7


  • Учителю
  • Конспекты по казахскому языку на тему 'АҚПАРАТ АЛМАСУ. '

Конспекты по казахскому языку на тему 'АҚПАРАТ АЛМАСУ. '

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

САБАҚ БЛОКТАРЫ 

і. аҚПАРАТ алмасу

Тақырып жоспары:

  1. Айырбас протоколдары

  2. TCP/IP протоколы

  3. Торлық этикет

Слайдтар:

1-слайд

Титул


2-слайд Протокол деген не?

  • Протокол - компьютерлық желілер контекстінде ақпарат аумасу ережесі деген мағынада қолданылады


3-слайд Протокол деңгейлері

  • Компьютерлік желілер өте күрделі:

    • Көптеген және әр түрлі компьютерлер

    • Роутерлер

    • Кабельдер

    • Бағдарламалар

  • Бұның барлығын ұйымдастыруға болама?


4-слайд Сіз ұшақпен демалысқа бара жатырсыз

  • Яғни, демалысқа бару үшін сіз бірнеше қадам жасайсыз...

  • Демалысқа бару 4 деңгейден тұрады: билет, багаж, шлюз, ұшақ

  • Әрбір деңгей өзінің белгілі қызметін атқарады


5-слайд OSI моделі(Open Systems Interconnection)


7. Бағдарлама деңгейі

FTR, HTTP, SMTP

6. Презентация деңгейі

MIME



5. Сессия деңгейі

SOCS

4. Тасымал деңгейі

TSP, UDP

3. Желі деңгейі

IP

2. Деректер деңгейі

IEEE 80 2.2

1. Физикалық деңгейі

USB

  • Интернет немесе басқа байланыс жүйесін пайдаланған сәтте ақпарат жоғарыдан төмен
    7 деңгейді өтеді.

  • Сол жақтағы диаграммада
    7 деңгей және әр деңгейдегі танымалы протокол көрсетілген.


6-слайд 7 деңгей

  • Бағдарлама - пайдаланушығы ең жақын деңгей. Деңгей коммуникация компонеты бар бағдарламалармен байланысады.

  • Презентация - бұл деңгей ақпарат көрсету тәуелсіздігін қамтамас етеді. Яғни, ақпаратты бағдарламадан алып оны шифрлап сессия деңгейіне жібереді.

  • Сессия - компьютерлер арасындағы коммуникацияны байланыстырады.


7-слайд 7 деңгей

  • Тасымал - ақпаратты пайдаланушыларға жеткізеді. Ақпарат бұрмалауынаң сақтайды.

  • Желі - тасымал деңгейіне қызмет көрсетеді. Ақпаратты бір компьютерден екінші компьютерге жеткізеді және де тасымал деңгейіне қажет сапаны сақтайды.

  • Деректер - желі ішіндегі заттар (роутер) арасында ақпарат аумасыда. Ақпарат қателерін байқап оларды дұрыстайды.

  • Физикалық - құралдардың физикалық және электрикалық спецификациясын белгілейді.


8-слайд Айырбастың хаттамалары

  • Ақпарат аумасу барысында 7 деңгейден өтеді.

  • Бұл процесс инкапсуляция деп аталады.

  • Яғни жоғарғы деңгейдегі пакет төменгі деңгейге кіргізіледі.

  • Ақпарат жеткенде керісінше төменгі деңгейден алынып жоғарғы деңгейге беріледі.


9-слайд Инкапсуляция



10-слайд Бағдарлама деңгейі

Бағдарлама деңгейі келесе заттарды сипаттайды:

  • Ауысатын хабарлама түрлері.

    • Мысалы: сұраныс, жауап

  • Хабарлама синтаксисы

    • Хабарлама қандай ақпараттан тұрады

  • Хабарлама семантикасы (мағынасы)


11-слайд Бағдарлама қандай тасымал қызметің қажет етеді?

  • Ақпарат бүтіндігі

    • Кейбір бағдарламалар ақпарат бүтіндігі сақталмаса да жұмыс істейді (аудио)

    • Басқалары 100% дұрыс ақпаратты қажет етеді (файл ауысу)

  • Уақыт

    • Кейбір бағдарламалар жақсы жұмыс істеу үшін ақпараттың жылдам ауысуын қажет етеді

    • Интернет телефония (skype, VoIP)

  • Ақпарат өткізу қабілеті

    • Онлайн видео қызметі (youtube) кем дегенде бірнеше Мбит/cек өткізу қабілетін қажет етеді

  • Қауіпсіздік

    • Шифрлау қызметі сезімтал ақпаратмен жұмыс атқаратын бағдарламаларға қажет


12-слайд Web және HTTP

  • Web бет заттардан құралады

  • Зат HTML файл, JPEG сүрет, аудио файл болуы мүмкін

  • Web бетте басты HTML файл болады. Бұл файл басқа заттарға сілтеме ұстайды.

