7


10 сынып Blender бағдарламасы

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

10 сыныбы





Сабақтың тақырыбы: Материалды қосу, материал қасиеті. Blender-дегі текстура, Blender-дегі материалдар.

Сабақтың мақсаты: оқушыларға сахнадағы құрған нысандарды баптауды, материал қосу үшін панель мен батырмамен жұмыс жасауды , ол туралы түсінік беруді, баптауды, текстураны қолдануды үйрету.

Ә)оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, есте сақтау, зейіндік қабілеттерін дамыту.

Б) уақытты тиімді пайдалануға, жүйелі ойлауға, ұқыптылыққа, шапшаңдыққа, шығармашылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың типі: аралас

Пән аралық байланыс: ағылшын, геометрия

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру

ІІ. Үй тапсырмасы: «Mirror - айналық бейнелеу, программада объектілерді тегістеу»

ІІІ. Жаңа сабақ

Мысалы, біз ағашты металдан ажырата аламыз, өйткен олардың қасиеттері әртүрлі. Яғни, әрқайсысының бедері, сынығы, текстурасы, диффузиялық түсі, жалтырақтығы т.б қасиеттері әртүрлі. ЗD графикасында да шынайы өмірдегідей әр нысан өзіне тән қасиеттерге ие.

Сонымен,материал дегеніміз - нысанның чыртқы түрін баптауға мүмкіндік беретін қасиеттер сақталатын модуль.

Бұл қасиеттерді баптау үшін тақтадан М батырмасын басу арқылы Material Editor компонентін қосуымыз керек.

Таңдалған нысанға материал келесідегідей параметрлермен бейнеленеді: Specular Lever, Glossiness, Self-Illumination, Opacity, Diffuse Color, Ambient т.б.

Сонымен қатар төмендегідей материал типтері бар:

Standard - бұлосы графикадағы нысандарға ең көп қолданылатын материал.

Advanced Lighting Override - ыдыраған жарық жүйесінің қателесуіне қатысты баптауларды басқарады.

Architecttural - шынайы физикалық қасиеттерге ие болған жоғары сапалы материалдар құруға мүмкіндік береді. Мұнда жақсы нәтижеге Photometric Lights (Фотометрия) жарық көзі қолданылған жағдайда жетеміз, ал жарықтың қателесуі Global Illumination жарығының ыдырауын есептейді.

Әр материалда өзінің шейдер әдісі бар: Шейдер типті материал өңдеуіне өзіндік сипаттама береді. Мысалы : Metal(металл) шейдері ерекшеленген материал типін маталға ұқсас етіп жасайды. Материалдың бастапқы типі Standard болады.

Нысанға материалды орналастыру екі тәсілмен іске асады:

  • Material Editor терезесінен материалды проекция терезесіндегі нысанға сүйреп әкелу арқылы;

  • Проекция терезесіндегі нысанды ерекшелеп, Material Editor терезесінен керекті материалдытаңдаймыз да, Assign Material to Selektion батырмасын шертеміз.

Текстура дегеніміз - материалды құрайтын бағдарлы элементтер. Үшөлшемді графикадағы текстура- нысанның бетіне өң, түс, түр немесе бедердің алдамшы көрінісін беру үшін қолданылатын растрлық сурет.

Бақылау сұрақтары:

  1. Графика программасындағы материал дегеніміз не ?

  2. Материалды қосу үшін қандай батырма қолданылады ?

  3. Шейдердің қандай түрлері бар ?

Тәжірибелік тапсырма:

Тақырыпты меңгеріп, мысалдарды тәжірибелік тұрғыдан жасау. Интернет көзінен дайын жобаларды қарау, жасалуын көру.

Үйге тапсырма: теориялық түсінігін айту.

Бағалау.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал