыс және қазақ әліпбиінің әріптері бар. Бір тілден басқа тілге пернелердің әртүрлі тіркесімен бірге басу арқылы ауысуға болады (Shift+Ctrl).
Жеке жұмыс. Компьютерде тәжірибелік жұмыс орындау (А,В,С, деңгейі)
Сергіту жаттығулары (5 мин)
Топпен жұмыс. Шағын тест тапсыру (Оқулық 49 бет, 10 сұрақ)
Қорытындылау:
Кері байланыс сұрақ - жауап (5 мин.)
-
Пернетақта қандай құрылғы?
-
Курсорды басқаратын пернелерді ата.
-
Функционалдық пернелер қайда орналасқан?
-
Қандай пернелер басқару пернелеріне жатады?
Келесі тапсырма:
Үйге: Пернетақта. Ребус құрып келу
Келесі оқылым:
Пернелер тобымен жаттығулар орындау
Бағалау:
Жиынтық бағалау /жеке жұмыс, топтық жұмыс, сыныппен жүргізілген жұмыстар бойынша /
Кері байланыс:
Оқушылар өтілген сабақтан жағымды әсер алғандығын, сабақтың қызықты өткендігін жеткізді. Рефлексия алынды.