  • Әр зат мекенжайы URL арқылы табылады

  • URL (Uniform Resource Locator) - "Бірыңғай ресурс орнын табу жүйесі" деп түсінсе болады.

  • URL = Интернеттегі заттардың мекенжайы

  • URL мысалы

    • - сайт файлдарын сақтап тұрған компьютердын мекенжайы

    • - fit-big.jpg сүретінің компьютердегі мекенжайы


13-слайд Бағдарлама деңгейі - HTTP протоколы

  • HTTP - HyperText Transfer Protocol

  • Гипермәтінді тасымалдау протоколы

  • Клиент-сервер архитектурасында пайдаланылады

  • Клиент - браузер. HTTP сұраныс жіберіп жауап алады, жауаптан алған заттарды мониторда көрсетеді.

  • Cервер - Web сервер. Сұранысқа жауап жолдайды.


14-слайд HTTP

  • Клиент 80 порт арқылы сервермен TCP (Transfer Control Protocol) қосылмға алғашқы қадам жасайды

  • Сервер клиенттің TCP қосылымың қабылдайды

  • HTTP хабарламалар сервер мен клинет арасында аумасады

  • TCP қосылым жабылады

  • HTTP протоколдың 2 түрі бар:

    • Тұрақсыз - TCP қосылым арқылы 1 объект қана жіберіледі

    • Тұрақты - TCP қосылым арқылы бірнеше объект жіберуге болады


15-слайд Тұрақсыз HTTP сұраныс мысалы

  • Мысалы пайдаланушы браузерде келесі URL-ды тереді,

  • index.html файлы 10 JPEG сүретке сілтеме сақтайды


16-слайд Тұрақсыз HTTP: жауап беру уақыты

  • RTT - Round Trip Time, ақпарат пакеті клиенттен серверге және қайтадан клиентке жету уақыты

  • Жауап беру уақыты:

    • 1 RTT TCP қосылым орнату үшін

    • 1 RTT HTTP сұраныс жолдап жауаптың алғашқы байттарын алу үшін

    • Файл жолдау уақыты

  • Жауап беру уақыты = 2RTT + файл жолдау уақыты

17-слайд Тұрақсыз HTTP

  • Әрбір затқа 2RTT қажет етеді

  • Әрбір TCP қосылымға Операциондық Жүйе жұмыс атқарады

  • Браузерлер көбінесе паралельді TCP қосылым ашып сілтеме жасалған заттарды алады

Тұрақты HTTP

  • Сервер жауап қайтарған соң TCP қосылымды ашық қалтырады

  • Келесі HTTP хабарламалар ашық TCP қосылым арқылы жіберіледі

  • Клиент HTTP сұраныстарды сілтемелі затты көрген сәтте жібереді

  • 1RTT барлық сілтемелі заттарға қажет етеді


18-слайд TCP деген не?

  • TCP - Transfer Control Protocol

  • TCP - Тасымал бақылау протоколы

  • Бағдарлама процесстері арасындағы логикалық қатынасты қамтамас етеді


19-слайд TCP vs. IP

  • IP - желі деңгейі. Компьютерлер арасындағы логикалық қатынас.

  • TCP - тасымал деңгейі. Компьютердегі процесстер арасындағы логикалық қатынас.

    • Желі қызметі арқасында жұмыс атқарады

    • Желі қызметін артыра түседі

Қарапайым мысал

  • 12 бала басқа 12 балаға хат жібереді.

  • Процесстер = балалар

  • Бағдарлама хабарламалары = конверттегі хаттар

  • Компьютерлер = үйлер

  • Тасымал протоколы = үйдегі ата-ана. Олар хаттардың кімге арналғанына қарап оларда балаларға береді

  • Желі протоколы = почталық қызмет


20-слайд TCP сипаттамалары

  • Нүктеден-нүктеге: бір жіберуші, бір алушы

  • Сенімді және ретті ақпарат ағымы

  • Толық дуплексты канал: ақпарат екі жаққа да бір канал арқылы жүреді

  • Бақылаулы ағым: тым көп ақпарат алушыға жіберілмейді (алушы ақпаратты алып үлгеру керек)


21-слайд TCP сегмент құрылысы

  • TCP сегменті мета-ақпарат (header) және деректерден (data section) тұрады

  • Source port - жіберуші порт идентификаторы

  • Destination port - қабылдаушы порт идентификаторы

  • Sequence number - пакеттің реттік номірі

  • Data - деректер. Деректер ішінде жоғарғы деңгейдегі пакет болады (HTTP)


22-слайд Торлық этикет

  • Торлық этикет - Интернет қауымдарында қалыптасқан тәртіп ережелері.

  • Бұл түсінік 1980 жылдарда пайда бола бастады.

  • Кейбір ережелер жазыдған (ағылшын тілінде)

  • Торлық этикет:

    • Психологиялық

    • Техникалық

    • Әкімшілік

23-слайд

  • Психологиялық

    • Сен немесе сіз деп сөйлесу

    • Смайлик қойу немесе қоймау

    • Жаңа пайдаланушыларға көмек көрсету әлде оларды FAQ - ға жіберу ме

    • FAQ - Frequently Asked Questions, Жиі сұралатын сұрақтар секциясы

  • Техникалық

    • Транслит қолдану

    • Хабарлама ұзындығын шектеу

  • Әкімшілік

    • Тақырыптарды атау ережелері

    • Жарнама рұқсат па жоқ па


24-слайд Жақсы мінез

  • Салт-дәстүрлермен танысы

    • Интернет қауымның мүшесі болар алдында қауымның ережелерін және дәстүрлерін оқып білген абзал

  • Іздеу

    • Сұрақ қойу алдында ұқсас сұраққа жауап берілмегеніне көз жеткізіңіз. Көптеген қауымдар қайталанатын сұрақтарды ұнатпайды

  • Хабарламаны безендіру

    • Хабарламаны оқуға ыңғайлы түрде жазыңыз

    • Қауымның безендіру ережелеріне назар аударыңыз


25-слайд Моветон - жаман мінез

  • Өзіне назар аудару

    • Қазақ сәлем сөздің анасы дейді. Дегенмен, формударда хабар жазғанда сәлемдеспеген абзал өйткені сәлемдесу маңызды ақпарат бермейді

  • Флейм

    • Ағылшын сөзі, мағынсы - от

    • Яғни сөз соғысын бастау, мағынасыз диалог

  • Флуд

    • Ағылшынша су тасқыны

    • Мағынасыз жазылған хабарлама

  • Оффтопик

    • Тақырыпқа сай емес қарым-қатынас

іі. алғашқы бекіту

Мына кестені толтыра отырып сабақтың мазмұны бойынша қорытынды шығар.

Қорытынды:___________________________________________________________


ііі. құзырлылық қалыптастыру

Деңгейлік тапсырмалар:

І деңгей тапсырмалары

1. Протокол деген не? Күнделікті өмірден протокол мысалын келтір.

2. OSI модельі неге көптеген деңгейлерге бөлінген?

3. Инкасуляция процессін түсіндір.

4. Ақпаратты уақытында жеткізу қандай бағдарламаларға маңызды?

5. URL деген не? Ол не үшін пайдалы?


ІІ деңгей тапсырмалары

1. HTTP протоколы қай модельге жатады?

2. Тұрақты және тұрақсыз http протоколдардың айырмашылығы неде?

3. HTTP проколымен ақпарат жолдағанда жауап беру уақыты қалай есептеледі?

4. Торлық этикет денегіміз не? Неге этикетті білген абзал? Троллинг деп нені айтамыз?

ІІІ деңгей тапсырмалары

1. TCP протоколын түсіндір.

2. TCP протоколының басты сипаттамалары қандай?

3. Сіз браузер арқылы деген сайтқа кіресіз. Сайттағы басты бетте 10 сүрет бар және біраз мәтін бар. Тұрақсыз http протоколын пайдаланғанда жауап беру уақыты қандай болады? Әрбір сүретте 5 cекунд және мәтінге 3 секунд уақыт кетеді. Ал RTT 2 секундқа тен.

іV. шығармашылық әрекет

 Топтық жұмыс.

UDP протоколы туралы оқындар. UDP және TCP протоколдарын салыстырып неге UDP видео бағыттауға жақсылау екенін түсіндіріндер.

V. бағамдау-бағалау

 Сабақтың мақсатына қалай қол жеткізгендігің туралы эссе жаз.

_________________________________________________________________

_________________________________________________________________

_________________________________________________________________

_________________________________________________________________

_________________________________________________________________

_________________________________________________________________



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал