7


  • Учителю
  • Сабақ жоспары 'Заманауи программалық жабдықтамаларға шолу'

Сабақ жоспары 'Заманауи программалық жабдықтамаларға шолу'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сыныбы: 11 Пәні: Информатика Күні: 26.09.2015

Сабақтың тақырыбы:

Заманауи программалық жабдықтамаға шолу.

Сілтеме

Оқулық 11- сынып Е.А. Вьюшкова, Н.В.Параскун, Б.Қ. Әбенов Әдістемелік нұсқаулық .

Мақсаты:

Дербес компьютердің программалық жабдықтамасымен (ПЖ)танысуды жалғастыру.

Оқушылар білуі тиіс

ПЖ қандай көрсеткіштер бойынша жіктелетінін

Оқушылар үйренуі тиіс

Қолданбалы (ҚПЖ) мен жүйелік (ЖПЖ) арасындағы айырмашылықты ажыратуды, олардың компьютернде орнатылған ПЖ үлгісіні анықтауды, жүйенің техникалық параметрлері мен орнатылған ПЖ сәйкестігін анықтауды.

Күтілетін нәтиже

ПЖ қандай көрсеткіштер бойынша қалай жіктелетінін біледі. ҚПЖ мен ЖПЖ арсындағы техникалық параметрлердің сәйкестігін анықтайды.

Сабақтың түрі:

Жаңа білім беру

Негізгі дереккөздер:

Оқулық, таратпа қосымша материалдар.

Әдіс -тәсілдер:

Білім алушылар критерийін , СМАРТ мақсатқа жету жолдарымен таныстыру, оқушылардың мақсатқа жету әрекеттерін сызбадан таңдайды

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру (3 мин)

Оқушылармен сәлемдесу, «Өрмекші торы » жаттығуы.

Сабақтың мақсаты мен міндеттерін қою. (2 мин)

Оқушылар алдарында таратпа қағаздан топпен келісе отырып міндеттерін қояды.


Кезеңдер.

Берілетін уақыт (40 мин)

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

«Білу» теориясы. ( 5 мин)

Өткен тақырып бойынша сұрақ

Топтар өзара 2 топ қарапайым, 2 топ күрделі сұрақ құрастырып, сұрақты кімге қоятындарын өздері анықтайды.

«Түсіну» теориясы. (14 мин)

Жаңа сабақтың тақырыбы хабарланады, мұғалім оқушыларға білім алушылар критерийлерін айтады.

Жаңа тақырыппен жұмыс

Оқушылардың алдарына «Мақсат қою», «оқушы күнделігі» сызбасы таратылады. Оқушылар тақырып бойынша бағыт беріледі. Тақырып ашылады. Тақырып бойынша топтарға тапсырма беріледі. Оқушылар өздері ізденеді. Топ арасынан спикер сайланып сағат тілімен бір-біріне түсіндіреді.

«Қолдану» практикасы. (7 мин)

Тәжірибелік тапсырма: кестемен жұмыс

Интернеттен «software» терминін іздеу

Кестені толтырады. Компьютерде тәжірибелік тапсырманы орындайды

Сергіту сәті 1 мин

Көзге арналған жаттығу Мониторды сөндіріп шынтағыңызды столдың үстіне қойып көзіңізді алақыныңызбен жауып 10-ға дейін санаңыз да қайтадан ашыңыз. Осылай 2 рет жасаңыз.

«Талдау» теориясы. (5 мин)

(Салыстыр, айырмашылығы неде? Ұқсастығы неде? Тақырыптың басты идеясы не?)

Тақырыптың басты идеясы неде?

Сынып 2 топқа бөлініп басты идеяны ашады

«Жинақтау» теориясы (4мин)

(қорытынды шығару, анықтама беру, мазмұнды жүйелі кесте т.б түрінде)

Сіз үшін сабақтың құнды жәйттері қандай болды?», «Бүгін не нәрсеге үйрендіңіз (білдіңіз)?», «Бүгінгі үйренгеніңіз Сіз үшін болашақта қажет болады деп ойлайсыз ба?», Осы тақырып бойынша тағы да не білгіңіз келеді (қандай ақпарат көздерін оқисыз)?

Өз пікірлерін «оқушы күнделігіне жазады»

Критерийлер бойынша формативті бағалау 2мин)

Сабақ бойы оқушылардың аған әсері

Оқушылар өз пікірлерін стикерге жазып «білімді бағалау» сызбасы на стикерлерін жапсырады, қарай үй тапсырмасын алады

Рефлексия (1мин)

Кері байланыс

Топтар пікірлерін айтады

Үйге тапсырма.

Оқулықтан §2,3 сұрақтарға жауап беру, тест тапсырмасын орындау

Күнделікке тапсырманы жазып алады.



«Өрмекші торы» жаттығуы.
Нұсқау: Қатысушылар шеңбер құра тұрады. Ойынға барлығы қатысуы тиіс. Жіп кімнен ілініп басталса, сонымен аяқталып өрмек жиналу керек.
Жаттығу шарты: Топта бірін-бірі жақын танығандықтан, әркім 1-ші өзінің достарына айтар тілегін, қошеметін, жағымды қылықтарын білдіріп жіпті саусағына іледі, өрмек тоқылды. 2-ші кері бағытта, бірақ сол ізбен достарының бойына қажет емес қасиеттерін, қылықтарын айту. Өрмекті жию.


Тапсырма 1 Мой компьютер-свойства батырмасын шертіп, кестені толтырыңыз


Компьютердің аты

Нұсқасы /шығару жылы

процессор

Лицензияның түрі

Өндіруші (Издание )

Разрядтылығы

Тапсырма 2 . Интернеттен «software» терминін іздеп, мағынасын жазып алыңыз




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал